«Мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени дамуы жұмысында акт-ны қолдану» аудандық семинары Ағымдағы оқу жылынан бастап Осакаровка к



жүктеу 19.83 Kb.
Дата27.10.2018
өлшемі19.83 Kb.
түріСеминар

«Мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени дамуы жұмысында АКТ-ны қолдану» аудандық семинары

Ағымдағы оқу жылынан бастап Осакаровка к. «Нұрай» бөбекжайы 2015-2017 жылдарға арналған «Этномәдени білім беру мен тәрбиелеу негізінде мектепке дейінгі жастағы балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту» атты жобасымен жұмыс істей бастады.

Осыған орай, 29 қаңтарда «Мектепке дейінгі жастағы балалардың этномәдени дамуы жұмысында АКТ қолдану» атты аудандық семинар өткізілді. Семинарға ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының директорлары мен педагогтары қатысты.

Семинарда бөбекжай психологы тренинг, педагогтары ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, танымдық-интеллектуалдық шараларды жоғары деңгейде өткізіп, тәжірибе алмасты. Әр іс-шарада педагогтар ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кеңінен қолданды. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибелі тәрбиешілер жылдар бойы жинаған еңбектерін қолжетімді, сапалы түрде ұсына білді.

«Буратино» ортаңғы тобының тәрбиешілері Ковальчук С.Н. және Селина С.Н. «Отбасылық отырыстар» атты шебер – классты жоғары деңгейде ұйымдастыра білді. Бөбекжай мен отбасы ынтымақтастығын жүзеге асыруға бағытталған шебер-класс ата – аналармен тиімді, нәтижелі жұмыс ұйымдастыру әдіс – тәсілін ортаға салды.

Компютерлік сыныпта ересек топтың балаларымен ағылшын және орыс тілі мұғалімдері (Нурулова Н.Ч., Игенова Л.) «Ғарыштық саяхат» атты оқу іс-әрекетін ұйымдастырды. Сабақ барысында балалар үштілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеп, компьютермен белсенді жұмыс істеу қабілеттерін анық көрсете білді, жаңашылдық аясын кеңейтуде оң әсер қалдырды.

«Күншуақ» ортаңғы топ тәрбиешісі Мейрамова Т.М. «Ертегілер әлемі» атты режисерлік қойылым ұсынды. Қазіргі заманға сай ертегілерді өңдеп, ақпараттық технологияларды қолдана отырып қонақтар назарына ұсынды.

Сондай ақ, келген қонақтармен ортаңғы топ тәрбиешісі Хуанган А. «Ұлт бірлігі Ұлт байлығы» атты интеллектуалдық ойын өткізді. Қатысушылар екі командаға бөлініп өз шеберліктерімен тапсырмаларды орындай отырып, ойынды жүзеге асырды.

Бөбекжай бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Бейнелеу өнері студиясында Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың салт – дәстүрін дәріптеген балалар мен ата-аналар және тәрбиешілердің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, қонақтар сын-пікірлерімен бөлісіп бағалау жүргізді.

Түзету кабинетінде логопед, психолог мамандары мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру жұмысымен таныстырып өтті.



Этномәдени білім беру мен тәрбиелеу бағыты бойынша ауданның мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтары түрлі деңгейде кепілдемелер мен әдістемелік көмек алды.

Келген қонақтар аудандық семинардың жоғары деңгейде өткенін рефлексияда атап өтіп, педагог ұжымына шығармашылық табыстар тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет