Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 4.48 Mb.
бет14/30
Дата09.09.2017
өлшемі4.48 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30

 

Басым жобалар

Бағдарлама шеңберінде агрохимиялық секторды дамытудағы мемлекеттік саясат күрделі (NPK-тыңайтқыштары), калийлі тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру жөніндегі басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.

2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес өндіріс көлемін және өнімнің қосылған құнын арттыруға, секторда жаңа өндірістерді құруға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 454 млрд. Теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылады.

Ақтөбе облысында Шилісай кен орнының кені базасында күрделі минералдық тыңайтқыштар (МАФ/ДАФ) мен Жилян калий тұздарының кен орны базасында калийлі тыңайтқыштар өндірісін іске қосу жоспарлануда.

Жамбыл облысында агрохимиялық өнімдер өндірісі жөніндегі бірқатар жобалар жоспарланған. 2019 жылға дейін жылына 1 млн. Тонна минералдық тыңайтқыштар өндірісіне қол жеткізу, калий сульфаты (жылына 300 мың тонна) мен глифосат (жылына 10 мың тонна) өндірісі жөніндегі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Мынадай жобаларды пысықтау жүргізілуде: кейіннен жем-шөп фосфаттарын шығара отырып, экстракциялық фосфор қышқылын шығару, метанол және аммиак негізінде бірқатар химия өнімдерін (формальдегид, сірке суы және сірке қышқылы, аммиак селитрасы, азот қышқылы, карбамид, кешенді тыңайтқыштар мен карбамидтік-формальдегидтік және меламиноформальдегидтік шайырлар) шығару, «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер кешенін ұсыну бойынша агрохимиялық сервистік орталықтарды құру.

Өнеркәсіпке арналған химикаттардың өндірісі

Өнеркәсіпке арналған химикаттарды өндіру секторы өнеркәсіптің дәстүрлі салалары (кен-металлургия кешені (бұдан әрі - КМК) және мұнай-газ саласы) үшін де, сол сияқты жоғары технологиялық секторлар (электрондық өнеркәсіп, аккумуляторлар, энергия тиімді және инновациялық құрылыс материалдары өндірісі, машина жасау) үшін де шикізаттың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың жеткізушісі болып табылады. Өнеркәсіпті дамыту жалпы сектор өніміне сұранысты ұлғайтуға алып келеді.

Өнеркәсіпке арналған химикаттардың Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндірістері негізінен базалық химия өнімдерімен: пайдалы қазбаларды өндіру, минералды тыңайтқыштарды өндіру кезінде пайдаланылатын бейорганикалық қышқылдармен және сілтілермен, сондай-ақ лак-бояу өнімімен, жарылғыш заттар мен үстіңгі белсенді заттармен (бұдан әрі - ҮБЗ) ұсынылған.

2012 жылы ішкі нарықтың сыйымдылығы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Басым тауарлар топтары бойынша Қазақстан импортының көлемі 300 млн. АҚШ долл. Асады, макроөңірдің сол тауарлары бойынша импорттық сыйымдылығы шамамен 6 млрд. АҚШ долл.

Өңдеуші өнеркәсіп бойынша орташа алғандағы сектордың үлесі 2%-ды, химия өнеркәсібінде - 68%-ды құрайды. Сектор өндірісінің көлемі 2012 жылы 118,5 млрд. Теңгені құрады, ол 2008 жылға қарағанда 60%-ға артық. 2012 жылы 2008 жылмен салыстырғанда сектордың ЖҚҚ 2,5 есеге өсті. Еңбек өнімділігі 2,3 есе өсті. Дегенмен, бұл ЭЫДҰ елдерінің ұқсас көрсеткіштерінен 2 есе төмен.

Сектор кәсіпорындарындағы жабдықтардың тозуы 40%-ға жетеді, қуаттардың жүктелуі 60%-дан астам. Қуаттың жоғары жүктелуі экспортаушы-кәсіпорындар: «АХҚЗ» АҚ мен «Қазфосфат» ЖШС тиесілі. Негізгі құралдарды жаңғырту коэффициентін 2012 жылы 8,5%-ға ұлғайту жабдықтың тозу коэффициентін 2011 жылғы 45%-дан 2012 жылы 30%-ға дейін төмендетуге ықпал етті.

Өнеркәсіп үшін химикаттардың өндірісі секторындағы экспорт 2008 жылмен салыстырғанда 16,4%-ға өсті және 600 млн. Астам АҚШ долларын құрады. Экспортқа, негізінен, төменгі бөліністегі өнімдер шығады, ал импортты өңдеу дәрежесі неғұрлым жоғары тауарлар құрайды.

Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісі секторын дамытудың 2008 - 2012 жылдардағы негізгі көрсеткіштері 29-кестеде ұсынылған.

 

29-кесте Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.

 

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Сектордың өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі, %

2,2

2,0

1,9

2,1

2,2

2,0

Сектордың химия өнеркәсібіндегі үлесі, %

70,0

69,0

69,6

66,6

66,2

64,7

Өнеркәсіп үшін химикаттар өндірісінің көлемі, млн. Теңге

74 275

59 055

72 474

98 527

118555

119 685

ЖҚҚ, млн. Теңге

37 677

33 670

63 571

83 964

93 740

75 762

ЭЫДҰ бойынша орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам.

104167

104304

111909

117373

117105

 

Еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам.

24308

18912

33899

32508

45273

 

Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам.

2 931

2 812

4 997

4 808

6 810

 

Жалданған қызметкерлердің тізімдік саны, адам

12 856

11 972

12 723

17 465

13 766

13 703

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

138

154

156

155

153

 

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

ірі

6

7

9

9

8

 

орта

12

16

19

17

20

 

шағын

120

131

128

129

125

 

Инвестициялар, млн. теңге

6 645

29 295

17 381

19 870

40 391

26 462

Жабдықтың тозуы, %

35,3

37,4

41,1

44,8

30,1

 

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %

10,6

10,4

13,1

11,9

20,4

 

Жыл соңында бастапқы құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

10 884

4 218

10 377

18 276

26 097

 

Экспорт, млн. долл.

516,0

269,3

369,6

511,5

600,6

624,9

Импорт, млн. долл.

1040,1

893,5

1054,8

1209,3

1296,3

1459,1

Каталог: upload
upload -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет