Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының Грекияға ірі есеппен жеңілуін сынның астына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қайрат ФК

Танымал спортшы Ұлттар лигасы аясында Грекия құрамасынан ойсырай ұтылған Қазақстан құрамасының болашағы жоқ екенін ашып айтты.

“Дәл қазір көз алдымызда Қазақстан футболы өлді. Егер 8 жыл бұрын айтқаныма құлақ асатын адам болғанда, дәл бүгінгідей масқара болмайтын едік. Бізді күллі әлемнің алдында қарабет қылып, тірідей көмді. Иә, бізді бұл Қазақстанның әлем алдындағы беделін арттырады деп алдап келді. Бірақ бұл түптеп келгенде жемқорлықтың, ұрлықтың нышаны. Мен айтқандай істемесеңдер, футболдың болашағы болмайтынын айқын. Ояныңдар, ғажайып тек ертегіде болады. Айтпақшы, енді Қазақстанда ресми түрде грек салатын жеуге болмайды” – деді Қуат Хамитов. 

 

100 млн теңге: Кәсіпкер Тимур Турлов Қазақстан футбол құрамасы Грекияны жеңсе сыйлық жасайтынын айтты

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жартылай финалында  Грекия командасынан 0:5 есебімен ұтылып, Еуроға жолдама алу мүмкіндігінен айырылды. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.