Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 4.48 Mb.
бет12/30
Дата09.09.2017
өлшемі4.48 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

Саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтер, ыдысқа және қаптамаға және басқаларына жұмсалатын шығындар), оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету.

Өндірілетін азық-түлік тауарларының өзіндік құнын төмендету мақсатында ыдыс қаптамасын, затбелгі бұйымдарын өндірумен айналысатын отандық компанияларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі есебінен дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Сондай-ақ қайта өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтерге арналған сараланған тарифтерді қолдану бойынша шаралар қабылданатын болады.

Отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау

Ішкі нарықтағы отандық азық-түлік тауарлары айналымының көлемін ұлғайту үшін заманауи форматтағы сауда алаңдарын, сауда-тарату орталықтарын кеңейту, сондай-ақ оларға қолжетімділік бойынша жағдай жасау жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Сыртқы өткізу нарықтарына шығу үшін негізгі көлік бағыттары бойынша шекара маңындағы аумақтарда мамандырылған логистикалық орталықтар желісін құру көзделуде.

Бұдан басқа, биржалық сауданы дамыту әрі әлеуетті отандық және шетелдік сатып алушыларды электрондық сауда алаңына барынша тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Азық-түлік өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту

Отандық өнімді тұтыну мәдениетін дамыту үшін тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіпті дамыту бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында басымдықпен жария етуді талап ететін түйінді хабарламалардың тізбесі айқындалатын болады.

Отандық азық-түлік тауарларының ұлттық брендтерін жасау болжануда.

Халықты тарту үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы үгіт-насихат бағдарламалары жасалатын болады. Бұл ретте, халықтан сапасыз өнім туралы ақпаратты қабылдау үшін қоғамдық қабылдау бөлмелерін құру жұмысы жалғастырылатын болады.

Бұдан басқа, жаңа піскен және табиғи тамақ өнімдерін басым тәртіппен сатып алу жөніндегі талаптарды қосу тұрғысынан азық-түлік тауарларын сатып алу талаптарын қайта қарау, сондай-ақ ішкі нарықта отандық тамақ өнімдерінің жарнамасын шығаруға және көрсетуге жұмсалатын шығындарды субсидиялау көзделеді.

Тамақ индустриясы саласындағы техникалық реттеуді дамыту

Тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оны өткізу нарықтарын кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты сапасыз өнімнен қорғау мақсатында техникалық реттеуде бірқатар шаралар қабылданатын болады.

Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды (бақылауды) жүргізу және жасанды тамақ өнімдерімен күрес кезінде зертханалық зерттеулерге ерекше назар аударылатын болады. Бұл үшін республиканың әрбір өңірінде кемінде 1 сынақ зертханасы құрылатын (жаңғыртылатын) болады.

Бұдан басқа, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу саласы қайта қаралды.

Стандарттарды ревизиялау жүргізіледі, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарын орындау үшін қажетті бақылау әдістеріне және өлшеу әдістемесіне арналған, оның ішінде тамақ өнімдерін сәйкестендіру және оның қолдан жасалғандығын анықтау жөніндегі стандарттар әзірленеді.

Экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру

Ішкі және сыртқы нарықтардағы өзгермелі жағдайларға жедел ден қою мақсатында тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің тауар қозғалысына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Мониторинг нәтижелері негізінде сыртқы сауда қызметін реттеу шараларын қолдану бойынша ұсыныстар қалыптастыру және Еуразиялық экономикалық комиссияға жіберу жоспарлануда.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен бизнес қауымдастықтарды тарту жөніндегі шаралар көзделетін болады.

Тауар айналымының есебін жетілдіру

Аграрлық азық-түлік нарықтарын реттеу шараларын қабылдау үшін тамақ өнеркәсібі мен қайта өңдеуші өнеркәсіптің жай-күйіне толыққанды талдау жүргізу мақсатында азық-түлік тауарлары өндірісін статистикалық бақылау әдістемесіне олардың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатындағы өзгерістер енгізілетін болады, сондай-ақ Кеден одағының елдері арасындағы өзара сауда көлемін есептеу әдістемесі, оның ішінде түзету коэффициенттерін енгізу есебінен жетілдірілетін болады.

Сондай-ақ тамақ өнімдерін шығару жөніндегі кәсіпорындар қуаттарының болуын және пайдаланылуын статистикалық мониторингтеуді жүргізуді қамтамасыз ету қажет.

Агрохимия

Агрохимиялық өнім өндірісінің секторын басым секторға жатқызу қажетті шикізаттың, жұмыс істеп тұрған ірі кәсіпорындардың және ел ішінде де, сол сияқты жақын маңдағы елдердің нарықтарында да агрохимиялық өнімге жоғары сұраныстың болуымен айқындалады.

Қазақстандық агрохимия нарығының көлемі 2013 жылы шамамен 71,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 58 %-дан астамы импортқа тиесілі. Макроөңірдің басым тауарлар топтары бойынша импорт сыйымдылығы шамамен 6,8 млрд. АҚШ долл. құрайды.

Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі 2012 жылы 0,6%-ды құрады, химия өнеркәсібі өндірісіндегі көлемі шамамен 20%-ды құрады (25-кесте).

Агрохимиялық сектордағы өндіріс көлемі 2008 - 2012 жылдар аралығында атаулы мәнде 1,7 есеге өсті және 34,7 млрд. теңгені құрады (25-кесте).

Минералды тыңайтқыштарға әлеуетті қажеттілік шамамен 1 млн. тонна әсер ететін затты құрады, олардың ішінде фосфорлы - 58,4%-ды, азотты - 40%-ды, калийлі - 1,6%-ды құрады. 2013 жылы іс жүзінде 84,5 мың тонна енгізілді, бұл қажетті енгізу нормасынан 12 есе аз. Минералды тыңайтқыштармен өңделген ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 2013 жылы 1,4 млн. гектарды құрады.

ЖҚҚ агрохимиялық секторда 2008 - 2012 жылдардағы кезеңде 2,7 есеге өсті. Қазақстан Республикасындағы еңбек өнімділігі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,7 есеге өсті және 13,6 млн. теңгені құрады, ол ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігінің орташа көрсеткішінен 2,7 есеге төмен.

Минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді экспорттау көлемі 2012 жылы 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13,6 %-ға төмендеді және 63,5 млн. АҚШ долларын құрады, ал аталған кезеңде импорттың көлемі 36 %-ға өсті және 117 млн. АҚШ долларына жуық болды. Агрохимия секторында өнім экспортының қысқаруы мен импортының өсуі ішкі сұраныстың өсуімен байланысты.

Агрохимия секторының 2008 - 2012 жылдардағы дамуының негізгі көрсеткіштері 25-кестеде көрсетілген.

 

25-кесте. Сектор бойынша 2008 — 2013 жылдардағы деректер

 

Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өңдеуші өнеркәсіптегі агрохимия өндірісінің үлесі, %

0,6%

0,5%

0,4%

0,6%

0,6%

0,7%

Химия өнеркәсібіндегі агрохимия өндірісінің үлесі, %

18,9%

17,9%

14,9%

18%

19,4%

21,3%

Өңдеуші өнеркәсіп, млн. теңге

3 359 551

2 945 966

3 844 658

4 801 407

5 446 749

5 882 456

НКИ, өткен жылға %-бен

97,5

97,1

113,9

107,7

101,2

101,6

Химия өнеркәсібі, млн. теңге

106 157

85 542

104 107

147 929

178 971

184 919

НКИ, өткен жылға %-бен

107,4

75,7

121,4

130,1

103,2

103,3

Агрохимия өндірісі, млн. теңге

20 089

15 331

15 509

26 584

34 664

39 480

ҚҚС, млн. теңге**

9 719

8 238

12 900

21 520

26 147

23 674

ҚР-дағы еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

4 964

3 999

6 939

11 772

13 618

15 557

ҚР-дағы еңбек өнімділігі, долл./адам

41 168

26 895

47 073

79 594

90 533

100 993

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа еңбек өнімділігі, долл./адам

204 402

194 394

236 331

247 917

248 843

 

Жалданған жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

1958

2 060

1 859

1 828

1 920

2 029

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

24

22

21

25

28

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

ірі

3

3

3

3

2

 

орташа

1

1

1

2

2

 

шағын

20

18

17

20

24

 

Қуат жүктемесінің дәрежесі, %*

44,4

38,8

42,8

39,6

38,8

 

Жабдықтың тозуы, %

28,7

52,7

37,7

37,6

38,7

 

Инвестициялар, млн. теңге

338

484

424

1 851

3 484

782

Негізгі құралдарды жаңарту коэффиценті, %

5,6

3,9

39,2

55,2

8,9

 

Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге

4 254

4 090

6 358

10 213

16 954

 

Экспорт, млн. АҚШ долл.

74,1

17,1

28,5

72,8

64,3

70,7

Импорт, млн. АҚШ долл.

231,0

196,8

186,3

212,0

263,4

255,2

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

25-кестеге:

ескертпе: * - көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ-ның статистикалық деректері негізінде есептелген.

Қазақстанда минералды тыңайтқыштардың өндірісін фосфорлы және азотты тыңайтқыштардың өндірушілері: «Қазфосфат» ЖШС (суперфосфат, аммофос) және «ҚазАзот» ЖШС (аммоний нитраты) ұсынады.

Калийлі тыңайтқыштардың өндірісі бойынша ірі кәсіпорындар бүгінгі күні жоқ, алайда Қазақстанның батыс өңіріндегі калий шикізатының кен орнында геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.

Азотты тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 403 мың тоннаны құрады, оның 165 мың тоннасы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылды, ал 319 мың тоннасы импортталды. Фосфорлы тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 60,7 мың тоннаны құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында 69,5 мың тонна шығарылды, ал импорты шамалы. Калийлі тыңайтқыштарды тұтыну 2012 жылы 22 мың тоннаны құрады, оның бүкіл көлемі импортқа тиесілі. Қазақстан Республикасында кешенді тыңайтқыштардың нарығы толықтай импорттық өнімдерден тұрады және шамамен жылына 6 мың тоннаны құрайды.

Пестицидтер өндірісінің сегментін негізінен өсімдіктерді қорғау құралдарының формуляциясымен айналысатын шағын кәсіпорындар ұсынады: «Агрохимия» ЖШС, «КазТрастКем» ЖШС, «Бай Жер» ЖШС, «Astana-NanChemicals» ЖШС, «Гербицидтер» АҚ. Елімізде пистицидтерді тұтыну 2012 жылы 28,5 мың тоннаны құрады, оның ішінде 10,5 мың тоннасы өндірілген, ал 18 мың тоннасы импортталған.

Секторды дамыту үшін халықаралық химия компанияларын агрохимия секторына тарту қажет. Айталық, DuPont компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шарушалығы үшін химия өнімдерінің өндірісін құруды жоспарлап отыр. Ресейдегі минералды тыңайтқыштарды ірі өндірушілердің бірі «ЕвроХим» ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - ААҚ) кешенді тыңайтқыштар өндіру зауытын салуды жоспарлауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет