Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің паспорты



жүктеу 39.54 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі39.54 Kb.

МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ПАСПОРТЫ


1

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру



2

Көрсетілетін қызметті ұсынатын мемлекеттік органдар

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының сәулет және қала құрылысы бөлімдері



3

Көрсетілетін қызметті алушылар

Заңды және жеке тұлғалар


4

Көрсетілетін қызметтің нысаны

Қағаз түрінде


5

Көрсетілетін қызметті ұсыну орыны

Қарағанды облысының қалалары мен аудандары


6

Қажетті құжаттар


Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға өтініш берген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрімен расталған жобалауға арналған тапсырманың (оның ішінде техникалық шарттар бойынша жүктемелер) көшірмесі (сәйкестендіру үшін түпнұсқа);

Қолданыстағы (пайдаланылып отырған) объектілерге енгізілетін өзгерістердің жобасын әзірлеушілер жобалау құжаттамасында ғимараттардың үй-жайларын немесе өзге де жекелеген бөліктерін өзгерту жөніндегі жұмыстар процесінде, сондай-ақ өзгертілген объектіні одан әрі пайдаланған кезде басқа меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын жобалық шешімдердің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.

Қолданыстағы объектілерді өзгерту сейсмикалық қауіпі жоғары аймақта (ауданда) жоспарланса және жоспарланып отырған реконструкциялау немесе қайта жоспарлау сындарлы шешімдерді қайта қарауды талап ететін болса, онда сәулет-жоспарлау тапсырмасында осы жоба бойынша сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың (тиісті лицензиясы бар мамандардың) қорытындысын (техникалық шарттарды) алудың қажеттілігі көрсетіледі.


7

Көрсетілетін қызметтің бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.



8

Көрсетілетін қызметті ұсыну мерзімі



Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 8 (сегіз) жұмыс күні;

мынадай құрылыс объектілері үшін - 15 (он бес) жұмыс күні:

электр және жылу энергиясын өндіретін өндірістік кәсіпорындар;

тау-кен өндіру және байыту өндірістік кәсіпорындары;

қара және түсті металлургия, машина жасау өнеркәсібінің өндірістік кәсіпорындары;

елді мекендер мен аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидротехникалық және селден қорғау құрылыстары (дамбалар, бөгеттер);

елді мекендердің шекараларынан тыс орналасқан желілік құрылыстар:

қызмет көрсету объектілерімен бірге магистральдық құбырлар (мұнай, газ құбырлары және т.б.);

жоғары вольтты электр беру желілері және талшықты-оптикалық байланыс желілері;

қызмет көрсету объектілерімен бірге теміржолдар;

көпірлерді, көпір өткелдерін, тоннельдерді, көп деңгейлі айрықтарды қоса алғанда, республикалық желіге жатқызылған жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары;



жер учаскесінің (аумақтың, трассаның) қолданыстағы шекараларында жүзеге асырылатын, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жеке бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобасын әзірлеуге - 3 (үш) жұмыс күні.

9

Көрсетілетін қызметті ұсыну нәтижесі


Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі - стандартқа 1-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште тіркеу кодын көрсете отырып, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған (егер оларды алу қажет болса) сәулет-жоспарлау тапсырмасы және техникалық шарттары бар анықтама.


10

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығы

Каталог: files -> files -> old
old -> Қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы Астана қаласы, аудан және облыстық маңызы бар қала әкімінің
old -> Фитосанитариялыќ ќауіпсіздік, тўќым шаруашылыєы, сорттыќ сынаќ жјне маќта саласындаєы мемлекеттік ќызмет кґрсетудіѕ
old -> Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
old -> Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру
old -> «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
old -> «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
old -> Регламенті Жалпы ережелер «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
old -> Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы,
old -> Сыйды алушы сыйға тартушы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет