Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы екі ұлымен Дубайға қыдырып кетіп, тіл білмей қиналғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележурналистің айтуынша, таксист алдап кетпекші болған. 

“7 дирхамның жыры… Кіші ұлымның қызығы ғой. Кеше ауызашар уақытында таксиге отырып, орталыққа баратын болдық. Таксист бензин құямын деп, 10-15 минутқа тоқтады. Ойда ештеңе жоқ, күтіп отырмыз. Таксидегі счетчик ұрып тұр. Түсер кезде Сардар көліктің ішінде кідіріп қалды. Таксистпен ұзағынан (ағылшынша) әңгімелесті. Артынан түсіндік. "Тоқтап тұрғанда счетчикті неге өшірмедіңіз? Ол бекер айналып тұрды, сол сумманы төлемегеніміз дұрыс" деп соны түсіндіріпті. Мәселе 7 дирхамда емес, өзім тіл білмегеннен 70,700,7000 мың дирхамға алдаса да мыңқиып құқығымды қорғай алмас едім ғой, мысалы. Сардардың арқасында таксист күліп, “ок” деп төлемді шегерді, – деп жазды медиа маманы. 

  • "Жай ғана жолы болғыштар": Тоқаевпен кездескен блогерлер мен әншілер сынға қалды

  • "Ұлым орыс мектебінде оқиды": Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі туралы сыр шертті

Сонымен қатар әңгіме арасында журналист тіл үйренуге қатысты бірнеше лайфкахты бөлісті. 

Бір емес, бірнеше тіл білу маңызды екенін кішкентайынан баламыздың құлағына құйып, соған бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Әлем сөйлейтін кемі 5 тіл болса, соның хотя бы екеуін білсе дейді ғой, ана жүрек☺️
Біз өз ауламыздан шыға алмасақ, баламыз әлемнің кеңдігін қайдан білсін? Білім беру, жай білім емес, сапалы білім беру – бұл біздің балаңызға құйған ең басты инвестициямыз. Неден бастаймыз…? Меніңше, мақсат, ынта, ниет, күш-жігер, шыдам керек. Тіл үйрететін тегін қосымшалар, курстар іздестіру маңызды. Күн сайын 30 минут болсын жаңа 10 сөз жаттауға, 5 бет мәтін оқуға арнаған дұрыс. Балаңызды шетелге лагерьге жіберуге қорықпаңыз. Тек сенімді орталық тапсаңыз болды”, – деп ойын бөлісті тележүргізуші. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.