Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты



жүктеу 72.37 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі72.37 Kb.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау»

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты





1.

Билік органы

Денсаулық сақтау басқармасы

2.

Өтінішті қабылдау және нәтижесін беру

1.Мемлекеттік корпорация

2. Денсаулық сақтау басқармасы



3.

Көрсетілетін қызметті алушы

Жеке тұлға

4.

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі

4 жұмыс күні

5.

Төлем

Тегін

6.

Төлемдерді жүзеге асыру тәртібі

-

7.

Құжаттар тізбесі

      1) мыналардың:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды);

      тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

      сенімгерлік шартты (бар болса);

      МСАК әлеуетті қызметтер берушісінің тиісті медициналық қызметтер көрсетуге арналған құқығын растайтын медициналық қызметпен айналысуға лицензиялар мен оларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін;

      2) мыналардың:

      жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);

      жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

      аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бар болса);

      3) нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);

      ТМККК көрсетуге үміткер әлеуетті қызметтер беруші мынадай құжаттарды қоса бере отырып кепілдік берілген көлемі қызметтерін берушіні таңдау рәсіміне қатысуға арналған өтінімді ұсынады:

      1) мыналардың:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың (анықтаманың электрондық нысанын нотариат куәландырмайды);

      тиісті мемлекеттік орган берген, заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың (жеке тұлға үшін);

      сенімгерлік басқару шартының (бар болса);

      медициналық қызметпен айналысуға арналған лицензияның және мәлімделген медициналық қызметтерді көрсетуге құқығын және қызметтер беруші өндірістік базасының тапсырыс беруші қызметтер берушіні таңдау рәсімін жүзеге асыру туралы хабарламада көрсеткен аумақта көрсету орны бойынша орналасуын растайтын қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды);

      стационарлық медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысы саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) (қажет болса);

      мәлімделген медициналық қызметтер көрсетуге құқықты растайтын, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың (электрондық лицензияны және оған қосымшаларды нотариат куәландырмайды) нотариат куәландырған көшірмелерін (қажет болса);

      2) мыналардың:

      жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке тұлға үшін);

      жарғының (егер жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмесе, сондай-ақ құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариат куәландырған көшірмесі немесе акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме ұсынылады);

      аккредиттеу туралы куәліктің (бар болса);

      көрсетілетін қызметтер бойынша ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесінің (сертификатталған жүйелерінің) болуын растайтын құжаттың (бар болса);

      Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменті 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 42-бабымен айқындалған тәртіппен медициналық ұйымның жоғары технологиялық медициналық қызметтер (бұдан әрі – ЖТМҚ) көрсетуге өткізілген бағалау қорытындысының (консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11743 болып тіркелген) бекітілген Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау және тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларымен айқындалған тәртіппен әлеуетті қызметтер берушіні тіндерді (тіндердің бөліктерін) немесе ағзалар (ағзалардың бөліктерін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау бойынша денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесіне қосу туралы уәкілетті орган шешімінің көшірмелерін (ЖТМҚ көрсетуге өтінім берген жағдайда);

      3) нысан бойынша дербес қатысу кезінде тамақтандыру ұйымының растауымен немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 234 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10982 болып тіркелген) бекітілген "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарына сәйкес келетін аутсорсинг шарты бойынша ұйымды тарта отырып, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар бойынша, тамақ өнімдері бойынша кемінде бір ай мерзімге арналған материалдық ресурстар қорының болуын растайтын ақпарат қоса берілген кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);

      4) Кодекстің 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес нысан бойынша денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі жөніндегі кепілхат (аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда кепілхат ұсынылмайды);

      5) нысан бойынша оның көлік құралының болуын және шарттық негізде көлік қызметтерін көрсететін ұйымды тартуды растайтын ақпаратты қоса бере отырып кепілдік міндеттеме (бағдарламалық амбулаториялық гемодиализ қызметтерін көрсету кезінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек, стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсетуге өтінім берген жағдайда);

      6) ағымдағы кезеңге арналған кредиторлық берешегі туралы ақпарат;

      7) нысан бойынша медициналық білімі бар медицина қызметкерлерінің біліктілігі туралы мәліметтер (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10735 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес берілген аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда бұл мәліметтер ұсынылмайды);

      8) нысан бойынша медициналық көмектің түрлері мен нысандары туралы мәліметтер;

      9) нысан бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне бекіту науқанының қорытындылары бойынша хаттамадан үзінді көшірме;

      10) нысан бойынша төсек қоры туралы мәліметтер;

      11) нысан бойынша медициналық техниканың болуы туралы мәліметтер



8.

Өтініштер үлгісі




9.

Корсетілетін қызмет нәтижелері

      1) Нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме;

      2) нысандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі жөніндегі қызметтерді (бұдан әрі – ТМККК) беру үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме



10.

Бас тарту үшін негіз

-

11.

Шағым жасау

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде: шағым Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі

12.

Консультация

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Каталог: sites -> sko.gov.kz -> uploads -> docs -> gos usl mio -> pasp kaz
pasp kaz -> «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»
pasp kaz -> «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау»
pasp kaz -> «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты
pasp kaz -> «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау»
pasp kaz -> «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
pasp kaz -> «Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіруді жүргізу»
pasp kaz -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты беруші паспорты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет