Мемлекет саясатының бір негізі азаматтық қоғам қалыптастыру



жүктеу 37.4 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі37.4 Kb.

Политология/10. Региональные политические процессы
Абдықалық А.А., с.ғ.к, Бисенова.А.З., с.ғ.қ.

Алматинский университет энергетики и связи, Казахстан
Мемлекет саясатының бір негізі азаматтық қоғам қалыптастыру
Азаматтық қоғамның қалыптасуы және дамуы бірнеше ғасырларды қамтиды. Адамзаттың тарихи даму процесі мен күнделікті қарым –қатынасында қоғамның бірнеше түрлері қалыптасады. Олар: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Мұндағы ең күрделісі адамдармен бірге дамып жетіліп келе жатқан азаматтық қоғам болып табылады.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі[1]. Азаматтық қоғам өзін-өзі ұйымдастырып және өзін-өзі дамытатын жүйе сияқты болғанымен, оның дамуының табысты әрі нәтижелі болуы мемлекеттің қолайлы жағдай жасауына тікелей байланысты екенін айтуымыз керек. Сондықтан азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін демократиялық принциптерге негізделген, құқықтық мемлекеттің негізі болатын құқықтың барлығынан жоғарылығымен басқа да принциптерді мойындаған мықты мемлекеттік билік қажет. Мемлекет өз кезегінде азаматтық қоғаммен өзара бірлесіп әрекет етуге ынталы болып келеді. Ол түрлі себептермен түсіндіріледі: азаматтық қоғам ғана билік басындағы саяси күштер заңдылығының қайнар көзі; күрделі тарихи кезеңдерде азаматтық қоғам мемлекеттке қолдау көрсететін мықты қуатты күш бола алады; азаматтық қоғам ұйымдары арасында мемлекетке қаржылай жәрдем бере алатын ұйымдар да кездеседі. Олар: банктер ассоциациялары және кәсіпкерлер одақтары. Азаматтық қоғамның гүлденіп дамуы құқықтық мемлекет негізінде жүзеге асады, ал оның қалыптасуы мен дамуы және сақталуы тек қана азаматтық қоғам жағдайында жүретін процесс болып отыр. Азаматтық қоғам институттарын дамытудың құқықтық негіздерін анықтап, айқындау бүгінгі күн талабы болып есептелінеді. Өйткені, азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін, жоғарғы деңгейде қабылданған заңдар жүйесі толыққанды болуы тиіс, сондай-ақ, елдің азаматтары өздерін құқтық саналы әрі мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруы қажет. Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттердің де жүргізіп отырған саясаты, азаматтық қоғам қалыптастыруға және оның институттарын дамытуға бағытталады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекетті құру бағыттары көрсетілген[2]. Бұл бағыт еліміздің ең жауапты, ең күрделі мүдде мақсаты болып табылады. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолында елімізде күрделі процесстер жүріп жатыр деп айтуға болады. Қоғамдық сананың трансформациялануы билікке, қоғамға, саяси жүйеге деген көзқарастарды қалыптастырып, құндылықтарды бағалау мен рухани бағдар жаңа мәнге ие болып отыр. Сонымен қатар, Конституция еліміздегі барлық даму сатыларын мемлекет қарауынан тыс, әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке тұлғаның дербестігін тұрақты қалыптастыру үшін, оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған төмендегідей заңда бекітілген, қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады: тең дәрежеде танылып қорғалатын, мемлекеттік меншік пен жеке меншік; азаматтар құқықтарының кең ауқымды біртұтас кешені; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауы; идеологиялық және саяси әралуандылық . Азаматтық қоғамның негізгі институттарының бірі болып табылатын қоғамдық-саяси партиялар мен бірлестіктердің, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасында дербес мемлекеттілікті қалыптастыру барысында, жоғарыда аталған азаматтық қоғам институттарының қызметтерін құқықтық негізде реттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Яғни, 1996 жылы 31 мамырда қабылданған «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 2001 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», 2002 жылғы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

Қазақстанда азаматтық қоғамды қалыптастыру өзіне сай құрылымдарды күшті әрі өкілетті азаматтық институттарға біріктіре алмай, қазірше, сандық өсу мен салалы көптүрліліктің артуы жолымен ғана келеді. Сондықтан, елімізде азаматтық қоғамды орнату мәселелері төмендегі міндеттерді шешумен байланысты. Олар: тиімді, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға негізделген азаматтық қоғамның экономикалық ірге тасын қалау, яғни жеке, кооперативтік, ұжымдық және мемлекеттік тауар өндірушілер меншік иелерінің қабілет мүмкіндіктерін үйлестіретін көп укладты болады; білікті, алдына қойған нақты мақсаттары бар, жоғары деңгейлі табыс көзі бар іскер қызметкерлерден орта тапты қалыптастыру; саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің ролінің артуына байланысты, көп жақты саясат пен идеологияның дамуына орай саяси жүйеде түбірімен демократиялық қайта құрулар жүргізу және азаматтардың құқықтық мәдени деңгейлерінің дамуына сай олардың қоғамның әлеуметтік- саяси өміріндегі ролін арттыру. Мемлекет пен азаматтық қоғамды әлем өркениетінің қол жеткізген табысы болып табылады. Азаматтық қоғам неғұрлым жоғары деңгейде дамитын болса, мемлекетте соған сәйкес демократияланады. Батыс елдері демократиялық бағытқа жаңа қатынастардың дамуы нәтижесінде, яғни құқықтар мен бостандықтарды құрметтеу, мемлекет қызметінің шектелуі, жергілікті өзін-өзі басқаруға деген ұмтылыстың ұзақ үрдісіне түсті. Өз кезегінде Қазақстан да қажетті құндылықтарды жаңадан игеріп, азаматтық қоғам бағытына түсіп отыр. Бұл үрдіс еліміз үшін ұзақ та күрделі процесс болатыны сөзсіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000.



2. Қазақстан Республикасы Конституциясы (30 тамыз,1995 ж.). Астана, 2007.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Тошкент давлат иқтисодиёт университети ҳузуридаги фан доктори илмий даражасини берувчи
2019 -> Программа работы направлений XXVII международных рождественских образовательных чтений
2019 -> Община бяла
2019 -> Базовый курс аналитической психологии, или Юнгианский бревиарий
2019 -> Редкие и исчезающие виды животных и растений Республики Башкортостан


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет