«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік қызметінің төлқұжаты



жүктеу 36.37 Kb.
Дата16.05.2018
өлшемі36.37 Kb.


«Суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің төлқұжаты


Қызметті көрсету орны

облыстың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары

Қызметті алушылар

жеке және заңды тұлғалар

Қызметті көрсету мерзімі

95 жұмыс күні

Қажетті құжаттар

уәкілетті органға:

нысан бойынша суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке тұлғасын сәйкестендіру үшін);

заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген жерге орналастыру жобасы;

суармалы жерлерді суарылмайтынға ауыстыру бөлігіндегі тұжырымдары және ұсыныстары бар түсiндiрме жазба;

суармалыдан суарылмайтынға ауыстырылатын жер учаскелерінің жоспарлы-картографиялық материалдары;

суармалыдан суарылмайтынға ауыстырылатын ауыл шаруашылық алқаптарын талдау және анықтау үшін жерлерді түгендеу мен жер кадастрының мәліметтері;

суарылмайтынға ауыстырылуға белгіленген суармалы жерлердің орналасқан жері, олардың ауданы, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеу актiсi;

барлық мүдделі уәкілетті жерпайдаланушылары (иелері) мен мемлекеттік органдардың құрылымдары өкілдерінің қолы қойылған осы жерлердін орналастырылуын бейнелей отырып, анықталған трансформацияға жататын ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетiлген далалық зерттеу сызбасы;

суарылмайтынға ауыстырылатын суармалы жерлердің сапалық сипатты;

арнайы сумен пайдалану жағдайының орындалуы туралы соңғы үш жылға және алдағы үш жылға болжамды сумен қамтамасыз етілуі туралы Бассейндік-сушаруашылығы басқармасының анықтамасы;

жалпы баланстық құны және негізгі қорлардың бағасы туралы мәлiметтер болуға тиiс суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйi және негізгі мелиоративтік қорлардын тозуы, оның әрі қарай пайдалануға жарамсыздығы туралы акті қоса берілген анықтаманы қамтиды.



Қызметтің құны

Ақысыз

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесі

суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыруға рұқсат беру туралы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органның қаулысы

Шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеті (әрекетсіздігі), шешімі шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылданады.

Шағымды қабылдағанның расталуы шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауабын алатын мерзімі және орны көрсетілген қызметті берушінің кеңсесіндегі (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі) тіркеуі болып табылады. Шағым тіркеуден өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жауапты орындаушыны анықтау және сәйкесінше шараларды қабылдау үшін жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекен-жайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастырылуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шығымдануы мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқылы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефоны: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).



Өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсетудің мекен-жайлары:

1) Министрліктің www.minregion.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетінің www.kuzr.gov.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде.



Көрсетілетін қызметті алушы қашықтан кіру режимінде бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен жағдайы туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет