Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп



жүктеу 426.58 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі426.58 Kb.

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының

іске асырылуы туралы есеп

Қазақстан республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
(Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

2014-2018 жылдарға арналған,

(жоспарлы кезең)

Қазақстан Республикасы Денсаулық және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген

(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бекітілген бұйрықтың атауы)

20 14 жылғы "5" желтоқсандағы № 299 бұйрығымен бекітілген

Есеп беру кезеңі: 2016 жыл


  1. Тәуекелдерді басқаруды талдау

Ықтимал тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар

Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың іс жүзінде орындалуы

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат)

1

2

3

4

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.1 мақсат. Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту

Техногенді және экологиялық аппаттар (қасірет) салдарынан болған әртүрлі жарақаттар мен аурулардың (оның ішінде инфекциялық) жаппай кең дамуы

1. Қатердің басталуына байланысты денсаулық үшін салдарды жоюға бағытталған кешенді шараларды қабылдау (медицина кадрларын жұмылдыру, дәрілік заттармен қамту және т.б.)

2. Жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша медициналық пункттер мен денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы жабдықтармен қосымша жарақтандыруға, сондай-ақ шұғыл стационарлық көмек көрсетудің қосымша көлеміне немесе бюджет қаражатын қайта бөлуге қаражаттың қажеттілігі туралы бюджеттік және экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу



Республиканың апаттық қауіпті жолдарының аумағында 40 трассалық медико-санитариялық бекеттерді (бұдан әрі - ТМСК) одан әрі дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

ТМСБ жұмысы тәулік бойы режимде іске асырылады, вахталық әдіс бойынша жедел әрекет ету бригадаларының кезекшілігі ұйымдастырылды. Бригалар 5 қызметкерлерден (дәрігерлер, фельдшер, диспетчер, құтқарушы, құтқарушы жүргізушісі). ТМСБ қажетті техникалық мүлікпен, 40 құтқарушы құралдармен 40 реаномобильдер. Бекеттер аумағында тікұшақ техникасын қондыру үшін орын қарастырылған.

2016 жылы жідел әрекет ету бригадаларымен 1664 жол-көліктік оқиғалар барасында 2657 адам,оның ішінде – 210 бала зардап шеккен 1664 шығулар ұйымдастырылды. 4664 азаматтарға, оның ішінде 360 балаға медициналық көмек көрсетілді. Емдеу ұйымдарында 1849 адам эвакуацияланды, оның ішінде 174 бала, 1452 адам, оның ішінде 150 бала госпитальданды.

ТМСБ-ға жақын орналасқан елді мекен азаматтардың және трасса бойымен өтіп бара жатқан медициналық көмекке 2861 жеке өтініш білдірулер тіркелді, оның ішінде 126 адам медициналық адам жеткізілді.

Келесідей мақсатты индикаторларға қол жеткізілуде:

- ЖТО нәтижесінде жедел медико-көмек көрсету әрекет ету трассаларының бөлігінде қайтыс болғандардың санын төмендету. Осылай трассалық бекеттердің жауапкершілік аумағында өлім-жітім көрсетуші 2016 жылғы айда – 11,5% азайды;

- жедел медико-құтқарушылық көмек көрсету аумағында ЖКО туралы хабар келген уақыттан бастап келу және жедел медико-құтқарушылық көмек көрсетуді бастау уақытын қысқарту. Қазіргі таңда аталған көрсеткеткіш На сегодняшний день данный показатель не превышает 25 минут, мин аспайды, яғни «алтын сағат» қағидасы сақталады.

Жол апаттық оқиғаларда және басқа төтенше жағдайларда ТМСБ жедел медициналық көмек көрсетуде ТМСБ, медициналық ұйымдардың, санитарлық авиация, жедел жәрдем өзара әрекет ету алгоритмін жетілдіру мақсатында «Жол-көліктік оқиғаларда зардап шеккен тұлғаларға шұғыл әрекет ету және уақытылы кешенді көмек көрсету туралы ережені бекіту туралы»Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Инвестиция және даму мен Ішкі істер министріліктерімен бірлескен бұйрығы бекітілді. Сондай –ақ, қазіргі таңда транспорттық медицинаның одан әрі дамуын және жедел медициналық көмек көрсету екідеңгейлі үлгісін құруда қарастыратын алдыңғы 5 жылға (2016-2020 ж.ж,) жедел медициналық көмек көрсету қызметін дамыту Стратегиясы әзірленді.

Әзірленген стратегия аясында ҚР ДСӘДМ «Республикалық санитарлық авиация орталығы» ШЖҚ РМк базасында оның қызметін 5 бағытта дамыту бойынша Ұлттық үйлестіру орталығын құру жоспарланған.

ҚР санитарлық авиация қызметін дамыту;

ҚР жедел жәрдем қызметін үйлестіру;

Телемедицинаны жаңғырту және жетілдіру;

Жедел жәрдем көмек үшін оқыту клиникалық орталықтың ашылуы;

Республикалық шұғыл және жедел медициналық көмек көрсету орталығын құру.

Қазіргі таңда ҚР ДСМ санитарлық авиация және жедел жәрдем қызметін жетілдіру бойынша жекелей шаралардың және жобалардың іске асырылуы басталды. Толықтай, аталған Стратегияны іске асыру халықтың сапалы шұғыл медициналық көмекке қолжетімдігін және сапасын арттыруға мүмкіндік береді, әсіресе ауылдық жерде тұратындарда.

Жыл сайын тегін медициналық кепілдендірілген көмек кешені (бұдан әрі – ТМккк) аясында дәрілік қамтуға шығындар артуда, 2016 жылы сомма 164,8 млрд. теңге құрады.

Қазіргі таңда тегін медициналық кепілідендірілген көмек көрсету (бұдан әрі - ТМККК) үшін дәрілік қамтамасыз ету мынадай:

- жедел жәрдем, стационарлы және стационар алмастыратын көмек көрсету;

- медициналық ұйымдармен бекітілген және өкілетті органдармен бекітілген тәртіпте келісілген дәрілік формулярлар;

- 2011 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. № 786 бұйрығымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің бекітілген тізбесіне сәйкес амбулаторлы-емханалық көмек көрсету жолдарымен іске асырылады.

2016 жылға сатып алу 115 млрд. теңге сомасына 100% пайыздық көлемде 947 дәрілік зат және медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды.


Орындалды

Медициналық қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шараларының жетіспеушілігіне байланысты медициналық кадрлардың кетуі

Меморандумдарды өңірлерде кадрларды бекітуге бағытталған жаңа іс-шаралармен кеңейту

2016 жылы Министр және облыстар, Астана,Алматы қалаларының Әкімдерімен дәрігерлік кадрлардың тапшылығын төмендету көрсеткіші анықталған меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, өңірлерде кадрлардың бекітілуін мониторингілеу мақсатында медициналық ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау және ЖАО-мен түлектерге көрсетілітен әлеуметтік қолдау шараларын мониторингілеу жасалады.

Осылай, 2016 жылдыңқорытындысыбойыншаоблыстаржәнеАстана, Алматықалаларыныңденсаулықсақтаубасқармаларыныңақпаратынасәйкес 253 маманға 70АЕКжәнеодандакөпкөлемдекөтермеақы, баспана – 78 маманға, баспанаалуғажеңілдігібарнесие – 67 маманға, жалдауғабаспана – 163 маманға, әлеуметтікқолдаудыңбасқадашаралары 138 маманға.



Орындалды



  1. Мақсаттарға және нысаналы индикаторларға қол жеткізу



Нысаналы индикатордың атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Ескертпе
(орындалуы/орындалмауы
туралы ақпарат)

Жоспар

Факт

1

2

3

4

5

6

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.1 мақсат. Сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсарту

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

стат.

деректер


жыл

71,8

-

Мәліметтер жоқ (Статистика Комитетімен а.ж. сәуір айында қалыптастырылады)

Жалпы өлім-жітім

стат.дере

ктер


мың тұрғын

ға шаққанда



7,56

7,44

(жедел ақпарат)



Алдын ала мәлімет бойынша индикаторға қол жеткізілді (Статистика Комитетімен а.ж. сәуір айында қалыптастырылады)

Ана өлім-жітімі

ДСӘДМ деректері

100 мың тірі туған

дарға шаққанда



11,5

12,7

(жедел ақпарат)



Индикаторға 90,5% -ға қол жеткізілді


Нәресте шетінеушілігі

стат. деректер

тірі туған

дарға шаққан

да


9,6

8,6

(жедел ақпарат)



Индикаторға қол жеткізілді


Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім

стат. деректер

100 мың тұрғын

ға шаққанда



203,1

179,81

(жедел ақпарат)




Индикаторға қол жеткізілді

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім

стат. деректер

100 мың тұрғын

ға шаққанда



93,5

88,79

(жедел ақпарат)



Индикаторға қол жеткізілді

«Күтілетін өмір сүру ұзақтығы» көрсеткіші бойынша БЭФ БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция


95

90

Индикаторға қол жеткізілді

«Нәресте шетінеушілігі» көрсеткіші бойынша БЭФ БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

78

71

Индикаторға қол жеткізілді

«Туберкулездің таралуы» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

100

92

Индикаторға қол жеткізілді

«Туберкулездің бизнеске орта мерзімді әсері» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

105

106

Индикаторға қол жеткізілген жоқ

«АИТВ таралуы» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

1

1

Индикаторға қол жеткізілді

«АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

79

81

Индикаторға қол жеткізілген жоқ

БҰДЖ шарттарында қаржыландырылатын стационарлық көмекті тұтыну деңгейі

ДСӘДМ, ЖАО

деректері



1000 халыққа шаққан

да төсек-күн саны



1170

1081

Индикаторға қол жеткізілді

ТМККК шеңберінде жеке меншік медициналық қызмет берушілердің үлесі

ДСӘДМ, ЖАО деректері

%

29,7

29,63

Индикаторға 99,7% -ға қол жеткізілді


1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.2 мақсат. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Электрондық медициналық карталармен қамтамасыз етілген халықтың үлесі

ДСӘДМ деректері

%

50

48,29


Индикаторға 96,5% -ға қол жеткізілді

2016 жылы медициналық көмек көрсетуге пациенттердің фактілік өтініші азайтылды, осыған орай ҚР ДСМ АЖ мәліметтер базасында тіркелген электронды медициналық карталардың саны жоспарланған көлемнен сәйкесінше аз

ТМККК-ге бөлінетін қаражаттың жалпы көлемінен МСАК шығыстарының деңгейі***

ДСӘДМ деректері

%

32

35,5

Индикаторға қол жеткізілді

Әзірленген құжаттамаларға оң қорытындыларды алған МЖЭ жобалардың санын көбейту және олар бойынша конкурсты жариялау (жыл сайын кемінде)

ДСӘДМ деректері

МЖЭ жобалары бойынша конкурстық құжаттамаларға оң қорытындылар-ды алған жобалардың саны

1

1

Индикаторға қол жеткізілді

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.3 мақсат. Денсаулық сақтау саласында кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту

Дәрігер кадрлардың тапшылығы

Облыстар-дың, Астана, Алматы қалаларының ДСБ

адам

2095

1854,25 (алдын ала мәліметтер)

Индикаторға қол жеткізілді

ҚР денсаулық сақтау жүйесіне жыл сайын енгізілетін жаңа медициналық технологиялардың жалпы көлемінде отандық зерттеушілер әзірмелерінің үлесі

ДСӘДМ деректері

%

10

10,8

Индикаторға қол жеткізілді

«Назарбаев Университеті» ДБҰ клиникалық тпрактикасынаенгізілген инновациялық технологиялардың, диагностиканың, емдеу мен оңалтудың саны

«Назарбаев Университеті» ДБҰ мәліметі

бірлік

20

28

Индикаторға қол жеткізілді

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның Жаһандық бәскеге қабілеттілік индексінің нысаналы индикаторлары

Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

30

29

Индикаторға қол жеткізілді

Мемлекеттік шенеуніктердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизм бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

48

55

Индикаторға қол жеткізілген жоқ

Саясаткерлерге қоғамдық сенім бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

29

32

Индикаторға қол жеткізілген жоқ



  1. Талдамалық жазба

2014-2018 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік министрлігінің стратегиялық жоспарында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) мақсаттары, міндеттері және қызмет бағыттары Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауынан, «Стратегия «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 2012 жылғы 14 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарына сәйкес анықталған.

Оған сәйкес денсаулық сақтау саласын басқару тұрақты экономикалық дамуға ықпал ету және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған.

Осыған орай алдыңғы кезеңге Министрліктің жұмыс бағыты азаматтардың денсаулығын нығайтуға, сонымен қатар сапалы медициналық қызметтің қолжетімдігін арттыру, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау саласында кадрлық потенциал мен ғылымды дамытуға бағытталған.

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1.1.-мақсат. Сапалы медициналық қызметтің қолжетімдігін арттыру

Қазақстанда, сондай-ақ, барлық әлемдегідей инфекциялық емес аурулардың деңгейі артуда. Өлім-жітім құрылымының 50%-дан астамын қанайналым жүйесі, қатерлі ісіктер, жарақаттар, босандыру және балалар құрайды. Бұл ретте, аталған аурулардың 5 тобын емдеуге ТМККК-ға бағытталатын қаражаттың жартысынан көбі шығындалады. Осының негізінде, Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде елдегі демографиялық жағдайға едәуір әсер ететін ауруларды емдеуге және жағдайларға басымды назар аударылады.

Осы мақсатта, медициналық көмек көрсетудің деңгейін бөлу мақсатында жоғарыда аталған 5 бағыт бойынша интеграцияланған модельді кезең-кезеңімен енгізу қарастырылған. Интеграцияланған модельді енгізу үшін медициналық көмек көрсетудің тиісті стандарттарына өзгерістер мен толықтыру енгізу көзделген бұйрықтың жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісу барысында.

Министрлікте және барлық өңірде 5 бағыт бойынша Үйлестіру кеңестері құрылды. 5 бағыттың әрқайсысы бойынша анықталған проблемаларды ескере отырып, қызметтердің жағдайына талдау жүргізілді, кадрларға, материалдық-техникалық жабдықталуға қажеттілік қалыптастырылды, өңірлендіру деңгейіне сәйкес мамандарды даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыс басталды.

Медициналық ұйымдарды өңірлендіру деңгейіне сәйкестіндіру мақсатында өңірлендіру критерийлері жетілдірілді, кадрлар мен медициналық техника қажеттілік анықталды, өңірлер шығу бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсетіледі, 5 бағыт бойынша медициналық көмек көрсету сапасын бағалау индикаторлары әзірленді.

Өлім-жітімді төмендету мақсатында барлық деңгейдегі медициналық көмеккөрсету сапасын қамтамасыз ету, үйлестіру, мониторинг, тиімділікті қамтамасыз ету бөлігінде бейінді медициналық ұйымдардың жауапкершілігі мен рөлі күшейтілді.

Осылай, жіті инфаркт миокарды (ЖИМ) және инсультте (ЖИ) медициналық көмеккөрсету интеграцияланған үлгісін енгізу бойынша Жол карталарын іске асыру негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. 2016 жылғы алдын-ала мәліметтер бойынша ҚЖА-дан өлім-жітім 10,5%-ға, оның ішінде ЖІМ-нен 11,6%-ға азайды, ми қан айналымының жіті бұзылуынан – 12,5 %-ға азайды.Бұдан басқа, инсультты ауруларға медициналық көмек көрсету, өлім-жітімді төмендету және ми қан айналымының жіті бұзылуынан мүгеде ми қан айналымының жіті бұзылуынан мүгедектектің алдын алу сапасын жақсарту мақсатында 2016 жылғы тамыз айынан бастап «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ (бұдан әрі - ҰНО) базасында «Республикалық инсульт мәселелері бойынша үйлестіру орталығы» (бұдан әрі - РИҮО) қызмет етеді.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңірлерде қосымша 3 инсульттік орталық, миокарды инфаркты кезінде оперативті араласулар жүргізілетін тері арқылы коронарлы жасау Орталықтары ашылды. «ҰНО» АҚ базасында І және ІІ деңгейдегі жіті инсульт миокарды кезінде шұғыл нейрохирургиялық көмек көрсету дағдыларын өңдеу үшін тренингтік орталығы құрылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қатерлі ісіктер бойынша медициналық көмек көрсету интеграцияланған үлгісін енгізу мақсатында интеграцияланған үлгіні енгізу үйлестірушілері мен аудиторлары үшін оқыту бағдарламалары әзірленді,халықаралық сарапшылар мен өңірлердің пікірін сепке ала отырып скринингтік бағдарламалардың өзектендірілуі ұсынылды (скрининг нәтижесінде анықталған ЖҚІ саны 7,9%-ға дейін артты), Қазақстанда сәулелік емдеуді жақсарту мақсатында жоғарытехнологиялық радиациондық орталықтардың жұмысына талдау жүргізілді, оның қолжетімдігін және және емдеу және диагностика хаттамаларына сәйкестағайындауларды сақтау мақсатында стационарлы және амбулаторлық деңгейде дәрілік емдеу оңтайландыруы жүргізілді.

Медико-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде диагностикалық құралмен қамтамасыз ету деңгейі, (скрининг бөлінісінде) 7%, онкологиялық диспансер деңгейінде емдеу-диагностикалық құралмен 5% қамтылу жоғарлатылды.

Қарау және онкологиялық кабинеттер бөлінісінде оң динамика рактың уақытылы анықталуын арттырды.

2016 жылы барлығы 36 998 бірінші деңгейлі ЖҚІ-мен анықталды, осы ретте пассивті анықталған рак саны, жеке хабарласқан бойынша 80,1%-ға төмендеді және 7,9 дейін скрининг бойынша анықтау белсенділігі жоғарлатылды, ал профилактикалық қараулар нәтижесінде 12 дейін жоғарлады.

Сонымен қатар, жарақаттану мен оқыс жағдайларды медициналық көмек көрсету бойынша Жол картасын іске асыру мақсатында «Травматология мен ортопедия» мамандығы бойынша мамандарды даярлау мен біліктілігін көтеру жүргізілді. Еуропа мен АҚШ үздік клиникалары базасында 100-ге жуық мамандар оқудан өтіп, 944 парамедик (ІІД, ТЖД қызметкерлері, қоғамдық көлік жүргізушілері) оқытылды. Жергілікті бюджет есебінен 200 млн-нан артық сомаға медициналық құрал мен медициналық бағыттағы бұйымдар сатып алынды. Жыл сайын елімізде «Травматология» бейіні бойынша республикалық бюджет есебінен жоғарымамандандырылған медициналық көрсету жағдайлары саны артуда. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 21623 ЖММК технологиялары жүргізілді (2015ж. – 16 967).

Ана және нәресте өлім-жітімін азайту мақсатында министрлікпен бала және туу бойынша медициналық көмек көрсету интеграцияланған үлгісі нәтижелі енгізілді.

Осылай орай, бала және туу қызметі интеграцияланған енгізу және жұмыс тиімділігін арттыру бойынша Жол картасы бекітілді. Әр өңірде облыстық әкімдіктермен бірлесіп, сәйкесінше жол карталары әзірленді және бекітілді.

Нормативтік құқықтық база өзектендірілді, ҚР акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты әзірленді, өңірлік периниталды көмекті өңірлендіру қайта қаралды, акушерлік қанжоғалту, антенатальды бақылау және преэкламсия және басқа жағдайлар бойынша клиникалық хаттамалар жетілдірілді (90). Өңірлендіру деңгейіне байланысты туу қызметтері ұйымдарына аудит пен бағалау жүргізілді, қажетті құралдармен кезең-кезеңмен жарақтандыру жоспарланды. Уақытылы басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті өлім-жітімнің негізгі себептерін анықтауға мүмкіндік беретін (денсаулық сақтау саласына тәуілді ғана емес) периниталды өлім-жітімінің конфеденциалды аудиті енгізілді.

Кадрлар жетіспеушілігі мәселесін шешу мақсатында резидентура мамандары түлектерін шығару және одан кейін біліктілігін арттыру жоспарлануда (61 акушер-гинекологтар, 77 неонатолог, 13 анестезиолог-реаниматолог).МСАК деңгейінде жүктіліктің тізілімін уақытылы толтырылуы қамтамасыз етілді. Медициналық ұйымдар қызметінің барлық деңгейімен қауіп тобына байланысты әр жүкті әйелдің «жүру жолына» күнделікті мониторинг іске асырылады. Ауыр жағдайдағы аналарға қажетті деңгейде уақытылы медициналық көмек көрсету үшін аналарға Министрлік және өңірлік денсаулық басқармалары деңгейінде мониторинг іске асырылады.

Өңірлендіру деңгейіне байланысты туу қызметтері ұйымдарына аудит пен бағалау жүргізілді, қазіргі таңда ұйымдардың барлық категориялары олардың нақты жағдайлары бойынша қайта қаралды. 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін алдын алу үшін уақытылы басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін периниталды өлім-жітімнің конфеденциалды аудиті енгізілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық акушерлік, гинекология мен перинотология ғылыми орталығының филиалын ашу бойынша мәселе қарастырылуда.

2016 жылдың қорытындысы бойынша республикада туберкулез бойынша тұрақты эпидемиологиялық жағдай байқалады. Бұған жалпы елде туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішінің 9,7 %-ға төмендеуі дәлел болады, ол 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы 58,5 салыстырғанда 52,8-ді құрады. Сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуі барлық облыстарда байқалады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 17,1 %-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 2015 жылғы 4,1-ке қарсы 3,4-ті құрады.

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2016-2017 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес «Туберкулездің таралуы» («Tuberculosis incidence») факторы бойынша Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылмен салыстырғанда өз жағдайын позицияға жақсартты (140 елден 101 орын) және 138 елдің арасынан 92 орын алды. Туберкулезді бақылау бойынша табысқа жетуге мүдделі мемлекеттік органдардың жолға қойылған ведомствоаралық, сала аралық өзара іс-қимылдың ықпал еткенін атап өту қажет.

Негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің төмендеуі халықтың барлық ересек топтарында белгіленді. Халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсету сапасын одан әрі жетілдіру үшін ДДҰ «End TB» Стратегиясына сәйкес Қазақстанда 2016-2025 жылдарға арналған туберкулезді бақылаудың интеграцияланған моделі әзірленді, ол Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде іске асырылады. Интеграцияланған модель облыстық (қалалық, өңірлік) ТҚҰ деңгейінде барлық туберкулезге қарсы ұйымдарды орталықтандыру арқылы сатылас және туберкулезге қарсы ұйымдардың барлық диспансерлік бөлімдерін (туберкулез кабинеттерін) МСАК заңды тұлға ретінде қарамағына берудің деңгейлес интеграциясын білдіреді.

2016 жылы 14 өңірде (Маңғыстау облысы мен Астана қаласын қоспағанда) облыстардың және Алматы қаласы әкімдерінің қаулысымен сатылас интеграция жүргізілді. Аудан деңгейіндегі деңгейлес интеграция Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа барлық облыстарда жүзеге асырылды (2017 жылғы қаңтарға жоспарланған). Туберкулездің дәріге көнбейтін түрлерін уақтылы анықтау үшін елімізде туберкулезді диагностикалаудың тез және жеделдетілген әдістері енгізілді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша амбулаториялық жағдайда ем бастаған туберкулезбен ауыратын науқастардың үлес салмағы 52,7% және – 33% (2013 ж. - 7,5%, 2014 ж.- 9,2%; 2015 ж. - 15,6%) құрады.

2016 жылы республика бойынша флюорография әдісімен 8 724 700 адам (96,4%) зерттеп-қаралды, 7453 адамда туберкулез айқындалды. 2016 жылы есепті кезеңде туберкулезді профилактикалау мәселелері бойынша 34 интернет-баспада туберкулез мәселелері бойынша ақпараттық сілтемелер орналастырылған. Халық арасында 212 002 ақпараттық-білім беру материалдары әзірленіп, тираждалды. 2016 жылы туберкулез проблемалары және профилактика, ерте айқындау және диагностика шаралары туралы лекциялармен, әңгімелесулермен 2 290 313 адам, оның ішінде 274 613 оқушы, 171 337 студент, 335 450 жүкті әйел қамтылды.

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2016-2017 жылдарға арналған «15-49 жас аралығындағы халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуы» көрсеткіші бойынша ЖБИ рейтингісі бойынша Қазақстан Республикасы 0,2% көрсеткішімен 1 позициясына алды (2012-2013 жылдардың ЖБИ - 0,1% көрсеткішімен 12 орын; 2012-2013 жылдардың ЖБИ - 0,1% көрсеткішімен 12 орын; 2014-2015 жылдардың ЖБИ - 0,2% көрсеткішімен 49 орын; 2015-2016 жылдардың ЖБИ - 0,2% көрсеткішімен 1 орын). Ағымдық кезеңде ЖИТС орталықтарында диспансерлік есепте АИТВ-мен өмір сүретін (АӨА) 16 429 адам тұр.

АИТВ-мен өмір сүретін және антиретровирустық терапияны алатын адамдардың үлесі, 2016 жылдың қорытындысы бойынша - 80,6% (9919 адамнан 7994) құрайды. Жүкті әйелдерді профилактикалық емнің толық курсымен қамту 94,6%-ды құрады. АИТВ-сы оң аналардан туған балаларды профилактикалық еммен қамту 99,5%-ды құрады.

Ірі және орта бизнес құрылымдары басшыларының ақпараттық-білім беру деңгейін арттыру мақсатында АИТВ-инфекциясы бойынша индикаторға акцент жасай отырып, ДЭФ ЖБИ бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. АИТВ-инфекциясының бизнеске ықпал ету мәселесі бойынша 2442 басшыға сауалнама жүргізді. 9156 жадынама таратылды, 4794 ақпараттық хат жіберілді. ЖБИ көрсеткішін жақсарту мақсатында өңірлік Кәсіпкерлер палаталарымен жұмыс жүргізілді: барлық өңірлерде бірлескен жұмыс жоспарлары келісілді, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді, ақпараттық хаттар жіберілді. Республикада АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алу бойынша жеделдетілген жоспарының жобасы және оны іске асыру жөніндегі жол картасы әзірленді, ол келісу сатысында.

2014 жылы әлемдегі 54 ел үшін ДДҰ-ның Атқарушы комитетінің шешімі және ҚР Үкіметінің қолдауымен медициналық-санитарлық алғашқы көмекті жетілдіруді дамытуға құзіретті МСАК бойынша ДДҰ-ның географиялық шекті кеңсесі Алматы қаласында құрылды. Үш ауру түрі аретриялық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бойынша 7 пилоттық өңірде (Астана, Алматы ққ, Орал, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында) 23 медициналық ұйымда Ауруларды басқару бағдарламасыенгізілуде. Олардың ішінде 16 медициналықұйымда АББ алғаш рет енгізілуде. Аталған бағдарлама пауиенттерді салауатты өмір салтын ұстану дағдыларына оқытуға бағытталған, ол созылмалы аурулардың асқынуын, жедел ауруханаға түсуді төмендетуге және азаматтардың өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін арттыруға ықпал етеді.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру жалғастырылды. 2016 жылға республикада 11 104 264 мақсатты ересек және бала халқының скрининг-зерттеулері жүргізілді.

Бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жоспарлы тексеруге жататын ересектер қатарынан (6 481 329) 6 541 660 адам бағдарламамен тексеруден өтті, ол 100,9% құрап, 2015 жылғы деңгейде болып отыр (101,2%).

Барлығы республика бойынша 249 920ересек топ халқы қатарынан 3,8% құрады. Анықталғандар қатарынан диспансерлік есепке ҚР ересек топтары қатарынан 224 741 адам тексеруден өтті – 90,8% (91,9% - 2015ж.).

ҚР 4 562 604 - 96,8% (2015г.- 97,1%) бала халқы тексеруден өтті, 2015 жылғы деңгейде 587 188 ауру - 12,9% анықталды, анықталғандар қатарынандиспансерлік есепке 157 073 бала құрады, 26,7% құрады 2015 жылдан 4,2% жоғары– 22,5%.

Скринингтік бағдарламаның қызмет етуі кезеңінде халықтың ақпараттандырылуы кеңінен кеңейді. МСАК деңгейінде скринингтік зерттеулерді өткізуде қамтылған медициналық персоналды жоспарлы оқыту, бағдарламаның әдістемілік қолдауы нәтижесінде барлық кезеңдерде скрининг өткізу сапасы жақсарды.

Скринигтік тексерулермен 90%ға дейін және одан жоғары қамту жақсарғаны, ҚР бойынша сырқаттануды, оның ішінде СБР мен ЖМР анықтау деңгейі жоғарлағаны, анықтаған сырқаттарды диспансерлік бақылаумен қамту оң динамикасы байқалады.

Скринингтік зерттеулер арқылы ересек топтардың кейбір категорияларын профилактикалық медициналық тексерулердің нәтижесі (медициналық, экономикалық) халықаралық зерттеулердің мәліметтеріне сәйкес келеді және скринингтік бағдарламаның одан әрі жалғастыру қажеттілігі туралы куәлендіреді.

Жедел медициналық көмек көрсету қызметінің жоғары деңгейлі моделін құру бойынша жұмыс басталды. 1-ші жергілікті деңгейде GPS-автоматтандырылған жүйесімен жедел кезек күттірмейтін көмек көрсетудің бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылатын болады. Оған облыстардың санавиациясы, қалалардың, аудандардың және ауылдық округінің жедел көмек көрсету станциялары кіреді. Екінші республикалық деңгейде қызмет санавиацияны, телемедицина және бірінші деңгеймен біріктірілген ақпараттық жүйені қосатын болады. Павлодар және Қызылорда облыстарында бірыңғай жүйемен жедел медициналық көмек көрсету қызметінің орталықтандырылған жаңа моделі байқалады.

2016 жыл нәтижесі бойынша республика бойынша емдеуге жатқызу деңгейі 100 мың халыққа 13,2, құрайды стационарлық көмекті пайдалану 1081,0 құрады, 1000 халыққа (2015 жылы талдамалық кезеңде 1077,5) құрады.

БҰДЖ деңгейінде ресурс үнемдейтін күндізгі стационарда қымбат тәуліктік қабылдау стационардағы аурулардың ағыны есебінен медициналық көмектің тиімділігі ұлғайды.

Тәуліктік қабылдау стационарының төсектік қорында күндізгі стационар бейінінде 246 төсек қайта бейінделді (2015 жылы талдамалық кезеңде 138).

Егер, 2015 жылы СЗТ 1120 675 пациенттер ем алса 2016 жылы күндізгі стационарда 11930864 ем алды.

БҰДЖ деңгейінде денсаулық сақтау стационарлық ұйымдарында төсек қорын оңтайландыру бойынша жүйелік жұмыс жүргізіледі. 2016 жылы республиканың медициналық ұйымдарында 3670 төсек рационалданды (2096-халықтың қажеттілігіне байланысты қайта бейінделді, 1574-қысқартылды).

Потенциалды жеткізуші өкілдері аудио жазбалар мен бейне түсірілімдерді жүргізуде ТМККК жеткізу қызметін таңдау бойынша комиссия отырысына қатысуға құқылы. ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету саласында нормативті-құқықтық реттеу бекітілді, потенциалды жеткізушілер арасында адал бәсекелестігін іске асыру принцптерін қамтамасыз ететін және ТМКК көрсетуде жеткізушілер арасында бәсекелестік орта құрылды.

БҰДЖ жағдайындатәулік бойғы қымбат стационардан ауруларды ресурссақтайтын күндізгі стационарға ауруларды ауыстыру жағдайында медициналық көмек қолжетімдігі артылды.

Тәулік бойғы стационардың төсек орны қорының 246 төсек орны күндізгі стационар бейінінде қайта бейінделді (2015 жылғы сәйкесінше кезеңінде 138).

Осылай, егер 2015 жылы 1 120 675 пациент САТ иемденді, 2016 жылы күндізгі стационарда -1 193 864 пациент емдеуден өтті.

БҰДЖ жағдайында денсаулық сақтау стационарлық ұйымдарында төсек орны қорын оңтайландыру бойынша жүйелік жұмыс жүргізілуде. 2016 жылға республиканың медициналық ұйымдарында 3670 төсек орны оңтайландырылды (халықтың тұтынуы байланысты – 2096 қайта бейінделді, 1574 – қысқартылды).

Әлеуетті қызмет берушілер өкілдерінің аудиожазба және бейнетүсірім құқығымен ТМККК жөніндегі қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссияның отырыстарында қатысуға құқығы бар.Қазіргі кезде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету саласын нормативтік-құқықтық реттеу белгіленген, ол әлеуетті қызметтер берушілердің арасында адал бәсекелестік қағидатын қамтамасыз етеді және ТМККК жөніндегі қызметтер берушілердің арасында бәсекелестік орта құрылды.

1.2.-мақсат.Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру бойынша жұмыс жалғастырылды. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында басқарушылық және қаржылық шешімдер қабылдау үшін аналитикалық ақпаратты жинау арналған ақпараттық мен бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелері жұмыс істейді.Жыл сайын Министрлікпен үздіксіз жұмыс істеу үшін ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелеріне қолдау көрсетілуде.

Ақпараттық жүйелерге және олардың интеграциялануына талаптарды нақтылау, медициналық ақпаратты басқару әдістерін жетілдіру мақсатында электронды денсаулық сақтау стандарттарын дамыту бойынша жұмыс жалғасуда.

Дүниежүзік Банк жобасы аясында денсаулық сақтау ақпараттық жүйесін интеграциялау бойынша жұмыс бастау алды, ол 2020 жылға қарай елдің барлық азаматтары үшін электронды денсаулық паспортын құруға мүмкіндік береді. Электронды денсаулық паспорты өзіне түйінді медициналық ақпаратты және сырқаттар тарихын қосатын болады. Өз паспортына интернет арқылы жеке кабинет түрінде пациентпен қатар оны емдеуші дәрігер де қол жеткізе алады.

Қазіргі таңда электронды медициналық картаны енгізу Қазақстан Республикасы ақпараттық жүйесі базасында іске асырылады. Электронды медициналық карта форматтары Қазаұстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама формаларын бекіту туралы»№907 бұйрығымен бекітілген формаларға сәйкес жүргізілед.

Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) жалпы дәрігерлік практика принцпіне аралас жүйесі жүзеге асырылды (бұдан әрі –ЖПД).

Елде ресми статистикаға сәйкес жалпы участок саны 55% құрайтын 4289 ЖПД участкелері бар. ЖПД бір дәрігерінің міндеті 2000 аралас (ересектер, балалар) халықты құрайды оның ішінде 500 балалар.

Отбасылық принцп пациенттердің ісін жүргізу ең жақсы халықаралық тәжірибесімен сонымен бірге, ДҚД сарапшыларының ұсынысымен негізделеді.

Одан басқа, 2014 жылы ДҚД атқарушы Комитетінің және әлемнің 54 елі үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытуды жарақтандыруға уәкілетті Алматы қаласында ҚР Үкіметінің қолдауының шешімі бойынша ДҚД МСАК бойынша географиялық жойылған кеңсе құрылды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде универсалды, әлеуметтік-бағдарланған және қолжетімді медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде ары қарай шаралар қолданылады.

МСАК әлеуметтік-бағдарланған үлгісін енгізу отбасылық денсаулық орталығын, профилактика бөлімшесі мен әлеуметтік-психологиялық көмекті құруға МСАК штаттық нормативтеріне әлеуметтік қызметкерлер, психологтарды қосу негізделген.

Бүгінгі күні МСАК деңгейінде 2141 амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін 8525 дәрігер, 23230 орташа медицина қызметкерлері, 423 психологтар және 1248 әлеуметтік қызметкерлер, өз жүйесінде ғана емес сектораралық және халықтың медициналық-әлеуметтік проблемаларына рұқсат ету бойынша ведомствоаралық іс-қимылды жүзеге асыратын медициналық ұйымдар қызмет көрсетеді.

Осы бағыт бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыратын участкелік терапевт, аурудың созылмалы түрімен ауратын науқастарға патронаж жүргізу үшін педиатрға екінші мейіргер, МСАК жұмыс сағатына жедел медициналық көмектен МСАК берілген шақыруларды қабылдау кезінде дәрігерге қолдау көрсету үшін және бекітілген халыққа профилактикалық жүмыс жұмыс жүргізу үшін жалпы практика дәрігеріне үшінші мейіргерлеріне белгілі бір жұмыс жүргізілді (скринингтер, нысаналы топты қалыптастыру, салауатты өмір салтына және профилактикаға оқыту).

«Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 05 қаңтардағы № 7 бұйрығына сәйкес қызметкерлердің функиялары мен функционалды міндеттері, МСАК, сонымен бірге медицналық қызмет көрсетудің орташа көлемін көрсететін негізгі қағидалар әзірленді. МСАК басқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консултативтік-диагностикалық көмек көрсететін медицина қызметкерлерін жіберу бойынша, МСАК көрсететін және медицина қызметкерлерінің жолдамасыз өз бетінше қаралу бойынша шұғыл, кезек күттірмейтін жағдайда жоспарлы түрде МСАК көрсетіледі.

Қазіргі уақытта барлық елде амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін тіркеу жұмысын ұйымдастыратын стандарттар әзірленген. Аурулардың дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу, үйге шақыру, жазылу жолымен, өз бетінше жазылу, оның ішінде телефон бойынша және МСАК ұйымдарының веб-сайты арқылы, пациенттермен қайта байланысты қамтамасыз ететін, анықтамалық қызметті атқаратын, ересек адамдар үшін жеке тіркеу бөлімдері, пациенттердің емделуге, консултативтік-диагностикалық көмек көрсететуге жіберу кезінде пациенттерді тіркеу және емхананың жұмысы туралы пациенттері ақпараттандыратын шақыруды қабылдайтын жүйе жұмыс істейді.

Амбулаториялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету дәрі-дәрмек тізбесі және халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына сәйкес жүзеге асады.

Тізбе бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 49 нозология бойынша дәрілік заттардың 40 – тан астам атымен жүзеге асады.

Сонымен қатар, кезекті азайту үшін емхананың жұмысы 20.00 ге дейін дәрігерлердің қабылдауы 5 ке дейін, қабылдау уақыты 18.00 ге дейін ұзартылды.

Пациенттерді ауруханаға жатқызу жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу бюро порталы арқылы күту уақыты орташа алғанда 2 апта ауруына байланысты жүргізіледі. Әлемдік практикада жоспарлы ауруханаға жатқызуды күту 3 ай намесе оданда көп.

Сонымен қатар, емханаларда кезекті азайту бойынша іс-шаралар мониторингі жүргізіледі. Мониторинг нәтижесі бойынша 2016 жылға емханаларда кезекті азайту мына бағыт бойынша оң динамиканы белгілейді:

- рецептерді беру бойынша диспансерлік ауруларға 3 айға тегін дәрілік заттар. Бүгінгі күні емхананың 95 % созылмалы аурулармен ауруларға тегін дәрілік заттарды беру рецептін әзірлейді (6 айда - 79,6%). СҚО ( 35% дан 58% дейін), Ақтөбе облысында (42% дан 100%дейін), Павлодар облысында (35% дан 100% дейін) жағдай жақсарды.

- пациенттредің патоктарын бөлу бойынша ересек пациенттер, балалар, екіқабат әйелдер үшін жеке тіркеу бөлімдері ұйымдастырылған. 9 айға 75% емханада жеке тіркеу бөлімі бар, 6 айға осы көрсеткіш 55,1% құрады. Ақтөбе облысында (25% тен 100% дейін), Маңғыстау облысында (45% тен 72% дейін), ОҚО (57% ден 62% дейін) оң нәтиже.

- скринингтік кабинеттердің жұмыстары жақсарды, емханада 98% жеке скринингтік кабинеттер бар, 1- жарты жылдықпен салыстырғанда – 95%. Қарағанды (93% тен 100% дейін), Павлодар облыстарында(78% ден 100% дейін).

Министрлік жыл сайын республика бойынша көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен жеделдігін, бағалаулар мен критерилері,

кезектің жоқтығы, арыздардың жоқтығын анықтайтын ең үздік емхананы анықтау үшін «Кезексіз емхана» республикалық конкурсын өткізетінін атап өту қажет.

23 медициналық ұйымдарда 7 пилоттық өңірлерде (Астана, Алматы қалалары, Орал, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазаұстан облыстарында) үш нозология бойынша артериалды гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жетіспеушілігімен ауруларды басқару бағдарламасы енгізіледі. Оның ішінде 16 медициналық ұйымдарда АББ бірінше рет енгізіледі. Бұл бағдарлама пациентерді асқынған созылмалы ауруларды төмендету, шұғыл емханаға жатқызу және азаматтардың өз денсаулығын қадағалауға жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтымен нақыштандыруды оқытуға бағытталған.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасымен туберкулезге қарсы, психиатриялық, наркологиялық және МСАК мен салауатты өмір салты қызметі іс-шараларын әзірлеу көзделген.

«EndTB» Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының стратегиясымен бірге 2016-2025 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасымен келісетін Қазақстанда туберкулезді ықпалдастыруды бақылау үлгісі әзірленді.

Ықпалдастырылған үлгі барлық туберкулезге қарсы ұйымдарда вертикалды ықпалдастырылған жолмен бір заңды тұлға облыстық туберкулезге қарсы диспансер және деңгейлес ықпалдастыру деңгейінде –барлық диспансерлік бөлімдер (туберкулез кабинеттері) МСАК ұйымының фтизиатрлар мен участкелік терапевтер арасында лауазымдық міндеттерге нақты шектеу қою заңдық жүргізуін ұсынады.

МСАК ықпалдастыру шеңберінде психиатриялық, наркологиялық қызметтерде мүгедектікке соқтыратын қауіп факторларын төмендету бойынша алғашқы айқындауды және профилактикалық жұмысты білдіретін психикалық денсаулық кабинеттерін ашу жоспарланып отыр.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарттармен регламенттелген, «Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бекітілген бұйрығымен медициналық-санитариялық алғашқы көмек қағидалары, мамандардың алгоритмдері әзірленді.

Медициналық қызметтер сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында және пациенттердің құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін барлық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметтері және ішкі аудит және «осында және қазір» принцпі бойынша шағымдарды сол жерде қарау бойынша жұмыс істейтін 16 өңірлік Call –орталықтар құрылды.

Өңірлік Call – орталықтар қызметі туралы ақпарат медициналық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарында: облыстық газеттерде, жергілікті телеканалдарда, денсаулық сақтау басқармасы сайтында орналастырылған.

Халықтың денсаулығын сақтауға, профилактикалауға және нығайтуға бағытталған сектораралық өзара іс-қимыл үшін республикада қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі (ҚДЖ) енгізілуде.

ҚДЖ негізгі бағыттары қоғамдық денсаулық сақтауды басқару, халықтың хабардарлығын арттыру және оларды қоршаған ортаның түрлі факторларының зиянды әсерлерін, дұрыс тамақтанбауды және мінез-құлық қауіптерін профилактикалау және төмендету, инфекциялық және негігзігі инфекциялық емес аурулардың эпидемиологиялық мониторингін қамтамасыз ету,мүдделі мемлекеттік органдармен (санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, ветеринариялық қызметтер) МСАК-тың ведомствоаралық өзара іс-қимылы негізінде салауатты өмір салтын ағарту, консультация, насихаттау, көтермелеу бойынша іс-шараларға тарту арқылы халықтың денсаулығын және мінез-құлық стереотиптерін қолдауға бағытталған өзгерістер болып табылады.

Бюджеттік ресурстардың шектелуі жағдайларында бүгінгі күні Қазақстан Республикасында МЖӘ дамыту инфрақұрылымға инвестицияларды тарту бойынша құрал ретінде ғана емес, медициналық қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру құралы ретінде де жаңа экономикалық саясаттың маңызды компоненті ретінде қаралады.

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті бұдан әрі дамытуды қаматамасыз ету шеңберінде келесі жұмыстар атқарылды:

а) МЖӘ жобаларын дайындау және іске асыру бойынша:

1. Денсаулық сақтау саласы объектілерін салу қажеттілігін көрсете отырып, жергілікті инфрақұрылым жоспарлары өзектендірілді;

2. Сенімгерлік басқаруға беру жобаларын таңдау мен берудің негізгі критерийлері мен шарттары әзірленді;

3. Әлеуетті жергілікті МЖӘ жобалары және сенімгерлік басқаруға беру жобаларының тізбесі қалыптастырылды;

4. Денсаулық сақтау саласында 2 республикалық концесииялық жобалар бойынша құжаттама әзірлеу жүргізілуде.

ә) МЖӘ жобаларын іске асыруға жаңдай жасау және әдістемелік қолдау жасау бойынша:

1. МЖӘ рәсімдерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді;

2. Жергілікті атқаршы органдардың бастамаларын мониторингілеу жүргізіледі;

3. ҚР ДСМ сайтында тоқсан сайын МЖӘ жобаларын дайындау мен іске асырудың мониторинг нәтижелері жарияланады;

б) халықаралық қаржы ұйымдары мен жекеше сектормен өзара қарым-қатынас бойынша:

Осыған байланысты екіжақты кездесулер шеңберінде жекеше секторды үнемі ақпараттандыру жүргізілді. Проблемалық мәселелер ҚР ДСМ мен «Атамекен» ҰКП бірлескен жұмыс тобы мен Бизнес кеңес форматында қарастырылады.

Жергілікті 11 МЖӘ жобалары бойынша жекеше әріптесті анықтау бойынша конкурстар жарияланды (Солтүстік Қазақстан облысы – 1, Атырау облысы – 1, Оңтүстік Қазақстан облысы – 1, Қостанай облысы – 2, Павлодар облысы – 2, Астана – 4), шарт жасау кезеңінде 3 МЖӘ жобасы (Ақтөбе облысы – 2, Астана – 1) және Ақтөбе облысында 1 жоба бойынша шарт жасалды («Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем бекетін салу және пайдалану»).

Бюджеттік ресурстардың шектеулігі жағдайында бүгінгі күні Қазақстан Республикасында МЖӘ-ні дамыту жаңа экономикалық саясаттың маңызды құрауышы ретінде қарастырылады, тек инфрақұрылымға инвестициялар тарту ғана емес, медициналық көрсетілетін көмектің тиімділігі мен сапасын арттыру құралы ретінде қарастырылады.

2016 жылғы шілдеде дәрілік заттарды рационалды пайдалану үшін британдық сарапшылармен Қазақстандық ұлттық дәрігерлік формуляр әзірленіп, енгізілді, ол дәлелденген клиникалық тиімділігі бар препараттарды және әр саудалық атауға шекті бағасын қосатын, ол бәсекелестік ортаны кеңейтуге мүмкіндік береді және сатып алу кезеңінде ашықтықты, сонымен қатар пациентке бағытталған дәрілік қатамасыз ету үлгісі негізінде перпараттарды таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда ҚҰФ құрамында 715 халықаралық патенттелмеген дәрілік заттар атаулары немесе 4000-нан аса дәрілік заттар бар.

Референттік баға (ішкі және сыртқы), бағаны тіркеу процессінде және фармацевтикалық өндірушілермен немесе олардың ресми өкілдерімен келіссөздер және бағаны тіркеу процесін алыптастыруға негізделген баға қалыптастырудың жаңа үлгісі енгізіледі, дәрілік заттарға шекті бағаны бекітуде регрессивті баға үстемелеу пайдаланылады, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі аясында дәрілік заттарға қолжетімді, ашық және шынайы бағаларын жоғарлатуға мүмкіндік беретін сатып алынатын дәрілік заттардың тізімі өзектендірілді. Аталған әдіс EHG и PPRI халықаралық коснультанттармен дәрілік қамтамасыз ету ұлттық спецификаны есепке ала отырып, бейімделген.

Бұл дәрілік заттарға республиканың қалыптасқан жаңа ақша қаржылық саясаты аясында бағаны төмендетуге мүмкіндік берді, 2015 жыл мен 2016 жылы дәрілік заттарды бірдей қажеттілік көлемі кезінде долларлық көрсетілімде ТМККК қаржыландыру айырмашылығы 252 млн. құрады, олар доллардың бірдей бағамы кезінде қосымша қаржыландыру үшін қажет болған.

2015 жылы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» және «Мәндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңдары қабылданды.

МӘМС енгізу бойынша келесідей жұмыстар жүргізілді:

- МӘМС енгізу мәселесі бойынша негізгі нормативті-құқықтық актілер әзірленді және бекітіліген мерзімге сәйкес қабылдануда;

- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізу жұмысы аясында жүйенің қызмет ету мерзімін 2018 жылғы 1 қаңтарға аусуын қарастыратын 2016 жылғы 22 желтоқсанда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды, әділет органдарында 2016 жылғы 26 қыркүйекте бекітілді.

Сонымен бірге, тұрақты түрде МӘМС енгізу бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы белсенді ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізіледі. 2016 жылы МӘМС енгізу негізгі принциптері мен кезеңдері туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізу бойынша Жол картасына сәйкес өңірлердегі республикалық және өңірлік штабтармен 3 кезең бойынша: медициналық қызметкерлер, халық және жұмыс берушілер арасында жұмыстар жүргізілді.



1.3 мақсат. Денсаулық сақтау саласында кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту

Денсаулық сақтау кадр ресурстарының орнын толықтыру мақсатында жыл сайын денсаулық сақтау кадрларын дайындауға және қаята даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.

Жыл сайын клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар түлектердің саны орташа 3000 адамды құрайды. Осылай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша интернатураны бітіргендердің саны 2977 маманды, резидентураны 867 маманды құрады.

Денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын республикалық бюджетте ел ішінде және шетелде мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауға қаражат қарастырылады.

Осылай, 2016 жылы 14 637 маман оқытылды, соның ішінде 14 133 маман ел ішінде, 44 шетел мамандарын тарта отырып 419 отандық денсаулық сақтау кадрлары, шетелде 85 маман оқытылды.

Өңірлерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету, медициналық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мақсатында облыстар, Астана және Алматы әкімдіктерімен денсаулық сақтау саласында көрсеткіштерге қол жеткізу туралы, соның ішінде дәрігерлік кадрларды төмендету бойынша Меморандумдар жасалды.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Министрлікпен денсаулық сақтау кадрларын тиімді басқару жүйесін құру бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылады.

Министрлікпен ДДҰ ұсынысы негізінде жоспарлау және болжамдау әдістері әзірленді, кадр ресурстарына 2020 жылға дейін өңірлік тапшылық анықталды.

Тапшылықты есепке ала отырып, 2020 жылға дейін медициналық ЖОО және колледждерге қабылдаудың болжамды жоспары әзірленді.

Құрылған Кадр ресурстарының обсерваториясы шеңберінде денсаулық сақтаудың ресурстық базасының жетілдірілу, кәсіби кадрлық регистрді қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарылды. Штаттық нормативтерді жаңарту, медициналық кадрлардың жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу бойынша зерттеулер жүргізілуде.

2016 жылғы жағдай бойынша денсаулық сақтау саласындағы ғлыми-зерттеу қызмет құрылымы 25 ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, 6 медициналық ЖОО –мен және дипломнан кейінгі 2 ұйыммен көрсетіледі. 25 ғылыми-зерттеу ұйымдарының ішінде 20-сы клиникалық бағыттағы, 5-уі клиникалық емес бағыттағы ұйымдары. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті базасында коллективті қолданудағызаманауи приборларға қол жеткізуге және студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар және медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО қызметкерлеріне зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін 2 ғылыми молекулярлық-генетикалық зертханалар жұмыс жасайды.

Ғылыми-зерттеу және ғылыми-педагогикалық кадрлардың саны 5651 адамды құрады. Сонымен қатар, ғылыми дәрежесі бар кадрлардың үлесі 48,3% (2734 адамды), оның ішінде ғылым докторлары - 24,8% (680 адам), ғылым кандидаттары – 72,7% (1989 адам), PhD докторлары – 2,3% (65 адам) құрайды. Медициналық ғылым ұйымдарында 569 магистранттар жұмыс атқарады.

2016 жылы «Денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» 013 бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асыру мерзімі 2014-2016 жылдары 3 ғылыми-техникалық бағдарламаны аяқтауға 494 869,0 мың теңге бөлінді.

Шетел серіктестерімен әріптестік, шетелде тәжірибелерді ұйымдастыру және мастер-класстарды өткізу денсаулық сақтау ұйымдарының практикасына медициналық, білім беру, басқару, инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Осылай, жыл сайын диагностикалаудың және емдеудің жаңа технологиялары енгізіледі. 2016 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласы мамандарының біліктілігін арттырудың нәтижесінде клиникалық тәжірибеге 36 жоғары технологиялы диагностикалаудың және емдеудің тәсілдері енгізілді («Назарбаев Университеті» ДБҰ - 28, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ - 5, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ - 3).

«Азаматтар денсаулығын нығайту және өлім-жітімді төмендету» аталған бағыты бойынша Министрлік жұмысы стратегиялық жоспарда 20 мақсатты индикаторлармен берілген, оның ішінде 4 мақсатты индикаторға қол жеткізілген жоқ:

- алдын ала мәліметтер бойынша «Ана өлім-жітімі»11,5 жоспарда 100 мың тірі туылғандарға факт 12,7 құрайды. Ана өлім-жітімі құрылымында жүктілік пен тууға байланысты себептер 46,0%, жүктілік пен тууға байланысты емес себептер 54,0% құрады.

Жүргізілген талдау нәтижесінде ана өлім-жітіміне әсер ететін негізгі мәселе әйелдер денсаулығы индексі төмендігі болып табылады. Әйелдер денсаулығы индексі елімізде 30 %-ға жуық құрады. Анемиямен, қан айналым жүйесі органдары, зәр шығару жүйесінің, эндокринды сырқаттарына орын бар, ол өз алдына жүктілік пен туу ауыртпалық салдары үшін негіз болып табылады (қан кету, преэклампсия, босанудан кейін инфекциялық асқыну және басқа).Әр үшінші қайтыс болған әйелдің жүктілігі мен тууы қарсы көрсетілген, ол сәйкесінше халықтың өзін өзі сақтау әрекетінің жоқтығын көрсетеді.

Экстрагениталды сырқаттардан ана өлім-жітімі құрылымында тыныс алу органдарынан сырқаттар - 13,7% (7 жағдай), қан айналым жүйесінен сырқаттар - 10% (5 жағдай.) және жаңа қатерлі ісіктерден - 7,8% (4 жағдай) құрады.

Сонымен қатар, басқарылатын себептерден өлім-жітімнің алдын алу (босанудан кейін қан кету, гипертензивті жағдай және т.б.)ДСҰ-мен ұсынылған қарапайым, экономикалық, өте тиімді технологияларды - тиімді периниталды көмек, периниталды көмекті өңірлендіру және туу стационарларында медициналық көмек сапасын сапасын бағалау құралдарын енгізу арқылы қол жеткізілді.

- «Электронды медициналық карталармен қамтылған халық үлесі» жоспар – 50 %, факт – 48,29 %.2016 жылы медициналық көмек көрсетуге пациенттердің фактілік түрде шағымдануы азайтылды, осыған орай ҚР ДСМ АЖ мәліметтер базасында тіркелген электронды медициналық карталардың саны жоспарланған көлемнен сәйкесінше азайып қалды.



- «АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы- жоспар -79; факт – 81. (позиция 80 орыннан 81 орынға нашарлап кетті). Көрсеткіштер мәні сұрау әдісімен анықталады, яғни кездейсоқ таңдалған кәсіпорындардың жұмысшыларының сұрау мәліметтері қолданылады, ол субъективті болып табылады;

- «Туберкулездің бизнеске орта мерзімді әсері» көрсеткіші бойынша БЖИ позициясы- жоспар -105; факт – 106. Көрсеткіштер мәні сұрау әдісімен анықталады, яғни кездейсоқ таңдалған кәсіпорындардың жұмысшыларының сұрау мәліметтері қолданылады, ол субъективті болып табылады.Алайда, аталған мақсатты индикатор бойынша өткен жылғы ДЭФ БЖИ позициясының мәнімен салыстырғанда төмендеуде (2015 ж.- 107, 2016 ж. - 106).

Қазақстан 15-49 жастық тобында «АИТВ таралуы»деңгейі көрсеткіші Бүкілжаһандық бәсекегеқабілеттілік индексі позициясы бойынша бірінші орын алатын мемлекеттер тобында өз орнын сақтап қалды.

Осылай, есепті мерзімге 19 мақсатты индикатор бойынша мәндер бар, оның ішінде 14 мақсатты индикаторларына қол жеткізілді, 1 индикатор 99, 7%-ға орындалды, 1-не алдын ала мәліметтер бойынша қол жеткізілген жоқ, ДЭФ БЖИ 2 мақсатты индикаторына және 1 мақсатты индикаторына қол жеткізілген жоқ.

      Қазақстан Республикасы



Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет