Мектеп жасына дейінгі балаларды өрт қауіпсіздігі шараларына



жүктеу 0.79 Mb.
бет1/5
Дата23.02.2018
өлшемі0.79 Mb.
  1   2   3   4   5








Мектеп жасына дейінгі балаларды

өрт қауіпсіздігі шараларына

үйрету бойынша ұсынымдар

Астана-2016


Мазмұны


1

Кіріспе


3

2

Негізгі бөлім

Балалардың әртүрлі іс-әрекеттері арқылы оларды өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету әдістемесі








2.1.

Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері


5


2.2.

Балаларды өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету нысандары мен әдістері


8

2.3.

Балаларға отпен абай болу ережелерін үйрету


9

3

Қорытынды


15

4

Қосымша


17

КІРІСПЕ
Адамның қауіпсіз өмір сүру мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын анағұрлым айқындалып келеді. Көп жылғы ғасыр тарихында адам қоғамдастығы бұл салада аз тәжірибе жинақтаған жоқ, бірақ ол толық көлемде табиғат құбылыстарын басқарып, дүлей зілзалаларға қарсы тұра алмайды. Қазіргі заманғы жағдайда барлық халықтың табиғат аясында, сондай-ақ тұрмыста қауіпті жағдайлардың туындауы ықтимал жағдайда өмір сүруге мұқият дайын болуы қажет екендігі анық.

Әрине, өрт қауіпсіздігі негіздерін үйрету керек. Күнделікті өмірде қауіпті аймақтар және онда құтқару тәсілдері туралы тек ересек адамдар білуі шарт емес. Бұл білім қарапайым болғанымен бастауыш мектеп оқушыларына, жоғары сынып оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан кішкентай балаларға дейін тең деңгейде қажет. Балаларға өмірде кездесетін қауіптер жайында түсіндіру және сондай жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындықты неғұрлым ерте бастаса, олар соғұрлым қауіпсіз іс-қимыл жасау тәжірибесін молынан жинайды. Адамның қалыпты өмір сүруіне, еңбек етуіне және демалуына қауіп төндіретін әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігіне оқыту жүйелі және жоспарлы түрде болуы қажет. Тек осындай жолмен ғана өмірді сақтауға, денсаулықты нығайтуға және қоршаған табиғат пен әлеуметтік ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған ептілікті және дағдыны дамытуға болады.



Өрт бұрынғыдай ең маңызды мәселелердің бірі болып қала береді. Ресми статистикаға жүгінсек, 2016 жылы 14528 өрт тіркелген, онда 574 адам, оның ішінде 74 бала жарақат алған және 372 адам, оның ішінде 47 бала қаза тапқан. Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері 2016 жылы өрт кезінде
1179 адамды құтқарды. Өрттен болған шығын 3 млрд. 288 млн. 977 мың теңгеден астам қаражатты құрады.

Күн сайын орта есеппен алғанда 52 өрт болады, оның барысында 1-2 адам көз жұмады. Балалардың отпен ойнауынан республика бойынша 2016 жылы барлығы 658 өрт болды.

Еліміздегі өрт және олардың салдары туралы статистикалық мәлімет талдауы өрттің 66% тұрғын секторда болатындығын көрсетеді. Өрттің басым көрсеткішінің себебі өрттің жалпы санының 44,6% – отпен абай болмауынан болып отыр.

Екі көрсеткіштен байқағандай, өрттің негізгі саны тұрғын секторында болады және олар отпен абай болмаудың салдарынан орын алған, сондықтан да ең алдымен өрт профилактикасын жақсарту мен өртке қарсы насихатты және халықты оқытуды күшейту қажет. Жоғарыда келтірілген сандар халықтың қарапайым өртке қарсы сауаттылығының мүлде жоқтығын және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамайтындығын көрсетеді.

Соңғы жылдары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамыту және жетілдіру саласында ұдайы атқарылатын жұмыс нәтижесінде өрттің саны және сол кезде қаза тапқан адамдар санының тұрақты түрде азаюына қарамастан, бұл салада шешілмеген мәселелер саны азаймай тұр. Өртпен күрес кезінде маңызды бағыт халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және өртке қарсы насихаттаудан тұратын алдын алу шараларын жүргізу болып табылады.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау кезінде аға буын неғұрлым тәртіпті, орындаушы, кейде тіпті олар үшін дағдылы әрекет. Қалыпты сөзге айналып кеткен: «Кетерде жарықты өшір», «Электр құралдарын ажырат» деген ескі ұран әлі күнге дейін қолданыста.

Үлкендердің, білім беру ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының көмегінсіз халық қауіпсіздігінің жалпы мәдениетін арттырмай, бала өлімін төмендету мәселесін шешу өте күрделі болады.

Балаларда өрт қауіпсіздігі мінез-құлық негіздерін қалыптастыру бойынша жұмысты: тәрбиешілер, мектепке дейінгі ұйым орналасқан нақты жергілікті жердің өртке қарсы қызмет өкілдері істей алады, сондай-ақ бұл іске ата-аналарды да тарту қажет. Ата-ана мен педагог арасында өрт қауіпсіздігі мінез-құлқы негіздерін қалыптастыру бойынша біртұтас көзқарас міндетті түрде болуы тиіс, әйтпесе бала өз ерекшеліктерінің жетегінде қалып, тұйыққа тіреліп қалады.

Төменде ұсынылып отырған әдістемелік ұсынымдар мектепке дейінгі ұйым балаларымен өрт қауіпсіздігі қағидаларын оқыту бойынша сабақты дайындауға және өткізуге көмек болады.


БАЛАЛАРДЫҢ ӘРТҮРЛІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ

ОЛАРДЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫНА

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі мақсаты тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрысты қалыптастыру, балалардың өрт қауіпті жағдайда барабар өзін-өзі ұстау дағдыларын меңгеру болып табылады. Білім беру процесінде мынадай міндеттер шешіледі:

- өрттің туындау себептері туралы білімді тереңдету және жүйелендіру;

- ашық оттың қалай қауіпті екендігін түсіндіру;

- балалардың отпен ойнауының ықтимал салдарын түсіндіру;

- тұрмыстық электр құралдарының пайда болу тарихымен таныстыру (үтік, шаңсорғыш, теледидар, кір жуғыш машина), оларды қауіпсіз пайдалануды оқу;

- өрттің аса қауіптілігі сезімін қалыптастыру;

- тез тұтанғыш заттар мен материалдардың белгілері мен өзіндік ерекшеліктері туралы айтып беру;

- өрт кезіндегі өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру;

- өзі туралы маңызды ақпаратты жаттап алуға көндіру (тегі, аты, үй мекенжайы және телефон нөмірі);

- өртке қарсы қызметтің телефон нөмірін теруді үйрету; қысылтаяң оқиға болған жағдайда өрт сөндіру бөлімінің диспетчерімен сөйлесу дағдысын қалыптастыру;

- балаларды өрт сөндірушінің кәсібімен және өрт сөндіруге және адамдарды құтқаруға көмектесетін техникамен таныстыру;

- өрт сөндірушілердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу;

- адам өмірін құтқару туралы білімді тереңдету және кеңейту;

- өздігінен іс-әрекет ету дағдысын қалыптастыру, мінез-құлқында жауапкершілік сезімін ояту, соған тәрбиелеу;

- туған өлкенің табиғатына деген махаббатын ояту және оған ұқыптылықпен қарай білуге тәрбиелеу;

- танымдық белсенділігін, білуге құмарлық, шығармашылық қабілеті, елестету, ойлау, жайдарлылық дағдысын дамыту.

Балалардың мектепке дейінгі жасында (3-6 жас) олардың ертегі, фантастикалық сюжеттерге, ойын оқиғаларына деген қызығушылығы басым болады. Бала психологиясына жақын қасиеттердің арасында антропоморфизм – жануарларды, өсімдіктерді және өлі табиғат құбылыстарын адами ерекшеліктермен атау және анимизм – өлі заттарды жанды және тірі зат ретінде қабылдау атап көрсетіледі. «Бұлқынған зұлым от жалыннан, екі өрт сөндіруші құлады шатырдан...» - бала бұл сөздерді метафора ретінде емес, болып жатқан тірі шындық ретінде қабылдайды.



Мектепке дейінгі жаста ақпаратты қабылдау үшін ойын ретінде көрсетілетін безендіру, қимыл-қозғалыстар, іс-қимылдың серпінділігі үлкен роль атқарады. Безендірулерде жарықтық, бояулардың көп түрлілігі, жақсыға және жаманға бір қатарлы бөлу, ақ және қара түс болуы тиіс. Безендірулерде бейнеленген заттар мен құбылыстар нақтылықты және тани білуді жоғалтпауы тиіс. Айтылып жатқан жағдай кіші жастағы баланың түсінігіне көп жағдайда безендіру және оның көрнекілігі арқылы жетеді.

Балаларға арналған плакаттарды жарық безендірулермен, суреттермен, сонымен қатар балалардың өздері жасаған фотосуреттермен, коллаждармен сүйемелдеу ұсынылады. Салынған кейіпкермен сүйемелденген фотосуреттерді балалар жақсы қабылдайды. Бұл тәсілдердің барлығы «салмақты» материалды балаларға түсінікті, қызықты қылып жеткізеді. Түрлі-түсті суретте эмоционалды және танымдық мүмкіндіктер кең, түрлі-түсті безендіруді балалар оңай қабылдайды.

Плакаттардың мағынасы оқиғалық сипатқа ие. Сюжетте осы және басқа оқиғада іс-әрекет бірізділігі көрсетіледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың қауіп төндіретін жағдайда өзін-өзін ұстау ерекшелігіне назар аудару қажет. Неғұрлым кең тарағаны селқос-қорғану іс-әрекеті, соның салдарынан бала лапылдап жанып жатқан үйде кез келген оңаша бұрышта тығылып қалады да қорқыныштан қозғала алмай қалады, ол құтқарылып шығуға өздігінен іс-әрекет жасамайды. Плакаттың сюжеті өрт пайда болған кездегі бала іс-қимылының безендірілген бірізділігі болып табылады.

Балаларды өрт қауіпсіздігі негіздеріне үш жастан бастап үйреткен орынды. Бала жаста алынған білімдер сезіммен қабылдау арқылы баланың мінез-құлқы қалыптасатын бекем дағдыларға ұласатындығын есепке ала отырып, балада өрт қауіпсіздігі мәселелеріне деген салмақты, саналы қарым-қатынасты пысықтау қажет. Балаларға мектепке дейінгі жаста қоршаған заттар мен құбылыстардың өрт қаупі туралы елестету жүйесін қалыптастыру қажет, ол баланың жасына және дамуына байланысты сәйкес мәліметтермен және жаңа біліммен толықтырылып отырады. Өрт қауіпсіздігі тәртібі түсінігінің маңыздылығын қалыптастыру қажет. Сабақ процесінде өрт техникасына ұқсайтын макеттер мен ойыншықтарды әзірлеген және пайдаланған жөн, мақсатты түрде оларды дайындауға балалардың өздерін тарту керек. 4-5 жастағы балаларға арналған ойындар (әртүрлі кубиктер, пирамидалар, қуыршақтар және т.б.) өртке қарсы бағытта болуы мүмкін (өрт сөндірушінің сұлбасы, өрт сөндіру машинасы және т.б.). 6 жастағы балалар үшін неғұрлым күрделі ойындар ұсынылады, ол оқыту сипатына ие болғаны жөн, атап айтқанда: өрт сөндіру кезіндегі іс-әрекет ұқсастығын келтіру үшін өрт техникасының үлгілері, өрт лотосы, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша викториналық сұрақтар, өртке қарсы тақырыптағы үстел үсті ойындары, өрт сөндірушілердің ойыншық абдықтары.

Тәжірибе көрсеткендей, балалар арасында түсіндіру-тәрбие жұмысы жиі өткізілген жерлерде жану оқиғалар саны жоқ деп айтуға болады. Әрине, бұндай жұмыс нәтижесі бірден көріне қоймайды. Неғұрлым тиімдірегі жүйелілік тәсілі болып табылатындығын сезіну қажет. Егер балаларға әсер етудің әр түрлі шараларын кешенді түрде бірізді және орнықты пайдаланса, жағдайдың жақсаратыны сөзсіз.

Өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту – өте көлемді материал. Жасаралық топ ерекшеліктерін есепке ала отырып, өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша өз біліміңді құру қажет.

Мәселен, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балаларға қоршаған өрт қаупі элементтеріне дұрыс қарауды қалыптастыруда, олардың өрт кезінде дұрыс іс-қимыл жасау дағдыларына үйренуінде кездесу сабақтары үлкен орын алады. Шынайы өмірдегі өрт кезінде бетперде киген өрт сөндірушілерді көрген кезде балалардың қорқынышын азайту мақсатында сабаққа толық көлемде киінген және жабдықталған өрт сөндірушіні шақырған жөн. Ақ халат киген дәрігермен кездесу де олардың алғашқы медициналық көмек көрсету кезіндегі негізгі іс-қимылдарын меңгеруге көмектеседі (күйік шалған кездегі қарапайым іс-қимыл).

Танымдық ойындар балалардың оқуы барысында алған ақпараттарын толық көлемде кеңейтеді, маңызды болып табылатын қызығушылықтан білімге деген құштарлықтың туындау үрдісіне себепші болады, зияткерлік және шығармашылық қасиеттерін дамытуға көмегін көрсетеді, сондай-ақ психикалық және дене жүктемесін азайтады. Ойын барысында балалар қанша уақыт болса да оқуға дайын. Танымдық ойындарда жаңа нәрсені білуге деген жақсы мүмкіндік туындайды.

Тәжірибелік сабақтарға ерекше көңіл аударған жөн. Өрт қауіпсіздігі ережелерін зерделеу кезінде кез келген сабақ практика жүзінде расталуы тиіс.
Балаларды өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету нысандары мен әдістері

Балалармен жұмыс істеу нысандары мен әдістері алуан түрлі болуы мүмкін, барлығы педагогтың кәсіби қасиеттеріне, балалардың жеке, жас ерекшеліктеріне, балалардың әртүрлі жасаралық тобына қолайлы әдістемелік құралдар және тәсілдер арсеналына қатысты.



Оқыту нысандары: сабақ өткізудің жеке, топтық нысандары –
5-7 баламен, дайындық деңгейіне және оқу процесін ұйымдастырудың нақты шарттарына байланысты;

іс-әрекет етудің жеке нысаны – балалардың жеке тапсырмаларды орындауы.



Оқыту әдістері:

ойын әдісі (дидактикалық ойындар, жағдайды ойнап көрсету және т.б.);

ауызша әдіс (әңгіме, әңгімелесу);

көрнекілік әдісі (өрт тақырыбына безендіру, бейнефильмдер және диафильмдер көрсету);

көркем-шығармашылық қызмет әдісі (әртүрлі байқауларды ұйымдастыру);

білім беру процесінің тиімділігін бақылау әдісі.



Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін ұйымдастыру нысандары:

өрт сөндіру бөліміне экскурсиялар;

көркем әдебиет оқу, музыканы пайдалану;

балалардың продуктивті іс-әрекеті;

өртке қарсы тақырыптағы балалар суреттерінің байқауы (ата-аналармен бірге жұмыс жасау);

өртке қарсы тақырыптағы сұрақ-жауап сайысы;

өртке қарсы тақырыптағы өлеңдерді оқу;

спорттық ойын-сауықтар, мерекелер;

сюжетті-рөлдік ойындар, драматизациялық ойындар, сахналандырылған ойындар, шапшаңдылық ойындар, дидактикалық ойындар;

ата-аналармен бірге өткізілетін ертеңгіліктер.


Балаларға отпен абай болу ережелерін үйрету

Педагог балаларды адамдардың отты қалай қолданғандығы тарихымен таныстыруы тиіс:

- От дегеніміз не?

- От адамға қандай пайда әкеледі және адам отты ауыздықтауды қалай үйренді?

- От қандай зиян тигізуі мүмкін?

От – адамзат өзінің пайда болу кезінде танысқан табиғаттың үлкен ғажайыптарының бірі. От адамдарды жыртқыштардан құтқарады, ас дайындауға, еңбек құралы ретінде пайдаланылады, адамдарға жылу және жарық береді. Адамдар отты жағуды және сақтауды үйренді.

Өрттің ықтимал көздерін пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау үшін балаларды жанулар мен өрттің неғұрлым көп кездесетін себептерімен таныстыру қажет (Электржелісінің тұйықталуы немесе артық жүктемесі, тұрмыстық электр техниканың жарамсыздығы немесе оларды дұрыс пайдаланбау, тұрғын үйді жылыту үшін газ плита пайдалану, оттықтармен, сіріңкемен және т.б. ойнау). Сондықтан да балаларға тек қана сіріңкемен ойнауға тыйым салмай, жанудың ықтимал көздерін де анықтауды үйрету қажет.

Балаларға түтін қай уақытта да жоғары көтерілетіндігін, сондықтан да одан секіру немесе тезірек төрт аяқтап еңбектеп қашу керектігін айту қажет.

Бұдан әрі дымқыл мата, мысалы, қол орамал, өзіне түтінді жақсы сіңіріп алатындығын, сондықтан да түтіннен қашу кезінде мүмкіндігінше мұрынды және ауызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен бүркеп алған дұрыс екендігін түсіндіру керек.

Балаларға түтіннен қорғанудың дағдысын дарыту үшін келесі жаттығуды өткізуге болады. «Түтін!» командасы бойынша олар қол орамалдарын жайып, онымен мұрын және ауыздарын қорғай отырып, беттерін жабады. Бұл қарапайым жаттықтыру жаттығуын педагог демалыс үшін қажет деп санаған үзіліс кезінде, мысалы, мимен жұмыс жасауды талап ететін тапсырманы орындап болғаннан кейін қайталап отыруға болады.

Ауық-ауық қайталап жасай берген жаттығу шынайы өрт кезіндегі қауіп төнген минутта өмірді құтқарып қалуға көмектесетін іс-әрекеттің қажетті дағдылы әрекетін пысықтауға мүмкіндік береді.

Жанудың алдын алудың неғұрлым тиімді құралы, мектепке дейінгі жастағы балаларға түсініктісі үлкендерді құлақтандыру болып табылады.

Ойындар және көңіл көтеру ойындары – мектепке дейінгі жастағы балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру бойынша жұмыстың бірден бір түрі болып табылады. Ойын түрі қысылтаяң жағдай кезінде балаларда барабар мінез-құлық дағдыларын қалыптастырады, олардың дене бітімдері дамиды, аңғарғыштық, қиял, назар аудару, мақсатқа ұмтылу, өрт сөндіру құтқарушылардың ерлік кәсібіне деген құрмет сезімі пайда болады. Көңіл көтеруге белсенді қатыса отырып, балалар қабылдаған білімдерін бекітеді, олардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы көзқарастарын байыта түсетін жаңа мәліметтермен танысады және ең маңыздысы, өз қатарластарымен өткен қызықты отырыстан оларда қуанышты көңіл-күй, жақсы әсер қалады.

Өртке қарсы тақырыптағы бейнефильмдер көрсету. Бұл айтарлықтай үлкен әсерін тигізеді, өйткені балаларға сіріңкемен ойнау қауіпті екендігін ғана айтып қоймай, бұл ойындардың нәтижесі қандай болатындығын көрсету маңызды. Бейнефильмдер оны көрнекілік ретінде көрсетеді.

Тарихи экспонаттар көп жиналған өрт-техникалық орталықтарына бару. Бұл маңызды саяхат балалардың өртке қарсы қызмет тарихын білуге және оның жауынгерлік жолын және басқа да пайдалы ақпараттар алуларына көмегін тигізеді.

Өрт сөндіру бөлімшелеріне бару балаларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары туралы білімнің дұрыс қалыптасуына көмегін тигізеді.

Сабақ барысында тәрбиеші балаларды ғимараттан ұжымды көшіру өткізу ерекшеліктерімен таныстырады. Мынадай жаттығу жүргізіледі: қалған балалардың іс-әрекетіне бақылау жасайтын 3-5 баладан тұратын бір топ таңдап алынады. Педагог қалған тәрбиеленушілерге бұйрық бойынша тізбектеліп тұруларын және айқай-шусыз топтан, әрі қарай дәлізден және сатымен, балабақшадан тыныш шығуларын ұсынады.

Содан кейін осы іс-әрекетті 2-топ қайталайды. Бақылау жасайтын топ сияқты тәрбиеші де түсініктеме беріп отырады.

Үрейлену және қысылу қаупі туралы ескерту қажет: өрт кезінде көп жағдайда адамдар от пен түтіннен емес, олардың алдындағы қорқыныштан қаза болады, олар осындай сәтте топ арасында айғайлап, бір-бірін итеріп, аяқ асты қылып таптап тастайды. Бұндай жағдайларда, көбінесе, балалар қаза табады, өйткені олар көрінбей аяқтың астында қалады.

Сондықтан да балаларды балабақшада өрт пайда болған кезде айғай-шусыз және батыл іс-әрекетке үйрету өте маңызды.

Балаларға үлкендердің іс-қимылдарын қайталау өте ұнайды, бұл оларға өздерін үлкен сезінуге көмектеседі. От балалар үшін өте жақсы тартылыс күші болып табылады. Үлкендердің отты қалай пайдаланып жатқандығын – газ плитаны қосу, пештегі ағашты тұтату, аулада жиналған қоқысты жандыру, трубканы немесе шылымды тұтату сияқты іс-әрекеттерін көрген балалар алауды немесе сіріңкені тұтатуды қайталап жасап көргілері келеді.

Жақын маңайда өрт оқиғасының пайда болғанын көрген балалар сол жерге барып отқа қарағылары келіп тұрады. Бұл қылық кез келген балаға тән және балалар өте кішкентай кездерінен отпен ойнаудың аса қауіпті екендігін есте сақтағандары жөн, өйткені от тез арада бақылаудан шығып кетіп, аса қауіпті болуы мүмкін.

Сіріңкені абайлап тұтату да аса оңай зат емес. Оған үлкендердің рұқсатымен және олардың бақылауымен ғана үйренуге болады. Егер бір шырпыны дұрыс тұтатпаса, қораптағы қалған шырпылар да жанып кетеді, ал оны уақтылы сөндірмесе, іс насырға шабуы мүмкін.

Әдетте, балалар оттан қатты қорқады, егер тіпті қолдан бір сіріңке түсіп кетсе, олар үшін бұл - қорқыныш. Жанып жатқан сіріңкені қолдарынан түсіріп алса, олар қорқыныштан оны тастай салып қашып кетуі мүмкін, ал жерге түскен сіріңкеден кілем, перде, жиһаз және тұтас пәтер жанып кетуі ықтимал. Міне, сондықтан да кішкентай балалардың қолындағы от аса қауіпті.

Баланы отты қалай пайдалану керектігіне үйретіп жатқанда немесе ол жанып жатқан алаудың немесе тұтынып тұрған плитаның қасында тұрғанда жанында міндетті түрде үлкендердің біреуі болуы шарт және арты қайғылы оқиғаға әкеліп соқпас үшін бақылап тұруы қажет. Мысалы, тек қана үлкендердің рұқсат етуімен және олардың бақылауымен оттықты тұтатуға болады. Балаларға олар есейген кезде олардың алауды жағуға, пешке ағаш салуға, газ плитаны тұтатуға көптеген мүмкіндіктері болатындығын түсіндіріп айту керек, ал, әзірше, сіріңкені пайдалануды тоқтата тұруды өтінген жөн.

Кез келген жағдайда оларға сіріңкені пайдалануға рұқсат берілсе де, берілмесе де балалар отты пайдаланудың келесі қағидаларын меңгерулері тиіс.



  1. Алауда тамақ әзірлеу талап етілсе, жалын желмен маңайдағы ағаштар мен бұталарға ауысып кетпес үшін отты ашық алаңқайда арнайы қазылған орда тұтатқан дұрыс. Дұрыс жағылмаған алаулар көп жағдайда орман өрттерінің басты себебі болып табылады. Ал қылқан жапырақты ормандарда алау жағуға тіпті де тыйым салынған.

  2. Қатты жел тұрған күні балаларға далада от жағуға болмайды. Жел отты шашыратып, өрт тудырады, ал бала оны өз күшімен сөндіре алмайды.

  3. Алауға керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды құюға болмайды: бұндай жағдайда пайда болған жалын тез шарпып, күйдіріп тастауы мүмкін.

  4. Отты өшірудің ең тез тәсілі оған ауа жібермеу және су құю екендігін есте сақтаған жөн. Егер жану үйдің ішінде пайда болса, отқа ауа жібермес үшін оған көрпе, кілем, пальто немесе кез келген тығыз жамылғы жабу керек.

  5. Егер өрт үйде барлығы ұйықтап жатқанда болса, онда тез арада ұйықтап жатқандарды оятып, үй-жайдан шығып кету керек.

  6. Өртке қарсы қызметті қалай шақырту керек екендігін кез келген бала білуі керек. Бірақ өрт болмаған кезде өрт сөндірушілерді шақыртуға болмайтындығын барлығы да білуі керек.

Сіріңкенің ойыншық емес екендігін тұрақты түрде балалардың санасына құйып отыру қажет. Бұл өте қажетті және маңызды зат, бірақ балалардың ойыншығы емес.

Сондай-ақ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмау талап етіледі.

Өрт адамдарға және тұтастай алғанда, барлық мемлекетке үлкен шығын келтіреді. Өртті өмірінде бір рет көрген адам оның қандай қорқынышты зілзала екендігін біледі. Ол материалды шығын келтіріп қана қоймай, кей кезде адам өмірін де қыршыннан қиып кетеді. Өрт кез келген жерде пайда болуы мүмкін. От оған немқұрайлы қарағандардың барлығына қатал.

Балалардың тентектігінен болған өрт көптеген ата-аналардың өз балаларының өмірі мен денсаулығына қамқор бола отырып, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне назар аудармайтындықтарынан және балалардың ойындарына тиісті бақылау жасамайтындықтарынан болады.

Біз күнделікті естіп жүрген сөздерге «құлағымыз үйреніп кеткен»: «Сіріңке – балалардың ойыншығы емес», «Отпен ойнау қауіпті» және т.б. Бірақ кейде тыйым салынған заттардың барлығы балалардың қызығушылығын туғызатынын ұмытып кетеміз, мысалы: сіріңке қорабы, шылым будасы.

Есіңізде болсын, өз беттерімен қалған балалар сіріңкемен ойнап отырып, өрттің еріксіз себепкері болып табылады.

Сіріңкені, шылымды, керосинді балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Балада үйде тыйым салынған заттың бар екендігі туралы күмән туындамайтындай етіп тығу керек, өйткені баланың ол затқа деген қызығушылығы тыйым салғанға қарамастан басым болып кетуі мүмкін.

«Отпен ойнамаңдар!» - бұл шындық бізге бала кезімізден таныс.

Біз қолымызға сіріңкені алуға немесе жанып жатқан отқа жақындағанымызда ата-анамыздың бізді қалай отпен ойнаудан қорғағаны көбісінің есінде шығар. Ал біз балаларға отпен ойнаудың қандай қауіпті екендігін жеткілікті түрде түсіндірдік пе? Өкінішке орай, барлық ата-ана бұл жайлы ойламайды. Баланың қай затты да білуге құмар екендігін және олар үлкендердің іс-әрекетін бақылап жүріп, өз ойындарында оны қайталайтындықтарын қай уақытта да естен шығармаған жөн.

Балаларда үлкендерге тән өрт қаупіне деген қорғаныс әрекеті жоқ. Олардың көпшілігі аман қалу үшін өрт барысы кезінде не істеу керектігін білмейді. Олар кереуеттің, көрпенің астына, шкафтың ішіне тығылады. Оларды түтінденген бөлмеде табу қиын. Сондай-ақ балалардың көбі өртте жоғары температурадан емес, жанудың улы қоспалары жинақталған түтіннен қаза тауып жатады.

Барлық балалар да өздерінің бос уақыттарын дұрыс пайдалана біле ме? Қолдары бос, сандалып жүрген кішкентай балаларды көп көруге болады. Сол қол боссыздықтан олар далада алау жағады, қоқыстарды өртейді. Әсіресе ер балалар отпен ойнағанды жақсы көреді.

Ал біз, үлкендер көп жағдайда отпен ойнап жатқан балалардың қылықтарына мән бермей өтіп кетеміз. Балалар жанып жатқан бұтақтарды олай-бұлай сілтелеп, алауға от ішінде жарылатын зат лақтырады. Бұны үлкендер бейкүнә ермек деп санайды. Барлық салынған тыйымдар балалар үшін қызықты нәрсе болып табылады.

Балалардың кінәсінан болған кез келген, тіпті кішкентай ғана жану ата-аналар және білім беру ұйымдарының жұмыскерлері үшін алаңдатарлық жәйт болуы тиіс. Бірақ бір ғана тыйым салумен шектелмеңіз, балаларға отпен ойнаудың соңы неге әкеліп соғатындығын нық және сенімді түрде түсіндіруге тырысыңыз. Балалардың отпен байланысты кез келген ойынына тыйым салынып, тоқтатылуы тиіс екендігін есте сақтаңыз.

Балалардың сарайларда, шатырларда, үй жертөлесінде ойнауларына жол бермеңіз, оларға электрмен жылытқыш құралдарға қарауды тапсырмаңыз және оларды үйде оңаша қалдырушы болмаңыз. Балалардың отпен ойнауларынан барлығынан бұрын олар өздері зардап шегеді.

Өртті болдырмас үшін балаларға алау жағуға және оған жарылу қаупі бар заттарды тастауға, сіріңкемен ойнауға, электрмен жылытқыш құралдарды және теледидарды сөндіруге рұқсат бермеңіз.

Отпен неге ойнамау керектігін айта отырып, балаға сіріңкенің ойыншық еместігін, ал оттың ермек еместігін ол түсінетіндей етіп жеткізуге тырысыңыз, одан кейін балада өрттің адамдар үшін ауыр зілзала екендігі туралы ұғым қалыптасуы тиіс. Ең дұрысы оқыту үрдісін көрнекілік құралдарымен әрлеген дұрыс, сол кезде білім жеңіл және оңай меңгеріледі.

Балаларды отпен абай болу қағидаларына оқытуды педагогикалық ұйымдар жалпы тәрбиелеу-білім беру жұмысының құрама бөлігі ретінде қараулары тиіс, осылайша оқыту үрдісін балаларды жан-жақты дамытудың басты мақсаты болып табылатын адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланыстыру керек. Кез келген адам толық көлемде өрттің қандай үлкен апат екендігін, онымен күресудің қаншалықты қиын екендігін түсіне бермейді, балаларды айтпағанда үлкендердің өзі өрт кезінде өзін-өзі ұстай алмай қалады. Басты міндет балаға жанып жатқанның бәрінен қорқа беру керек деген ұғыммен тәрбиелеу емес. Оларға отпен абай болу керектігін әдет ретінде қалыптастыру керек. Балалармен жұмыс істегенде күткен нәтиженің орнына теріс нәтиже беретін, балаларды тез жалықтыратын және қатып қалған стандарттық нысандарға сүйенбеу керектігін ұмытпау керек.

Педагогикалық ұжым балалармен тәрбие-білім беру үрдісін ұйымдастыру кезінде қай уақытта да олардың ата-анасымен ынтымақтаса отырып қана жетістікке жетуге болатынын есте сақтаулары тиіс. Ата-аналардың алдында балаларды отпен абай болу, онымен ойнаудың алдын алу қағидаларын оқытудың мазмұны мен маңыздылығын ашып көрсету керек.

Әрбір білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі мүйісін әзірлеу орынды. Мүйіс - жай формальды емес, ол көрнекі түрде оқыту және насихаттаудың бір түрі, сондай-ақ педагогикалық ұжымның жұмыс көрсеткіші. Көрнекіліктердің және көрсетілген безендірудің көмегімен педагог балаларды көрген затқа деген өзінің көзқарасын айтуға итермелеу керек.

Балалармен жұмыс жасау жоспарға сәйкес болуы тиіс. Оған көркем әдебиетті іріктеу және оқу, оларды оқып болғаннан кейінгі әңгімелесу, кешенді сабақтар, ойын іс-әрекетін ұйымдастыру, өртке қарсы қызмет қызметкерлерімен кездесу және өрт сөндіру бөліміне экскурсия жасау жатады.

Ойындарда және отырыстарда балаларды өрттің себептерімен, ойындар мен отпен ойнаулардың қандай ауыр салдары болатындығымен таныстыру қажет.

Әңгімелесу өткізе отырып, тәрбиеші қайғыға ұшыраған адамдарға аяушылық, отта жанып кететін заттарға ұқыппен қарау сезімін туғызуы тиіс. Осыларды үйрете отырып, балаларды өрттің қорқынышты салдарымен қатты қорқытуға да болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет