Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар



жүктеу 37.53 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі37.53 Kb.

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтік өкілеттіктерге байланысты сыйлықтарды қабылдау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлық сыйлауына және алуына байланысты тыйым салулар жүйесі негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қауіпсіздік шараларының бірі болып табылады. ҚҰны аз болса да, сыйлықтарды алу сыбайлас жемқорлыққа апаратын алғашқы қадам болуы мүмкін. Бірлескен жұмысты жақсартуға және байланыстарды қолдауға бағытталған осындай сыйлық одан әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатынастар үшін негізін дайындайды және лауазымды тұлғаның беделіне күдік болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 50-бабы 1-тармағының 10), 17) тармақшаларына сәйкес ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады.

Бұдан басқа, мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

Сыйлықтарды тапсыру және іске асыру рәсімі:

  1. сыйлық алған (табылған) күнінен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде тұлғалар (мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен; оның лауазымды жағдайына немесе қызметтік міндеттерді орындауға байланысты алынған тұлғамен; оның лауазымды жағдайына немесе қызметтік міндеттерді орындауға байланысты көпшілік алдында немесе ресми іс-шаралар кезінде алған (табыс етілген)) оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті органға) немесе жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – ЖАО) тапсырылады. Сыйлықты тапсыру уәкілетті органмен немесе белгіленген нысан бойынша ЖАО жасалған, тұлғаның сатып алу немесе сатып алуға бас тарту туралы жазбаша хабарламаны қоса берген, мүлік тізімдемесін, бағалау және (немесе) қабылдау-өткізу актісі бойынша жүзеге асырылады.

  2. Хабарламада мынадай мәліметтер болуы тиіс:уәкілетті органның немесе ЖАО атауы; сыйлықты тапсырған адамның аты-жөні, оның лауазымы, жұмыс орны, байланыс мәліметтері; сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттама; сыйлықты сатып алуға келісім туралы немесе сатып алуға бас тарту туралы ақпарат. Бұл ретте сыйлықты сатып алған жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды тұлға сатып алу туралы белгі қояды (Т.А.Ә., лауазымы, қолы, мөрмен расталады).

  3. тұлға сыйлықты ЖАО-ға уәкілетті органға тапсырған кезде, 5 жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаны жолдайды. ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтар жоғарыда көрсетілген мерзімде есепке алуды, сақтау және бағалауды ұйымдастыру үшін уәкілетті органға тапсыруға жатады.

4) Сыйлық тапсырған тұлғадан уәкілетті орган тиісті хабарламаны алғаннан кейін 7 күнтізбелік күннің ішінде уәкілетті органмен сыйлықты бағалайды және көрсетілген тұлғамен сатып алу-сату шарты жасалады. Бұл ретте, тұлғаның ЖАО-ға тапсырылған сыйлықтары бойынша бағалау жүргізу және сатып алу-сату шартын жасау мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарламаны алған сәттен бастап есептеледі.

5) Сыйлықты тапсырған тұлғаның сатып алудан жазбаша түрде бас тартудан кейін ғана Уәкілетті орган үшінші тұлғаға арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты сатуға құқылы.

ҚР ӘҚБтК 472-бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен сыйлықтарды толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін жеке тұлғаларға – 8, лауазымды адамдарға – 15, заңды тұлғаларға 45 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сол уақытта, Қостанай облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің ақпараты бойынша ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшімен және (немесе) оның мүшелері алған сыйлықтар уәкілетті органға тапсырылмаған, мемлекеттік қызметшілер мен (немесе) оның мүшелері құқықсыз пайдаланған қызметтер мемлекеттің кірісіне өтелмеген.



Департаменттің мемлекеттік қызмет

саласындағы бақылау басқармасының

жетекші маманы Р. Есламов

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет