Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 4.48 Mb.
бет23/30
Дата09.09.2017
өлшемі4.48 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

Қазақстандағы локомотивтердің жалпы паркі 2012 жылы 1866 локомотив болды, оның ішінде 552 электровоз, 1314 тепловоз бен ерекше жүйе локомотивтері бар.

Жолаушылар вагондарының жалпы паркі 2012 жылы 2302 бірлікті, автомотрисалар 355 бірлікті, жүк вагондары 55 бірлікті құрады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы жүк вагондарының жалпы паркі 127 695 бірлікті құрады, оның 66 503 бірлігі (52%) мүкәммалдық және 61 192 бірлігі (48%) меншікті болып табылады.

2008 - 2012 жылдар аралығындағы кезеңде сектордың абсолюттік мәндегі ЖҚҚ көлемі 2,5-тен 31,9 млрд теңгеге дейін өсті. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның (бұдан әрі - ҚТЖ) деректері бойынша 2012 жылы сектор ЖҚҚ құю және металл өңдеу өндірістерін ескере отырып, 64 млрд. теңгені құрады.

Секторда еңбек өнімділігі 2012 жылы 70,3 мың АҚШ доллары/адамға дейін жетті. Секторда жұмыспен қамтылған адамдар саны 159 адамнан 3 654 адамға дейін 23 есе өсті.

2012 жылы теміржол өнімінің экспорты 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 68,4 млн. АҚШ долларын (10,4 млрд. теңге) құрады.

 

44-кесте. 2008 - 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер

 

Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Машина жасау, млн. теңге

301 386

281310

376 184

536 876

687 235

853 923

НКИ, өткен жылға %-бен

89,7

82,5

133,6

119,0

116,5

114,6

Теміржол техникасы, млн. теңге

5 193

7 543

22 394

60 823

95 422

138 326

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі, өткен жылға %-бен

176,2

119,6

797,9

146,8

142,3

111,5

Өңдеуші өнеркәсіптегі теміржол техникасы өндірісінің үлесі, %

0,2

0,3

0,6

1,3

1,8

2,4

Машина жасаудағы теміржол техникасы өндірісінің үлесі, %

1,7

2,7

6,0

11,3

13,9

16,2

ЖҚҚ, млн. теңге*

2 454,7

3 077,2

8 785,9

20 427,0

31 899,6

17 112,7

Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

159

145

623

2158

3043

3 654

Еңбек өнімділігі

15 438,4

21 222,1

14 102,6

9 465,7

10 482,9

-

-

128,3

143,9

95,7

64,6

70,3

-

-

ЭЫДҰ елдері бойынша орташа өнімділік, АҚШ доллары

92,8

89,6

90,5

100,6

96,8

 

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

-

-

9

11

17

-

Қуат жүктемесінің дәрежесі, %

 

 

 

 

 

 

Жабдықтың тозу дәрежесі, %

20,4

31,4

3,1

13,0

19,2

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

4 382

132

2 984

8 589

9 008

4 384

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %

3,2

5,5

67,5

27,2

29,2

-

Жыл соңында негізгі құралдардың бастапқы құны бойынша болуы, млн. теңге

346,0

201,7

15939,3

27752,8

37986,4

-

Экспорт, млн. АҚШ доллары

38,7

6,6

73,8

48,4

76,3

69,3

Импорт, млн. АҚШ доллары

812,8

525,3

855,7

1448,0

2355,4

1193,7

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, TradeMap

Теміржол машинасын жасаудың әлемдік нарығындағы ең ірі ойыншыларға Bombardier (Канада), Alstom (Франция), Siemens (Германия), General Electric (АҚШ), General Motors (АҚШ) компаниялары жатады. Осы 5 компания өндірісінің шығарылымы әлемдік нарық үлесінің 60 %-ын құрайды.

Теміржол техникасы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігіне өнімнің экспорттық нарықтарына қолжетімділік, технологиялық және инновациялық әлеует, өнім берушілердің экожүйесі және адами ресурстардың қолжетімділігі мен сапасы сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.

Сектордың түйінді проблемалары:

1) техникалық реттеудің жеткілікті дамымаған жүйесі (КО шеңберінде теміржол өнімдерінің сәйкестігін бағалауды растау жөніндегі органның болмауы);

2) нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілер;

3) КО шеңберінде сертификаттау сынақтарын өткізу үшін сынақ орталықтарының және/немесе зертханалардың болмауы;

4) халықаралық талаптарды ескере отырып, теміржол машинасын жасау стандарттарын үйлестіру қажеттілігі);

5) түйінді жиынтықтауыштарды жеткізушілердің дамымауы;

6) қаржы ресурстарының төмен қолжетімдігі;

7) бірыңғай технологиялық саясатты қамтамасыз ету мақсатында машина жасау кәсіпорындарының конструкторлық-технологиялық бюросының жеткіліксіз үйлестірілуі;

8) әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті меншікті әзірлемелердің болмауы және технологиялар импортына тәуелділік;

9) тиісті біліктілігі бар жұмысшылар мен инженер кадрлардың жетіспеуі.

Мақсаты: теміржол техникасын өткізу үшін жаңа нарықтарды игеру және секторда құрауыштар мен жиынтықтауыштар өндірісінің оқшауландыру деңгейін арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің (45-кесте):

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде 2,8 есеге;

2) жұмыспен қамтудың 1,5 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,9 есеге;

4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 3,5 есеге өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

45-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

р/с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. меже

2012 жылға қатысты болжам

2012 ж. қатысты 2019 ж. %-бен

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

1

Жалпы қосылған құн

%

100

140,1

169,6

214,1

254,4

281,8

283,7

284,0

в 2,8 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

3,0

3,7

3,7

4,0

4,4

4,6

4,5

4,5

1,5 мың адам

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%,

100

116,7

137,6

161,5

176,6

187,3

189,8

189,8

1,9 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорт көлемінің құндық көлемі

%,

100

90,8

116,5

138,2

171,1

233,2

295,3

348,9

3,5 есе

 

Міндеттер:

1) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтарда техникалық кедергілерді еңсеру;

2) КО шеңберінде теміржол өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі органды құру;

3) КО шеңберінде сертификаттау сынақтарын жүргізу үшін сынақ орталықтарын және/немесе зертханалар құру;

4) халықаралық талаптарды ескере отырып, теміржол машинасын жасау стандарттарын үйлестіру;

5) шикізаттық емес тауарларды өткізу үшін нарықтарды кеңейту;

6) жылжымалы құрамға арналған жоғары технологиялық бұйымдардың жекелеген түрлерінің жаңа өндірістерін ашу;

7) түйінді құрауыштар мен жиынтықтауыштарды жеткізушілерді дамыту;

8) қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру;

9) технологиялар трансфертін және ҒЗТКӘ қолдау;

10) теміржол саласының өнімі өндірісінің бірыңғай технологиялық саясатын қамтамасыз ету мақсатында машина жасау кәсіпорындарының конструкторлық-технологиялық бюроларын үйлестіруді одан әрі дамыту;

11) біліктілігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету.

Қызметтің басым түрлері

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам, сондай-ақ, теміржол техникасына жиынтықтауыштар өндірісі сектор қызметінің басым түрі болып табылады (ЭҚЖЖ 3020).

Басым тауарлар топтары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет