Мемлекеттік мүлік туралы



жүктеу 2.31 Mb.
бет9/12
Дата07.05.2019
өлшемі2.31 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

               мүлiктi мемлекеттің алып қою және қайта бөлу
               құқығы

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік мекемеге бекітіліп берілген мүлікті тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша алып қоюға не оны басқа мемлекеттік заңды тұлғалар арасында қайта бөлуге құқылы.

      163-бап. Мемлекеттік органдардың мүліктік қатынастарға
               қатысуы

      1. Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына орай мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының көрсетілген заңнамасында және оларды құру туралы жеке құқықтық актілерде олар заңды тұлғалар ретінде айқындалса, мемлекеттік мекемелер болып танылады.


      2. Заңды тұлға ретінде айқындалған мемлекеттік органдар, егер олар азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан емес, өз атынан қатысса (жалға алу, кеңсе керек-жарақтарын, жабдықтар сату-сатып алу шарттарын жасаса, зиян келтіргені үшін міндеттемелер бойынша жауаптылықта болса, басқа да азаматтық-құқықтық әрекеттер жасаса) мемлекеттік мекемелер ретінде қарастырылады.

      164-бап. Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік


               мекемелерді құрудың және олардың қызметінің
               ерекшеліктері

      1. Осы Заңның 163-бабының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы заңнамасының және мемлекеттік органды құру туралы жеке құқықтық актілердің негізінде құрылады және осы мекеме туралы ережелердің негізінде жұмыс істейді.


      2. Мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекеме өзінің атынан басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (акционері, қатысушысы, мүшесі) ретінде әрекет етуге құқылы емес. Мемлекеттік заңды тұлғаларды, акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру кезінде мемлекеттік органдар мемлекеттің (Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) атынан ғана құрылтайшы (акционер, қатысушы) ретінде әрекет етуге құқылы.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелер табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы емес. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен табыс әкелетін қызметпен айналысуға құқылы.
      4. Мемлекеттік органның құзыреті, құрылымы, ведомстволық бағыныстылығы және функцияларын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы мемлекеттік органдарды құру туралы жеке құқықтық актілерде айқындалады.
      5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, осы Заңның күші мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерге қолданылады.

      165-бап. Мемлекеттік мекеменің жауаптылығы

      1. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді.
      Мемлекеттік мекеменің қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.
      2. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

12-тарау. АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ АКЦИЯЛАРЫНА ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕРДІҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ТИЕСІЛІ ҚАТЫСУ ҮЛЕСТЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

      166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және
               жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне
               мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге
               асыруын құқықтық реттеу

      1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруды, акционерлердің (қатысушылардың) құқықтарын, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарын құру мен олардың өкілеттігін құқықтық реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жүзеге асырылады.


      2. Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы акционердің (қатысушының) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімібойынша тиісті саланың уәкілетті органына беруі мүмкін. Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.
      Акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретіне жататын мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің мүддесін білдіреді.
      3. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде әкімшілік-аумақтық бөліністің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
      4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28. № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      167-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларына


               және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне
               құқықтарының туындау негіздері

      Мемлекет акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарды:


      1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;
      2) мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруы;
      3) мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып алуы;
      4) жарғылық капиталындағы қатысу үлесі осы Заңның 19-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдарды акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру;
      5) «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін мәжбүрлеп сатып алу;
      6) стратегиялық объектілерді сатып алуға басым құқықты іске асыру;
      7) осы Заңның 19-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша сатып алу жолымен ие болады.

      168-бап. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік


               мекемелерді акционерлік қоғамдар және
               жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп
               қайта құру

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер етіп қайта құру Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүргізіледі.

      169-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдардың акциялары
               мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
               жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатып
               алуы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін республикалық және коммуналдық мүліктің құрамына сатып алу туралы шешімді тиісінше Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қабылдайды.


      2. Акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін бюджет қаражаты есебінен сатып алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген тәртіппен жүргізіледі.
      3. Акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
      4. Акционерлік қоғамдардың акцияларын республикалық бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде республикалық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.
      Акционерлік қоғамдардың акцияларын жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алған кезде, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарды құрған кезде коммуналдық мүліктің құрамына түсетін, акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізіліміндегі акциялар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органның жеке шотының есебіне жатқызылуға тиіс.

      170-бап. Мемлекеттің акционерлік қоғамдар мен


               жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құруы

      1. Мемлекет акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құрған кезде олардың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасының атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болады.
      3. Әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болады.
      4. Акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құратын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органды және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары және мемлекеттік мекемелер акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы бола алмайды.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуына тыйым салулар мен шектеулер белгіленуі мүмкін.
      6. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын төлеу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      7. Акционерлік қоғамның акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын ақшадан басқа, өзге мүлікпен төлеу туралы шешім қабылданған жағдайда, мемлекеттік мүлікті беру осы Заңның 114-бабының қағидалары бойынша жүргізіледі.
      8. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      171-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен


               жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің
               түрлері

      1. Акционерлік қоғамдардың акциялары (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) кімге тиесілі екендігіне қарай мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:


      1) Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
      2) әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді.
      2. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларының санына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерінің мөлшеріне) қарай акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер:
      1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – жарғылық капиталындағы акционерлік қоғам акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді. Акционерлік қоғамның акцияларының бақылау пакеті немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысуының бақылау үлесі тиісінше акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі екендігін білдіреді;
      2) мемлекет үстем емес үлеспен қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген белгілері жоқ акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер болып бөлінеді.

      172-бап. Мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдингтер,


               ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар бақылайтын
               акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
               серіктестіктердің өзге заңды тұлғалардың
               жарғылық капиталдарына қатысу ерекшеліктері

      1. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер нысанында құрылған коммерциялық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердің аумағында құрылған ұйымдардың құрылтайшысы (акционерлері және қатысушылары) бола алады.


      Ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің, ұлттық компанияның немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзге ұйымдық-құқықтық нысанда коммерциялық ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының құрылтайшысы (қатысушысы, мүшесі) ретінде әрекет етуіне жол берілмейді.
      2. Ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания немесе мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдинг, ұлттық компания бақылайтын өзге де акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік акционерлік қоғамға немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарағанда өзге мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесіне құқықтарға ие болған жағдайда, жарғылық капиталдағы көрсетілген қатысу үлесі, егер осы коммерциялық ұйым акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылмаса, оған құқыққа ие болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға жатады.

      173-бап. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы


               мемлекетке тиесілі бола алмайтын қатысу
               үлестеріне (пайларға) құқықтарға мемлекеттің ие
               болуының салдары

      Егер осы Заңның 19-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік мүліктің құрамына акционерлік қоғамға немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарағанда өзге ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері (пайлар) түскен болса, жарғылық капиталдағы көрсетілген қатысу үлестері (пайлар), егер заңды тұлға акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылмаса, немесе аталған тұлғаның мүлкі негізінде мемлекеттік заңды тұлға құрылмайтын болса, сатудан түскен табысты бюджет есебіне жатқыза отырып, оларға құқыққа ие болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен шығарылуға жатады.

      174-бап. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
               серіктестіктерге мемлекеттің қатысуын тоқтату

      1. Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге мемлекеттің қатысуы акционерлік қоғамдардың акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сатқан кезде немесе осы Заңның 83-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне құқықтарды тоқтатқан кезде тоқтатылады.


      2. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін сату осы Заңның 10-тарауының қағидалары бойынша жүргізіледі.
      3. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін акционерлік қоғам орналастыратын акцияларды төлеуге немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде беру осы Заңның 114-бабындакөзделген тәртіппен жүргізіледі.

      175-бап. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі


               акцияларына және жауапкершілігі шектеулі
               серіктестіктердің жарғылық капиталындағы
               мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне билік ету

      1. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне билік ету осы Заңның 10-тарауында көзделген тәртіппен жүргізіледі.


      2. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін) өтеусіз беруге жол берілмейді.
      3. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің жарғылық капиталдарына берілген ұлттық компаниялардың акцияларына, сондай-ақ стратегиялық объектілер болып табылатын, акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне) билік етуге Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жол беріледі.
      4. Мемлекетке тиесілі акцияларға (жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестеріне) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару нысанындағы үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салуға және оларды иеліктен шығаруға осы Заңның 10-тарауының қағидалары бойынша жол беріледі.
      5. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін кепілге қоюға жол берілмейді.

      176-бап. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі


               акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі
               серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке
               тиесілі қатысу үлестерін сенімгерлікпен
               басқаруға беру

      1. Акционерлік қоғамның мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін жеке тұлғалардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сенімгерлікпен басқаруына беруді, егер берудің нысанасы республикалық мүлікке жататын – акционерлік қоғамдардың акциялары немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестері болып табылса, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.


      2. Коммуналдық мүлікке жататын – акционерлік қоғамның акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беруді жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
      3. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі қатысу үлестерін кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғалардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың сенiмгерлікпен басқаруына беру осы Заңның 10-тарауында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      4. Сыйақы мөлшері, сондай-ақ сенімгерлікпен басқару әрекетінің мерзімі акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шартпен айқындалады.
      Акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сенімгерлікпен басқаруға мемлекеттің дивидендтерге деген өз құқығынан бас тартуы арқылы беруге жол берілмейді.
      5. Сенiмгерлікпен басқарушыға мынадай:
      1) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысын өзгерту туралы;
      2) акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшерін өзгерту (ұлғайту немесе азайту) туралы;
      3) акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті тарату, оларды қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ олардың атауларын өзгерту туралы мәселелерді шешуге байланысты мемлекеттің құқықтарын беруге болмайды.

      177-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғам мен


               жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға
               мемлекеттің қатысу құқығы

      1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамды немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға мемлекеттің қатысу құқығын мемлекет «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асырады.


      2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шешім қабылданатын:
      1) қоғамның жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
      2) жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
      3) жылдық қаржы есептiлiгiн бекiту және қоғамның есептi қаржы жылындағы таза табысын бөлу;
      4) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомадағы активтерінің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қоғамның өзге заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау;
      5) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақылар төлеу мөлшері мен шарттарын айқындау;
      6) «алтын акцияны» енгiзу және оның күшiн жою;
      7) қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша директорлар кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою мәселелерін қоспағанда, акционердің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша шешімді дербес қабылдайды.
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және оларды пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шешім қабылданатын:
      1) жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе жарғыны жаңа редакцияда бекіту;
      2) жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту;
      3) жылдық қаржы есептілігін бекіту және таза табысты бөлу;
      4) серіктестіктің өзге де заңды тұлғаларға қатысуы туралы шешім;
      5) серіктестіктің барлық мүлкін кепілге қою туралы шешім;
      6) серіктестіктің атқарушы органын құру, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
      7) серіктестіктің мүлкін жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша мәмілелер туралы шешімдер қабылдау;
      8) байқау кеңесін және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
      9) қатысушыдан жарғылық капиталдағы қатысу үлесін мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім;
      10) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекіту;
      11) серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша байқау кеңесі қабылдаған шешімдердің күшін жою мәселелерін қоспағанда, қатысушының құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша шешімді дербес қабылдайды.
      3. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғам директорлары кеңесінің немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқау кеңесінің құрамына акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілген тиісті саланың уәкілетті органының және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның өкілдері кіреді.
      4. Акционерлік қоғамдардың директорлар кеңесінің және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің байқау кеңесінің мүшелері болып табылатын мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төленбейді.

      178-бап. Мемлекет жалғыз акционері (қатысушысы) болып



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет