Мемлекеттік бағдарламасы



жүктеу 4.48 Mb.
бет6/30
Дата09.09.2017
өлшемі4.48 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

5) бәсекеге қабілетті отандық өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемдерін қысқарту;

6) ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру;

7) шикізаттық емес тауарларды өткізу және қосылған құнның жаһандық тізбектеріне (бұдан әрі - ҚҚТ) қатысу үшін нарықтарды кеңейту;

8) жұмыс істеп тұрған өндірістерді және инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;

9) саланы техникалық орта буынның орта білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;

10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту.

Қызметтің басым түрлері

Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (9-кесте).

 

9-кесте. Қызметтің басым түрлері

 

ЭҚЖЖ-4

Атауы

2441

Асыл (бағалы) металдар өндірісі

2442

Алюминий өндірісі

2443

Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі

2444

Мыс өндірісі

2445

Өзге де түсті металдар өндірісі

 

Басым тауарлар топтары

2015 - 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал ететін басым тауарларды/тауар топтарын өндіру жөніндегі кәсіпорындар қуаттарының жаңаларын құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталатын болады (10-кесте).

 

10-кесте. Басым тауарлар топтары, тоннамен

 

ЭҚТӨЖ

Атауы

ҚР-да өндіру

Импорт

Ресей

Қытай

Қалған елдер

24.44.26

Мыс құбырлар мен түтіктер

-

1 428,9

129,3

417,3

24.44.23

Мыс сым, мыс шыбықтар мен пішіндер

-

651,4

82,5

173,3

24.44.24

Мыс тақтайлар, табақтар және жолақтар немесе таспалар

-

518,8

9,8

249,7

24.42.22

Алюминий шыбықтар мен профильдер

-

3 392,3

1 374,8

3 061,1

25.11.10

Алюминий металл конструкциялары

-

24 616,2

811,5

1455,2

25.91.11 25.91.12

Күбілер, атанақтар, құтылар, жәшіктер және ұқсас сыйымдылықтар

-

4 903,8

33,2

452,4

 

Жиыны:

-

35 507,0

2 441,0

5 809,0

 

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат базалық металдар: мыс, алтын, титан, алюминий өндірісін кеңейтуге; мына бұйымдардың: илек, сым, прокат, пішін және қорытпалар, фольга, зергерлік бұйымдар, аралас салаларға арналған бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.

Бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес инвестициялар көлемі 800 млрд. теңгеге жуық ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Алматы облысында қуаты жылына 12 мың тонна алюминий пішіндерінің өндірісін құру жоспарланып отыр.

Ақмола облысында ЖСМҰК жылына өндіріс көлемі 3000 тонна жерде сирек кездесетін металдар өндірісін ұлғайту жөніндегі жоба іске асырылатын болады.

Шығыс Қазақстан облысында 85 мың тонна мыс концентраты мен 25 мың тонна катод мысына арналған жаңа байыту қуаттарын пайдалануға енгізе отырып, Ақтоғай кен орнын игеру жөніндегі жоба іске асырылады; Бақыршық кен орнында катод алтынын өндіру жөніндегі жобаны іске асыру жалғасады.

Қуаты жылына 6 мың тоннаға жуық құрылған сом титандар мен қуаты жылына 15 мың тонна ильменит концентратының өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Қазақстанда бұрын өндірілмеген никель өндірісі бойынша қуаты 40 мың тонна тауарлық ферроникельдің «Горностаевский» кобальт-никель рудаларының кен орнында металлургия комбинатын салу мәселесі пысықталуда.

Қарағанды облысында жаңа гидрометаллургиялық технологияға ауыстыру арқылы мыс балқыту зауытын реконструкциялау жүргізілуде, бұл мыс өндіру көлемін сақтап, қуаты 60 мың тонна катод мысы болатын Жезқазған кен орнын пайдалану мерзімін ұзартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Павлодар облысында Бозшакөл кен орнын игеру жобасын іске асыру жалғасын табады.

Қызылорда облысында ванадий өндіру жөніндегі мәселе пысықталуда. Бала-Сауысқандық және Қорымсақ кен орындарында ванадийдің бірегей қорлары бар.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жылына 2,5 тоннаға дейін скандий өндіру көлемімен уран ерітінділерінен алынатын скандийдің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау және орналастыру жөніндегі мәселе пысықталуда.

Бастапқы алюминийді шығаруды ұлғайту жөніндегі жоба пысықталатын болады.

Мұнай өңдеу

Мұнай өңдеу нарықтық перспективаларды, экономикалық әсерді және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіптің неғұрлым тартымды секторы болып табылады. Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде сектордың айтарлықтай үлесі бар - 13,8 %, бұл ретте көрсеткіш серпіні бірнеше жылдар бойы жағымды болып табылады.

Қазақстанның мұнай өнімдері нарығының орташа жылдық өсімі 2008 - 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 35,7 %-ды құрап, 2013 жылы 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Нақты өндіріс көлемі 20,5 % ұлғая отырып, 13,7 млн. тоннадан (2008 жыл) 16,5 млн. тоннаға дейін (2012 жыл) өсті. Импорттың орнықты ұлғаюы да байқалды, оның мәні 2013 жылы 1,8 млрд. АҚШ долл. дейін жеткен, оның ішінде 89%-ы дистиляттар (жеңіл - 45%, орта және ауыр - 44%).

Сектордың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі байқалуда. Еңбек өнімділігі 2008 - 2012 жылдар кезеңінде бір адамға шаққанда 54,7 млн. теңгеге 2,3 есе өсті. Бұл жалпы қосылған құнның 449 млрд. теңгеге дейін 2,7 есеге едәуір өсуіне байланысты болды, ал жұмыспен қамту 16%-ға ғана артып, 9,1 мың адамды құрады. Экспорт 2008 - 2013 жылдар кезеңінде жыл сайын 9,4%-ға артып, 2013 жылы 4,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Экспорттың шоғырлануы мейлінше жоғары - оның ақшалай көлемінің 86%-ы орта және ауыр дистилляттарға (67%), сондай-ақ сұйытылған пропанға (19%) тиесілі.

Сектор бойынша негізгі көрсеткіштер 11-кестеде берілген.

 

11 -кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер

 

 

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі, %

6,3

7,2

9,2

8,5

11,5

13,8

Мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге

210 559

211456

352 582

407 360

626 783

810 222

НКИ, өткен жылға %-бен

103,1

105,0

114,2

100,9

100,5

101,4

ЖҚС, млн. теңге

183 288

225 387

354 523

448 541

499 377

350 017

Жалданған қызметкерлердің тізімдік саны, адам

7 860

8 193

8 686

9 184

9 130

9 323

Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

23 319

27 510

40 815

48 839

54 696

37 543

Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл./адам

193,8

186,5

277,0

333,1

366,8

246,8

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

36

40

47

38

38

-

оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Ірі

4

4

5

6

5

-

Орта

4

5

5

6

6

-

Шағын

28

31

37

26

27

-

Жылдың соңында бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

121 622

130 177

148 445

184 662

212 269

-

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %

24,2

27,7

31,0

28,9

32,6

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

40 118

25 095

36 177

49 272

56 707

75 905

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %

6,9

4,1

6,7

2,6

4,1

-

Қуаттардың жүктелу деңгейі**, %

49,7

47,7

56,7

61,5

62,1

62,8

Экспорт, млн. АҚШ долл.

2 967

1665

2 649

3 872

4410

4 642

Импорт, млн. АҚШ долл.

1 747

895

539

1 476

1 659

1753

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

11-кестеге:

Ескертпе: *негізгі үш зауыт бойынша орташа өлшенген жүктелім

Атырау мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - МӨЗ), Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты (бұдан әрі - МХЗ) бірге сектордағы өндіріс көлемінің 90%-дан астамын қамтамасыз етеді. Павлодар МХЗ Ресей Федерациясынан келетін батыс-сібір мұнайын қайта өңдеуге бағдарланған. Қалған екі МӨЗ отандық мұнайды қайта өңдеуге бағдарланған. Шағын МӨЗ өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы салдарынан олардың мұнай өңдеу секторының жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 5,8%-ға дейін қысқарды және өсуі күтілмейді. Бұл мұнайды өңдеу тереңдігі мен өнім сапасын шектейтін өндірістік және технологиялық ерекшелікке байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет