Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 4.48 Mb.
бет25/30
Дата09.09.2017
өлшемі4.48 Mb.
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 

Дереккөзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. 47-кесте: ескертпе:

* еңбек өнімділігі ЖҚҚ-сын секторда жұмыспен қамтылғандардың санына бөлуден алынған мән ретінде есептелген.

** көрсеткіш «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептелген.

Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтардың әлемдік нарықтағы аса ірі ойыншылары Caterpillar (АҚШ, 65,9 млрд. АҚШ долл.), Thyssen Krupp (Германия, 52 млрд. АҚШ долл.), Hyundai heavy industries (Оңтүстік Корея, 48,8 млрд. АҚШ долл.), Komatsu (Жапония, 23,9 млрд. АҚШ долл.), Kubota (Жапония, 12,2 млрд. АҚШ долл.), Sany heavy industries (Қытай, 8,1 млрд. АҚШ долл.) компаниялары6 болып табылады.

Сектордың бәсекеге қабілеттілігіне қаржы ресурстарының қолжетімділігі, технологиялық және инновациялық әлеует, жекелеген кәсіпорындардың тиімділігі, адами ресурстардың қолжетімділігі және сапасы сияқты бірқатар түйінді факторлар әсер етеді.

______________

62013 жылғы сату көлемі бойынша деректер

Сектордың түйінді проблемалары:

1) өндірістердің техникалық артта қалуы;

2) жалғыз және аз сериялы өндіріс жағдайында шығарылған қосалқы бөлшектер үлесінің өсуі;

3) өндірістің ресурсты аса қажет етуі;

4) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;

5) негізгі қорлардың тозуы;

6) қолжетімді қаржы ресурстарының болмауы;

7) техникалық реттеудің жеткілікті дамымауы;

8) әлемдік аналогтармен салыстырғанда шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі: бағасы бойынша - Қытаймен және Ресей Федерациясымен, сапасы мен өнімділігі бойынша - еуропалық және америкалық аналогтармен салыстырғанда.

Мақсаты: бәсекеге қабілетті өнім өндірісінің көлемін ұлғайту және тауарлық номенклатураны әртараптандыру.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы экономикалық көрсеткіштердің 2012 жылғы деңгейіне қол жеткізуге (48-кесте):

1) жалпы қосылған құнның 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 1,2 есе;

2) секторда жұмыспен қамтылғандар санын сақтауға;

3) еңбек өнімділігін 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 1,3 есе;

4) шикізат емес экспорттың құндық көлемін 2012 жылмен салыстырғанда 2019 жылға қарай 2 есе өсіруіне мүмкіндік береді.

 

48-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

р/ с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж. есеп

2013 ж. меже

2012 жылмен салыстырғандағы болжам

2012 жылға қатысты 2019 жыл, есе

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

100,2

102,2

110,2

113,8

117,5

121,2

121,4

1,2 есе

2

Жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

6,8

6,8

6,9

6,7

6,6

6,5

6,4

6,2

 

-

3

Еңбек өнімділігі

%

100

99,7

101,4

111,4

117,2

123,1

129,0

129,0

1,3 есе

4

Шикізаттық емес экспорттың құндық көлемі

%

100

100,2

102,2

110,2

113,8

117,5

121,2

121,4

2 есе

 

Міндеттер:

1) жоғары технологиялы жаңа өндірістерді құру;

2) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістерін жаңғырту және ресурсты қажет етуін азайту;

3) әртараптандыруды ынталандыру және нарықта талап етілетін өнімді шығару;

4) шикізаттық емес тауарларды сату үшін нарықтарды кеңейту;

5) ішкі нарықтағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және нысаналы экспорттық нарықтардағы техникалық кедергілерді еңсеру;

6) ҒЗТКӘ және технологиялар трансфертін қолдау, офсеттік саясат;

7) қаржы ресурстарына қолжетімділікті арттыру;

8) жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

Қызметтің басым түрлері

Қызметтің басым түрлері металлургияға арналған машиналар мен жабдықты, тау-кен өндіру өнеркәсібіне, жерастын игерумен құрылысына арналған техниканы, басқа топтарға енгізілмеген арнайы мақсаттағы басқа машиналар мен жабдықты өндіру болып табылады (ЭҚЖЖ 2891, 2892, 28997).

______________

728991 және 28992 қосыпағанда

Тауардың басым топтары

Даму үшін басым тауарлық топтарға және секторды дамыту бағыттарына елдің кен металлургиясы кешенінің мұқтажына арналған машиналар мен жабдықтар - тау кен-шахта машиналары мен жабдықтары, карьерлік техника, байыту және металлургия машиналары мен жабдықтары өндірісі жатқызылған (49-кесте).

Сектордағы дамудың келесі басымдығы жиынтықтауыштар мен қосалқы бөлшектер өндірісі, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру болып табылады.

Сондай-ақ даму басымдықтарына сервистік және қосалқы өндірістерді ұйымдастыру жатқызылған.

 

49-кесте. Тауардың басым топтары.

 

ЭҚТӨЖ-6

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импортты қажет етуі, мың АҚШ доллары

Макроөңір нарықтарының импортты қажет етуі, мың АҚШ доллары

289226

Толық бұрылатын машиналар

179 087

3 712 074

289225

Алдыңғы жағында орналасқан бір шөмішті тиегіш машиналар

133 952

1412 735

289939

Жеке функциялары бар өзге де машиналар және механикалық керек-жарақтар

92 963

8 210 356

289212

Өздігінен жүретін бұрғылау немесе қазу машиналары

75 372

885 589

289261

Бұрғылау немесе қазу машиналарынға арналған бөлшектер

97 460

1 261 713

289262

Топырақты, тасты, кенді немесе қатты күйдегі басқа да минералды қазбаларды сорттауға, жууға, ұсақтауға, уатуға, қосуға немесе араластыруға арналған жабдықтың бөлшегі

41 615

509 174

289229

Жолсыз жағдайларда пайдалануға арналған өздігінен жүретін автомобильдер

85 840

1 499 635

289240

Уақтауға және ұсақтауға арналған машиналар

73 529

1 061 163

289221

Бұрылмайтын және бұрылатын қайырмасы бар, шынжыр табан бульдозерлер

51 070

939 533

289227

Өзге де механикалық күректер, экскаваторлар және бір шөмішті тиегіштер

41 113

496 663

289230

Қоғамдық жұмыстарға, құрылысқа немесе басқа ұқсас жұмыстарға арналған жабдық

24 164

585 201

Каталог: upload
upload -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
upload -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
upload -> Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №35 бұйрығымен бекітілген тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан
upload -> 2018 жылға арналған Жарқайың ауданы бойынша айтақты және естелік күнтізбесі 24 маусым
upload -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет