Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп Жалпы ереже. Көрсетілетін қызметті беруші: «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы»



жүктеу 43.55 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі43.55 Kb.

Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп


  1. Жалпы ереже.

  1. Көрсетілетін қызметті беруші: «Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ. Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32 . Телефон 7212-425112

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат:

«Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ үш мемлекеттік қызметті көрсетеді:

  • «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»

  • «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру»

  • «Мұрағаттық анықтамалар беру»

Барлық мемлекеттік қызметтер қағаздық және электрондық нұсқада ақысыз негізде көрсетіледі.

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №25/11 қаулысымен бекітілді және Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 маусымда №2669 болып тіркелді. Регламент 2014 жылдың 09 шілдесінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылдың 12 шілдесінде №119-120 «Индустриальная Караганда» және №129-130 «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланды.

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі №38/02 қаулысымен бекітілді және Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда №2720 болып тіркелді. Регламенттер 2014 жылдың 29 тамызында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылдың 21 тамызында №145-146 «Индустриальная Караганда» және №157-158 «Орталық Қазақстан» газеттерінде жарияланды.

2014 жылы көрсетілетін қызметті берушілерден мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына өтініш түскен жоқ.

Мемлекеттік мұрағаттар арқылы 41491 мұрағаттық анықтама, соның ішінде ХҚКО арқылы 1191 анықтама берілді.

«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарында және ХҚКО-да баламалы негізде көрсетіледі.




  1. Көрсетілетін қызметті алушымен жұмыс.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат көздері және оған қол жеткізу орындары туралы мәліметтер.

  • «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» және «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32 үй мекенжайы бойынша мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында көрсетіледі. Қызметті көрсету үшін жеке куәлік, 2 фото 10х15, өтініш болуы қажет.

  • «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарымен (мұрағаттардың мекенжайлары 1-қосымшада көрсетілген) күнтізбелік 15 күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, уәкілетті органның, ЖАО-ның немесе мұрағат басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады. Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (өзі келген кезде), еркін нысанда толтырылған өтініш ұсынылады.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және т.б.).

Ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері арасында тұрақты түрде «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарды жүргізіледі.

Облыстық, аудандық газеттерде мақалалар жарияланды. Онда «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі; мемлекеттік мұрағаттардың жұмыс уақыты жарияланды.

Ведомстволық бағыныстағы мұрағаттарда «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету журналы жүргізіледі.


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесін жетілдіру бойынша қызмет.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесін жетілдіру үшін Қарағанды облысының барлық мемлекеттік мұрағаттарында Е-әкімдік ақпараттық жүйесі енгізілді. 2014 жылы Е-әкімдік ақпараттық жүйесіне 32467 мәлімет енгізілді.

2014 жылдың мамыр айында Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағатында және Жезқазған қаласының мемлекеттік мұрағатында «Электрондық мұрағат» лицензиялық ақпараттық жүйесі орнатылды. Бағалы және жиі талап етілетін мұрағаттық құжаттар электрондық түрге ауыстыру жұмысы басталды. 2014 жылы 372 сақтау бірлігі (20445 құжат 68095 бет), 219 кино-бейне құжат сақтау бірлігі, 753 фото құжат сақтау бірлігі сандық форматқа көшірілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.



  1. http://www.e-krg.gov.kz/Default.aspx?lang=ru электрондық қызмет көрсетулер порталында «Мұрағаттық құжаттардың орналасқан орнын анықтау» электрондық анықтамалығы орналасқан. Анықтамалық «Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ-нің қызметкерлерімен жасалды. Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаттарындағы мұрағаттық құжаттарды тез ақпараттық іздеуге арналған.




  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау нәтижелері

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасында «Халыққа қызмет көрсету орталығы үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру» және «Электрондық үкіметтің аймақтық шлюзі» ақпараттық жүйелері арқылы жеке және заңды тұлағалардың өтініштері бойынша деректердің мониторингі жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және бағалау бойынша уәкілетті органмен жүргізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау нәтижелері

2014 жылы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар болған жоқ.

  1. Мұрағаттық мекемелерге жеке өтініш жасау кезінде көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілген қызметті бағалау корточкасын толтырады. 2014 жылы 21013 карточка толтырылды. Берілген мұрағаттық анықтамаларды «жақсы» деп бағалағандар саны 20158, «қанағаттанарлық» - 855.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет