Мемлекеттiң фискалды саясаты бұл



жүктеу 248.26 Kb.
Дата08.02.2018
өлшемі248.26 Kb.

Мемлекеттiң фискалды саясаты – бұл:

+ мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат;

тек салық салу облысындағы саясат;

ақша массасы және ақша айналымын реттеу бойынша саясат;

халықаралық конфликтердi реттеу бойынша саясат;

ұлттық валюта бағамын реттеу бойынша саясат.


Фундаментальды экономикалық "нені, қалай және кім үшін өндіру керек" деген мәселелер микро және макро деңгейде шешіледі. Бұл мәселелелердің қайсысы тек қана макроэкономикалық деңгейде шешілуі мүмкін:

не өндіріледі?

+ қандай инфляция деңгейімен біз кездесеміз?

қанша товарлар мен қызметтер өндіріледі?

товарлар мен қызметтерді кім өндіреді?

қалай өндіру.


Төмендегі түсініктердің қайсысы макроэкономикада оқытылады:

жеке ұсыныс;

экономикалық іс-әрекет;

+ экономикалық саясат;

фирманың активтері;

жеке сұраныс.


Айналым моделінде «ағым» және «қорға» не жатады:

өндірілген ЖІӨ;

+ қолданылған капитал көлемі;

мемлекеттік бюджет тапшылығының мөлшері;

мемлекеттік қарыздың мөлшері;

жұмыссыздар саны.


Аталған агрегат мөлшерінің қайсысы ұлттық табыстың көлемі анықтау кезінде қолданылмайды:

корпорация түсімі;

мемлекеттік трансферттік төлемдер;

+ несиеге алған капитал үшін кәсіпкерлердің төлейтін пайызы;

ренталық табыс;

еңбек ақы.


Таза экспорттың жалпы формуласы:

C+G+I+Xn:

M+Xn:

+ EX-IM:


G+(X-M):

G-(V-X).
ЖӨҰ дефляторы есептелiнедi:

+ номиналды ЖҰӨ / нақты ЖҰӨ;

нақты ЖҰӨ / номиналды ЖҰӨ;

нақты ЖҰӨ / номиналды ЖҰӨ * 100%;

номиналды ЖҰӨ / баға индексi;

нақты ЖҰӨ / баға индексi.
Ұлттық табысты қалай анықтаймыз:

ЖҰӨ - амортизация;

ЖҰӨ - жанама салық;

ЖІӨ - амортизация;

+ ТҰӨ - жанама салық;

нақты ЖҰӨ / баға индексi.


Таза ұлттық өнім қалай есептеледі:

номинальды ЖҰӨ/баға индексі;

+ ЖҰӨ - амортизация;

жеке табыс минус жеке салықтар;

ағымдағы жылғы баға индексі\ базистік жылдағы баға индексі;

ЕХ-IМ.
Қазақстан азаматы уақытша АҚШ-тың жеке меншік фирмасында қызмет атқарады. Оның табысы төмендегілердің қайсысына кіреді:

+ Қазақстанның ЖҰӨ мен АҚШ-нің ЖІӨ-не;

Қазақстанның ЖІӨ мен АҚШ-нің ЖҰӨ-не;

Қазақстанның ЖҰӨ мен АҚШ-нің ЖҰӨ-не;

АҚШ-ң ЖҰӨ мен ЖІӨ-не;

Қазақстан мен АҚШ-ң ЖІӨ-деріне.
Төмендегі табыстардың қайсысы ЖҰӨ есептеуде қолданылмайды:

+ автомобильдік компания облигациясынан %;

жеке меншік пәтердің жалдау ақысы;

милиционердің зейнетақысы;

мемлекеттік қызметкердің жалақысы;

кәсіпкердің табысы.


Таза ұлттық өнім келесідей жағдайда есептеледі:

+ ЖҰӨ-нен амортизацияны шегеріп тастау арқылы;

өнім санын бағаға көбейту;

еңбекақы+ трансферттік төлемдер;

табыс-салық;

жеке тұтынушығындары+тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу+таза экспорт+инвестициялық шығындар.


ЖҰӨ шығыс бойынша есептегенде не кірмейді:

таза экспорт;

тұтыну;

+ трансферттік төлемдер;



мемлекеттік шығындар;

инвестиция.


AD-AS моделінде экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін:

AS қисығының солға жылжуы арқылы;

AD қисығының оңға жылжуы арқылы;

AD қисығының солға жылжуы арқылы;

+ AS қисығының оңға жылжуы арқылы;

AD-AS қисықтарының бір мезгілде оңға жылжуы арқылы.


Еңбек нарығы ұзақ мерзiмде тепе-теңдiкте болады, егер:

еңбекке сұраныс шамасы еңбек ұсынысы шамасына тең болса;

барлық жұмыс iстегiсi келетiндер жұмысқа орналасса;

жұмыскерлер мен жұмысқа алушылар iс жүзiндегi баға деңгейi және жалақыға бейiмделсе;

жұмысқа алушылар жұмыс орнын беруде толық қанағаттанса;

+ еңбекке сұраныс шамасы еңбек ұсынысы шамасына тең болса, жұмыскерлер мен жұмысқа алушылар iс жүзiндегi баға деңгейi және жалақыға бейiмделсе.


Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

жиынтық сұраныс қисығы өмірде орын алмайды;

жиынтық сұраныс қисығы оң көлбеуде болады;

жиынтық ұсыныс тек тік болады;

+ жиынтық ұсыныс қисығы көлденең, аралық және тiк кесiндiден тұратын оң көлбеуде болады;

жиынтық ұсыныс тек көлденең болады.


Жиынтық сұраныс қисығының терiс көлбеуi түсiндiрiледi:

+ нақты кассалық қалдық, пайыздық ставка, импорттық сатып алу эффектiлерiмен;

салық , пайыздық ставкалардағы өзгерiстермен;

ресурстарға баға өзгерiсi , еңбек өнiмдiлiгiмен;

өспелi қажеттiлiктер және шектеулi ресурстармен;

тұтынушылардың қарызы және күтулерiмен.


Елдегi барлық тұрғындардың әл-ауқаты неғұрлым жоғары болса, соғұрлым:

өндiрiлген ЖIӨ көлемi жоғары;

инфляция деңгейi жоғары;

+ жиынтық сұраныс жоғары;

жиынтық ұсыныс жоғары;

жиынтық сұраныс төмен.


Әлеуметтік болжам объектісі болмайды

табыс динамикасы;

денсаулықты сақтаудың дамуы;

+ ғылымның дамуы;

өсу динамикасы;

жұмысбастылық динамикасы;


Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің неоклассикалық үлгісі негізделген:

айналымдағы ақша массасының көлемі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылыққа, нақты жалақыға және пайыздық ставкаға әсер етпейді;

еңбек және капитал нарығындағы тепе-теңдік тауар нарығындағы тепе-теңдікке әкеледі;

жалақының икемді ставкасы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді;

еңбек және капитал нарығындағы тепе-теңдік тауар нарығындағы тепе-теңдікке әкеледі, жалақының икемді ставкасы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етпейді;

+ айналымдағы ақша массасының көлемі ұлттық өндіріс көлеміне, жұмысбастылыққа, нақты жалақыға және пайыздық ставкаға әсер етпейді, еңбек және капитал нарығындағы тепе-теңдік тауар нарығындағы тепе-теңдікке әкеледі, жалақының икемді ставкасы еңбек нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді..


Кейнсиандық үлгі, баға деңгейі және нақты ұлттық табыс көлемін қысқарту жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңдікке келесі жолмен жетуге болады деп жорамалдайды:

номиналды жалақыны жоғарлату;

номиналды жалақыны төмендету;

ақша ұсынысын көбейту;

+ ақша ұсынысын азайту;

номиналды жалақыны жоғарлату.


Егер баға деңгейі өсіп, ал өндіріс деңгейі құлдырайтын болса, ол неге байланысты туындауы мүмкін:

жиынтық сұраныс қисығының оңға қарай жылжуына;

жиынтық сұраныс қисығының солға қарай жылжуына;

+ жиынтық ұсыныс қисығының солға қарай жылжуына;

жиынтық ұсыныс қисығының оңға қарай жылжуына;

әсер етпейді.


Егерде AD-AS классикалық модель бойынша нақты жалпы ішкі өнім мен баға деңгеиі бір уақытта өссе, онда:

жиынтық сұраныс қисығы оң жаққа жылжиды;

жиынтық сұраныс қисығы оң жаққа, ал жиынтық ұсыныс қисығы сол жаққа жылжиды;

+ жиынтық усыныс қисығы сол жаққа жылжиды;

жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс кисықтары оң жаққа жылжиды;

жиынтық сұраныс қисығы сол жаққа ал жиынтық ұсыныс қисығы оң жаққа жылжиды.


Егерде экономиканың жағдайы график бойынша жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық бөлігіне сәйкес болса, онда жиынтық сұраныс өсуі әкеледі:

баға жоғарлайды, ал нақты ЖҰӨ өзгермейді;

бағаның және нақты ЖҰӨ өсуіне;

+ нақты ЖҰӨ өседі, ал баға денгейі өзгермейді;

бағалардың өсуіне ал нақты ЖҰӨ көлемінің қысқаруына;

бағалардың төмендеуіне ал нақты ЖҰӨ көлемінің өсуіне.


Жиынтық ұсыныстың классикалық кесіндісінеде АD өскенде баға мен өндіріс көлемі қалай өзгереді:

ЖҰӨ өседі, ал баға өзгеріссіз қалады;

+ баға өседі, ЖҰӨ өзгеріссіз қалады;

ЖҰӨ көлемі де, баға да өседі;

ЖҰӨ көлемі де, баға да тұрақты болады;

ЖҰӨ көлемі де, баға да өзгеріссіз қалады.


«АD-АS» үлгісінде баға деңгейінің өсуі мынаған алып келеді:

тұтынуға шекті бейімділіктің өсуі;

мультипликатордың өсуі табысқа әсер етеді;

+ мультипликатордың төмендеуі табысқа әсер етеді;

мультипликатордың төмендеуі табысқа ешқандай әсер етпейді;

берілген жауаптар дұрыс емес.

Туудың төмен деңгейі болашақта жұмысшы күші санының кемуіне әкеледі. Онда графикке сәйкес:

+ жиынтық ұсыныс солға жылжиды;

жиынтық сұраныс оңға жылжиды;

жиынтық ұсыныс оңға жылжиды;

жиынтық сұраныс солға жылжиды;

AD-AS бір уақытта өзгереді.


Тұтыну - бұл:

+ үй шаруашылықтарының табыстарының ағымдағы кезеңде товарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсалған бөлігі;

болашақтағы кезеңде товарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған табыстың бір бөлігі;

банк шоттарында жинақталған табыс қалдығы;

үй шаруашылықтарының тамақ өнімдерін сатып алуға кеткен табысының бір бөлігі;

жинақталған сұраныс.


Игiлiктер нарығы қалыптасады:

тек мемлекеттiк шығындар ықпалымен;

тек үй шаруашылығымен;

тек кәсiпорын және инвесторлармен;

+ үй шаруашылығы, мемлекет, бизнес-фирма, шетелмен;

тек шетелмен.


Қолда бар жеке табыстар арналған:

тек тұтыну үшiн;

тек жинақтау үшiн;

тұтыну және жинақтау үшiн;

жеке қажеттiлiктердi ғана қанағаттандыру үшiн;

+ тұтыну және жинақтау үшiн, жеке қажеттiлiктердi ғана қанағаттандыру үшiн.


Iс жүзiнде инвестициялар:

бұл жоспарланған инвестициялар;

бұл жоспарланбаған инвестициялар;

+ бұл жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар қосындысы;

қорланған ақша жинақтарына тең;

бұл жоспарланбаған инвестицияларды шегергеннен кейiнгi жоспарланған инвестициялар.


Инвестициялардың тауарлы-материалды запасқа күтпеген өзгеруi қарастырады:

жоспарланған инвестицияларды;

+ жоспарланбаған инвестицияларды;

жоспарланатын шығындарды;

инвестиция мультипликаторын;

өткiзiлмеген инвестицияларды.


Пайыздық ставканың өсуi:

+ инвестициялық шығындарды төмендетедi;

инвестициялық шығындарды арттырады;

ақша ұсынысын кемiтедi;

активтер жағынан ақшаға сұранысты арттырады;

келiсiм үшiн ақшаға сұранысты арттырады.


Инвестиция - бұл:

+ капиталдардың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы;

бағалы қағаздарды сатып алу қаржылары үшін жұмсалымы;

капиталдардың өнеркәсіпке, ауылшаруашылғына жұмсалуы;

халықаралық жұмысшы күші миграциясы;

тұрғын үй сатып алу жұмсалымы.


Өндіріс факторларынан түскен табыс салығына не кірмейді:

+ қозғалмайтын мүлікке салық;

корпорацияның пайдасына салық;

жеке табыс салығы;

жалақыға салық;

әлеуметтік салық.


IS-LM үлгiсi келесiлер арасындағы өзара қатынасты бiлдiредi:

жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс;

+ тауарлар нарығы және активтер нарығы;

ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы;

тауарларға сұраныс және тауарлар ұсынысы;

жиынтық шығындар мен табыстар.


Активтер нарығы сипатталады:

қолма-қол ақшамен;

ақша массасымен;

+ ақшалар, бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлiкпен;

жоғарғы сұранысқа ие тауар және қызмет көрсетулермен;

инвестициялық шығындармен.


Банктiк жүйеде пайда анықталады:

несиеге пайыздық ставка мөлшерiмен;

артық ақша резервтерiмен;

орталық банктiң резервтiк нормасы;

+ қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы мен салымшыларға төленетiн пайыз сомасы арасындағы айырма;

салымшыларға төленетiн пайыз сомасы мен қарызды алушылардан алынатын пайыз сомасы арасындағы айырма.


Депозиттік операциялар банктің қандай операциясы болып табылады:

активті;


+ пассивті;

тұрақты;


айналмалы;

өзгермелі.


Банктің активті операцияларына жатады:

заемдық қаржыландыру;

құнды қағаздар шығару;

банктердің алдындағы қаржылық міндеттемелер;

+ несие беру;

депозиттер қабылдау.


Коммерциялық банктердің тікелей атқаратын қызметіне не жатады:

+ кәсіпкерлікке қызмет көрсету;

мемлекеттік банктердегі ақша айналысына бақылау жасау;

банкаралық байланыстарды реттеу;

ақша банкноттарын эмиссиялау/шығару/;

банктерге рұқсат беру.


Төмендегілердің қайсысы тек орталық банктің арнаулы қызметіне жатады:

несие беру;

валюта операциялары;

бағалы қағаздармен операция;

кәсіпкерлікке қызмет көрсету;

+ резервтерді сақтау.


Жоғары төлемділікке не жатады:

суреттер;

азық-түлік өнімдері;

ұзақ пайдаланатын тауарлар;

алтын бұйымдар;

+ қолма-қол ақшалар.


Егер ақциялардың нақты құны басқа бағалардың деңгейінен тәуелсіз кенет төмендесе, онда бұл:

импорттық сатып алу нәтижесі;

+ нақты кассалық қалдықтың нәтижесі;

тұтынушылардың тұрмыстық жағдайының өзгеруі;

тұтынушылық қарыздарының өзгеруі;

жоғарыда келтірілген жауаптардың ешқайсысы дүрыс емес.


Егер үкімет қоршаған ортаны сақтау мақсатымен қатаң талаптар қойса, онда бұның нәтижесінде:

бір бірлік өнімге шаққандағы өндірістік шығындар өседі және жиынтық ұсыныс қисығы солға жылжиды;

+ бір бірлік өнімге шаққандағы өндірістік шығындар өседі және жиынтық ұсыныс оңға жылжиды;

бір бірлік өнімге шаққандағы өндірістік шығындар төмендейді және жиынтық сұраныс қисығы солға жылжиды;

бір бірлік өнімге шаққандағы өндірістік шығындар төмендейді және жиынтық сұраныс қисығы оңга жылжиды;

бір бірлік өнімге шаққандағы өндірістік шығындар төмендейді және жиынтық ұсыныс қисығы солға жылжиды.


Егер үй шаруашылығы табысының бәрін тұтынуға жұмсамай, жұмсалмаған соманы банкке салса, онда олар:

қор жинақтайды және инвестициялайды;

+ қор жинақтайды, бірақ инвестицияламайды;

инвестициялайды, бірақ жинақтамайды;

қор жинақтамайды және инвестицияламайды;

қор жинақтайды, бірақ қор жинағының бағалы қағаз сатып алуға пайдаланатын бөлігін инвестицияламайды.


Инвестициялық функция теңдеумен берілген делік: I=1000-30r, мұндағы r - негізгі пайыз мөлшерлемесі. Номинальды пайыз мөлшерлемесі 10%, инфляция деңгейі 2% кезде инвестиция көлемі қанша боладі:

240;


700;

+ 760;


970;

360.
Жоспарлы тұтыну шығыны 40 + 0,9Үd және жоспарлы инвестиция 50 болғанда, онда тепе-теңдік табыс деңгейі болады:

90;

400;


500;

+ 900;


1250.
Жоспарлы жинақ - 40 + 0,2Үd және жоспарлы инвестиция 60 болғанда, онда тепе-теңдік табыс деңгейі автономды шығындар мультипликаторы:

500; 4,0;

400; 5,5;

+ 500; 5,0;

1000; 3,5;

1200; 4,0.


Ақша жиыны әрқашан өсіп тұрады, егер коммерциялық банктер:

Орталық банктегі өз салымдарын ұлғайтса;

+ халыққа арналған қарыз беру көлемін ұлғайтса;

Орталық банктегі салымдарының бір бөлігін алса;

ағымдық шоттар бойынша өз міндеттемелерін қысқартса;

халыққа арналған қарыз беру көлемін азайтса.


Егер міндетті резерв нормасы 100% болса, онда ақша мультипликаторы көлемі төмендегі мәндердің қайсысына тең болады:

0;

+ 1;



10;

100;


1000.
Егер Орталық банк ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздардың көп бөлігін сатса, онда ол қандай мақсат көздейді:

инвестициялар көлемін ұлғайту;

+ айналымдағы ақша жиынының көлемін азайту;

несиені қолайлы жасау;

пайыздық қойылымды азайту;

тұтыну шығындарын ұлғайту.


Пайыздық қойылым деңгейінің өзгерісі ЖҰӨ-нің қай элементіне үлкен әсерін тигізеді:

тұтынушы шығындары;

+ инвестициялар;

мемлекеттік шығындар;

экспорт;

импорт.
«Ақшаға сұраныс» дегеніміз, бұл:

қажет болған жағдайда белгілі бір бағамен ақшаға оңай айырбасталатын бағалы қағазға ие болу тілегі;

белгілі бір пайыз мөлшерлемесі бойынша кәсіпкердің несиеге бергісі келетін ақша сомасының жиынтығы;

табыстың бір бөлігін «қиын күндерге» сақтап қою тілегі;

активтер тарапынан ақшаға сұранысқа ұқсас;

+ активтер тарапынан ақшаға сұраныс пен мәмілеге арналған ақша сұранысының қосындысы.
Ақша саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын, Орталық банктің есеп мөлшерлемесін жоғарылатуы басқа шаралармен қатар бірінші кезекте мынаған бағытталған:

+ коммерциялық банктердің жалпы резерв көлемін азайту;

халық жинақтарының өсуін ынталандыру;

коммерциялық банктерге Орталық банктен берілетін несие көлемінің өсуіне ықпал ету;

коммерциялық банктердің жалпы резерв көлемін өсіру;

басқа мақсаттарға жету.


«Есептік мөлшерлеме» термині мынаны білдіреді:

мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алғапда Орталық банк үшін бағаларды төмендету деңгейі;

+ коммерциялық банктерге берілетін несие көлемін төмендету мақсатымен Орталық банк тарапынан көрсетілетін қысым дәрежесі;

коммерциялық банктерге берілетін несие бойынша пайыз мөлшерлемесі;

ақша жиынын және ЖҰӨ көлемін өсіруге бағытталған Орталық банк шараларының әсер ету дәрежесі;

жұмыссыздық деңгейі.


Банк мультипликаторы 5-ке тең. Банктік жүйе құра алатын қосымша ақша көлемі 40 млрд. теңге. Банктер несие беруге жұмсай алатын сома мен міндетті резерв нормасы қандай:

20 млрд. теңге және 40%;

8 млрд. теңге және 40%;

20 млрд. теңге және 20%;

+ 8 млрд. теңге және 20%;

2 млрд. теңге және 20%.


Фишер теңдеуі:

N+P+G;


C+I+G+Xn;

W+R+i+P;


+ i=r+π;

ТҰӨ=ЖҰӨ-амортизация.


Егер номинальды проценттік ставка 9%, ал инфляцияның жылдық қарқыны 5% деп анықталса, онда нақты (реальдық) проценттік ставка қандай болады:

14 %;


6 %;

2,5 %;


0,1 %;

+ 4 %.
Иелінетін табыс көлемінің өзгеруімең тұтыну шығындарының көлемі де өзгеретін идея, қай теорияның құрамдас бөлігі:

кейнсиандық инвестиция теориясының;

кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының;

классикалық макроэкономика теориясың;

сандық ақша теориясының;

+ кейнсиандық тұтыну теориясының.
Табыспен байланысты емес тұтыну және жинақтау факторлары жөнiнде қайсысында айтылады:

байлық неғұрлым көп болса, соғұрлым тұтыну көп және жинақтау аз болады;

егер бағаның өсуi мен тауар тапшылығы күтiлсе, онда адамдар ақшаны көп жұмсайды және оларды аз жинақтайды;

қарыз артқан кезде оны жабу үшiн тұтынуды қысқартады;

жеке салықтардың артуы әдетте тұтыну және жинақтау деңгейлерiнiң төмендеуiне әкеледi;

+ барлық жауаптар дұрыс.

Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

жеке табыстарға салықтың өсуi тұтынушылық шығынды, с.қ. жинақтарды төмендетпейді;

кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелсіз;

тұтынуға шектi бейiмдiлiк әрқашан жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең;

+ кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелдi;

кейнсиандық тұжырымдамаға сәйкес, тұтыну және жинақтау деңгейлерi алдымен қолдағы табыс көлемi өзгерiсiне тәуелсіз.


Айтылған ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады;

егер тұтыну функциясы белгiлi болса, әрқашан жинақтау функциясының қисығын құруға болады;

жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең;

табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады, жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең;

+ табыстардың өсуi инвестициялық белсендiлiктi ынталандырады, егер тұтыну функциясы белгiлi болса, әрқашан жинақтау функциясының қисығын құруға болады, жинақтау қолдағы табыстан тұтыну шығындарын шегергенге тең.


Ақшаға сұраныс анықталады:

активтер жағынан ақшаға сұраныспен;

келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен;

ақша ұсынысы жағынан;

M= (P*Q) / V;

+ активтер жағынан ақшаға сұраныспен, келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен, M= (P*Q)/V.


Қымбат ақша саясатына қандай шара жатады:

ашық нарықта мемлекттік бағалы қағаздарды сату;

ашық нарықта банктер мен халықтан мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу;

заң бойынша белгіленген резервтік норманың өсуі;

+ есеп ставкасының өсуі;

есеп ставкасының төмендеуі.


Көрсетілгендердің қайсысы орталық банктің қызметі болып табылады:

бактерге несие беру;

валюталық операция;

бағалы қағаздармен операция;

+ ақша эмиссиясы;

депозиттік салымдар.


Қолма қол ақша және чектік салымдар қай ақша агрегатына жатады:

+ М 1;


М 2;

М 3;


М 4;

М 3 + М 4.


Ақшаға сұраныс анықталады:

активтер жағынан ақшаға сұраныспен;

келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен;

ақша ұсынысы жағынан;

M= (P*Q) / V;

+ активтер жағынан ақшаға сұраныспен, келiсiм үшiн ақшаға сұраныспен, M=(P*Q)/V.


М –2 ақша агрегатына жатады:

қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар;

+ қолда бар сома, мерзімсіз (ағымдағы) салымдар, кішігірім мерзімді салымдар;

қолда бар сома, мерзімсіз және мерзімді салымдар, сертификаттар, мемлекеттік заемдар облигациялары;

мемлекттік заем облигациялары мен сертификаттар;

тек қана қолда бар ақша сомасы.


М1 агрегатына жататындар:

қолма-қол ақша және ірі мерзімдік салымдар;

қолма-қол ақша және барлық банк депозиттері;

барлық ақшалар және «кәдімгі ақшалар»;

+ қолма-қол ақша мен чектік салымдар;

қолма-қол ақша мен қаржылық активтер.


Егер орталық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды көп мөлшерде сатса, онда бұл шаралар мынаған әкеледі:

коммерциялық банктерде депозиттерді өсіреді;

айналымдағы ақша санын өсіреді;

проценттік ставка деңгейін төмендетеді;

+ айналымдағы ақша санын азайтады;

есептік ставканы өсіреді.


Кейнс тұжырымдауы бойынша, елдің тұтыну шығындарының көлемі:

тұтынушының жасына байланысты;

ақша ұсынысының өсу темпіне байланысты;

ұлттық табыс деңгейіне байланысты;

+ қолда бар табыс деңгейіне байланысты;

тұтынушының мекен жайына байланысты.


Тұтыну функциясы қандай түрде болады:

+ C=а+в(У-Т);

C=C-MPC*Y;

C=C/MPC-Y;

C=C*MPC*Y;

C=C+MPC/Y.


Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:

экономикалық күтулер;

жиынтық табыс динамикасы;

қолдағы негiзгi капитал;

+ еңбек ресурстары саны;

барлық факторлар инвестиция динамикасын анықтайды.


Ұзақ мерзімдік кезеңде экономикада өнім шығару деңгейі былай болады:

ақша ұсынысымен, мемлекеттік шығындар және салықтар деңгейімен;

+ еңбек, капитал көлемімен және технологияны пайдаланумен;

халықтың таңдауымен;

пайыз мөлшерлемесінің деңгейімен;

бағаның өсуімен.


Жиынтық сұраныс өзгеруі ұзақ мерзімді уақытта АS қисығының классикалық варианты мақұлдайды:

өнім шығару көлеміне әсер етеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді;

+ баға деңгейіне әсер етеді, бірақ өнім шығару көлеміне әсер етпейді;

баға деңгейіне және өнім шығару көлеміне әсер етпейді;

баға деңгейіне және өнім шығару көлеміне әсер етеді;

тек бағаға әсер етпейді.


Егер тұтынушылар күнделікті тұтынуға жарататын табыс бөлігін өсірсе, онда қысқа мерзімде:

+ ең алдымен өнім шығару көлемі және жұмысбастылық көбейеді;

ең алдымен өнім шығару көлемі және жұмысбастылық азаяды;

өзгеріссіз өнім шығару және жұмысбастылық кезінде баға деңгейі көтеріледі;

өзгеріссіз өнім шығару және жұмысбастылық кезінде баға деңгейі төмендейді;

жұмысбастылыққа әсер етпейді.

Егер адамдар өз табыстарының барлығын тұтынуға жұмсамай, қалған соманы банкке салса, онда олар:

+ жинақтайды, бірақ инвестицияламайды;

инвестициялайды, бірақ жинақтамайды;

жинақтамайды және инвестицияламайды;

жинақтайды және инвестициялайды;

өз табысын инфляциядан сақтайды (қорғайды).


Кейнстiң психологиялық заңына сәйкес:

тұтынуға шектi бейiмдiлiк жинақтауға шектi бейiмдiлiкке тең;

+ табыс өсуiмен тұтыну да артады, алайда табыс өскен шамада емес;

табыс өсуiмен сол шамада тұтыну да артады;

табыс өсуiмен жинақтау көлемi көбейедi;

Тұтынуға орташа бейiмдiлiк формуласы:

+ APC= C / Yd;

MPC= 1-S;

APS= Yd / S;

APS= S / Yd;

MPS= S / Yd.
Тұтынуға шектi бейiмдiлiк формуласы:

MPS=Δ C/ Δ Yd;

MPS= Δ Yd/ Δ C;

+ MPC= Δ C / Δ Yd;

MPC= Δ Yd / Δ C;

MPC= 1-S.

Инвестиция динамикасын анықтамайтын фактор:

пайыздың нақты ставкасы;

+ пайыздың номиналды ставкасы;

салық салу деңгейi;

таза пайданың күтiлетiн нормасы;

өндiрiс технологиясындағы өзгерiс.


Инвестиция мультипликаторын келесi формуламен есептейдi:

+ 1 / (1- MPC);

1 / (1- MPS);

S= 1- C;


S= Y- C;

MPC + MPS.


Тұтыну функциясы сипатталады:

көлемi қолдағы табысқа байланыссыз жиынтық шығындар бөлiгiмен;

көлемi мен динамикасы қолдағы табысқа байланыссыз тұтынушылық шығындар бөлiгiмен;

тұтынуға бағытталған жылдық қолдағы табыстың әрбiр қосымша бiрлiгiнiң үлесiмен;

+ жиынтық тұтынушылық шығын және қолдағы табыстың әртүрлi шамасы арасындағы тәуелдiлiкпен;

қолдағы табыстың өзгеруiне байланысты емес жиынтық тұтынушылық шығындармен.


Көрсетілген ұйғарымдардың қайсысы дұрыс:

+ пайыздық ставканың жоғарлауы инвестициялық шығындарды төмендетеді;

пайыздық ставканың төмендеуі инвестициялық шығындарды кемітеді;

жаңа технологияны енгізу жиынтық сұранысты жоғарлатады;

тұтынушылардың қарыздарының өсуі жиынтық ұсынысты өзгертеді;

тұтынушылардың күтуі инвестициядан күтілетін пайдаға ықпал етеді.


Экономикалық өрлеу уақытында автономды инвестициялардың өсуі ұлттық табыс деңгейін бастапқы инвестицияларға қарағанда үлкен шамаға көбейеді. Бұл құбылыс:

акселератор эффектісі;

+ мультипликатор эффектісі;

рационалды күтулер эффектісі;

мемлекеттік реттеу эффектісі;

табыс эффектісі.


Инвестициялық саясат өзінің мәні жағынан нені көздейді:

ақша айналысын реттеу;

халыққа төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру;

кәсіпорынды қайта жабдықтау, оның негізгі қорларын жөндеуден өткізу;

өндірістің салалық құрылымы мен технологиясын жаңарту;

+ барлық жауаптар дұрыс.


Инвестицияның деңгейі тек қана алынатын пайданың көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен бірге:

экспорт пен импорт арасындағы арақатынасқа;

халықтың өмір сүру деңгейіне;

+ проценттік ставка деңгейіне;

мемлекеттік бюджет қаражаттарының жағдайына;

акция курсына.


Инвестициялық саясат өзінің мәні жағынан нені көздейді:

ақша айналысын реттеу;

халыққа төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру;

кәсіпорынды қайта жабдықтау, оның негізгі қорларын жөндеуден өткізу;

өндірістің салалық құрылымы мен технологиясын жаңарту;

+ барлық жауаптар дұрыс.


Жалпы (валовые) инвеситициялар нені есептегенде есепке алынады:

қолда бар табыстарды;

таза ұлттық өнімді шығыстар ағымы әдісі бойынша;

+ жалпы ұлттық өнімді шығыстар ағымы әдісі бойынша;

жалпы ұлттық өнімді табыстар ағымы әдісі бойынша;

таза ұлттық өнімді табыстар ағымы әдісі бойынша.


Инвестицияның деңгейі тек қана алынатын пайданың көлеміне ғана тәуелді емес, сонымен бірге:

экспорт пен импорт арасындағы арақатынасқа;

халықтың өмір сүру деңгейіне;

+ проценттік ставка деңгейіне;

мемлекеттік бюджет қаражаттарының жағдайына;

акция курсына.


Елде Джини коэффициенті 1997 жылы 0,25-тен 2000 жылы 0,4-ке дейін делік. Бұл нені көрсетеді:

орташа жан басына шыққандағы нақты табыстың кемігендігін;

+ халық арасында табыстарды дифференциялаудың күшейгендігін;

күн-көріс минимумынан табыстары төмен жанұялар үлесі азайғанын;

халықтың бай бөлігінің үлесі салмағының өскендігін;

табыстарды дифференциялау өзгерген жоқ.


Тауарлар және активтер нарығы арасындағы тепе-теңдiк бiлдiредi:

жоспарланатын шығындар ұлттық экономика ауқымындағы өнiм шығаруға тең;

+ тұрғындар толықтай ақша запасын иемденедi;

тауарлар нарығы ақша активтерi нарығына сәйкес;

тауарлар және активтер нарығын қанағаттандыратын берiк пайыздық ставка бекiтiледi;

тауарға сұраныс азаюы.


Егер орталық банк бекітілген бағам бойынша шетел валютасының кез келген мөлшерін сатып алса не сатса бұл қандай жүйе:

басқарылатын валюта бағамы;

қозғалмалы ваюталық бағамы;

+ белгіленген валюталық бағамы;

номиналды валюталық бағамы;

нақты валюталық бағамы.


Соңғы жылдарда Қазақстандағы экономикалық өсу көбіне байланысты:

импорттық тауарлардың өсуіне;

ауыл шаруашылығының дамуына;

металлургияның дамуы және металлоконструкцияның экспортына;

+ мұнай өнеркәсібі дамуы және мұнай экспортына;

шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауға.


Солоу моделінде эгзогенді өзгермеліге қайсысы жатады:

+ инвестициялар;

жинақтау нормасы;

табыс;


тұтыну;

капитал көлемі.


Дамыған елдердегі экономикалық өсудің негізгі себептерінің бірі:

+ өндірісте және қызметкерлердін квалификациясының өсуіндіге өзгерістер;

жұмыс уақытының өсуі;

капитал көлемінің өсуі;

экономикалық өсуге ықпал ететін ақша-несие және фискалдық саясаттар;

еңбекшілердің санының өсуі.


Ақша жиыны әрқашан өсіп тұрады, егер коммерциялық банктер:

ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттерін көп көлемде қысқартса;

халыққа арналған қарыз беру көлемі ұлғайтса;

орталық банктегі салымдарының бір бөлігін алса;

ағымдағы шоттар бойынша өз міндеттерін аз көлемде қысқартса;

+ орталық банктегі өз салымдарын ұлғайтса.


Орталық банкімен белгіленген бағам:

нақты бағам;

+ тағайындалатын бағам;

қалқымалы (еркін) бағам;

тиімді номиналды бағам;

номиналды бағам.


Төлем балансы:

құн ауыстыру;

+ белгілі бір уақыт мерзімінде елдің резиденттерімен басқа қалған әлем арасындағы барлық экономикалық келісім-шарттар әтижелерінің жүйелік азылымдары;

құнның шығысы;

құнның кірісі;

тауарға деген меншік құқығын беретін акт.


Төмендегі құбылыстардың қайсысы экономикалық өсуге сай келмейді:

пайыздық мөлшерлеме өсімі;

жұмыссыздыққа жәрдемақы көлемінің азаюы;

нақты капитал өсімі;

+ несиеге сұраныстың артуы;

салықтық түсімнің қысқаруы.


Экономикалық өсудің негізгі факторлары:

халықтың саны;

әлеуметтік саясат;

+ техникалық прогресс;

қор қайтарымы;

бәсекелестік.


Егер Түркия азаматтары Ресейде өнім өндірсе, онда олардың өндірген өнімдері төменгі көрсеткіште есептеледі:

Түркияның импортында;

Ресейдің ЖҰӨ-де;

+ Түркияның ЖҰӨ-де;

Түркияның ЖІӨ-де;

Түркияның ЖІӨ-де және Ресейдің ЖҰӨ-де.


Мемлекеттік трансферттік төлемдерге жатады:

+ сақтандыру төлемдері;

рента;

дивиденд;



кәсіпорын пайдасы;

менеджердің жалақысы.


Үй шаруаларының жеке тұтыну шығындары - бұл:

трансферттік төлемдер және салықтар;

+ үй шаруашылығының шығындары тауар және қызмет көрсетулерге кеткен шығындары және жеке салықтар;

кәсіпорын шығындары;

үй шаруашылығының тауар алуына және ұзақ уақытқа пайдалану тауарларымен қызметтерін алуға арналған шығындары;

үй шаруашылығының ұзақ және қыска мерзімде пайдалануға арналған тауар және қызметтерді алуға арналған шығындары.


Егер ағымдағы шот балансы =-150 долл. ,саудалық баланс=-160долл. капитал

озғалысы балансы=+130 долл. болса төлемдік баланс қалдығын (сальдо) есептеңіз:

(+280);

(+20);


+ (-30);

(-280);


(-40).
Факторлардың қайсысы экономикалық өсудi анықтай алмайды:

нақты капитал;

адамдық капитал;

инвестициялар;

+ ел территориясы ауданы;

жеке меншiкке құқық.


Қазақстандық статистикада экономикалық белсендi тұрғындарға жатқызады:

жұмысқа орналасудан күдерiн үзген еңбекке қабiлеттi адамдарды;

еңбекке қабiлеттi және жұмыс iстеуге тiлек етушi адамдарды;

+ жұмысы бар немесе жұмысы жоқ, бірақ оны белсенді түрде іздеуші 16 және одан жоғары жастағы адамдарды;

арнайы институттардағы адамдарды;

қоғамдық өндірісте жұмыспен қамтылғандарды.


Төмендегі әрекеттердің қайсысы мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру әдісіне жатпайды:

несие-ақша эмиссиясын жасау;

салықтарды өсіру;

қосымша ақша бастыру;

+ шетел компанияларына акция сату;

займдар шығару.


«Ашық нарықтағы операциялар» термині нені мазмұндайды:

орталық банктің банктік қор көлемін өзгертуге байланысты операциялары;

орталық банктің коммерциялық банкке қарыз беру қызметін;

халықты несиелеуге байланысты коммерциялық банк қызметін

+ орталық банктің мемлекеттің бағалы қағазын сату-сатып алуға байланысты қызметін;

орталық банктің есеп мөлшерлемесін өзгертуге байланысты қызметін.


Басқа жағдайлар тұрақты болғанда импорт көлемі көбейсе, онда елдегі:

жинытық сұраныс ұлғаяды;

таза экспорт ұлғаяды;

+ жиынтық сұраныс азаяды;

ұлттық табыс азады;

ұлттық табыс ұлғаяды.


Егер белгіленген валюта бағамы жағдайында басқа елдерге қарағанда Францияда инфляция жоғары болса, онда:

Франция экспорты мен импорты өседі;

Франция экспорты өседі, ал импорты төмендейді;

Франция төлем балансының тапшылығы азаяды;

+ Франция экспорты төмендейді, ал импорты өседі;

Франция экспорты мен импорты төмендейді.


Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді:

+ өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен;

өнімнің нақты көлемінің халық санына;

капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен;

жұмыс уақытының нақты ЖҰӨ көлеміне;

капитал шығынының нақты өнім көлеміне.


Экономикалық өсу - бұл:

берілген жылдағы инвестиция өсімінің алдынғы жылғы ұлттық табыс өсіміне сандық қатынасын көрсететін жағдай;

+ ұлттық өнімнің сандық ұлғаюы және сапалық жетілдірілуі;

экономиканың барлық салаларында капиталдың қорлануы;

құлдырау алдындағы өндіріс деңгейінің өсуі;

бір экономикалық циклдің басынан екінші экономикалық циклдің басына дейінгі кезең.


Интенсивті экономикалык өсуде ең басты мақсат:

өндірістік тиімділікті төмендету;

еңбек өнімділігін төмендету;

өндірістің сандық масштабын көбейту;

өндіріс факторлар санын көбейту;

+ өндірістік тиімділікті арттыру.


Экономикалық өсу қалай өлшенеді:

құнды қағаздармен;

еңбекпен қамту деңгейімен;

+ жеке және құн көрінісімен;

шығыстар әдісі бойынша;

кірістер әдісі бойынша.


Бағаның орташа және жалпы денгейінің өсуге тұрақты тенденциясы, бұл:

ревальвация;

+ инфляция;

стагфляция;

дефляция;

девальвация.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет