Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



жүктеу 42.92 Kb.
Дата05.05.2019
өлшемі42.92 Kb.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 17 маусым күні, Талдысай ауылдық округі әкімі М.Қарабатыровтың қатысуымен, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Мұғалжар ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Талдысай ауылдық округінің мемлекеттік көрсетілетін қызметінің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:


Ауылдық округтер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 12 түрі бойынша жұмыстары қаралды:

1.Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау;

2.Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау;

3.Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау;

4.Ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс iстейтiн әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;

5.Өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру;

6.Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды кезекке қою;

7.Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және кейiн үйлерiне тегiн тасымалдау.

8.Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру;

9.Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру;

10.Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

11.Ветеринариялық анықтамалар беру

12.Ауылшаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу


1. Талдысай ауылдық округі.
Ауылдық округ әкімі – М.Қарабатыров.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2014 ж. 07 №16 өкімімен Н. Ибраева тағайындалған.

Ақпараттық стенд бар, бірақ барлық ҚР Үкіметінің және облыс әкімдігінің қаулылары, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтердің паспорттары мен өтініш үлгілері сыймағандықтан бірінің артына бірін қоса орналастырған.

Сондықтан да ақпараттық стенд талапқа сай емес.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бағыты бойынша іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар 26.01.2015 жылы бекітілген, бірақ жоспардың 3 тармағы (мемлекеттік қызметтерді көрсету субъектілерінің ғимаратын мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықтау) орындалмаған.

2015 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтың бары не екендігі туралы анықтама беру мемлекеттік қызметі электронды түрде 130 рет, ал ХҚКО арқылы 40 рет көрсетілген.

Қалған қызметтердің өтініштерді тіркеу журналы арналынған, барлық өтініштер мобильдік ХҚКО арқылы тапсырылған.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкер мемлекеттік қызметтер заңын және өзінің көрсететін мемлекеттік қызметі туралы орташа біледі.

Ауылдық округтің ветеринар маманы Е.Ермуханов.

Жауапты маман болып 12.05.2015 №95 бұйрықпен Е.Ермуханов тағайындалған.



Ветеринариялық анықтамалар беру мемлекеттік қызметі 49 рет көрсетілген.

ҚР Үкіметінің 2014ж.17.06. №664 қаулысымен бекітілген «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9 тармағы бұзылып, жануарға арналған ветеринариялық паспорттың көшірмесі талап етілмей көрсетілген,сонымен қатар жеке куәліктің көшірмесі талап етілген.

Ауылшаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу туралы мемлекеттік қызметіне түскен өтініштерді тіркеу журналы арналмаған.

Ветеринария пунктте ақпараттық стенд рәсімделген. Қажетті ақпараттар толық орналастырылған.



Қорытындылар:

  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» 3 тармағы орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын орташа деңгейде біледі.

  3. Қызметкерлердің қызметіне шағымдар жоқ. Дөрекілік фактісі, мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау, құпиялықты бұзу анықталмады.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін ауылдық округте мемлекеттік қызметтер стандартының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету барысында уақыт бойынша шектеу сақталған.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органда дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасалынбаған.

Ұсыныстар:

1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау.

2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

3. Талапқа сай ақпараттық стенд рәсімдеу.

4.Ауылдық округ әкімдерімен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттар мен регламенттеріне сәйкестендіру.

5.Мемлекеттік қызметтердің стандарттар мен регламенттері талаптарының сақталуын қатаң бақылау.

6.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.

7.Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыруы және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жедел іс-шараларды қарастыру.



8.Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсетілуін қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау.

9 Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган ғимаратында дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін жағдай жасау.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет