Жас кәсіпкерлер мен стартаперлер айына миллион теңгеден астам табысқа кенелу үшін 2024 жылы қандай бизнеспен айналысу керек екенін ойланады. Танымал бизнес сарапшылар биылдың ең тиімді кәсіп түрлерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay

Мамандар білім саласына қатысты кәсіп өзекті екенін айтады. 

“Білім беруге қатысты жерлерге барыңыздар, өйткені мектепке дейінгі және мектептегі білім беруде үлкен проблемалар бар. Сондықтан көп жеке мектеп пен балабақшалар ашылып жатыр. ҰБТ тапсыруға көмектесетін мектептер, сондай-ақ дайындық курстары өзекті. Бұл білімге деген сұраныстың нарықта жоғары екенін көрсетеді”, – деді бизнес сарапшысы Серік Сәкенов. 

“Қазір сату мамандары керек. Ол кеңесші немесе сату менеджері болуы мүмкін. Бұл сала әрқашан сұранысқа ие. Кез келген бизнеске қызмет немесе өнімді сататын маман қажет”, – деді сату бойынша сарапшы Ғалия Қоянбаева. 

“Жұрттың біліп, естігенімен, тереңіне бойлай алмаған бағыты – IT бағыты. Қарапайым тілмен айтсақ, бұл маркетплейстер мен төлем терминалдары мен карталар, онда ақшаны алу пайызы және т.б. Өйткені адамдар тапсырыс береді және әлі де ол танымал болады. IT жағынан жетілген қосымшалар одан әрі дамып, табысқа кенеледі”, – деді Серік Сәкенов. 

Ал Ғалия Қоянбаева маркетинг қызметі, маркетологтар, SMM мамандары, мобилографтарды бүгін мен болашақтың кәсібі деп санайды. Алайда ол ұзақ уақыттан кейін ақталатын салаларға жақындамауға кеңес береді. Әсіресе, сол салада тәжірибесі болмаса, яғни соның маманы болмаса, мейрамхана ашудың қажеті жоқ деп санайды. Өйткені ол көлемді инвестицияны қажет етеді және өзін ақтауы үшін ұзақ уақыт керек.

Ал бизнес сарапшысы Сәкеновтың айтуынша, ең тәуекелі жоғары сала – криптовалюта. Оған әсер ететін сыртқы фактор көп. Сондықтан ол жастарды бұған жоламауға шақырды.

“Такси компанияларын да ашу сәтті жоспар емес. Бұрын таксиді 10-15 минут күтсек, қазір такси бір-үш минутта келеді. Бұл тұтынушыларға қарағанда автокөліктердің көп екенін көрсетеді. Жаңа такси компанияларын құру немесе такси жүргізушісі ретінде нарыққа шығу қиынырақ”, – деді ол.

Ол сату бойынша тренер, кассир, банк қызметкерлері сұраныстан кетіп жатыр деп түсіндірді. Себебі бәрі цифрланып жатқандықтан, бұл салада көп жүру қажет емес. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.