Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні, мақсаттары



жүктеу 15.96 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі15.96 Kb.

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні, мақсаттары,

негізгі міндеттері мен қызметтері

  1. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Лисаков қаласындағы құрылыс саласында басқару қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.

  2. Мемлекеттік мекеменің мақсаты қаланың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

  3. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

1) қаланың аумағында құрылыс саласындағы мемлекеттік саясат жүргізу;

2) құрылыс және бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қалалық объектілерді жаңғырту бойынша жылдық және перспективалық бағдарла-маларды әзірлеу;

3) мемлекеттік мекеменің қызметін тиісті бағыттаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын пәтермен қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;

5) барлық меншік нысандары кәсіпорындарынан және ұйымдарынан инжинирингтік қызметтерді конкурстық негізде сатып алуды жүзеге асыру;

6) инженерлік-коммуникациялық желісін дамыту;

7) абаттандыру объектілерін дамыту;

8) конкурстық комиссия негізінде тиісті бағдарламалар бойынша қалалық бюджетпен осы мақсаттарға бөлінген қаражат мөлшері шегінде қызметтер мен жұмыстарды орындаушылармен шарттар жасау;

9) әкімші болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарын орындауға бақылау;

10) орындаушымен орындалған жұмыстардың сапасына техникалық қадағалауды жүзеге асыру;

11) қаржыландыру жоспарларын және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын әзірлеу;

12) бюджеттік қаражаттарды нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету;

13) бюджеттік қаражаттарды пайдалануды растайтын құжаттардың дұрыс ресімделуіне бақылау;

14) құрылысқа және қалалық коммуналдық және тұрғын үй шаруашылық объектілерін жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

15) аяқталған құрылысты пайдалану қабылдауға немесе объектілерді жаңғыртуға қатысу;

16) жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;



17) мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін, қолданыстағы заңнамамен қайшы келмейтін басқа қызметтерді орындау.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет