Мемлекеттік қызмет стандартына



жүктеу 19.29 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі19.29 Kb.


«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары


Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметті алушыға қойылатын біліктілік талаптары мыналарды:

1) санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығына қойылатын талаптарына сәйкес келетін меншік құқығындағы астық қоймасының (элеватор, астық қабылдау пункті) (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы Саласындағы органның қорытындысы ұсынылады);

2) технологиялық жабдықтың (астық тазалау машиналары, астық кептіру жабдығы), таразы жабдығының (белгіленген тәртіппен тексерілген), тиеу-түсіру құрылғыларының, көтергіш-көлік жабдығының, жылжымалы көлік жабдығының, белсенді желдету жабдығының, астық сақтауға арналған ыдыстардың, сақтау кезінде астықтың температурасын және ылғалдылығын бақылауға арналған жабдықтың, асфальтталған алаңдардың (астық қабылдау кәсіпорнының техникалық паспортының көшірмесі немесе астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісі ұсынылады);

3) өткізу режимінің, аумақтың қоршалуының;

4) астық сапасын айқындауға арналған өлшеу құралдарының жай-күйі бағалаудан өткенін және мыналармен:

типін бекіту мақсатында сынақтардан немесе метрологиялық аттестаттаудан өткен, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген және белгіленген тәртіппен тексерілген зертханалық жабдықпен және аспаптармен (ылғал өлшегіштермен, кептіру шкафтарымен, зертханалық таразылармен, дәнді ұнтақтауға арналған диірмендермен, елеуіштер жиынтығымен, сынама іріктегіштермен, ыдыстармен, ақуыз құрамын, дән маңызының құрамы мен сапасын санын анықтауға арналған құрылғылармен, астықтың залалдануын анықтауға арналған оптикалық аспаптармен) (зертханадағы өлшеу құралдарының жай-күйі туралы куәліктің көшірмесі ұсынылады);

астық үлгілерін сақтауға арналған сөрелермен жабдықталған өндірістік-технологиялық зертхана;

5) тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе технологиялық білім, мамандар үшін арнаулы орта (техникалық немесе технологиялық) білім) мен мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі (басшылар үшін – 3 жылдан кем емес, мамандар үшін – 1 жылдан кем емес) бар техникалық басшылардың (3-ден кем емес) және мамандардың (3-ден кем емес) білікті құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кесте ұсынылады) болуын қамтиды.


____________________________


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет