Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы «Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі»



жүктеу 22.11 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі22.11 Kb.



Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы

«Өскемен қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Өскемен қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге ұсынған ұсынған құжаттарды қарап, 2003 жыл-ғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 81-бабының 2-тар-мағының 2) тармақшасына, 84-бабының 2-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 85-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6-тарауына сәйкес, қала әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 6469 «Өскемен қаласында Қаныш Сәтпаев атындағы даңғы-лында магистраль жанындағы аумақтың жоспарлау жобасын бекіту туралы» қаулысын ескере отырып, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бас жоспарды жүзеге асыру мақсатында, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылдағы магистраль жанындағы аумақтың жоспарлау жобасына сәйкес, Қазақ драма театры, зияткерлік мектебі, медициналық оңалту орталығы құрылысын және осы объектілердің бас кіре берісі алдындағы аумақты абаттандыруды ескере отырып, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мына жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 51-4-6269 сатып алу-сату шартының негізінде жеке меншік құқығында Нисвельди Кожахановаға тиесілі Ертіс өзенінің сол жағалауы, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 37/1 орналасқан нысаналы мақсаты – автожуу, автомобильдерді ұсақ жедел жөндеу техникалық қызмет көрсету станциясы және дәмханана кешенін жобалау, салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-092-309 ауданы 0,445 га жер учаскесі;

2) 2012 жылғы 1 қазандағы № 3721 сатып алу-сату шартының негізінде жеке меншік құқығында Гульмира Болатовна Кожахановаға тиесілі Ертіс өзенінің сол жағалауы, Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылда, 37/3 орналасқан нысаналы мақсаты – дәмхананы жобалау, салу және орналастыру үшін кадастрлық нөмірі 05-085-092-311 ауданы 0,152 га жер учаскесі.

Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару датасы – 2016 жылғы 1 сәуір.

2. «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы жарияланған күннен соң күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей меншік иелеріне жер учаскелері мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы хабарлама жіберсін және оны мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

3. «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.

4. Келісімдеу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер учаскесінің меншік иесі «Өскемен қаласының жер қатынастыры және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келеді.

5. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бюджеттен қаражат қарастырсын.



6. «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

Өскемен қаласының

әкімі Т. Қасымжанов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет