«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті



жүктеу 116.95 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі116.95 Kb.
түріРегламент


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2017 жылғы «____» ____________

№ ________ қаулысына 2 қосымша


Шығыс Қазақстан облысы

әкімдігінің

2015 жылғы «10» желтоқсандағы

№ 337 қаулысымен

бекітілген

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді



орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


  1. Жалпы ережелер

1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі шартта мөр басу үшін орны мен күні көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз түрінде жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11662) бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:

1-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманының қабылдауы және тіркеуі, және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жіберуі. Орындалу ұзақтығы - 10 (он) минут;

2-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының тексеруі, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы негізделген жауабын әзірлеу. Орындалу ұзақтығы - 1 (бір) жұмыс күні;

3-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы негізделген жауабына қол қоюы. Орындалу ұзақтығы - 20 (жиырма) минут;

4-іс-қимыл – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманының көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдаланудың тіркелген шартын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабын беруі. Орындалу ұзақтығы - 10 (он) минут.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын ұсынған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгіну кезінде – 2 (екі) жұмыс күні.

6. Осы регламенттің 5-тармағында көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылының) нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тіркелген құжаттары болып табылады, олар 2-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады. Осы регламенттің


5-тармағында көрсетілген 2-іс-қимылдың нәтижесі тіркелген мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген
3-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады. Осы Регламенттің
5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылдың нәтижесі қол қойылған мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауап болып табылады, ол осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген
4-іс-қимылды орындауды бастауға негіз болады. Осы Регламенттің
5-тармағында көрсетілген 4-іс-қимылдың нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдаланудың тіркелген шартын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту жауабын беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманының көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың қосымшасына сәйкес нысандағы өтінішін қабылдауы және оның көшірмесіне құжаттардың қабылданған күні мен уақытын көрсетумен, кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының қарауына жіберу. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут;

2) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысының тексеруі, ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберуі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабын әзірлеу. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні;

3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабына қол қоюы. Орындалу ұзақтығы – 20 (жиырма) минут;

4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманының тіркелген мемлекеттік орман қорының учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабын көрсетілетін қызметті алушыға ұсынуы. Орындалу ұзақтығы – 10 (он) минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігі:

1) көрсетілетін қызметті алушының компьютеріндегі интернет-браузерінде сақталған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютерінің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталда парольді енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3) 1-шарт – ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;

4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-процесс – осы регламентте көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, сұрау салу нысанына қажетті құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде бекіте отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі);

6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

7) 2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ (сұрау салудағы көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ көмегімен қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) растауы (қол қоюы);

10) 7-процесс – «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) электрондық құжатты (қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу;

11) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттарының қызмет көрсету негіздеріне сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың болуына байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-ын пайдаланумен қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің өзара функционалдық іс-қимылының диаграммасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар), реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.

Қысқартылған сөздер:

ЭЦҚ - электрондық цифрлық қолтаңбасы;

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ - «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер

базасы» ақпараттық жүйесі;

ЖСН – жеке сәйкестендіру номері;

БСН – бизнес сәйкестендіру номері.

«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің

өзара функционалдық іс-қимылының диаграммасы









Көрсетілетін қызметті алушы


























Шартты белгілер:







«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет регламентіне

2-қосымша


«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу»

мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес – процестерінің анықтамалығы

1. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде

















2. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде





Көрсетілетін қызметті алушының деректерін

растау және қызметті таңдауы туралы хабарламаны қалыптастырады

(20 секунд)

Қызметті таңдайды және электронды түрдегі қажетті құжаттарды бекіте отырып, сұрау салу деректерін қалыптастырады

және сұрау салуды куәландыру

(қол қою) және оның түпнұсқалығын растау үшін ЭЦҚ таңдау

(2 минут)





Сұрау салуды ЭЦҚ арқылы куәландыру

(қол қою)

(1,5 минут)


Құжаттарды

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде тіркеу

(2 минут)







Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың

9-тармағында көрсетілген құжаттарын тексеру

(өңдеу)

(1 жұмыс күні)





Көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан

бас тарту

туралы хабарламаны қалыптастырады ( 20 секунд)




Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қолы қойылған, шартта

мөр басу үшін күні мен орны көрсетілген мемлекеттік орман қорының учаскесінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу туралы хабарламасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабын жібереді

(5 минут ішінде)

Порталда

авторизациялау




Порталға көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған,

шартта мөр басу үшін күні мен орны көрсетілген мемлекеттік орман қоры учаскесінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелденген бас тарту туралы жауабын жібереді (2 сағат)







Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқасының расталмауына

байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

(20 секунд)






Шартты белгілер:






- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы






- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) құрылымдық функционалдық бірліктің атауы




- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту




- таңдау нұсқасы












Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет