Мемлекеттік қызмет көрсетілген. Медициналық ұйымдарда есептік кезең ішінде 322006 адам тіркелінген. Қызмет электронды және электронды емес форматта көрсетіледі. «Тұрғындарды тіркеу тізілімі»



жүктеу 66.14 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі66.14 Kb.

2015 жылғы денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметтер туралы аналитикалық анықтама
2015 жыл ішінде 3830523 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Медициналық ұйымдарда есептік кезең ішінде 322006 адам тіркелінген. Қызмет электронды және электронды емес форматта көрсетіледі.

«Тұрғындарды тіркеу тізілімі» порталындағы тіркеу туралы өтінімдер уақытылы қарастырылды.

«Дәрігерді үйге шақыру» және «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызметтері электронды және электронды емес форматта ұсынылады.

2015 жыл ішінде 316768 дәрігер үйге шақыртылыған, мемлекеттік қызмет бойынша 2479644 өтінімдер, дәрігердің қабылдауына жазылу болған.

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет қазіргі таңда өте қажет болып отыр. Қызметті алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін, медициналық ұйымдар көрсетеді, сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасының сайтында электронды тіркеу орны арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (кей жерлері автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жылдық есеп кезінде 292386 анықтамалар берілген,оның ішінде:

102348 наркологиялық диспансерден (оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 5735);

99339 психоневрологиялық диспансерден (оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы - 5159);



6776 туберкулезге қарсы диспансерден;

78671 анықтама алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін, медициналық ұйымдардан;

16146 уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы анықтама алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін, медициналық ұйымдардан;

Есептік кезеңде 112493 адам АИТВ жұқпасы ауруының барын табуға өз еркімен, жасырын, және міндетті конфиденциалды медициналық тексерістен өтті.

Есептік кезең ішінде 148707 уақытша жұмысқа жарамсыздық парақтарын алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін, медициналық ұйымдардан берілген және 122938 стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме берілген.

Денсаулық сақтау саласының 1359 маманы даярлау, біліктіліктерін арттыру және кадрларды қайта даярлауда өту туралы құжаттарын алған.

Мемлекеттік қызметтер: «Медициналық қызметке лицензияларды беру, қайта рәсімдеу, лицензияға көшірме беру» , «Фармацевтикалық қызметке лицензияларды беру, қайта рәсімдеу, лицензияға көшірме беру», «денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияға көшірме беру» жергілікті атқарушы органдармен «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы » ММ-сі, лицензиялау және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бөлімімен іске асырылады.

Медициналық және фармацевтикалық қызмет, сонымен қатар денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысу лицензиялары Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен ескертулер туралы» Заңына сәйкес және мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген лицензия түрлеріне жатады.

2015 жылы 438 өтініш жолданды және тіркелінді, оның ішінде лицензия және лицензияға қосымша беру – 145, қайта қалпына келтіру және конвертациялауға – 66, лицензияны және лицензияға қосымшаны тоқтатуға – 48, көшірме – 1, қайта рәсімдеуге – 83, бас тартқандар – 95 болды. Электронды үкімет порталы арқылы – 256 өтініш бағытталған. ХҚКО арқылы 6 өтініш жолданды.

Мемлекеттік қызметтің ең бір сұранысқа иесі медициналық ықзметке лицензия. 357 өтініш жолданған және тіркелінген, фармацевтикалық қызметке – 63, денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысуға лицензия үшін – 18.

«Медициналық қызметке лицензияларды беру» мемлекеттік қызметтер стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №294 бұйрығымен бекітілген.

«Фармацевтикалық қызметке лицензияларды беру», «денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметтер стандарттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму минстрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №293 бұйрығымен бекітілген (әрі қарай - Стандарт).

Стандарттар негізінде денсаулық сақтау басқармасымен регламенттер әзірленді және Павлодар облысы әкімшілігінің 2015 жылғы 28 мамырдағы №160/5 қаулысымен бекітілді.

Есептік кезеңге дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына өтінімдер мен қойлған мерзімдерді бұзу туралы мәліметтер болған емес.

Денсаулық сақтау басқармасының инертент-ресурсында мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар туралы ақпарат, толтырудың үлгісі қоса берілген, сонымен қатар жоғарыдағы ақпаратты ХҚКО алуға болады.

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ сайтында Медициналық және фармацевтикалық қызметке берілген, қайта рәсімделген, денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысу лицензиялары ай сайын салынып отырады, лицензия алған адамдардың байланыс телефондары қоса беріледі.

ХҚКО бірлесе отыра қалалық және аудандық бөлімшелер арқылы лицензиаттарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ХҚКО мамандары және «НИТ» АҚ мамандарымен бірлескен оқу өткізілді.

Экономика және бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау бөлімі бойынша:


  1. «Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2015 жылға ТМККК көрсету бойынша жеткізуші қызметін таңдау шарасын өткізу» сайыс

2015 жылы 31 шілдеде осы қағида талаптарына сай потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды ТМККК орналастыру шарасына босату бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Аталған сайысқа 16 өтінім қабылданды, оның ішінде 2 жеке меншік ұйымнан.

2. «2016 жылға БМСК көрсететін, денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасы және оралмандарды еркін тіркеу науқанына қатысу үшін потенциалды жеткізушілерді анықтау шараларын өткізу».

2015 жылы 14 қыркүйекте осы қағида талаптарына сай потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды тұрғындарды тіркеу жөніндегі науқанға босату бойынша комиссия отырысы өткізілді.

Осы конкурска қатысу үшін 23 өтінім қабылданды, оның ішінде 3 жеке меншік.

3. «2015 жылғы ТМККК көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жеткізушілерді таңдау шараларын өткізу» конкурсы.

2015 жылғы 2 қазанда осы қағида талаптарына сай потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды ТМККК орналастыру шараларына босату бойынша комиссия отырыс өткізілді.

Осы конкурсқа қатысу үшін «Павлодар салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығы» ЖШС 1 өтінім түсті.

4. «2015 жылғы ТМККК көрсету бойынша республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жеткізушілерді таңдау шараларын өткізу» конкурсы.

2015 жылғы 21 желтоқсанда осы қағида талаптарына сай потенциалды жеткізушілерді анықтау және оларды ТМККК орналастыру шараларына босату бойынша комиссия отырыс өткізілді.

Осы конкурсқа қатысу үшін 5 өтінім қабылданды.

«Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлықтан өту туралы құжаттарды беру» мемлекеттік қызметтер бойынша, 2015 жылы денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлықтан өту туралы барлығы – 1359 құжат берілді. аталған мемлекеттік қызмет ШЖҚ «Павлодар медициналық колледжі» ҚМК және «Екібастұз медициналық колледжі» ҚМҚК.

2015 жылдың қазан айында «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханалық пунктер арқылы аудандық орталықтардан шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындарға дәрілік заттарды және медицинаға тағайындалған бұйымдарды іске асыру үшін медициналық білімдері бар, алғашқы медико-санитарлық, кеңестік-диагностикалық көмек, және жылжымалы дәріханалық пункттер, фармацевтикалық білімі жоқ болған жағдайда, мамандарды аттестаттау» бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуде 2 бұзушылыққа жол берілді. Қызмет көрсету мерзімдерін бұзғандары үшін денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен ескерту түрінде тәртіптік жаза берілді (2015 жылғы 25 қарашадағы №29 бұйрық).

«Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ сайтында Медициналық және фармацевтикалық қызметке берілген, қайта рәсімделген, денсаулық сақтау аясындағы есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы қызметпен айналысу лицензиялары ай сайын салынып отырады, лицензия алған адамдардың байланыс телефондары қоса беріледі.

2014 жылы 1 ақпанда облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде «Медициналық қызметті лицензиялау» туралы мақала шыққан. 2014 жылы 12 мамырда облыстық радиода «Денсаулық сақтау саласындағы лицензиялау» тақырыбында сөз сөйленді.

2014 жылы 30 желтоқсанда облыстық «Нұр Отан» филиалы партиясында «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы» тақырыбында сөз қозғалды.



2015 жылы қыркүйек айында «Қазақстан-Павлодар» арнасында «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер», «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа Самалы» газеттерінде мәліметтер берілген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет