Мемлекеттік мүлік туралы



жүктеу 2.31 Mb.
бет11/12
Дата07.05.2019
өлшемі2.31 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

               тұлғаларға тиесілі стратегиялық объектілерге
               үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу
               не оларды иеліктен шығару рәсімі

      1. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға рұқсат алу үшін стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды:


      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша өтінішті;
      2) заңды тұлға үшiн – заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және жарғының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
      3) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      4) стратегиялық объектіні иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға негіз болатын не оған үшінші тұлғаның құқықтарымен ауыртпалық салуға әкеп соғатын шарттың жобасын;
      5) стратегиялық объектіге меншік құқығын немесе өзге де мүліктік құқықтарды растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
      6) стратегиялық объектінің нарықтық құнын айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы объектіні бағалау туралы есепті;
      7) стратегиялық объектіні ықтимал сатып алушы туралы мәліметтерді жібереді;
      8) жарияланған акцияларды орналастырған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) жарияланған акциялардың шығарылымын және оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге акциялар шығарылымының проспектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін де табыс етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмесін де табыс етеді. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылады. Аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, егер заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында құрылса не заңды тұлға өткен қаржы жылында құрылса және өтініш ағымдағы жылғы 1 маусымға дейін берілген болса, ұсынылмайды;
      10) директорлар кеңесінің немесе байқау кеңесінің шешімін (болған жағдайда);
      11) банктің кредиттік комитетінің шешімін;
      12) ауыртпалық салынатын мүлікке кепілдің (ауыртпалық салудың) жоқ немесе бар екендігі туралы растауды;
      13) стратегиялық объектінің меншік иелерінің пайыздық арақатынастағы құрылымын;
      14) стратегиялық объект сенімгерлік басқаруда болған жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесінің стратегиялық объектіні иеліктен шығаруға немесе ауыртпалық салатын тұлғаны көрсете отырып, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға жазбаша рұқсатын табыс етеді.
      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға осы тармақтың 1), 2), 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды, сондай-ақ борышкерге қатысты оңалту рәсiмдерi қолданылғаны туралы (банкроттық рәсімі жүргiзiлгенi туралы) сот актiсiн, мүлiктi иелiктен шығарудың (сатудың) болжамды бағасын және борышкердiң мүлкiн (стратегиялық объектiнi) иелiктен шығаруға немесе үшiншi тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға кредиторлар комитетiнiң жазбаша келiсiмiн тапсырады.
      2. Стратегиялық объектінің кепіл ұстаушысы кепілге салынған мүлікті иеліктен шығаруға арналған рұқсатты алу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 1), 2), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
      Сот актісінің негізінде әрекет ететін сот орындаушысы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға осы баптың 1-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ кепіл шартын және (немесе) сот актісін, кепілге салынған мүлікті иеліктен шығарудың (сатудың) болжалды бағасын, стратегиялық объектіні әлеуетті сатып алушыларға қойылатын талаптарды ұсынады.
      3. Стратегиялық объектіге ауыртпалық салуға негіз болатын шартта тараптардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ стратегиялық объектінің сақталуы мен одан әрі пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар міндетті түрде қамтылуға тиіс.
      Стратегиялық объектіні иеліктен шығару бойынша мәміле жасауға негіз болған не оған ауыртпалық салуға әкеп соққан шарттың талаптарын өзгертуге ниет білдірген жағдайда стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) осы бапта және осы Заңның 187-бабында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қайтадан жүгінеді.
      Кепіл ұстаушы оның негізінде стратегиялық объектіге ауыртпалық салынған шартқа сәйкес кепілге салынған мүлікті (стратегиялық объектіні) иеліктен шығаруға ниет білдірген жағдайда кепіл ұстаушы осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді.
      Стратегиялық объектіні жария сауда-саттықта сатқан кезде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент еместер немесе олармен аффилиирленген тұлғалар қатысатын заңды тұлғалар сауда-саттыққа жіберілмейді.
      4. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға не оларды иеліктен шығаруға берілген өтініштерді қарау және олар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешім қабылдауы құжаттар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап алпыс жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында айқындалған құжаттардың толық топтамасын алған күн құжаттардың келіп түскен күні болып есептеледі.
      Стратегиялық объектiлердің меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлерінiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың ауыртпалық салу не иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  айқындайтынтәртiппен жүзеге асырылады.
      5. Стратегиялық объектілерге ауыртпалық салуға рұқсат беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды және ол қаулы түрінде ресімделеді.
      6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешім туралы өтініш берушіні шешім шығарылған күннен бастап бес күн мерзімде жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
      Ескерту. 188-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      189-бап. Стратегиялық объектілерді мемлекет меншігіне алу

      Стратегиялық объектілер осы Заңның 5-тарауында көзделген тәртіппен мемлекет меншігіне алынуы мүмкін.

      190-бап. Стратегиялық объектілердің мониторингі

      Стратегиялық объектілердің мониторингі Қазақстан Республикасының экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

14-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА ТИЕСІЛІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ САТЫП АЛУҒА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСЫМ ҚҰҚЫҒЫ

      191-бап. Жеке тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды
               тұлғаға тиесілі стратегиялық объектіні сатып
               алуға Қазақстан Республикасының басым құқығын
               қолдану шарттары

      1. Жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға стратегиялық объектiнi иелiктен шығару бойынша мәміле жасасуға ниет бiлдiрген, сондай-ақ стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе стратегиялық объектiнi оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы иелiктен шығарған не кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi (стратегиялық объектiнi) сот тәртiбiнен тыс өткiзген не стратегиялық объектiге сот актiсiнiң негiзiнде өндiрiп алу қолданылған жағдайларда, Қазақстан Республикасы осы тарауда айқындалған шарттармен стратегиялық объектiге ие болудың басым құқығына ие болады.


      Стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерiнiң (құқық иеленушiлердiң), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектiнi иелiктен шығару туралы өтiнiштерiн қарау Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасының атынан стратегиялық объектіні сатып алуға басым құқықты Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе оның тапсырмасы бойынша ұлттық басқарушы холдинг іске асырады.
      Ескерту. 191-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      192-бап. Стратегиялық объектіні сатып алуға Қазақстан


               Республикасының басым құқығын іске асыру тәртібі

      1. Уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болуға басым құқықты іске асыру туралы шешімінің жобасын қажетті бюджет қаражатын бөлу негіздемесімен бірге ұсынады.


      Республикалық бюджеттік комиссия тиісті шешім қабылдайды. Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынымдары мен ұсыныстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттік комиссия шешім қабылдаған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешім қабылдауы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық объектіге ие болудың басым құқығын пайдалану туралы шешімі осы құқықты пайдалану себептерінің дәлелді негіздемелерін қамтымауы мүмкін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шешімнің қорытындылары туралы тиісті саланың уәкілетті органы стратегиялық объектіні иеліктен шығаруды жүргізетін тұлғаны шешім шығарылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етеді.
      4. Стратегиялық объектінің меншік иесі (құқық иеленуші) шарт жасалғанға дейін кез келген уақытта стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тарта алады. Меншік иесі (құқық иеленуші) стратегиялық объектіні иеліктен шығарудан бас тартқан жағдайда оған ие болуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тоқтатылады.
      5. Бюджет процесiн ескере отырып, стратегиялық объектiлердi сатып алу мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiні сатып алудың басым құқығын пайдалануы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiм қабылдаған кезден бастап екi жылдан аспауға тиiс.
      Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы стратегиялық объектiлердi сатқан кезде оларды сатып алу мерзiмдерi «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген оңалту рәсiмiн немесе банкроттық рәсімін жүргiзу мерзiмдерiнен аспауға тиiс.
      6. Стратегиялық объектiге өндiрiп алу қолданылған немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзу қозғалған жағдайларда стратегиялық объектiлердiң меншiк иелерi (құқық иеленушiлерi) өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру туралы хабарлама алған кезден бастап немесе соттың банкроттық, оңалту туралы немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi бойынша iс қозғау туралы ұйғарымының көшiрмесiн алған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органды стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе банкроттық, оңалту немесе жеделдетiлген оңалту рәсiмi туралы iс бойынша iс жүргiзудiң қозғалғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Хабарлау жөнiндегi мiндеттердi сақтамау осы Заңның 195-бабында көзделген салдарға әкеп соғады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi осы бапта көзделген тәртiппен стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асырады.
      Стратегиялық объектiге өндiрiп алуды қолдану немесе стратегиялық объектiнi мүліктік масса құрамында иелiктен шығару Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң стратегиялық объектiге ие болуға басым құқықты iске асыру немесе басым құқықты iске асырудан бас тарту туралы шешiмi алынғаннан кейiн жүргiзiледi.
      7. Өндiрiп алуды стратегиялық объектiге айналдыру немесе стратегиялық объектiнi мүліктік массасы құрамында иелiктен шығару кезінде Қазақстан Республикасы басым құқықты iске асырудан бас тартқан жағдайларда стратегиялық объектiнi иелiктен шығару «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 192-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      193-бап. Нарықтық құнды айқындау

      1. Стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде стратегиялық объектінің нарықтық құны өтелуге жатады.
      2. Стратегиялық объектінің нарықтық құны стратегиялық объектіні сатып алудың басым құқығын іске асыру кезінде мемлекет ие болатын мүлікті осы Заңның 206-бабының қағидаларына сәйкес бағалау негізінде айқындалады.

      194-бап. Мемлекет сатып алған стратегиялық объектілерді


               басқару

      Қазақстан Республикасының Үкіметі сатып алынған стратегиялық объектілерді осы Заңның 114-бабыныңқағидалары бойынша акцияларды төлеуге немесе мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен арнайы құрылған заңды тұлғаның не ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің немесе ұлттық компанияның жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде береді.

      195-бап. Стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың
               құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды
               иеліктен шығару туралы және стратегиялық
               объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы
               ережелерді бұзудың салдары

      Стратегиялық объектілерге құқықтарды иеленушінің стратегиялық объектілерге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салу немесе оларды иеліктен шығару туралы және стратегиялық объектілерді сатып алудың басым құқығы туралы талаптарды бұза отырып жасаған мәмілесі, ол жасалған кезден бастап сот тәртібімен жарамсыз деп танылады.

7-БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МҮЛІКТІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

15-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ ЕСЕПКЕ АЛУ, МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІНІҢ МОНИТОРИНГІ, ОНЫ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ

      196-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алу және мемлекеттік
               мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі туралы
               жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу мемлекеттік мүлікті бақылау және тиімді пайдалану мақсаттары үшін жүзеге асырылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу туралы деректер мемлекеттік мүліктің тізіліміне енгізілуге тиіс.


      2. Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Осы тараудың қағидаларында Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық бөліністердің мемлекеттік мүлкін есепке алу тәртібі, мемлекеттік мүліктің тізілімін түзудің және оның жұмыс істеуінің негізгі принциптері, сондай-ақ есепке алу объектілерінің құрамын, тізбесін, олар туралы мәліметтерді жинау, өңдеу және өзекті ету тәртібін айқындайды.
      Есепке алу объектілері туралы мәліметтерді өзекті ету мемлекеттік мүліктің құрамы туралы нақты, объективті және оған барабар ақпаратты есепке алу деректерінде көрсетуге мүмкіндік беретін жаңарту, толықтыру, өзгерту және өзге де іс-қимылдар арқылы жүзеге асырылады.

      197-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың түрлері

      1. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүлік тізілімі нысанында бірыңғай орталықтандырылған есепке алуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      2. Осы Заңның 210 – 212-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлікті ведомстволық есепке алуды мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері туралы мәліметтерді беретін тиісті саланың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің түрлері бойынша – республикалық және коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу, ал жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық және аудандық коммуналдық мүлікті бөлек есепке алу жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 17-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлік тізілімінде көрсету үшін коммуналдық мүлікті есепке алуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

      198-бап. Мемлекеттік мүлікті есепке алудың және


               мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі
               мониторингінің объектілері

      1. Мемлекеттік мүлік тізілімінің есепке алу объектілері:


      1) мемлекеттік заңды тұлғалар және оларға бекітіліп берілген мүлік;
      2) жер пайдаланудағы жер учаскелері;
      3) акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акциялары және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестері;
      4) мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілері;
      5) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік құқығы объектілері;
      6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
      7) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекiтетiн мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларында айқындалған мемлекеттiк мүлiктiң өзге де түрлерi (санаттары) болып табылады.
      2. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері туралы деректер осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер болып табылады. Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектіні басқа объектілерден айырып тануға мүмкіндік беретін жеке сипаттамаларын көрсете отырып, есепке алу объектісінің сипаттамасын қамтуға тиіс.
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мемлекеттік мүлікті есепке алуды тиісті саланың уәкілетті органы жүзеге асырады.
      4. Осы тараудың қағидалары мемлекеттік немесе жергілікті қазынаны құрайтын мүлікке қолданылмайды. Бұл мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
      6. Реквизициялау тәртібімен мемлекетке өткен мемлекеттік мүлікті есепке алу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігі мониторингінің объектілері:
      1) мемлекеттік кәсіпорындар;
      2) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді қоса алғанда, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар, оның ішінде Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар;
      3) мемлекеттік мүліктің құрамына кіретін, оның ішінде сенімгерлікпен басқарудағы, жалдаудағы, концессиядағы мүліктің барлық түрлері болып табылады.
      Ескерту. 198-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      199-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін


               мәліметтер

      1. Мемлекеттік мүліктің тізілімінде мемлекеттік мүлікті есепке алу объектісі бойынша мынадай мәліметтер:


      1) объектіні сәйкестендіруге мүмкіндік беретін оның сипаттамасы;
      2) объектінің белгілі бір мемлекеттік емес заңды тұлғаға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаға немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаға шартқа сәйкес тиесілігі немесе бекітіліп берілуі туралы мәліметтер;
      3) объектінің баланстық құны;
      4) мүлікке үшінші тұлғалардың құқықтарымен салынған ауыртпалықтың болуы туралы мәліметтер және ауыртпалықтар салу түрі;
      5) объектінің күтіп ұсталуына немесе сақталуына жауапты тұлғалардың реквизиттері;
      6) объектіге құқықтардың туындау және тоқтатылу негіздері, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік мүлікке құқықтарды міндетті түрде тіркеу жағдайында – объектіні және (немесе) оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетіледі.
      2. Есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамына мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарлары және олардың орындалуы туралы есептері кіреді.
      Мемлекеттік мүлікті есепке алу объектілері үшін мемлекеттік мүліктің тізілімінде көрсетілетін қосымша мәліметтердің құрамы мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында айқындалады.
      3. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мәліметтердің сапалы және уақтылы ұсынылуы үшін мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдарының басшылары жауаптылықта болады.

      200-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу



      1. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары мемлекеттік мүлікті басқаруға және оның сақталуына бақылау жасауға байланысты шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланады.
      2. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу тіркеу және ақпараттық мақсаттарды жүзеге асыруға арналған және оның құқық белгілеушілік немесе құқық куәландырушылық мәні болмайды.
      3. Мемлекеттік мүліктің тізілімін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құқықтық кадастр деректері, сондай-ақ жер ресурстарын басқару, мемлекеттік статистика, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығын реттеу және қадағалау, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері базасында мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қалыптастырады және жүргізеді. Бұл деректер мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда, көлемде және кезеңділікпен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға берілуге жатады.
      4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу кезінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейіндегі республикалық және коммуналдық мүлік объектілері бөлек есепке алынуға жатады.
      Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алынуына жатады.
      5. Мемлекеттік мүліктің тізіліміне мемлекеттік заңды тұлғалардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тізбесі кіреді. Мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, қайта тіркеу, атауларын өзгерту мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алынуға жатады.
      6. Мемлекеттік заңды тұлғалар есепке алу объектілері деректерінің мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізілуін, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган белгілеген бірыңғай мерзімде, бірыңғай әдістеме және деректер пішімі бойынша мемлекеттік мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік мүлікті түгендеу мемлекеттік мүліктің нақты бар екенін анықтауды, сондай-ақ ескерілмеген және бекітіп берілмеген мемлекеттік мүлікті анықтауды және оны одан әрі мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп беруді қамтамасыз етуге тиіс.
      7. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері мемлекетке тиесілі.
      8. Мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар мемлекеттік мүлік тізілімінің деректерін пайдаланушылар болып табылады. Мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қол жеткізуді мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы қамтамасыз етеді.
      9. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор:
      1) мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу үшін қажетті бағдарламалық қамсыздандыруды әзірлеуді, енгізуді және жаңғыртуды жүзеге асырады;
      2) мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізудің техникалық және бағдарламалық құралдарының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
      3) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын құруды, оның жұмыс істеуін және техникалық сүйемелденуін қамтамасыз етеді;
      4) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
      5) мемлекеттік мүліктің тізілімін пайдаланушылардың мемлекеттік мүлік тізілімінің деректеріне қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
      7) мемлекеттік мүлікті есепке алуды жүзеге асыру кезінде техникалық жобаларды басқару функциясын жүзеге асырады;
      8) мемлекеттік мүліктің тізіліміне есепке алу объектілері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
      9) мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің оларға қатысты мүліктік құқықтары бар бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функциясын жүзеге асырады.
      10. Мемлекеттік мүліктің тізілімін қалыптастыруға және жүргізуге арналған шығыстарды қаржыландыру тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      201-бап. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу тәртібі

      1. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу:
      1) тізілімге есепке алу объектісі туралы деректерді енгізу;
      2) есепке алу объектісі туралы деректерді өзекті ету;
      3) есепке алу объектісін тізілімнен алып тастау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Объектіні мемлекеттік мүліктің тізіліміне қосу осы Заңның 199-бабында көзделген мәліметтерді тізілімге енгізуді білдіреді.
      3. Есепке алу объектісіне мемлекеттің құқықтарының тоқтатылуына байланысты оны тізілімнен алып тастаған кезде осы объектіні байқау тоқтатылады.
      Есепке алу объектісін бір мемлекеттік органның басқаруынан екіншісіне беру, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға иеленуге және (немесе) пайдалануға беру есепке алу объектісін тізілімнен алып тастауға негіз болып табылмайды.
      Мемлекеттік мүліктің тізілімінен алып тасталған есепке алу объектісі туралы деректер тізілім деректері базасының мұрағатына ауыстырылады.
      4. Мемлекеттік мүліктің тізілімін жүргізу қағидаларын, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
      Ескерту. 201-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      202-бап. Мемлекеттік мүлікті басқару тиiмдiлiгiн бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет