Мемлекеттік мүлік туралы


табылатын акционерлік қоғамды немесе



жүктеу 2.31 Mb.
бет10/12
Дата07.05.2019
өлшемі2.31 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

               табылатын акционерлік қоғамды немесе
               жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқару

      1. Қазақстан Республикасы тиісінше жалғыз акционері немесе қатысушысы болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.


      2. Әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісінше жалғыз акционері немесе қатысушысы болып табылатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тарату, қайта ұйымдастыру және олардың атауларын өзгерту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аударуын қамтамасыз етуге міндетті.

      179-бап. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық


               компанияны басқару

      1. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компания өз қызметін жүзеге асыру кезінде экономиканың белгілі бір саласындағы мемлекеттік мүлікті басқару аясында мемлекеттің саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.


      2. Мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
      Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын ұлттық компания (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация) біреуден артық болмайды.
      3. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан жиырма беске дейінгі пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді компанияның директорлар кеңесі қабылдайды. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
      4. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компанияның, нәтижесінде құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мүлікті компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жасауы туралы шешімді компанияның директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша (ұлттық компанияның жалғыз акционерінің шешімімен) ұлттық компания акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдайды.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының талаптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған және Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрменi ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаға қолданылмайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елу пайызынан кем мөлшерін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін басқарма қабылдайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің елуден жетпіс бес пайызға дейінгісін құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесі қабылдайды.
      Жоғарыда көрсетілген заңды тұлғаның құны осындай компания активтері құнының жалпы мөлшерінің жетпіс бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде осындай компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (мүмкін, сатып алынған немесе иеліктен шығарылған) мәмілені немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу туралы шешімін Директорлар кеңесінің ұсынуы бойынша акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционердің шешімімен) қабылдайды.
      Ескерту. 179-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      180-бап. Акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық


               холдинг болып табылатын ұлттық компанияны
               басқару

      1. Акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.


      2. Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компанияның директорлар кеңесі қабылдайды. Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің оннан аз пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық компанияның басқармасы қабылдайды.
      3. Құны қоғам активтері құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті нәтижесінде компания сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иеліктен шығаруы мүмкін) мәмілені немесе жиынтығында бір-бірімен өзара байланысты мәмілелерді жалғыз акционері ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияның жасасуы туралы шешімді ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің директорлар кеңесі қабылдайды.

      181-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық


               холдингтерді басқару

      1. Ұлттық басқарушы холдингті, ұлттық холдингті тарату, қайта құру және оның атауын өзгерту туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдайды.


      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша берілуі мүмкін.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, тиісті саланың уәкілетті органының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.
      4. Акционерлердің жалпы жиналысы үшін белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 1-тармағының 6) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, осы Заңның 36-бабында көрсетілген мәселелер жатады.
      5. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 2-тармағының 15-1) тармақшасында көрсетілген мәселені қоспағанда, осы Заңның 53-бабының 2-тармағында көрсетілген мәселелерден басқа ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесінің ерекше құзыретіне мынадай мәселелер:
      1) аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
      2) штат санын бекіту;
      3) еншілес ұйымдардың стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу кезінде олардың бірыңғай (оның ішінде еншілес ұйымдар қызметінің салалары бойынша) қаржы, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру;
      4) даму жоспарын, сондай-ақ оның орындалу есептерін бекіту;
      5) даму жоспарларының іске асырылуын бағалау;
      6) тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты айқындау;
      7) қоғам акцияларды сатып алған жағдайда олардың құнын белгiлеу әдiстемесін және әдiстемесiне енгізілетін өзгерiстердi бекiту;
      8) активтердiң бiр бөлігін немесе бiрнеше бөлiгiн қоғамға тиесiлi барлық активтердiң жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада беру арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау жатады.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің атқарушы органының құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мәселелер және акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің) он және одан да көп пайызы қоғамға тиесілі заңды тұлға акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының құзыретіне жататын қызмет мәселелері бойынша шешімдер қабылдау кіреді.

      182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды


               корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі
               мамандандырылған кеңестер

      1. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құрылуы мүмкін.


      Корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер туралы ережені және олардың құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

      183-бап. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық


               холдингтердің бюджеттік инвестициялық жобаларды
               іске асыру бойынша бюджеттік инвестицияларды
               пайдалануы

      1. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырмайтын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акцияларының эмиссиясын төлей алады.


      Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру туралы есебін ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг тоқсан сайын ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің директорлар кеңесінің қарауына және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады.
      2. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шығарған акциялар мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның шотына жатқызылады.
      Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг шығарған акцияларды ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын уәкілетті органға береді.
      3. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған ақша ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың орналастыратын акцияларын төлеуге түскен, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің атқарушы органы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке кіретін акционерлік қоғамдардың атқарушы органы осы бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін жауаптылықта болады.

      184-бап. Акциялары ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық


               холдингке, сондай-ақ ұлттық компанияларға
               тиесілі ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық
               холдингтердің, ұлттық компаниялардың қызметін
               жоспарлау

      1. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлейді.


      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде он жылға әзірленеді.
      Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарлары олардың даму стратегияларын іске асыруы мақсатында бес жыл мерзімге әзірленеді.
      2. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары:
      1) олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды;
      2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.
      Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауының ережелері ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын түзету үшін негіз болып табылуы мүмкін.
      Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарлары:
      1) инвестицияларды, табыстарды, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді және басқа да мәліметтерді қоса алғанда, мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін қамтиды;
      2) акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) өздеріне тиесілі заңды тұлғалардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың даму жоспарларын ескере отырып әзірленеді.
      4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары жобаларының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық даму болжамында көрсетiлген бюджет параметрлерiне сәйкестiгi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісіледі.
      5. Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
      Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын олардың директорлар кеңесі бекітеді.
      6. Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар үшiн даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      7. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңесі жүзеге асырады.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының iске асырылу мониторингi мен оны бағалау тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Мемлекет акционерi болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларының орындалуы бойынша есептi ұсыну тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      8. Мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы үшін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуы үшін ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер акционері болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы үшін ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      9. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      Акционерлері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдауды ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің директорлар кеңесі жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      Акционері Ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын ұлттық компанияларды қоспағанда, ұлттық компаниялардың қызметін тыңдау нәтижелері туралы есеп осы тармаққа сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға табыс етіледі.
      Ескерту. 184-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      185-бап. Ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық


               холдингтерді және ұлттық компанияларды
               қоспағанда, мемлекет бақылайтын жауапкершілігі
               шектеулі серіктестіктердің және акционерлік
               қоғамдардың қызметін жоспарлау

      1. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер бес жылға арналған даму жоспарларын әзірлейді.


      2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарлары Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге және әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көрсетілген бюджет параметрлеріне сәйкес әзірленеді және оларды мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңестері (байқау кеңестері) бекітеді.
      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      3. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын бағалауды олардың директорлар кеңестері (байқау кеңестері) жүзеге асырады.
      Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуы бойынша есепті ұсыну тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының әзірленуі, орындалуы, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуы үшін мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауаптылықта болады.
      5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметінің нәтижелерін тыңдауды акциялардың мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға тыңдаудың есебін ұсына отырып, жыл сайынғы негізде жүзеге асырады.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі акционері (қатысушысы) болып табылатын мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін жоспарлау тәртібі, сондай-ақ көрсетілген акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының іске асырылу мониторингі және оны бағалау, қызметінің есептерін тыңдау және нәтижелерін ұсыну тәртібі осы баптың ережелері ескеріле отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
      Ескерту. 185-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      186-бап. Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі


               серіктестік) табысының бір бөлігін алуға
               акционердің (жауапкершілігі шектеулі
               серіктестікке қатысушының) құқықтарын
               мемлекеттің іске асыруы

      Акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттiк пакетiн (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін Қазақстан Республикасының Үкіметі пайыздық қатынаста белгілеген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдайды.


      Акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін, коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттерін (жарғылық капиталдағы қатысу үлесін) жергілікті атқарушы орган белгілейді.
      Ескерту. 186-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

6-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ШЕКТЕУ

13-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ АУЫРТПАЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ

      187-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды


               тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге
               үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу
               не оларды иеліктен шығару тәртібі

      1. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу не оларды иеліктен шығару осы бапта, осы Заңның 188-бабында және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде мүмкін болады.


      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы не осындай рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      3. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға немесе оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешім, егер осындай ауыртпалық салу немесе иеліктен шығару Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, оның ішінде елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық келісімдерді сақтамауға әкеп соғатын жағдайларда қабылданады.
      Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тарту осы тармаққа сәйкес бас тарту себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
      4. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат беруден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) не кепіл ұстаушысы, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушысы шағымдана алады.
      5. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) орналастырылатын акциялардың санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсат беру туралы шешімінің негізінде бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жария етілген акцияларды орналастырады.
      6. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген акциялармен бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында одан әрі мәмілелер жасасу, бір тұлға немесе аффилиирленген тұлғалар бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма пайызынан астамын құрайтын акциялар сатып алатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатын талап етпейді.
      Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында стратегиялық объектілерге жататын акциялармен мәмілелер жасасу кезінде мәмілелер эмитенттің дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын мөлшерде жасалған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсаты талап етілмейді.
      7. Стратегиялық объектiнiң кепiл ұстаушысы, оңалтуды және банкроттықты басқарушылар кепiлге салынған осы мүлiктi иелiктен шығару туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң иелiктен шығарудың ерекше шарттарын және стратегиялық объектiнi сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгiлей отырып, рұқсат беру туралы шешiмiнiң негiзiнде қабылдайды.
      Кепілге салынған мүлікті сот актісінің негізінде иеліктен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленген иеліктен шығарудың ерекше шарттары және кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптар бойынша жүзеге асырылады.
      Стратегиялық объектіні иеліктен шығарудың ерекше шарттарын және сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды белгілеу жөніндегі ұсынысты уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
      Ескерту. 187-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      188-бап. Жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет