Мемлекет және құқық теориясы негіздерінің пәні



жүктеу 207.37 Kb.
Дата20.04.2019
өлшемі207.37 Kb.
түріСабақ

Тобы\Группа: 6.15.21

Күні\Дата: 27.02.2017ж

Пәні\Предмет: Құқық негіздері

Тақырыбы\Тема: Мемлекет және құқық теориясы негіздерінің пәні

Сабақ түрі\Занятия: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері\Методы и приемы занятия: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап алмасу, жазбаша жұмыстар жүргізу, талқылау, сараптау, саралау

Сабақтың мақсаты\Цель заниятия:

Білімділігі: Жаңа білімді меңгерту мақсатында білімалушыларға мемлекет және құқық жөнінде толық ақпаратты меңгерте отырып, өткен сабақтармен байланыс жасау арқылы сараптап, нысандары мен тармақтарына тоқтала отырып білімді меңгерту.

Дамытушылығы: Конституцияға сүйене отырып, студенттердің танымдық жүйесін, бапты саралай білу қабілеттіліктерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Студенттерді нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасай білуге баулу.

Сонымен қатар әр студентке өз құқықтары мен міндеттерін саралап жеткізу

арқылы, құқықтық сауатты болуға баулу.

Көрнекі құралдар ОТҚ\Наглядные пособия ТСО: Конституция, лекция материалдары, слайд жұмыстары, тәжірибелік тапсырма, карточкалар

Сабақ құрылымы\Структура занятия

1.Сабақ ұйымдастыру\Организационный момент: Студенттермен амандасу және сабаққа қатысын түгендеу, бөлменің тазалығын тексеру, студенттердің назарын сабаққа аудару, сабақты бастау

2.Өткен материалдарды қайталау\Повторение пройденного материала: Үй тапсырмасы ретінде берілген тақырып шеңберінде қосымша мәліметтерді ауызша сұрау. Сұрақ-жауап арқылы өткен материалдарды қайталау. Тәжірибелік тапсырма ретінде карточкалар беру арқылы кейбір студенттердің білім сапасын тексеру.

Тәжірибелік тапсырма: I бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап


1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
2-бап

1. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.


3-бап

1. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық.


4-бап

1. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.


2. Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
6-бап

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.


7-бап

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі.


2. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
9-бап

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.


Тәжірибелік тапсырма: ҚР Конституциясының ІІ бөлімін (адам және азамат) басшылыққа ала отырып, азаматтардың саяси, әлеуметтік-мәдени, экономикалық және табиғи құқықтары мен бостандықтарын ажыратып айту.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру\Объяснение нового материала:

Жоспары:

  1. Мемлекет ұғымы және белгілері

  2. Мемлекет нысаны, қызметі

Мемлекет және құқық теориясының пәні деп арнайы қоғамдық өндірістік қатынастар мен тарихи дәстүрлерге байланысты қалыптасқан мемлекет және құқықтың негізгі категорияларының пайда болып, заңдылықпен дамып, заң ғылымының іргетасы болып табылатын білім жүйесінің жиынтығын айтамыз.

Мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі. Адамзат өркениетінің тарихында мемлекеттің көптеген ұғымдары бар. Мысалы:

Аристотель: «Мемлекет – бірге өмір сүру үшін жасалынған қоғамдық одақ».

Иммануил Кант: «Мемлекет деген көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі».

Гуго Гроций: «Мемлекет деген ерікті адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған жетілдірілген одақ».

И.В.Сталин: «Мемлекет үстем таптың қолындағы, өзінің таптық жауларының қарсылығын басуға қолданылатын машинасы».

Н.Макиавелли: «Билік екі жолмен жүреді: бірі заң арқылы, екіншісі күш арқылы. Заң адамзатқа тән жол, күш хайуандарға тән».

Н.Иманқұл: «Мемлекет – еркін индивидтердің жариялық билігін құқықтық ұйымдастыру».

Мемлекет жайлы сөз қозғамас бұрын оның қоғам үшін маңыздылығын ерекше атап өткен жөн, себебі, қоғам саналы адамдардың ерікті түрде біріккен тобы болғандықтан ол өз ішіндегі тәртіпті қамтамасыз ететін арнайы күштің болуын қажет етеді. Бұл арнайы күш қоғам мүшелерінің арасындағы тәртіпті ғана емес оның ары қарайғы даму бағытын да айқындауға міндетті болады, бұл күш мемлекет деп аталады. Мемлекет дегеніміз - өзіне тән басқару аппараты бар, қолында мәжбүрлеуші билікті шоғырландырған, қоғамды ұйымдастыратын және басқаратын арнайы саяси ұйым. Мемлекет өзінің билігін жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік органдар аппаратын құрады. Бұл аппаратты қамтамасыз ету үшін халықтан алым-салықтар жиналады. Мемлекетті өзге саяси ұйымдардан өзгешелейтін өзіндік белгілері бар:

Біріншіден, мемлекеттің егемендігі бар, яғни мемлекет ешкімге тәуелді емес, ешқандай мемлекеттің араласуынсыз өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырады. Сонымен қатар, мемлекет билігі нақты өзіне тиесілі аумақта тарайды, оған сол аумақтағы барлық құқық субъектілері бағынышты болады.

Екіншіден, мемлекеттің өзіне тиесілі аумағы болады, осы аумақ шегі арнайы шекарамен айқындалып, өзге мемлекеттер бұл аумаққа өз ықпалын тигізе алмайды. Әрине, осы аумақты мекендейтін халық осы мемлекеттің азаматтары болып табылады және азамат болу арқылы мемлекет алдында нақты құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Үшіншіден, мемлекеттің арнайы басқарушы және мәжбүрлеу аппараты болады, оның көмегімен мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жекізіледі. Сондай-ақ, мемлекет өзінің әскерін, құқық қорғау органдарын және салық жүйесін құрады.

Төртіншіден, тек мемлекет қана жалпыға ортақ және міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды.

Мемлекеттік билік өзі қабылдаған шешімдерді өзгелерге міндеттеп, оның орындалуын қадағалаумен ерекшеленеді. Сондықтан да мемлекеттік билікті арнайы қарулы күштер мен мәжбүрлеуші мекемелердің, мемлекеттік аппараттың көмегімен қоғамды басқару үшін құрылған билік деп қарастырамыз. Мемлекеттік билік мемлекеттің ұстанатын саясатына қарай өзгеріске ұшырап отырады. Мемлекеттің саясатының сипатына қарай мемлекеттік билік қоғам үшін пайдалы және жайлы немесе керісінше қоғам дамуын тоқырататын және кері кетіретін болуы мүмкін. Мемлекет билігі қоғам үшін аса зор зардаптар әкелген жағдайда қоғам билікке қарсы көтеріледі, қоғамда анархиялық көңіл-күй қалыптасады, тіпті, үлкен төңкерістер орын алып, мемлекет билігі жаңа топтың қолына өтуі мүмкін.

Мемлекет тетігі дегеніміз- билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, қызметтерін іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі. Мемлекеттік органдар дегеніміз - құқық нормалары негізінде мемлекет тарапынан құрылып мемлекеттің мақсат-міндеттерін жүзеге асыратын, биліктік өкілеттіктер беріліп, өз қызметін жүзеге асыру үшін материалдық жағынан керек-жарақпен қаматамасыз етілген мемлекет тетігінің арнайы элементтері. Мемлекет тетігі мемлекеттің қоғам өмірінің барлық саласында жасаған бағдарламалары мен мақсат-міндеттерін жүзеге асыру үшін қызмет жасайды және ол келесідей құрылымдық бөліктерден тұрады:

1. Заң шығарушы органдар, (парламент және мәслихаттар) қоғам өмірін реттеуге арналған құқық нормаларын қабылдайды;

2. Атқарушы органдар, заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілер қабылдау арқылы заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

3. Сот органдары, заңдылықтың орындалуын қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік жүктейді. Жазалау, мәжбүрлеу, құқық бұзушылықпен күресу, жазаны орындау сияқты мәселелермен айналысатын (әскер, полиция, түрме және т.б.) арнайы органдар.

Жалпы, мемлекет тетігі мемлекеттің ішкі өмірін реттеп, мемлекет саясатын жүзеге асыру үшін жұмылдырылады.

Мемлекеттің функциясы немесе қызметі дегеніміз - мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары. Мемлекет қызметі олардың қай салада жүзеге асырылатындығына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі қызметтерге экономикалық, әлеуметтік, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экологиялық, конституциялық құрылымды қорғау қызметтер жатқызылады.

Мемлекеттің экономикалық қызметі дегеніміз - мемлекеттің экономикасын неғұрлым тиімді жағдайда дамыту жолдарының стратегиялық бағыттарын жасап, реттеп отыру.

Мемлекеттің әлеуметтік қызметі дегеніміз - жалпы адамға қажет игіліктерді өндіруге қатыстылығына қарамастан, қоғамның барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайын жасау, тұлғаны әлеуметтік жағынан қорғау.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау - мемлекеттік органдардың адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының толық және жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуі мен адам құқықтары жайлы халықаралық конвенцияларда көзделген талаптардың орындалуын қадағалап отыруы.

Экологиялық қызмет - мемлекеттің адамның денсаулығы мен өмірін қорғауға, оның өзінің, болашақ ұрпақтарының өмір сүретін табиғи ортасын ластанудан сақтап, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға бағытталған қызметі.

Конституциялық құрылымды қорғау функциясы. Тәуелсіз мемлекеттердің бәріне тән функция. Мемлекеттің заңды жолмен, халықтың қалауымен құрылған және орнаған билікті, құқықтық тәртіпті және заңдылықты қамтамасыз ету ең маңызды функциялары болып табылады. Конституциялық құрылымды қорғау жалпы мемлекеттің негізгі заңында бекітілген. Оның мақсаты саяси және қоғамдық құрылысты, билікті жүргізу істерін тиімді қамтамасыз ету.

Мемлекеттің сыртқы функцияларының мақсаты – халықтың мүдделерін халықаралық аренада қорғау болып табылады. Сыртқы функцияларға мыналар жатады: Отанды қорғау; Басқа мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынас жасау функциясы; Мемлекеттік мүддені халықаралық дәрежеде қорғау; Жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу ісіне қатысу.

Отанды қорғау функциясы. Тәуелсіздікті сақтап, оның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету әрбір мемлекеттің ең негізгі функцияларына жатады. Осы мақсатта мемлекетте қарулы күштер құрылады. Әскердің дайындығы ең жоғарғы дәрежеде болып, сырттан жасалған шабуыл мен төнген қауіпке тойтарыс беруге әрқашанда әзір болуы тиіс.

Басқа мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынас жасау функциясы. Өзара қарым қатынастар мемлекеттердің саяси, мәдени және экономикалық дамуларына өлшеусіз ықпалын тигізеді. Озық дәрежедегі мемлекеттердің жаңа технологияларын пайдаланады. Соның нәтижесінде мемлекет жаңа сапа деңгейіне көтеріледі, халықтың жағдайы жақсарады. Бұл функцияның құқықтық негіздерін мемлекетаралық жасалған шарттар, келісімдер құрайды.

Мемлекеттік мүддені халықаралық дәрежеде қорғау. БҰҰ және басқа да халықаралық саяси, мәдени ұйымдар арқылы мемлекеттердің өз халықтарының ұлттық экономикалық мүдделерін қорғауы.

Жаһандық маңызы бар мәселелерді шешу ісіне қатысу. Атап айтқанда жаһандасу кезінде бүкіл әлемді мекен ететін халықтардың басына қатер болып төнген экология зардаптарын болдырмау, атом жарылысы қаупінің алдын алу, ғарышты игеру ісіне араласу, жұқпалы аурулардың алдын алу сияқты адамзаттың өмір сүруіне төнген қасіреттерді болдырмау мақсаттарындағы жасалатын шараларға қатысу. Бұл функция арқылы мемлекеттер адамзат өркениетіне төнген апаттар мен зардаптардан құтылу болып табылады.

Мемлекет нысаны - мемлекеттің өмір сүру тәсілі мен ондағы биліктің мазмұнын көрсететін элементтердің жиынтығы. Мемлекет нысаны үш элементтен тұрады:

1) мемлекеттің басқару нысаны;

2) мемлекеттің құрылым нысаны;

3) мемлекеттегі саяси режим.

Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз - мемлекеттегі жоғарғы билікті ұйымдастыру, құру тәсілдерінің жиынтығы және оған халықтың тікелей қатынасуы. Басқару нысаны мемлекеттегі билік кімнің қолына шоғырланғандығына байланысты монархия және республика болып бөлінеді.

Монархия дегеніміз - мемлекетте бір ғана адам өз қалауынша билік жүргізетін және оған билік мұрагерлік жолмен берілетін мемлекет. Монархия абсолюттік (шексіз) және конституциялық (шектелген) болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархияда мемлекеттің басшысы монарх болып саналады, оның қолында заң шығару, атқарушы және сот биліктері шоғырланады. Мемлекет аумағында оның билігі шексіз, ешқандай мемлекеттік тетіктермен шектелмеді, барлық министрлерді, сот, прокуратура органдарының басшыларын өзінің еркімен тағайындайды және босатуға құқылы. Монарх өзінің әрекеттері үшін ешқандай органдардың алдында жауап бермейді.

Конституциялық (шектелген) монархияда мемлекеттік билік жүргізетін монархтың билігі мемлекеттік органмен, негізінде парламентпен шектеледі. Мысалы, Непал, Марокко, Ұлыбритания, Нидерланды, Жапония т.б. Осы мемлекеттердің конституциялары бойынша император, король мемлекет басшысы болғанымен, билік жүргізу құқықтары шектелген. Бельгияда король мемлекет басшысы, министрлерді өзі тағайындайды, ал заң шығару қос палаталы парламент құзырында. Шектелген монархияда атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Шектелген монархия дуалистік және парламенттік болады.

Республика дегеніміз - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының нақты бір мерзімге сайлану арқылы билікке келетін басқару нысаны. Республикалық басқару нысаны президенттік және парламенттік, аралас болып екіге бөлінеді.

Президенттік республикада АҚШ, Қазақстан, Ресей президент мемлекет басшысы, үкімет президенттің алдында жауап береді, ол мемлекеттің жоғарғы лауазымдарын тағайындайды және олар президенттің өкілі болып саналады.Мемлекет басшысы қарулы күштердің бас қолбасшысы, парламент шығарған заңдарды бекітеді.

Парламенттік республикада заң шығарушы орган – парламент ең жоғары орган болып табылады. Парламент президентті және үкіметті сайлау құқына ие. Олар билікті іске асыруда парламенттің алдында жауапты. Парламенттік басқару жүйесі Италияда, Германияда, Индияда, Турцияда, Финляндияда қалыптасқан.

Аралас басқару формасында президенттік және парламенттік басқару жүйесінің мемлекетке қажетті деген талаптар мен институттар енгізіледі. Мысалы, Франция.

Мемлекеттің құрылым нысаны дегеніміз - мемлекеттегі биліктің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекеттің құрылым нысаны унитарлық, федерация және конфедерация болып үшке бөлінеді.

Унитарлық мемлекет (біртұтас) мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік аумақтық бөліктерден құрылуы. Біртұтас мемлекеттерде бір конституция, бір азаматтылық, бір салық жүйесі қалыптасады және мемлекеттегі барлық билік жүргізу, басқару органдары орталық органдарға барлық жағынан тәуелді. Мысалы, Дания, Италия, Қазақстан, Жапония, т.б.

Федерация - бір мемлекеттің құрамында толық тәуелсіздікке ие бола алмаған мемлекеттік субъектілердің болуы. Федерацияның құрамына кіретін субъектілердің конституциялары және заң шығару, атқарушы және сот билігін жүргізетін жоғарғы билік органдары болады. Федеративтік құрылымда қос азаматтылық қалыптасады, субъект федерацияларының заңдары мемлекеттің заңдарына қарама-қайшы болмауы керек және салықтың екі жүйесі қалыптасады: федералдық және федерация субъектілерінің салықтары. Мысалы: Ресей, АҚШ.

Конфедерация (латын. одақ, бірлестік) - тәуелсіз мемлекеттердің белгілі бір мақсатқа жету үшін біріккен одағы. Конфедерацияның құрылуының құқықтық негізгі шарт жасау, соның негізінде одақаралық арнайы басқару органдары құралады, билік дербес жүргізіледі, егемендікті тежеу тек шартта көрсетілген талаптарға сәйкес, өз еріктерімен іс жүзіне асырылады. Тарихтан бізге Рейн конфедерациясы (1254-1350), АҚШ конфедеренциясы (1786-1789), т.б. Конфедерациялық құрылым федерацияға айналып отыр (АҚШ).

Мемлекеттегі саяси режим - мемлекеттің өз қолындағы билікті жүзеге асыруының әдіс-тәсілдері. Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып екіге бөлінеді.

Демократиялық режимде мемлекеттегі барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріліп, азаматтар биліктің ұйымдастырылуына қатысып, халық биліктің қайнар көзіне айналады.

Антидемократиялық режимде халық биліктен алшақтатылып, мемлекет қоғамды басқаруда халыққа тиімсіз жолдарды пайдаланады. Антидемократиялық режимдер тоталитарлық, авторитарлық, аристократиялық, фашистік, либералдық болып бірнеше түрге бөлінеді.

Тоталитарлық (лат. totalis барлық, толық) қоғамдағы мемлекеттік билік бір топтың, бір партияның қолында шоғырланған, елде демократиялық бостандық пен саяси оппозицияның болуына тыйым салған режим. Мысалы, Сталин кезінде.

Авторитарлық (француз сөзі autoritaire – билік) азаматтарды тырп еткізбей мемлекет саясатына бағындыру. Тоталитарлық режимге қарағанда адамдардың жеке өміріне араласпайды, бірақ билікке шектеулі дәрежеде ғана халық тартылады, алайда билік бір ғана саяси лидердің, арнайы топтардың, отбасының қолында болады.

Аристократиялық (грек сөзі aristokratia) қоғамдағы ақсүйектер әулетінен құрылған топтардың мемлекетте саяси билікті жүргізуі.Мысалы, Греция, Афина т.б.

Фашистік (италия сөзі fascism бірлестік, байлау) бір ұлттың билік жүргізуде үстемдігі жарияланатын және ашық түрде террористік диктатура жүргізетін режим. Мемлекетте адам құқы жойылады, бостандыққа жол берілмейді. Мысалы, Италия, Германия, т.б.

Либералдық (латын сөзі liberalis ерікті). Еркін кәсіпкерлікпен парламенттік демократияны дамытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп, мемлекеттің барлық тетіктерін сол мақсат үшін қалыптастыратын режим.
4.Білімді бекіту/Закрепление знаний:

«Мемлекет және құқық теориясы негіздерінің пәні» бойынша эрудит тапсырмасы

Шарты: Аталмыш тақырыпқа сай сөздерді тауып, анықтамасын айту.

Жауабы: Мемлекет, нысан, басқару, құрылым, саяси режим, құқық, функция, одақ, экологиялық, монархия, республика, сот, парламент, үкімет, федерация, унитарлық, конфедерация, демократиялық, зайырлы, халық, аралас, сыртқы, ішкі




М

Н

Ы

С

А

Н

Ж

А

Д

К

Е

Б

А

С

Қ

А

Р

У

Е

О

М

С

Қ

Ұ

Қ

Ы

Қ

У

М

Н

Л

А

Э

М

Р

П

Ф

Н

О

Ф

Е

Я

К

О

Е

А

Е

И

К

Е

К

С

О

Н

С

Р

Д

Т

Р

Д

Е

И

Л

А

П

Л

Е

А

А

Е

Т

Р

О

Р

У

А

Р

Р

Т

Р

О

Е

Г

Х

Б

М

А

Л

И

А

Д

Ж

И

И

Л

Е

Ц

Ы

Я

Ц

А

И

Я

Я

И

Н

И

Қ

Л

И

Қ

М

Л

К

К

Т

Я

Р

Ы

Я

Қ

Ф

Ы

О

А

В

П

Л

Қ

П

Ұ

У

Қ

З

А

Й

Ы

Р

Л

Ы

Р

Н

С

Х

А

Л

Ы

Қ

Ы

Р

Ы

К

О

С

Ы

Р

Т

Қ

Ы

Л

Л

Ц

Т

Е

Н

Г

І

Ш

К

І

Ы

И

Ү

К

І

М

Е

Т

Л

Д

М

Я

А

Р

А

Л

А

С

О

Л

«Мемлекет және құқық теориясы негіздерінің пәні» атты тақырыбы бойынша өткен термин сөздердің байланыстылығын табу.




  1. Мемлекет

А) мемлекеттің алдына қойған мақсат-міндеттерін жүзеге асырудың басты бағыттары

  1. Унитарлық мемлекет

Ә) мемлекетте бір ғана адам өз қалауынша билік жүргізетін және оған билік мұрагерлік жолмен берілетін мемлекет

  1. Мемлекеттің функциясы

Б) мемлекеттің өз қолындағы билікті жүзеге асыруының әдіс-тәсілдері

  1. Монархия

В) жоғарғы мемлекеттік билік органдарының нақты бір мерзімге сайлану арқылы билікке келетін басқару нысаны

  1. Республика

Г) мемлекеттегі жоғарғы билікті ұйымдастыру, құру тәсілдерінің жиынтығы және оған халықтың тікелей қатынасуы

  1. Мемлекет нысаны

Ғ) мемлекеттегі барлық адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беріліп, азаматтар биліктің ұйымдастырылуына қатысып, халық биліктің қайнар көзіне айналады

  1. Саяси режим

Д) арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі

  1. Басқару нысаны

Ж) мемлекеттің өмір сүру тәсілі мен ондағы биліктің мазмұнын көрсететін элементтердің жиынтығы

  1. Құрылым нысаны

З) мемлекетте бір орталықтан басқарылатын биліктің қалыптасуы, құрамында басқа мемлекеттік құрылымдардың болмауы және аумақтарының әкімшілік аумақтық бөліктерден құрылуы

  1. Демократиялық саяси режим

Е) мемлекеттегі биліктің әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуы


5.Үйге берілген тапсырма/Домашнее задание: С.Өзбекұлының Мемлекет және құқық теориясы оқулығын негізге ала отырып, ауызша айтуға дайындалу.

6. Бағалау/ Оценивание

«5»-


«4»-

«3»-


«2»-
Сабақ аяқталды, Сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 12ac
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
12ac -> Сабақтың тақырыбы тұқымқуалаушылық және өзгергіштік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет