«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»



жүктеу 18.73 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі18.73 Kb.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Сіз зейнеткерлікке шығасыз, бірақ құжаттарды ресімдеу жұмысын неден бастауды білмейсіз? Ата-аналарыңыз зейнеткерлікке ресімдеу үшін көмек көрсетуді сұрайды?. Біз сіздерге «мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу туралы айтып береміз.

Қазақстан тұрғындарына ХҚКО арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «электронды үкімет» веб-порталы арқылы зейнеткерлікті ресімдеу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметті ХҚКҚ арқылы ресімдегенде ұсынылуы қажет: үлгі бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі, шетел азаматтарының ықтияр хаты) сондай-ақ оралмандарға оралманның жеке куәлігі; қызмет алушының тұрақты тіркелген мекен-жайын айқындайтын құжат (мекен-жайлық анықтама, немесе ауылдық әкім анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясының Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарын есепке алу және тіркеу анықтамасы); зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым бөлімшесінің банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер;

Уәкілетті ұйым бөлімшесіне өтініш бергенде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады.

Қамқоршы (қорғаншы) анықталған жағдайда қамқоршы (қорғаншы) екенін анықталғанын айқындайтын құжат ұсынылады, үшінші тұлға өтініш пен қажетті құжаттарды берген жағдайда сенімхат ұсынылады.

Портал арқылы ресімдеген жағдайда: электронды құжат түрінде сұраныс қызмет алушының ЭСҚ куәландырылады.

ХҚКО арқылы құжаттарды тапсырған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету 10 жұмыс күні ішінде көрсетіледі, портал арқылы тапсырылғанда МЗТО ақпараттық жүйесіне электронды сұраныс түскен кезеңнен бастап 30 минуттан аспайтын мерзімде көрсетіледі. Дегенмен, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қажет болған жағдайда іс материалдарын толық ресімдеу үшін ұзартылуы мүмкін.

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету тегін көрсетіледі.



ХҚКО арқылы құжаттарды тұрғындар дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз тапсыра алады.

Қызмет алушының тілегі бойынша электронды кезекті «брондап» қоюға болады. «Электронды үкімет» порталы арқылы зейнеткерлікке тәулік бойы ресімдеуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет