Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы



жүктеу 1.26 Mb.
бет1/8
Дата30.04.2019
өлшемі1.26 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.08.2014 18:55:05
Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 Қаулысы


 

Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.

3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Токобаев Н.Т.):

1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы «Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

 

 


Төраға

Б. Жәмішев

 

Қазақстан Республикасы Қаржы



нарығын және қаржы ұйымдарын

реттеу мен қадағалау агенттігі

Басқармасының

2005 жылғы 30 шілдедегі

269 қаулысының



1-қосымшасы

 

Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік

тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының

күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау

ережесi

 

Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ереже (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі - Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі - облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептерді қараудың және бекітудің талаптары мен тәртібін айқындайды.



 

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

 

1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.



Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.

Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.

Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттік тілде және орыс тілінде (қоғамның қаржылық есебін қоспағанда) екі данада жасалады. Екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісі бар.



Мыналар облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:

аудиторлық есептермен расталған соңғы екі қаржы жыл үшін эмитенттің (қайта құрылған эмитентті қоспағанда) жылдық қаржы есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);

облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);

облигацияларды ұстаушылар өкілдерімен жасалған шарттардың көшірмелері;

эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері (егер осындай ұйымдармен шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);

жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепілдік шарттың көшірмелері инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөліктері болып табылады.

Оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебі, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендірудің осы мәмілесі бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісіндегі мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда (осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілген), уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкілетті органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілікті қоғам акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).

Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.

Егер облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитент органының отырысынан үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;

отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);

отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

отырыс кворумы;

шешімдері облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығаруға әкеп соқтырған отырыс күн тәртібінің мәселелері;

облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

облигацияларды (облигациялық бағдарламаны) шығару жүзеге асырылатын мәселе бойынша қабылданған шешім.

Эмитент органы отырысының шешімінен үзінді көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 Қаулысымен мазмұн 1-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2011.26.08. № 96 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.24.02. № 77 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.25.05. № 195 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.24.08. № 235 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.18.04. № 52 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-1-тармақ жаңа редакцияда



1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).

Standard&Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттіктерінің халықаралық шәкілі бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левереджінің шамасы халықаралық қаржы ұйымдарының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайды.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 Қаулысымен 1-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен 1-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:

1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы;

2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;

3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.

 ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 Қаулысымен мазмұн 1-3-тармақпен толықтырылды

1-3. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.04. № 89 Қаулысымен мазмұн 1-4-тармақпен толықтырылды; ҚР ҚҚА Басқармасының 2011.28.02. № 17 Қаулысымен 1-4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1-4. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.25.06. № 87 қаулысымен 1-5-тармақпен толықтырылды; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен 1-5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.15.04. № 99 (бұр. ред. қара); 2007. 30.04. № 110 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді; ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.29.11. № 268 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Уәкілетті орган осы Ереженің талаптарына сәйкес тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент:

1) еркін нысанда жазылған өтінішті;

2) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектісін қағаз тасымалдағышта екі данада және Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есептілігінсіз) қазақ және орыс тілдерінде бір данада ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі қамтылады;

3) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жіберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесінде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылатын облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесін ұсынады.

Егер облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитенттің органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме нысанында ұсынылса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;

отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);

отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;

отырыс кворумы;

отырыстың күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты мәселелері;

дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша қабылданған шешім.

Эмитенттің органы отырысының шешімінен үзінді көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) және эмитенттің бірінші басшысының не оның орнындағы адамның қолымен және эмитент мөрінің бедерімен расталады.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007. 30.04. № 110 қаулыcымен 2-1-тармақпен толықтырылды 

2-1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.24.02. № 77 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2-2. «Standard & Poor's» агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті органмен «Moody's Investors Service» және «Fitch» агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары да танылады.

2-3. ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.25.06. № 87 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.25.05. № 195 Қаулысымен 2-4-тармақпен толықтырылды



2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.

Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік тілде және орыс тілінде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттік тілде және орыс тілінде (қоғамның қаржылық есептілігін қоспағанда) екі данада жасалады. Екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісі бар. Бұл ретте осы Ереженің 1-қосымшасының 8, 10, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 36-1 және 36-4-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) шығару кезінде толтырылмайды.

ҚР ҚҚА Басқармасының 2007. 30.04. № 110 (бұр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет