Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т б. құрамдас бөліктерді біріктіреді



жүктеу 1.56 Mb.
бет9/9
Дата29.08.2018
өлшемі1.56 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лабораториялардың тәуелсіздігіне мін түспеген болуы керек.

  • Тәуелсіз тестілеу лабораториясын ұйымдастыру-оңай дүние емес, арнайы маманданған персонал, қымбат құралдар, жабдықталған тұрғын-жай, аккредитация болуы қажет. Осындай лабораторияны үйымдастырудың өтелім мерзімі - үш-төрт жыл.

  • Өнім сапасын тестілейтін жүйелер, әдістер, құралдар деңгейі
    тоқыма және киім өндірушінің соңғы онжылдықта "жоғары
    технологиялы" болған құрал-жабдықтарынан қалмауы керек.

  • Тестілеу қымбат болмауы керек.

  • Тестілеу жүйесін ұйымдастыруға қоғамдық ұйымдар белсене
    ат салысады. АҚІП-та тоқыма өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін
    тексеру әдістерін Америкалық химиктер-токымашылар және колористер ассоциациясы, Европа үшін ISO жасайды.

    Осының бәрін қорытындылай келіп, тоқыма және кілем өнеркәсібінің алдына жаңа талаптар қоямыз:

    • қазіргі заманға сай жабдықталған тәуелсіз тексеру лабораторияларын жасау;

    • тексеру құралдарын Қазақстан Республикасында жасауды Ұйымдастыру.

    Қазақстанның БСҰ-на енуі тоқыма және тігін өнеркәсібі үшін оң эффект беруі керек. Бірақ, бір жағынан, саланың осал тұстары бойынша шетелдік инвесторлардан корғау шараларын қабылдау, екінші жағынан елімізде өндірілмейтін тауарлар импортына жағдай жасау қажет. Осындай тауарларға жүн жіптері, мақта маталары, киім, тоқыма бұйымдары жатады. Киім өндірісінде үрдістерді технологиялық, техникалық және ұйымдастырушылық тұрғысынан қайта қүру кажеттігі бар. Бұл үрдістер икемді болуы, басқару шешімдерін тез арада қабылдау мүмкіндігіне ие, минималдық инвестицияларды, өндірістік аудандарды, энергия ресурстарын қажет етуі керек. Кәсіпорындар нарық жағдайының талаптарына сай, киім ассортименті мен моедельдерін жаңалауға, әмбебап технология мен құрал-жабдықтарды пайдалануға, киімді тігу үрдісін автоматизациялауға қабілетті болып тұрғызылуы тиіс. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарыыда айтылған артықшылықтардың бәрі сақталады. Сондықтан, киім өндірісінде шағын кәсіпорындардың кең желісін қалыптастыру ұтымды болмақ.

    БСҰ-на өту отандық кәсіпорындарға әлемдік саудаға жалпыға бірдей және тең жағдайларда қатысуға, БСҰ-ң механизмдерін тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің мүдделерін қорғауда пайдалануға, сала кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, өнім экспортын жеңілдетуге мүмкіндік береді. БСҰ-ның мүшелігі болу Қазақстан Республикасы үшін өзекті қажеттілік болып отыр. БСҰ шеңберіңде сауда саясаты арқылы Қазақстанға келесідей негзгі міндеттерді шешу керек:



    • қазақстандық экспорттың дискриминациясын болдырмау;

    • өркениетті сауданың ережелері мен принциптерін қабылдаған ашық нарықты экономикалы ел имиджін бекіту;

    - ЕврАзЭО және ТМД шеңберінде аймақтық регионалдық интеграциялық процестерді дамыту;

    - нақты Кедендік одақ пен бірегей нарықтың қалыптасуына ұмтылу;

    - экспортты ынталандыру бойынша шараларды жасау және өткізу.

    Қазірдің өзінде қазақстан БСҰ-на мүше 144 елдің 135-імен сауда қатынастарын жүргізіп отыр. БСҰ-на мүшелікке өту қазақстанға осы елдермен бірегей ереже мен талаптар бойынша сауда жүргізуге мүмкіндік береді .

    Соңғы кезде баспасөз бетінен Қазақстан БСҰ-ның 2005 жылы толыққанды мүшесі болады деп айтылып жүр. Бұл процесс біздің елдің стратегиялық әріптесі Ресей Федерациясымен бірге өткізілмек .

    Әлемнің ғаламдануы жағдайында тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары үшін Қазақстан Рестубликасының БСҰ-на мүшелікке өтуі, халықаралық стандарттау ISO 9000 жүйесін енгізу, салада шағын кәсіпкерлікті дамыту, химиялық талшықтар өндірісін жолға қою және басқа да жоғарыда сөз болған ұйымдастырушылық шаралар осы саланың кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді деп тұжырымдаймыз.

    ҚОРЫТЫНДЫ

    Диплом жұмысын қортындылай келе экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік, мемлекет деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды күнделікті өмірге терендеп енген түсініктер болса, кәсіпорын деңгейіндегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді көпшіліктің еті үйрене қоймаған термин болып саналады. Ғалым-экономистердің кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуге берген анықтамаларын зерттей келіп, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды — кәсіпорындағы барлық ресурстарды (өндірістік, технологиялық, еңбек, ғылыми-инновациялық, қаржылық, кәсіпкерлік) ұтымды пайдалана отырып, дағдарыстардың алдын-алу және ұдайы даму шаралары механизмінің тиімді қызмет ету жағдайы деп пайымдаймыз. Үдемелі дамып отырған қоршаған ортада қызмет ететін кәсіпорын басшылығына қатердің, дағдарыстың алдын-алатындай көреген болуы қажет. Тоқыма-кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үрдісін бірнеше кезең бойынша кұру керек. Біріншіден, қатерлердің жіктелуі, себептері анықталуы; екіншіден, экономикалық қауіпсіздіктің дәл қазіргі жағдайы бағалануы; үшіншіден, қысқа және ұзақ мерзімге даму бағдарын дайындалуы оң қадам болады.

    Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету - кәсіпорынның күнделікті өмірінде қолданылып, стратегиялық сипат алатын, менеджменттің бар мүмкін болатын әлуетін кешенді, жүйелік негізде қолданып, уақытша қиыншылықтырды жеңетін және нарықтағы өз орындарын бекітіп, ары қарай дамытуға арналған дағдарысқа қарсы басқару іс-шараларының жиынтығы ретінде көрсете отырып, біз дағдарысқа қарсы басқару кэсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі дегенге тұжырымға келдік. Шетелдік және отандық ғалым-экономистердің және өз көзқарастарымызды қорытындылай келе, кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін, біздің ұсынымыз бойынша, екі тұрғыда қарастыру керек. Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмінің бір қыры мемлекет тұрғысында, макро деңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микро деңгейде бекітілуі тиіс. Мемлекет деңгейіндегі кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету тетіктеріне: монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация жатса, кәсіпорын деңгейіндегі тетіктеріне: шығындарды басқару, өнім сапасын және бәсекеқабілеттілікті басқару, өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару, бизнес реинжиниринг жатады.

    Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды барлық құрамдас бөліктерін талдай келіп, кәсіпорын басшылығына дағдарыстың, катердің алдын-алып, болжай алуы және оң жолға бүра білуі керек деген


    ұйғарымға келдік. Осы ретте, біздің ойымыз бойынша, келесі
    шаралар алгоритмі тиімді болар еді: мүмкін болатын экономикалық
    қатерлерді талдау; қарсы шараларды жоспарлау; қабылданған
    шаралардың орындалуын бақылау; экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды жүйесінің тиімділігін талдау.

    Шетелдік және дағдарысқа қарсы мемлекеттік реттеу


    аспектілерін салыстыра зерггеп отырып, біз дағдарысқа қарсы
    мемлекеттік реттеуді бірнеше белгілері бойынша жіктедік. Осы
    жіктелу бойынша Қазақстандағы дағдарысқа қарсы мемлекеттік
    реттеуді кредиторлар мүддесін қорғайтын, төлемдер мерзімі
    бойынша төлемқабілеттілігін анықтайтын, реабилитация мерзімі
    алты айға дейінгі, әлеуметтік бағытталған, жедел диагностикалы
    завдылық деп қарастыруға болады. Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысқа қарсы реттеудің жедел диагностикасы толық суретті жан-жақты көрсетпейтінін анықтадық.

    Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету біз Германия дағдарысты реттеу әдістемесін толықтырып, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету 8 топтан тұратын көрсеткіштер жинағы


    ретінде қарастыруды ұсынамыз: өндірістік бағдарламаның
    орындалуы; өнім сапасы және бәсекеқабілеттіліктің көрсеткіштері;
    өндірістік әлует көрсеткіштері; Еңбек әлуетінің көрсеткіштері;
    қаржылық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету көрсеткіштері; іскерлік белсенділік көрсеткіштері; инвестициялар және инновациялар көрсеткіштері; шығындар жөне өнімнің өзіндік құнының өрсеткіштері; маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің көрсеткіштері. Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің микродеңгейдегі жүйесінің бағыттарымен ұштастыруға тырыстық. Микродеңгейдегі экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету қамтамасыз ету жүйесі 9 бағыттан тұрады. Дегенмен, маркетинг және логистика көрсеткіштері сапа және бәсекеқабілеттілік көрсеткіштерімен қайталанып отырады, бизнес-реинжиниринг міндеті алдыңғы міндеттер оң шама бермегенде қосылады деп ойлаймыз, себебі бизнес-реинжинирг кәсіпорын қызметін қайтадан жобалауды білдіреді. Бүл көрсеткіштердің нормативті шамалары экономикалық әдебиеттерде анықталған деңгейлерден немесе саладағы орташа деңгейден кем болмауы тиіс. Өтімділік коэффиценті 1 шамасында болса, кәсіпорын қаражаттары қолайлы, 2 шамасында болса қатаң орналасқан деп есептеуге болады. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету осылай бағалау арқылы ғана экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету механизмінің диагностикасын толыққанды етіп көрсете аламыз.

    Қазақстандағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсштің дамуымен салыстырғанда 2003 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: Тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуы жалпы өнеркәсіптің дамуымен салыстырғанда 2004 жыл мәліметтеріне сүйенсек, көп кейінде қалып отыр: рентабельділік деңгейі өнеркәсіп бойынша—16,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібі бойынша -2,5%; жұмыскерлердің орташа айлық еңбек ақысы өнеркәсіп бойынша—27759 теңге, салада—9095 теңге, Алматы қаласы бойынша—15647 теңге; негізгі құралдардың тозу деңгейі жалпы өнеркәсіптік кешенде - 41%,салада -51%, Алматы қаласы бойынша - 65,4%-ды құрайды. Осы көрсеткіштердің даму сипаты тоқыма және тігін өнеркәсібінің экономикалық дағдарыс жағдайында тұрғанын көрсетеді.



    Алматы қаласында тіркелген жеңіл өнеркәсіп саласының
    кәсіпорындарының 73%-ы киім өндірісінде шоғырланған (бұл жерде киім ательелері де бар), тоқыма бұйымдарын шығаруға барлық тіркелген кәсіпорындардың 18%-ы, былғарыдан бүйымдар жасауға және аяқ киім өндірісіне 9%-ы ғана маманданған (басқаша сөзбен айтқанда, тұтынушылардың аяқ киімінің барлығы дерлік импортталған тауарлар). Тұтыну тұрғысынан экономикалық дағдарыс жағдай қалыптасқан, себебі Қытайдан, Түркиядан, Қырғызстаннан импортталатын тоқыма тауарларының сапасы көп жағдайда көңілге қонымды емес. Бірақ, бағалары арзан болғандықтан сол импорттықтауарларды тұтынамыз.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9


    ©kzref.org 2017
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет