Мектепалды даярлыќ тобыныѕ ўйымдастырылєан оќу іс- јрекетініѕ технологиялыќ картасы



жүктеу 55.75 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі55.75 Kb.

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсат- міндеттері: Құстар және олардың қысқы тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету.


Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге мектеп ауласына мақсатты серуенге шығу.




Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалардың назарын жыл мезгіліне байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістеді байқауға аудару.Құстардың келуі және ұя салуы, балапан шығаруы. Құстардың даусына тжәне сыртқы құрлысына қарап ажыратуға үйрету. Құстар өсімдікке зиян келтіретін жәндіктермен қоректенеді. Сөйтіп бау- бақша, егістіктердің жақсы өсуіне пайда келтіреді. Құстарды да қорғай керек. Өйткені құстар біздің досымыз.

Көктемде ең бірінші ұзақ ұшып келеді. Оның артынан қараторғайлар келеді. Қараторғайлар дайын ұяға орналасады. Сондықтан оларды ұя жасап қарсы алу керек. Зиянды жәндіктермен қоректенетін құстармен таныс бол.

Құстардың суреттерін көрсете отырып, олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру

Әліппе дәптермен жұмыс:

Тоқылдақты неге ағаш дәрігері деп атайды?

Сурет ішінен тоқылдақты тауып боя.

Құстар қандай пайда келтіреді?

Сен құстарға қандай қамқорлық жасайсың?



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғауға тәрбиелеу.



Құралдар: Құстар суреттері

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Қазақстан қорықтары

Мақсат- міндеттері: Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру, қорықта атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.


Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалаарға қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру. Қазақстан қорықтары мен олардың орналасқан жерімен таныстыру.




Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Қорықтар табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келешек ұрпақтардың игілігі үшін сақтайтын ғылыми зерттеу ордасы, олардың әр ғылыми, әрі тарихи, әрі мәдени және табиғат қорғау ісін үгіттеп насихатауда алатын орны ерекше, сондықтан да қорықтарды табиғаттың баға жетпес асыл қазына деп атауға болады. Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Осындай қорықтардың жетеуі Қазақстан жерінде орналасқан.

- Ақсу- Жабағылы

- Наурызым

- Алматы


- Барсакелмес

- Қорғалжын

- Марқакөл

- Үстірт

Жануарлар мен құстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы тіршілігі жөнінде әңгімелеу. Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Берілген суреттер бойынша балалардан осы аң-құстар туралы әңгімелеп берулерін сұрау.

Әліппе дәптермен жұмыс:

Суреттегі қорықта кездесетін құстардың аттарымен танысу. Олар: қоқиқаз, тырна, дала қыраны, лашын.


Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Сабақты қорытындылай келе балаларды туған табиғатымыздың аң-құстарын қорғауға, қамқор болуға шақыру.



Құралдар: Қазақстан Республикасының қорықтары және сирек кездесетін аң құстардың суреттері.

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Сағат саны:

Күні:

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Экология

Тақырыбы: Экологиялық соқпақ

Мақсат- міндеттері: Мектеп ауласындағы экологиялық соқпақ туралы түсініктерін қалыптастыру. Ондағы шартты белгілермен таныстыру. Балалардың танымдық, эстетикалық қасиеттерін дамыту арқылы сауықтыру іс- әрекеттерін ұйымдастыру.


Іс - әрекеті

Мұғалімнің іс- әрекеті

Балалардың іс -әрекеті

Ұйымдастыру

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Бір-бірлерімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді.

Балалармен бірге алғашқы бағыттағы аққайыңның белгісі көрсетілген соқпаққа келеді де, аққайыңды суреттеу.



Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады

Негізгі

Балалар құлап жатқан ағашқа келеді, оның қуысындағы көптеген жәндіктерді бақылайды. Ашық жатқан алаңға гүлдердің түрлерін егуге болатындығы туралы ақылдасып, одан әріректе құстардың су ішуі үшін су көлшіктерін жасайды. Экологиялық соқпақ дегеніміз- арнайы таңдалған бағытпен табиғат аясында, табиғатты қорғауға байланысты ұйымдастырылатын мәдени іс-шара.

Балалардың танымын одан әрі дамыту мақсатында экологиялық объектілер түрлендіріп отырады. Мектепте экологиялық соқпақтар құру мақсаты- өзара қарым-қатынасты дамыту (ағаштар, гүлдер отырғызу, құмырсқаның илеуін қорғау). Алда жаз мезгілі келе жатыр. Сен бос уақытыңды табиғаттың ортасында таза ауада, су жағасында өткізесің. Табиғатта өзіңді дұрыс ұстауды ұмытпа.

Балаларға М. Кеңесбаевтың "Табиғатты бүлдірмейік" өлеңін оқып беру.

Тас төбеден қара бұлтты төндірмей,

Жер ананың байлығы мол, тең бірдей.

Осы байлық баршамызға жетеді.

Пайдалансақ табиғатты бүлдірмей.

- Табиғат аясына шыққанда өзіңді қалай ұстайсың?

- Тағы қандай табиғатты қорғау ережелерін білесің?

- Суға түскенде қандай сақтық ережелерін орындау керек?



Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды



Қорытынды

Балаларды туған өлкеге қамқорлық жасауға, қорғауға тәрбиелеу.



Құралдар: Соқпақтар, шартты белгілер

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет