Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудыѕ јртїрлі материалдары ќолданылады



жүктеу 0.75 Mb.
бет1/5
Дата27.04.2019
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5

МҚКК «№7 сәбилер бақшасы»

«Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.


Нұсқаушы:

№7 сәбилер бақшасының

тәрбиешісі Кузкенова А.А


Павлодар қаласы
Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа. Венгер психологы, әрі математигі Дьеныш жасаған логикалық блоктар баланың алғашқы жылдарындағы логиякалық ойлауын дамыту мен олардың ойлау қабілеттерін математиканы меңгеруге дайындауда неғұрлым тиімді әдістеме болып отыр.

Әдістемелік және ғылыми-танымал әдебиетте бұл материалды әртүрлі атаулармен кездестіруге болады, атап айтсақ: «логикалық пішіндер», «логикалық текшелер», «логикалық блоктар». Бірақ осы атаулардың әрқайсысында логикалық ойлауды дамыту бағыты айқын берілген. Балабақшалар мен мектептерде балалармен жұмыс жасаудың жаңаша тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың көлемді және тегіс болатын екі түрлері қолданылады. Осы түрлердің әрқайсысына өз атауы бекітілген. Көлемді логикалық материал логикалық блоктармен аталса, тегісі – логикалық пішіндермен беріледі.

Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған.
Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:

а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш);

б) үш түсті (қызыл, көк және сары);

в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);

г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).

Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.


«Логикалық блок» атты дидактикалық жинақ 48 көлемді геометриялық пішіндерден тұрады, олар бір-бірінен көлемі, түсі, қалыңдығы мен пішіндері бойынша ажыратылады. Осылайша әр пішін төрт өзіндік ерекшелігімен белгіленеді: түсі, пішіні, көлемі және қалыңдығы. Жинақта осы ерекшеліктері бірдей келетін пішіндерді таба алмайсыз, олардың әрқайсысы өзінше әртүрлі. Ерекшеліктерінің нақты нұсқасы (қызыл, көк, сары, тіктөртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, шаршы) және пішіндердің көлемі, қалыңдықтары мен үлкендіктері әрүтрлі болғандықтар балалар оларды жылдам ажыратып, айтып бере алады.

Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында (бөлу, белгілі ережеге сәйкес орналастыру, қайта құру және т.б.) балалар алғашқы математикалық дайындық тұрғысында маңызды болып табылатын әртүрлі ойлау қабілеттерін меңгере бастайды. Олардың қатарына сараптама жасау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру-ашу, сонымен қатар «жоқ», «және», «емес» сынды логикалық операцияларды жасай білу жатады. Блоктармен болатын арнайы дайындалған ойындар мен жаттығулар балалардың ойлаудың қарапайым алгоритмдік машығын меңгеру, әрекеттерді ойша қалыптастыру биімділіктері дамиды. Логикалық блоктардың көмегімен балалар назарға алу, есте сақтау, қабылдау сияқты әрекеттерге жаттығады.

Логикалық блоктарда геометриялық пішіндер топталып беріледі (дөңгелек, тіктөртбұрыш біркелкі үшбұрыш, шаршы) және олар кішкентай балаларды затардың пішіндері мен геометриялық қалыптармен таныстырудың керемет құралы болып табылады.

Логикалық блоктардың жинағы баланың заттарды бір түрінен екінші, үшінші және төртінші ұқсастықтарымен салыстыра отырып, ойлау өрісінің дамуына жетелейді. Блоктармен әртүрлі қимылдар жасау барысында балалар алдымен заттардағы ортақ бір ұқсастықты байқауға машықтанады (түсі, пішіні, көлемі, қалыңдығы), оларды салыстырып, топтап, әрқайсысының ұқсастықтары бойынша орналастыруға бейімделеді. Осыдан кейін олар заттарды бір ғана ұқсастығымен емес, екі, осыдан кейін үш және төрт ұқсастықтары бойынша топтауға, жіктеуге, бөлуге, орналастыруға машықтанады. Осымен бірге балалардың мүмкіндіктеріне қарай бір ғана жаттығуда тапсырманың дейгейін оңай алмастыруға болады. Мысалы, бірнеше бала аюдың лашығынан Машенькаға ата-әжесіне баратын бағытты табу үшін жол салады. Ал бір бала жол салғанда онда біркелкі пішіндерді қолданбай салуы керек, ал екінші бала жол салғанда пішіні мен түсі жағынан біркелкі фигуралар болмайтындай етіп салуы керек, үшінші бала жанында пішіні, түсі мен көлемі жағынан біркелкі келмейтіндей етіп, жол салу керек. Мұнда бірінші бала бір ерекшелікті ұстанса, екінші бала екі ерекшелікті ұстанады, яғни бірден пішіні мен түсіне көңіл бөліп отырады, ал үшінші бала бір уақытта үш бірдей ерекшікті ұстанып отырып, жол салады.

Мектепке дейінгі балалық уақытта бір топтың балаларымен жұмыс жасау үшін көлемді логикалық блоктың бір-екі жинағы және тегіс логикалық жинақтың 5-8 жинағы қажет болады.

Блоктар жинағына алдында айтқандай 48 фигура енеді, оның ішінде 12- дөңгелек, оның 6-жуан, 6- жіңішке, қызыл, көк, сары түсті үлкен және кішкене дөңгелектер, сонымен қатар осындай 12 төртбұрыштар, 12 тікбұрыштар, 12- үшбұрыштар. (АҚШ бала бақшаларында 60 данадан тұратын логикалық блоктар қолданылады). Бұл жинақтарға алтыбұрышты фигуралар да қосылған.

Логикалық блоктарды ағаштан немесе қалыңдығы әртүрлі кезейіннен жасайды. Үлкен және кішкене фигуралардың жобамен алғандағы көлемдері мынадай:

Жуан блоктар жіңішке блоктардан жоқ дегенде екі есе жуан болуы керек.

Тегіс логикалық блоктар жинағын қатты қағаздан немесе логикалық блоктардың пішініндей етіп кезейіннен жасауға болады. Бұл жинақтардың бір бірінен айырмашылықтары барлық фигуралардың қалыңдықтарының біркелкі болуы. Фигуралардың көлемдері шамамен алғанда мынадай:

Егер көлемді логикалық фигуралар-блоктардың жинағын жасау мүмкін болмаса, онда -жаттығуларда неғұрлым үлкен тегіс логикалық фигураларды қолдануға болады. Бірақ олардың дамыту мүмкіндіктері әлдеқайда шектеулі болады. Олар бірден үш ұқсастықтармен әрекет жасауға мүмкіндік береді. Логикалық блоктармен қатар жұмыста блоктардың ерекшеліктері шартты түрде берілген карточкаларды (5х5см.) қолдануға болады

Бұл каточкаларды пайдалану баланың ерекшеліктері бойынша орналастыру, жинақтауға, олар туралы мәліметтерді жасыруға, баланың табу қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Бұл қабілеттер мен машықтар әртүрлі заттармен ойнау барысында тапсырмаларды орындауда дамып отырады. Сонымен, блоктардың түсі, пішіні, үлкендігі мен жуандықтарын білдіретін карточкаларды таңдай отырып, балалар ерекшеліктерді ауыстыру мен жасыра білуге жаттығады. Карточкада көрсетілген ерекшеліктері бар блоктарды іздестіру барысында балалар олар туралы мәліметті шешуге бейімделеді. Блоктың барлық ерекшеліктері туралы айтып беретін карточкаларды салып отырып, бөбектер оның өзіндік модельін ойлып жасайды.

Ерекшеліктер-карточкалары балаларға көрнекі-үлгіден көрнекі-жобалау ойлауына көшуге көмектеседі, ал ерекшеліктерді жоққа шығаратын карточкалар сөздік-логикалық ойлауға апаратын көпірге айналады.

Кейбір ойындар мен жаттығуларды жасау үшін көмекші материалдар,яғни ойыншық-персонаждар, жіптер мен дөңгелектер дайындлау керек.

Баланың жас шамаларына қарай жинақтың барлық бөліктерін емес, оның қандай да бір бөлігін ғана қолдануға болады: алдымен пішіні мен түсі жағынан әртүрлі блоктар, бірақ көлемі мен жуандықтары біркелкі (12 дана), содан кейін пішіні, түсі, көлемі жағынан әртүрлі, ал жуанықтары бірдей (24 дана), ал соңында фигуралардың толық жинағын (48 дана) қолданыңыз. Бұл өте маңызды. Материалдар неғұрлым әртүрлі болса, бір ұқасатықты екіншісінен ажырату соғұрлым қиынға түседі, яғни мұның нәтижесінде салыстыру да, топтау да, жинақтау да оңай болмайды.

Логикалық блоктарды қодана отырып балалар әртүрлі әрекеттер жасайды; салады, ауыстырады, алып тастайды, жасырады, іздейді, «араздасып қалған» ойыншықтарды өзара бөлістіреді және тағы да көптеген осындай әрекеттер жасайды, ал осыны жасай отырып, олар осы әрекеттерге қатысты өз пікірлерін айтып отырады. Логикалық блоктар дегеніміз геометриялық пішіндердің жинағы болғандықтан (дөңгелек, тіктөртбұрыш, біржақты үшбұрыш, шаршы), олар баланың ерта жасынан бастап көптеген басқа да дамытушылық тапсырмаларды орындау кезеінде заттың пішіндері және геометриялық фигуралармен танысуында кеңінен қолданылады.

Әдістемеде біртіндеп күрделене түсетін логикалық блокты жаттығулар мен ойындардың 4 тобы берілген:



  • Ерекшеліктерді анықтау және абстракицялау қабілетін дамуытуға арналған

  • Заттарды ерекшеліктері бойынша салыстыра білуді дамытуға арналған

  • Топтау және жалпылау әрекеттерін дамытуға арналған

  • Логикалық әрекеттер мен операцияларға деген қабілетін дамытуға арналған

Кейбір ойындар мен жаттығулар назар аудару мен есте сақтауды дамытуға бағытталған. Жоғарыда аталғандарға қарағанда олардың балалармен жұмыс жасауда қатаң анықталған жүйесі жоқ. Бұл ойындардың балаға есте сақтауы мен назарға алу қабілеттерін дамыту мақсатында кез-келген уақытта ұсынуға болады. Кейбір ойындарды санамағанда қалған барлық ойындар мен жаттығулар үш нұсқада берілген (I, II, III ). Бірінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулар балалардың бір ғана ерекшелікпен топтастыруға машықтандырады (бір ерекшелікті екіншісінен ажырата білу, осының негізінде заттарды топтау, жалпылау). Екінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулардың көмегімен екі ерекшелікті тең салып отырып, әрекет етуге машықтанады (екі ерекшелікті анықтау, заттарды бірден екі ерекшеліктері бойынша салыстыру, топтау және жалпылау). Үшінші нұсқадағы ойындар мен жатығулар бірден үш ерекшелікпен қатар әрекет жасауға машықтайды.

Балалардың үйымдастырған іс-әрекетері

Төртінші топтан басқа барлық ойындар мен жаттығулар (логикалық) нақты бір жас шамасына белгіленбеген. Бір жастағы балалардың психологиялық деңгейлері әр түрлі болады ғой, олардың кейбірі ойын мен жаттығудағы кезеңдерді әлсін-әлсін меңгерсе, ал кебйір балалар бірден шапшаң әрекет етуі мүмкін, бірақ барлық бала берілген дейгейлердің барлығынан ерте ме, кеш пе, өтуі тиіс. Сондықтан балалармен жұмысты бастамас бұрын әр бала интеллектуалды дамудың қай сатысында тұрғанын анықтап алған жөн. Бұны анықтай қиын емес.



Дьеныштың блоктарымен танысу.

Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз. Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:

Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).

Аюға барлық көк фигураларды, қоянға – сары, тышқанға – қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).


Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу.

Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.

Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.

Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.

Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).

Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).

Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.

Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).

Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.

Баланың алдына 8 блоктарды қоямыз және ол көрмей тұрғанда фигуралардың бірінің астына «қазынаны» тығып қоямыз (тиын, тас, қиылған сурет және т.б.). балаға болжамды сұрақтар қоясыз, ал бала «ия» не «жоқ» деп қана жауап беруі керек. «Қазына көк блоктың астында ма?»- «жоқ», «қызылдың астында ма?» - «жоқ» (бала қазынаның сары блоктың астында екенін түсіне қояды да, осыдан кейін оның көлемі, пішіні мен жуандығы туралы сұрастыра бастайды). Осыдан кейін қазынан бала жасырады, ал ересек адам іздеуі керек. Екі қорапты аласыз, біреуіне 3 блок, екіншісіне төрт блок салу керек.баладан қайсында локтар көп және оларды қалай теңестіруге болатынын сұраңыз.

Бір қатарға кез келген 5-6 фигураларды қатарлаймыз. Астыңғы қатардағы фигуралар үстіңгі қатардағыларға қарағанда пішіндері басқа болатын болсын (түсі, көлемі). Домино ойынында фигураларды қатысушыларға өзара тең бөлінеді. Әр ойыншы кезекпен өз жүрісін жасайды. Фигура болмаған жағдайда жүріс өткізіледі. Кім барлық фигураларын бірінші болып салып бітірсе, сол жеңімпаз болады. Жүрісті әртүрлі жасауға болады: басқа түсті фигурамен ( түсі, пішіні).

Балаға фигураларды сызылған сурет-схема бойынша салу ұсынылады, мысалы, үлкен қызыл шеңбер салынған, оның артынша кішкентай үшбұрыш салынған және т.б. блоктардан заттардың жобасын құрастыруға болады: машина, паравоз, үй, мұнара және т.б.

Осылайшы әр баланы анықтап алғаннан кейін балалардың әрқайсысы туралы айқын көрініс аласыз. Бұл сізге әр баланың деңгейін ескере отырып, әрқайсысының дамуына ықпал ететін сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Егер бала белгілі деңгейдегі тапсырманы оңай әрі қатесіз орындайтын болса, оған келесі топтың күрделі тапсырмасын беру қажет екендігін түсінеміз, бірақ бала өз деңгейіндегі тапсырмаларды еш қиындықсыз орындаған жағдайда ғана оны келесі топқа көшіруге болады. Егер баланы бір деңгейді ұстап қалсаңыз немесе оған уақытынан бұрын күрделі тапсырма берсеңіз баланың ойын мен жаттығуға деген қызығушылығы жоғалады. Бала өзіне берілген тапсыра қиын болғанымен оның күшінен келетін болғанда ғана ойлау тапсырмаларына ынтық болады.

Ойлау қабілетін дамытуда оның басқа да қабілеттер сияқты көптеген жаттығулар барысында дамитындығын ескерген дұрыс. Осымен қатар мұндай жаттығулардың саны әр бала үшін әртүрлі болуы керек. Баланың ойлау тапрсырмаларына деген қызығушылығы жоғалмауы үшін әрбір ойын мен жаттығуларға бірнеше ойындық және тәжірибелік тапсырмалар енгізіледі, мысалы, Ниф-Ниф, Наф-Наф және Нуф-Нуфтың үйлерінің арасына жол салу, жаңа жылдық тізбекшелер жасау, көлдің үстіне көпір орнату сияқты т.б.

Осы мақсатпен әрбір ойын мен жаттуғыда ойлау тапсырмасының бір күрделі деңгейі бойынша бірнеше нұсқалары берілген. Мысалы, жол салғанда блоктардың түстері бірдей, ал пішіндері әртүрлі болуы керек немесе жанындағы блоктардың пішіндері біркелкі, ал көлемдері әртүрлі немесе жанында түстері бірдей, ал жуандықтары әртүрлі фигуралар болсын деген сияқты болуы керек.

Логикалықпен блокпен бірге ойындар мен жаттығуларға интелектауалды саяхатқа бала екі бағытта шыға алады:

3-4 жастағы балаларға бағытындағы жол әрі тиімді, әрі ыңғайлы болады. Олар аз әрекет жасай алатын болғандықтан олардың жолдары ұзақ болуы мүмкін. Олар алдымен бір, содан кейін екі ерекшелікпен жұмыс жасауды меңгереді. Содан кейін осы бойынша заттарды топтастырып, салыстуға, жалпылауға үйренеді. Нысанның бір, екі белгісімен жасыруға және табуға үйренеді, қарапайым алгоритмге жаттығады. Ересек мектепке дейінгі жас шамасында балалар логикалық әрекеттерді жақсы меңгерген, тапсырма шешуінің дұрыс не бұрыстығын талқылап, дәлелдей алады, бірден үш ерекшелікпен қатар жұмыс жасай алатын болады.

Егер балалар мұндай саяхатқа алғаш рет 5-6 жаста шығып тұрған болса, онда оларға бағыты оңтайлы болады. Олардың білетіні де көп, қолдарынан келетіні де көп. Ойындар мен жаттығулардың бірінші және екінші нұсқасының бөлігі олар үшін қиын болмайды, олар одан да қиын тапсырмаларды шешуге құлшынып тұрады.

Бірақ мұнда да әр баланың ерекшелігін ескерген жөн. Төрт жастағы балалардың біреуіне Б бағытымен жүрген дұрыс болуы мүмкін, ал ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың кейбірі А бағытымен оңай өтуі ықтимал. Мұндай жағдайда бала берілген деңгейден мүдірмей өткен жағдайда ғана келесі неғұрлым күрделі ойынға не жаттығуға ауысқаны дұрыс.

Егер ересек адам ойын не жаттығудың өзгелер сияқты тепе-тең қатысушысы екендігін, балалар сияқты қателесе алатындығын естен шығармаса, екіншіден, баланың қателігін көрсетпей, оны түзетуге өздеріне мүмкіндік беретін болған жағдайда мұндай саяхат қызықты да тартымды өтері даусыз.

Ойындар мен жаттуғыларға кіріспес бұрын, баларға өз бетінше логикалық блоктармен танысуға мүмкіндік беріңіз. Олар блоктарды өз қалауларынша әрекеттерінің әр тұстарында пайдала берсін. Блоктармен әрқилы әрекет жасау барысында балалар пішіннің, түстің, жуандықтың, көлемнің әр түрлі болатындығын түйеді. Балалардың санасына «блок» дегенді құйып қоюдың қажеті жоқ. Блок деген баланың қабылдауынша ең алдымен геометриялық фигуралар. Сондықтан балалрмен тілдесуде «блок» сөзімен қатар «пішін» сөзін көбірек қолдану қажет. Баларды логикалық блоктардың ерекшеліктерімен тиімді таныстыру мақсатында оларғы мына тапсырманы ұсынуға болады:

Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан осындай фигураны тап.

Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан мұндай емес фигураны тап.

Көк түсті фигураны тап (үшбұрышты, қызыл, төрт шаршы, үлкен, сары, жіңішке жуан, кішкентай, дөңгелек, тіктөртбұрышты).

Мынаның қандай түсті фигура екендігін айтып бер (көлемі, пішіні, жуандығы жағынан).

Блоктармен осылайшы танысқаннан кейін ойындар мен жаттығуларға көшуге болады.

Логикалық блокты ойындар мен жаттығуларды сіз балаларға балабақшада да, мектепте де сабақта ұсына аласыз. Егер сіз мұны басқа да дамыту ойындары мен ойынды тапсырмалармен, сюжеттермен, рольдермен толықтырсаңыз, балаларға интеллектуальды қиындықтарды жеңуге көмектесесіз.


ЛОГИКАЛЫҚ БЛОКТЫ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Ерекшеліктерді анықтау және абстрактылау

Бұл топтағы ойындар мен жаттығулар балалардың заттың бірден бастап төртеуге дейін ерекшеліктерін (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы) ажырату, бірінен екіншісін абстрактылау, аттарын атау қабілеттерін дамытады. Осының көмегімен балалар алғаш рет ерекшеліктерді белгілері мен символдарына қарай орналастырудың не екендігін ұғынады, әрекеттерді жасағанда ережені қатаң ұстануға үйренеді, ережені бұзып, дұрыс жауабын таба алмайсың деген түсінікті жете ұғына бастайды.



«ҚАЗЫНАНЫ ТАП»



Мақсаты. Заттарды жалпылау, олардың түсін, пішінін, көлемін, жуандығын атай білу қабілеттерін дамыту.

Материал. 8 төртбұрышты логикалық блоктар, қағаздар жасалған дөңгелектер (қазына), түс, пішін, көлем, жуандық белгілері салынған карточкалар (1 және 2 нұсқалар үшін).

Мазмұны

I

Балалардың алдында 8 төртбұрышты блоктар жатыр: 4 – көк (үлкен жіңішке, кішкентай жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жуан) және 4- қызыл (үлкен жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жіңішке, кішкентай жуан). Балалар – қазынаны іздеушілер, қағаздан жасалған дөңгелектер – қазына.

Қазына іздеушілер теріс қарап тұрады, жүргізуші блоктардың бірінің астына қазынаны жасырады. Қазынаны іздеушілер блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтып отырып, оны іздейді. Кім қазынаны тапса, қазына соныкі болады, ал блоктардың бірінің асытна жаңа қазына жасырады.

Жүргізуші (тәрбиеші, ата-ана, бала) алдымен қазына іздеушінің ролін өзі атқарады, яғни қазынаны қалай іздеу керектігін көрсетеді. Блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтады. Егер жүргізугі қазына жасырылған блоктың ерекшеліктерін дұрыс айтса, балалар «ия» деп айтуы керек, ал қате айтса «жоқ» деулері керек. Мысалы, жүргізуші:



  • Қазына көк блоктың астында, - дейді

  • Жоқ, - деп жауап береді балалар.

  • Сарының астында ма?

  • Жоқ

  • Үлкеннің астында ма?

  • Жоқ

  • Жуанның астында ма?

  • Ия

Қазына іздеушілер тексеріп көреді, егер олар қазынаны тапқан болса, өздеріне алады да, ал таба алмаса, одан әрі іздейді.кім көп қазына тапса, сол жеңімпаз болады.

Ойынды қайталайтын болсақ, блоктарды пішіндері мен түстеріне қарай ауыстыруға болады (сары және қызыл тіктөртбұрыштар, сары және жасыл шаршы, көк және қызыл дөңгелектер және т.б.).

Ерекшеіктері бар карточкалар жүргізушіде болады. Блоктардың саны 16- ға дейін көбейеді. Олардың санына бір түсті барлық блоктар енеді, бірақ олардың пішіндері, көлемі мен жуандықтары әртүрлі болады. Ойыншылар қазына жарылыған фигураның кез-келген екі ерекшелігін атап айтулары керек. Қазынаны іздеу барысында олар бірден екі ерекшеліктерді атап айтады. Айтылған әрбір ерекшелікке жүргізуші тиісті белгісі қойылған карочканы қояды. Мысалы:


  • Үлкен дөңгелек фигураның астында?

  • Жоқ

  • Тіктөртбұрышты кішкентайдың астында?

  • Тіктөртбұрыштының астында («тіктөртбұрыш» карточкасын салады) бірақ кішкентай емес.

  • Үлкен төртбұрыштың астында ма?

  • Ия, (алдында қойылған карточкаға «үлкен» карточкасын қосады).

Блоктың екі бірдей ерекшелігін дұрыс көрсеткен ойыншы ғана блокты көтеріп, оның астында қазынаның бар, жоқ екендігін тексере алады.

Ойынды қайталаған жағдайда басқа түсті блоктарды алған дұрыс.



III

Блоктардың саны-24: барлығының көлемдері біркелкі, бірақ пішіндері, түстері мен жуандықтары әртүрлі немесе қалыңдықтары жағынан барлығы бірдей, бірақ пішіндері, түстері мен көлемдері жағынан әртүрлі.

Қазына іздеушілер қазынаны іздегенде олар бірден үш ерекшелікті атаулары тиіс. Жүргізуші әрбір дұрыс табылған ерекшелікті карточкалармен нақтылайды. Мысалы:


  • Қызыл, үлкен дөңгелектің астында ма?

  • Қызыл («қызыл түсті» карточканы салады) бірақ үлкен және дөңгелек емес.

  • Қызылы, кішкентай үшбұрыштың астында ма?

  • Қызыл, кішкентай (карточкаларын салады) бірақ үшбұрыш емес.

  • Қызыл кішкентай төртбұрыштың астында ма?

  • Ия («тіктөртбұрыш» тағы бір карточкасын қояды)

Барлық үш ерекшеліктерді дұрыс атаған ойыншы көрсетілген блокты көтереді де, қазынаны өзіне алады.
2. «ОЙЛАН ТАП»

Мақсаты. Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анаықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай дабір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т.б.).

Материал. Логиткалық блоктар, Буратино ойыншығы, ерекшелік-карточкалары (2 және 3 нұсқалар үшін).

Мазмұны.

I

Жүргізуші қандай да бір ойын персонажының атынан мысалы, Буратиноның атынан балаларға былай дейді: «мен өз достарымды қуантқанды жақсы көремін, ал бәрінен бұрын оларға сыйлықтар сыйлағанды ұнатамын, мен өзіммен бірге бір қорап толы сыйлықтар әкелдім (қорапты көрсетеді). Мұнда шоколадтар, машиналар, қуыршақтар, бәрі-бірі бар. Мен Мальвинаға да арнап сыйлық таңдадым. Сендер де өз достарыңа сыйлықтар таңдай аласыңдар. Бірақ ол үшін сендар алдымен менің Мальвинаға қандай түсті сыйлық арнағанымды табуларың керек. Мен қазір ол сыйлықты қораптан алып, жасырамын».

Буратино блоктардың біріне жасырады, балалар оның түсінің қандай екенін табуға кіріседі. Кім тап, сол бала досына сыйлық таңдай алады. Ол блокка сыйлықты жасырып, оның қандай ерекшелігін табу керектігін айтады.

Ойында әр кезде блоктың бір ғана ерекшелігі табылады.


Каталог: uploads -> doc -> 0141
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0141 -> Дәрисниң мавзуси: Киришмә. Әдәбият – сөз сәнъити. Мәхсити
0141 -> Кім тапқыр, кім жылдам? (Сұрақ-жауап)
0141 -> Адамгершілік ќ±ндылыќтарды жеке т±лѓа бойында ќалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет