Мектеп жасына дейінгі балалардыњ жан жаќты дамуы ‰шін ойынныњ рµлі ерекше



жүктеу 36.23 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі36.23 Kb.

Қостанай ауданы әімдігінің білім бөлімі «Алтын бесік» балабақшасы

Ұлттық ойындардың бала

тәрбиесіндегі рөлі

(ата-аналарға арналған кеңес)


Дайындаған: Нарикбаева З.О

тәрбиеші



Заречный

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі рөлі

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Сонымен қатар, ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық идеологиясына, тұрмыс - тіршілігіне, айналасатын кәсіп - шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып дамып, дәстүрлі жалғасып келеді. Осыған орай, қазақ халқымыздың да қоғамның даму заңдылықтарына сәйкес ұлттық ойындары қалыптасты.

Халықтың салт - дәстүрін сақтаған, ғасырлардың тарихи сынынан өткен қазақ әдебиетінің ерекше бір саласы - ұлттық ойындар. Дұрыс басшылықпен жүргізілген ойындар баланы жан - жақты дамытуда ғажайып жетістіктерге жеткізеді. Ұлттық ойындарды үйретіп, оның мазмұны мен маңызының бала өміріне қаншалықты қажет екенін ұмытпай, балалардың қызығушылығын арттырып отыру керек. Олай болса, балабақшада қазақтың ұлттық ойындарын кеңінен пайдаланып, балаларды, әсіресе, тіл жағынан дамыту - тәрбиешілердің басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан мен "Ұлттық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту" тақырыбы бойынша жұмыс жүргізуді жөн көрдім. Жұмыс барысында балалардың ақыл - ойын, танымдылығын ойын арқылы дамытып, ұлттық ойын түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру керектігін өз алдыма мақсат тұттым. Ұлттық ойындарды өрбітіп, оның түрлерін кеңейту үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сай қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып пайдалануды, балаларды ойын шартын бұзбай ойнауға ғана емес, ойын кезінде бір - біріне деген достық, ұжымдық қарым - қатынасқа түсу мәдениеті мен жақсы мінез - құлықты қалыптастыруды көздедім.

Жалпы папканың іші берілген тақырыпқа сай түрлі - түрлі мағлұматтарға толы. Мысал ретінде ұлттық ойындар, ойын - өлеңдер, жұмбақ - ойын, жаңылтпаш - ойын, тағы басқа ойын түрлерін атап кетуге болады. Осындай ауыз әдебиеті үлгісінде жазылған ойындардың "Ойлы бала ойынынан белгілі" деп, халқымыз өсиет етіп кеткендей, балалардың тілін ұстартуға, ой өрісінің кеңеюіне, батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, дене құрылысының дамуына, эстетикалық талғамының артуына себепкер болғаны хақ. Мәселен, "Арқан тарту", "Тақия тастамақ", "Сақина", "Қаршыға мен қарлығаш", "Хан алшы" және тағы да басқа ойындар балалардың жылдамдығын қалыптастыруға, бұлшық еттерінің шынығуына мүмкіндік береді. Ал "Тоғызқұмалақ", "Санамақ" ойындары баланы санауға ғана емес, оның математикалық логикасын қалыптастыруға да үлкен септігін тигізеді. Сондай - ақ, ұлттық танымның одан әрі қарай дамып, кеңеюі жаңа ойындардың қалыптасуына жол ашты. Олардың қатарына "Арқан", "Саққұлақ", "Кім түртті", "Үш орындық", "Дауыста, атыңды айтамын", "Көги гөк" атты ойындарын жатқызамын.

Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі, оларды сабақта да, сабақтан тыс уақытта да, серуендеу кезінде де ойнатуға болады. Сол себептен сабақтар, ертеңгіліктер немесе тағы басқа іс - шараларды жүргізу барысында міндетті түрде "Бәйге", "Арқан тарту", "Қыз қуу", "Тиын жинау", "Асық ату" сияқты ұлттық ойындарды өткіземін.

Осы жұмыспен педагогикалық кеңестерге, семинарларға, қалалық іс - шараларға қатыстым. "Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу" деген тақырып бойынша кеңес оқыдым.

Балабақша ішінде "Спортландия еліне саяхат", "Ұлттық ойындар" және дене тәрбиесі пәнінен ашық сабақтар өткіздім.



Қалалық әдіскерлік бірлестік жиынында "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?" атты ойын - сауық сайысын көрсеттім. Оны ұлттық ойындар, салт - дәстүрлер арқылы балаларды өз туған жеріне деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру арқылы сұлулықты сезіне білуге баулу мақсатымен жүргіздім.

Сонымен, қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсам, ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде үлкен роль атқаратынында дау жоқ. Ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин атамыздың "Ойын бала үшін ойын емес, білім мен тәрбие негізін қалайтын басты құрал" деп, дәл тауып айтқан тұжырымымен толық келісемін. Баланың тәжірибе аздығынан істеген істерінің, қылықтарының дұрыс - бұрыстығын білмей қалатын кездері жиі кездеседі. Сондықтан ұлттық ойындардың баланың өз құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жасауда мінез - құлық ережелерін орындауға, халқымыздың ұлттық құндылықтарын сақтауға үйрене бастауына ықпал ететініне көзім жетті. Бұдан әріптестеріме де, ата - аналарға да баланы ұлттық ойындардан шеткері қалдырмай, керісінше, оларды болашақ ұрпақ тәрбиесінде кеңінен пайдалануды ұсынамын.
Каталог: uploads -> doc -> 0975
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0975 -> Paint графикалыќ редакторыныњ ќ±ралдары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет