«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» жөніндегі мемлекеттік қызметтерінің регламенті



жүктеу 129.85 Kb.
Дата08.05.2018
өлшемі129.85 Kb.
түріРегламент


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» жөніндегі мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтерді 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті (бұдан әрі – Комитет) сенбі, жексенбі, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, сағат 13:00-ден 14:00-ге дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нысаны: автоматтандырылмаған.



3. Мемлекеттік қызметтер «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң)
8, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 18-1-баптары, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесі (бұдан әрі – Ереже) және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 196
Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесі – мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама аясындағы облигациялар шығарылымын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының (он екі айдан аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар шығарылымын қоспағанда) проспектісі не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысына басқа мүдделі мемлекеттік органдар қатыспайды.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
6. Мемлекеттік қызметтер өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетіледі.

7. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

Егер ұсынылған құжаттарды қарау барысында эмитент пен оның қызметі туралы қосымша мәліметтерді алу қажеттілігі пайда болса, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі. Эмитент қосымша мәліметтерді ұсынған күннен бастап мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу қайта басталады.

8. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сұрату алған сәттен бастап мемлекеттік қызметтердің нәтижесін берген сәтке дейінгі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезеңдері:



өтініш беруші мемлекеттік қызметтерді алу үшін Комитетке Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін жібереді, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған өтініш еркін нысанда жасалады;

қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

келіп түскен хат-хабар мазмұны алдын ала зерделеніп, тіркелгеннен кейін электрондық құжат айналымы шағын жүйесі арқылы ол Комитет төрағасының немесе оның орынбасарларының қабылдау бөлмелеріне жіберіледі;

Комитеттің басшылығы құжаттарды олар келіп түскен күні қарастырады;

құжаттар қарастырылғаннан кейін және оларға Комитеттің басшылығы тиісті бұрыштамалар қойған соң электрондық құжат айналымы шағын жүйесінде және қағаз тасымалдауышта бұрыштама қойылған құжаттар одан әрі орындау үшін Лицензиялау департаментіне жіберіледі;

Лицензиялау департаментінің басшылығы орындаушыны белгілейді;

жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарды Лицензиялау департаментінің орындаушысы қарайды;

құжаттарды қараудың оң нәтижесі болған кезде куәлік ресімделеді;

құжаттар бойынша ескертулер болған жағдайда өтініш берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрдегі дәлелді жауап беріледі;

мемлекеттік қызметтерді көрсетудің нәтижесі почта арқылы жіберіледі немесе Лицензиялау департаментінің хатшысы тікелей өтініш берушіге немесе тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынған жағдайда оның уәкілетті өкіліне тиісті журналға қолын қойғыза отырып қолма-қол береді.

9. Құжаттарды қабылдауды және тіркеуді хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға жүзеге асырады немесе құжаттар Комитеттің хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшігіне салынады не почтамен жөнелту арқылы жіберіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті 1 қызметкерді құрайды.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібінің сипаты
10. Өтініш беруші құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда, өтініш берушінің қолына өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есеп саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Комитеттің құжаттарды қабылдауға уәкілетті бөлімшесі немесе жауапты тұлғасы жазады.

Тұтынушы құжаттарды почтамен жіберген немесе құжаттар пакетін хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшік арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берілмейді.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше немесе жауапты тұлға хат-хабарды қабылдауды, ашуды және электрондық құжат айналымы шағын жүйесіне тіркеуді және Комитет басшылығының қабылдау бөлмесіне өткізуді жүзеге асырады.

11. Ақпарат қауіпсіздігіне талаптар қойылмайды.

12. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісіне мыналар қатысады:

1) құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер – қызметтерді тұтынушы ұсынған құжаттарды оларға мөртабан қойып және нөмір беріп қабылдау және тіркеу;

2) Комитеттің басшылығы – бұрыштама қою және тиісті құжаттарға қол қою;

3) Лицензиялау департаментінің басшылығы – бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басқармасын айқындау, қол қою және тиісті құжаттарға қол қою;

4) Лицензиялау департаментінің қызметкерлері – өтініш беруші ұсынған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қарау және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу бойынша құжаттар дайындау.

13. Комитеттің әрбір құрылымдық бөлімшесінің әкімшілік іс-әрекеттері (рәсімдері) жүйелігінің және өзара іс-әрекетінің мәтіндік кестелік сипаты әрбір әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетіле отырып, осы Регламенттің 1-қосымшасында берілген.

14. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісіндегі әкімшілік


іс-әрекеттердің қисынды жүйелігі мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттің
2-қосымшасында берілген.

15. Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік Ережеде белгіленген нысан бойынша ресімделеді.

16. Өтініш беруші осы мемлекеттік қызметтерді көрсету барысы туралы ақпаратты Лицензиялау департаментінің хатшысынан
8 (727) 2788 008 телефоны арқылы алуына болады.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында қабылдайтын шешімдері және әрекеттері (әрекетсіздіктері) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.
«Мемлекеттік емес облигациялар

шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-қосымша



1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаты. Облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру




Негізгі үдерістің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеті




1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

1

2


3

4

5

6

7

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер

Комитет басшылығы

ЛД басшылығы

ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері

ЛД басшылығы

Комитет басшылығы

ЛД хатшысы

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және оған кіріс нөмірін бере отырып қабылдау

Құжаттарды Комитеттің жауапты бөлімшесіне жазу



Құжаттарды ЛД жауапты бөлімшесіне жазу



Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау


Орындалған құжатты тексеру және қол қою


Орындалған құжатты тексеру және қол қою


Орындалған құжатты тексеру, тіркеу және құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерге өткізу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет басшылығына өткізу

Құжаттарды Комитеттің жауапты бөлімшесіне беру


Барлық келіп түскен құжаттарды ЛД жауапты басқармасынаөткізу


Құжаттар пакетінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін толық тексеру және жауап хатты дайындау

Жауап беру құжатын тексеру және қол қою


Жауап беру құжатын тексеру және қол қою






5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

5 жұмыс күні

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

1 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекет нөмірі

8-баған.



















1-кестенің жалғасы


1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №

8

2

ҚФБ атауы

Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаты

Алынған құжаттарды тексеру және тіркеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-басқару шешімі)

Дайын құжатты тұтынушыға жөнелту

5

Орындау мерзімдері

1 жұмыс күні






2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс – Облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру

Негізгі үдеріс (жұмыстар барысы, ағыны)







Құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкерлер

Комитет басшылығы

ЛД басшылығы

ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері

ЛД хатшысы

1. Тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін тексеру және кіріс нөмірін бере отырып қабылдау және тұтынушы ұсынған құжаттар пакетін Комитет басшылығына өткізу

(1 жұмыс күні)




2. Құжаттарды орындау үшін Комитеттің жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)




3. Құжаттарды орындау үшін ЛД жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)




4. Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау (5 жұмыс күні)


7. Орындалған құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге беру үшін толық жинақтау (1 жұмыс күні)


8. Дайын құжатты тексеру, тіркеу және тұтынушыға жөнелту (1 жұмыс күні)

6. Орындалған құжаттың сапасын тексеру және оған қол қою (1 жұмыс күні)


5. Орындалған құжаттың сапасын тексеру және оған қол қою (1 жұмыс күні)


-






«Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 2-қосымша



3. ЛД басшылығы
Құжаттарды орындау үшін ЛД жауапты бөлімшесіне жазу

(1 жұмыс күні)




5. ЛД басшылығы
орындалған құжаттың орындалу сапасын тексеру және қол қою

(1 жұмыс күні)




4. ЛД ҚҚТБ уәкілетті қызметкері
Құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуін қарау. Оң (+)/теріс (-) қаралған жағдайда құжаттарды ЛД басшылығына жіберу

(5 жұмыс күні)


Облигацияларды орналастыру нәтижелері туралы есепті бекіту жөнінде хабарлама беру үдерісі




+




-















7. ЛД хатшысы
Орындалған құжатты тіркеу және құжаттарды қабылдау мен тіркеуге уәкілетті қызметкерге беру үшін толық жинақтау (1 жұмыс күні)








* - данное

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының

құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда,

мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен

мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару»



мемлекеттік қызметтерінің регламентіне 3-ҚОСЫМША

Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы қатысушыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару
























Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет