Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т б. құрамдас бөліктерді біріктіреді



жүктеу 1.56 Mb.
бет3/9
Дата29.08.2018
өлшемі1.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Америкалық құқық институтымен құрастырылған үлгілік қылмыстық кодексте американ штаттарына жаңа қылмыстық кодекс құрастыру барысында оған "Төлем қабілетсіздік жағдайындағы жалғандық" атты бап қосылу ұсынылған. Бұл бапта кәсіпорынды әдейі банкроттыққа ұшыратқан тұлғалардың жауапқа тартылатыны ашық ұсынылған. Американ штаттарының заң шығару жиналыстарының көбісі қылмыстық заң реформасын жүзеге асыруда үлгілік қылмыстық кодекске бағдарланып, банкроттық заңдылығын жасауда банкроттық кезіндегі жауапкершіліктің сол түрін де қамтыған.

Француз заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы тек алыпсатарларға қолданылады, сондықтан саудаға жатпайтын маман тұлғаларға банкроттық жайлы ережелер колданылмайды. Англо-американдық құкық, сондай-ақ Германия заңы бойынша «дәрменсіздік» ұғымы сауда жұмыстарының тұлғаларымен шектелмейді, сондықтан банкроттық субъектісі болып төлеуді тоқтатқан борышқор болады. Швециялық қылмыстық кодексте төлем қабілетсіздікке әкелетін әрекеттер жасайтын борышқордың жауаптылығы қарастырылады.

Тағы бір айта кететін жайт, дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеудің әртүрлі елдердегі ұлттық механизмдері бір-біріне ұқсамайтыны соншалық, әлі күнге дейін бірегей нұсқаулар, бұл механизм стандарттары әлі әзірленбеген. Әлем елдеріндегі дағдарысқа қарсы басқарудың мемлекеттік механизмін шартты түрде бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады. Негізгі мүддесі - борышқор кәсіпорындарды қорғайтын заңдылықтар да бар. Бейтарап немесе мүдделерді «фифти-фифти» түрінде қарастыратын заңдылықтар да бар. Ақырында, радикалды кредиторлар талаптарын қанағаттандыруға ұмтылатын заңдылықтар да бар.

Ресей Федерациясының «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заңы алғаш рет 1992 жылдың 19 - қарашасында қабылданды да, үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізілумен болды. Нәтижесінде 1998 жылдың 8-қаңтарында «Кәсіпорындардың төлемқабілетсіздігі (банкроттығы) туралы» Заң қайта қабылданды. Осы заңға сәйкес «төлемқабілетсіздік (банкроттық) арбитрлық сотпен немесе борышкердің жариялауымен кредиторларға ақша міндеттемелерін және (немесе) міндетті төлемдерін толық көлемде қанағаттандыра алмау қабілетсіздігі» деп анықталады.

Бұл елде заңды тұлғаның үш ай көлемінде кредиторлардың акша қаражаттары бойынша және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлей алмауы банкроттық белгісі болады. Арбиторлық сот кәсіпорынның құрылтай құжаттарында көрсетілген орналасқан орны бойынша төлем қабілетсіздік туралы істі жүргізеді. Арбиторлық сотқа борышкердің жиынтық қарызы еңбек ақы төлеудің ең аз көлемінен 500 есе артып кетсе өтінішпен баруға болады. Заң кәсіпорынды таратып жіберуді мақсат етпейді. Кәсіпорынның қызметін сауықтырудың мүмкіншіліктері бар болса, төрелік сот борышкердің мүлкін басқаратын конкурстық басқарушыны анықтайды. Конкурстық басқарушы кредиторлар комитетінде бекітілген жоспар бойынша сауықтыру шараларын жүргізеді. Конкурстық басқару 12 айдан аспайтын мерзімге бекітіледі, ерекше жағдайларда бұл уақыт 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін. Кәсіпорын санацияның екі түрін ажыратады.

Санацияның бірінші түрі қарызды қайта ұйымдастыруға бағытталған (санация жүргізілетін занды тұлғаның мәртебесі өзгертілмейді). Мұндай санация кәсіпорынға, егер оның дағдарыстық жағдайы уақытша құбылыс түрінде қарастырылса, төлем қабілетсіздігін жоюға көмектесу үшін жүргізіледі.

Санацияның екінші түрі бойынша заңды тұлғаның мәртебесі, меншік түрі, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгертіледі. Кәсіпорында жүргізілген санация жұмыстары күткен нәтижеге жеткізбесе, онда ол банкрот деп жарияланады. Арбиторлық соттың шешімімен тарату үрдістерін өткізу үшін арнайы комиссия құрылады. Банкроттық жағдайындағы тарату жұмыстары келесі кезекте жүргізіледі:


  • баланстық және нарықтық құны бойынша банкрот - кәсіпорынның мүлкі бағаланады;

  • тарату массасы анықталады;

  • мүлікті сатудың ең тиімді нысаны анықталады;

  • кредиторлар талаптарын қанағаттандыру орындалады;

- тарату комиссиясы кредиторлардың барлық талаптары қанағаттандырылған соң арбиторлық сотқа тарату балансын жасайды.

Кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың өз кезегі бар: біріншіден арбиторлық соттың, тарату комиссиясының, мүлікті бөлушілердің, кепілдікпен қамтамасыз етілген кредиторлардың талаптары орындалады. Сосын кәсіпорынның өз жұмыскерлері алдындағы міндеттемелерін, жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтарды, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді, зейнетақы аударылымдарын, кепілмен қамтамасыз етілмеген кредиторлар талаптарын төлеу жүргізіледі. Әр келесі кезектегі кредитордың талабы тек алдыңғысы төленген соң ғана орындалады. Мүлікті сатқаннан кейінгі қаржылар жетпей жатса, талаптар пропорционалды түрде тең бөлініп, орындалады .

Қазақстан Республикасында банкроттықты реттейтін негізгі заң болып, 1997 жылдың 21 қаңтарында қабылданған «Банкроттық туралы» табылады. Бұл заңға уақыт талабына сай үнемі өзгерістер енгізіліп келеді. ҚР-сы банкроттылық заңдылығы кредитор мүддесін қорғауға көбірек бағытталған. Себебі кредиторлар мүддесі қаншалықты белсенді қорғалса, соғұрлым экономика инвестициялар үшін тартымды. Ал, бұл көкейкесті мәселе.

Заң қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы істерге қолданылады.

Кредитордың борышкерге қоятын талаптары жиынтығында жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмаса, банкроттық туралы істерді сот қарайды. Кредиторлардың борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы органға арыз беріп, өтініш жасауына борышкердің төлем қабілетсіздігі негіз болып табылады. Егер борышкер міндеттемесін орындау мерзімі жеткен кезден бастап үш ай ішінде орындамаса, ол төлеуге қабілетсіз деп есептеледі .

Борышкердің өзін банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсімдерін өткізу туралы уәкілетті органға арыз беріп өтініш жасауына оның дәрменсіздігі негіз болып табылады. Оңалту рәсімі шеңберінде дәрменсіз борышкерге кез - келген қайта ұйымдастырушылық, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтык және борышкердің таратылуын болдырмау мақсатында оның төлем кабілетін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қолданылады. Борышкер өзі оңалту үрдісінің жоспарын ұсынса, кредиторлар комитеті мен уәкілетті орган мақұлдаса, бес күннен кешіктірмей оңалту жоспарын бекіту және борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым шығарылады. Тарату үрдістеріне мыналар жатады: кредиторлар бақылауымен, дәрменсіз кәсіпорынның еркімен таратылады және борышкер кәсіпорынды күштеп тарату.

Кредиторлар мүддесін қорғау және әкімшілік шығындарды азайту мақсатында кредиторлар комитетінің құрамына келесі кұрылымдардың өкілдері кіреді: еңбек ақы, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер және кепілдік кредиторлар.

Конкурстық және оңалту басқарушысына ай сайын берілетін сыйақы мөлшері шектелген. Заңға борышкермен ұсталған, бірақ төленбеген алименттерді алуға кәмілетке толмағандардың құкығын қорғауға бағытталған қосымшалар енгізілген. Осындай мөлшер міндетті зейнетақы жарналары бойынша борыштарға қатысты қарастырылған. Заңға кредиторлар комитетінің отырысы олардың 2/3-сі қатысса құқылы деген толықтырулар енгізілген. Конкурстық өндіріс мерзімі 6 айдан көп болмауы керек. Ерекше жағдайларда бұл мерзім 3 айға дейін созылады. Шығындар, айып санкцияларының шамасы және т.б. қарыздарды банкрот деп тану шешімі қабылданған және оны тарату мезетіне анықталады. Банкроттық үрдісінде катысуға байланысты несиегерлер шығындарының орны толтырылмауы борышқор несиегерлер реестрінің мазмұнымен танысқан соң, конкурстық басқарушы несиегерлер талаптарының реестрі мен оларды қарастыру нәтижелерін сотқа ол күшіне енгеннен 3 айдан кешіктірілмей бекітуге беріледі. Борышкердің қаржы құжаттарында көрсетілген, меншік иесі екенін растайтын құжаттар бар мүлік конкурстық массаны құрайды. Әкімшілік және сот шығыстары борышкер мүлкінің есебінен кезектен тыс өтеледі. Конкурстық масса келесі тәртіппен бөлінеді:



  1. Біріншіден, таратылатын банкрот өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауап беретін азаматтардың талаптары тиісті уақтылы төленетін капиталға айналдыру арқылы бірінші кезекте
    қанағаттандырылады.

  2. Еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдарға еңбегіне ақы мен өтемдер, авторлық шарттар бойынша сыйақылар екінші кезекте жүргізіледі.

  3. Кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде үшінші кезекте қанағаттандырылады.

  4. Салық және бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешек төрттінші кезекте орындалады.

  5. Бесіншіден, басқа кредиторлармен есеп айрылысады.

Әрбір кезек талаптары алдыңғы талап толық қанағаттандырылғаннан кейін орындалады. Банкрот мүлкі жетпегеннен орындалмай қалған, сонымен қатар сотпен тарату балансы бекітілгенге дейін жарияланбаған талаптар өтелген деп саналады. Көрсетілген сомалар кредиторлармен дебиторлық борыштан есептен шығарылуы керек .

Әлемнің нарықтық экономикасы әртүрлі деңгейде дамыған елдерінің дағдарысты мемлекеттік реттеу аспектілерін салыстыра отырып, біз дағдарысты мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Дағдарысты мемлекеттік реттеуді түрлі белгілері бойынша жіктеуді 1 кестеде келтіріп отырмыз.

1 кесте - Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеуді түрлі белгілер бойынша жіктеу




Жіктеу белгілері

Дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу түрлері

1.

Тараптарды қорғау

 кредиторлар мүдделерін қорғайтын; бейтарап;

 кәсіпорын мүдделерін қорғайтын



2

Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігін

Тану


 төлемдер сомасы;

 төлемдер мерзімі






Сауықтыру мерзімінің ұзақтығы

 үш айға дейн;

 үш айдан алты айға дейн;

 алты айдан бір жылға дейін.


4.

Конкурстық салмақты өткізуі

 әлеуметгік бағьггталған;

 әлеуметтік бағытталмаған.



5.

Төлемқабілетсіздік диагностикасын өткізуі

 жедел диагностика;

 терең талдау жүргізу.



Бұл кестеде келтірілген белгілер бойынша Қазақстандағы дағдарысты мемлекеттік реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі бойынша төлем қабілеттігін анықтайтын, оңалту мерзімі алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы заңдылық деп қарастыруға болады.

Төлем қабілеттілікті анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек қана екі коэффициент арқылы жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын өз ерекшеліктеріне қарамай өткізіледі. Ал, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты реттеудің жедел диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты көрсетпейді. Осы мәселенің әдістемелік тұстарын біз толығырақ қарастыруды жөн көрдік.

2 ТОҚЫМА ЖӘНЕ КІЛЕМ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСҚАРУЫН БАҒАЛАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің

дамуын талдау

Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етілу деңгейін макро, микро деңгейлерде талдаймыз. Тоқыма және кілем өнеркәсібі біздің елімізде мұнай, газ, басқа да өндіруші салаларға қарағанда төмен бәсекелі блокқа жататыны белгілі. Бірақ та, бұл саланың ерекшелігі айналым қаражаттарының тез айналмалылығында болып қалып отыр. Тоқыма және кілем өнеркәсібінде ішкі нарықты толығымен қанағаттандыратын өндірістік қуаттылықтар орналасқан. Саланың дамуын қамтамасыз етуге қабілетті ғылыми-өндірістік потенциал жеткілікті деңгейде сақталған, болашақты тиімдірек қолдануға болатын сенімді шикізат базасы сақталған. Тұрғылықты халықтың жұмысбастылық қабілетін толығымен қамтамасыз ете алатын саланың қабілеті бар.

Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын бағалау үшін біз жалпы өнеркәсіптің дамуына талдау жасауды, содан кейін ғана саланың дамуын қарастыруды жөн деп таптық.

Өнеркәсіп өндірісі Қазақстан Республикасы экономикасының негізін құрайды. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, өнеркәсіп жүргізілген реформалардың, сыртқы және ішкі факторлардың әсеріне байланысты дамып отырды. 2003 - 2004 жылдардағы Қазақстан Республикасы өнеркәсібі дамуының негізгі көрсеткіштері 2-кестеде көрсетілген.

Кесте ақпараттарына сүйенсек, өнеркәсіптің ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 2003 жылы 29,3 %-ға, 2004жылы 33,4%-ға тең болды. Осылайша, тек қана 2004 жылы ішкі жиынтық өнімдегі өнеркәсіп үлесінің басқа жылдармен салыстырғанда артық болғанын айта кетуіміз керек, 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 4,1% - ға артты. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны да солай өзгерген. 2004 жылы тек қана ірі және орта кәсіпорындардың саны көрсетілгендіктен, бұл көрсеткішті алдыңғы жылдармен салыстыруға келмейді .

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі қарастырып отырған барлық жылдарда артып отыр. Өткен жылдармен салыстырғанда 2003 жылы - 16,8%, 2004 жылы — 12,1% шамасында болды. Салық салуға дейінгі жиынтық табыс көлемі 2003, 2004 жылдары алдыңғы жылмен негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің жыл сайынғы артуы оң бағаланады.

2 кесте - 2003 -2004 жылдардағы ҚР-сы өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері серпіні




Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2003 жыл

2004

жыл


өткен жылғы пайызбен

1.

Республикалық ЖІӨ- дегі өнеркәсіптің ЖҚҚ-ның үлесі

%

29,3

33,4

113,9

2.

Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістерінің саны

бірлік

13177

1536

-

3.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі

млрд тенге

2336,9

2618,6

112,1

4.

Салық салуға дейінгі жиынтык табыс

млн

тенге


401087

351600

87,7

5.

Негізгі қызметтен табыс

млн. тенге

402210

324832

80,8

6.

Өнеркәсіп табыстылығының

деңгейі


%

23,0

37,8

164,3

7.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

млн. тенге

587953

475820

80,9

8.

Негізгі қызметтегі қызметкерлер

мың

адам


671,2

626,1

93,3

9.

Негізгі қызмет өнеркәсіптік қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы

теңге

26226

27759

105,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет