Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы



жүктеу 3.04 Mb.
бет6/19
Дата07.05.2019
өлшемі3.04 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
қойылатын талаптар

 

167. Арнайы тәртіпті Заңның 42-бабының 1-тармағында көрсетілген тапсырыс берушілердің басқару органдары бекітеді және мыналарға:



1) әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуді тұрақты негізде жүргізу тәртібіне;

2) білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастыру тәртібіне;

3) осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарына сұрау салу және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне қойылатын талаптарды қамтиды.

168. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерге біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға арналған құжаттарды қабылдау күнін, сондай-ақ Тізбеге енгізу үшін біліктігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы әлеуетті өнім берушілерге берілетін хабарлама (бұдан әрі - Хабарлама) мәтінін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

169. Хабарлама мәтінінде бұлардан басқа, Заңның 8-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сұрау салу болуға тиіс.

170. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңның 8-бабының 10-тармағына сәйкес Хабарламада қосымша біліктілік талаптарын ескеруі мүмкін.

171. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді әлеуетті берушілердің арасында біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы Хабарлама беруді жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:

1) Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін Заңға сәйкес уәкілетті орган белгілеген заңды тұлғаға хабарландыру мәтінін Бюллетенде жариялау үшін жіберуге;

2) тапсырыс берушінің веб-сайтында Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтінін орналастыруға;

3) уәкілетті органға Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарландырудың мәтіні орналастырылған тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекен-жайын жіберуге;

4) тапсырыс берушінің веб-сайтында хронологиялық тәртіппен Хабарлама алған адамның орналасқан жері, почталық және электрондық мекен-жайлары туралы мәліметтерді, сондай-ақ ол туралы басқа да мәліметтерді көрсете отырып, Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны табыс ету фактісінің тіркелуін қамтамасыз етуге тиіс.

Біліктілігі бойынша іріктеуді жүргізу туралы хабарламаны қайта жүзеге асырған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.

172. Білікті әлеуетті өнім берушілер тізбесіне енгізу үшін әлеуетті өнім берушілерді біліктілігі бойынша іріктеуге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін (бұдан әрі - Өтінім) қарау директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген мерзімде жүргізіледі.

173. Әлеуетті өнім берушілер Хабарламада сұрау салынатын құжаттардың толық тізбесін ұсынуға тиіс.

174. Әлеуетті өнім берушілердің Өтінімдері Заңда белгіленген біліктілік талаптарына, сондай-ақ Хабарламада көзделген қосымша біліктілік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қаралады.

175. Тізбеге енгізуге өтінімдерді қарауды директорлар кеңесі не бірінші басшы құрған комиссия жүзеге асырады.

176. Өтінімдерді қарау кезінде комиссия жазбаша нысанда мыналарды:



1) Өтінімдерді қарауды жеңілдету үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың Өтінімдеріне байланысты материалдарды және түсіндірмелерді;

2) Өтінімдерде бар мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратады.

Өтінімді жетіспей тұрған құжаттармен толықтырудан, Өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстырудан, тиісті түрде ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге орай Өтінімді Хабарламаның талаптарына сәйкес келтіруге байланысты комиссияның сауал жіберуіне және өзге де іс-әрекеттеріне жол берілмейді.

177. Комиссия Өтінім, егер Өтінімде берілген мәнді қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, Хабардың талаптарына сай келетін ретінде қарайды.

178. Комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның уәкілетті өкілдері аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізу құқығымен қатыса алады.

179. Әлеуетті өнім беруші, егер:



1) оның және (немесе) оның қосалқы мердігерінің не бірлескен орындаушысының Заңның 8-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтіндігі айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса;



3) оның Өтінімі Хабарламаның талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, Тізбеге енгізілмейді.

180. Егер әлеуетті өнім беруші Тізбеге енгізілмеген жағдайда, онда Тізбеге енгізу туралы хаттамада Өтінімді қайтарудың негіздемесі көрсетіледі.

181. Заңның 6-бабының талаптарын бұзған әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алуға теріс пиғылды қатысушылардың тізіліміне енгізілу үшін уәкілетті органға жіберілуге тиіс.

182. Комиссия Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және Хабарламаның өзге де талаптарына сай келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды Тізбеге енгізеді.

183. Тізбеге енгізу туралы хаттамаға комиссияның төрағасы, отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ комиссияның хатшысы іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілерді Тізбеге енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қол қояды.

184. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей Өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді комиссияның қабылдаған шешімі туралы:



1) Тізбеге енгізу туралы хаттаманың көшірмесін беру не жіберу;

2) қол қойылған хаттама мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыру арқылы хабарлауға тиіс.

185. Комиссияның Тізбеге енгізу туралы шешіміне Заңның 45-бабында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.



 

 

Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін



қалыптастыру тәртібіне қойылатын талаптар

 

186. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Тізбеге енгізу туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Тізбені қалыптастырады.

187. Директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы:



1) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға Тізбенің мәтінін Бюллетеньде жариялау үшін Тізбенің мәтінін жіберуге;

2) Тізбенің мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға;

3) уәкілетті органға Тізбенің мәтіні орналасқан тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекен-жайын жіберуге тиіс.

188. Тізбе директорлар кеңесі не бірінші басшы белгілеген білікті әлеуетті өнім берушілердің ең аз санынан тұруға тиіс.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тоқсан сайын Тізбені жаңартып отыруға тиіс. Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілер директорлар кеңесі не бірінші басшы бекіткен мерзімде олардың Заңда белгіленген біліктілік талаптарына және Хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкестігін растауды беруге тиіс. Осындай талаптарға сәйкестігі расталмаған жағдайда, көрсетілген әлеуетті өнім беруші директорлар кеңесі немесе бірінші басшы бекіткен мерзімде Тізбеден шығарылады. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осындай жағдай болған кезде осы Ереженің 187-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген талаптарды орындауға тиіс.

 

 

Біліктілігі бойынша алдын ала іріктеуден өткен әлеуетті өнім берушілердің



баға ұсыныстарына сұрау салу негізінде өнім берушіні таңдау рәсімдеріне және мерзіміне

қойылатын талаптар және олармен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу

 

189. Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу мерзімін директорлар кеңесі не бірінші басшы бекітеді.

190. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы техникалық тапсырманы, техникалық ерекшелікті, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, шарттың елеулі талаптарын, сондай-ақ өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің басқа да талаптарын қамтитын сатып алу шартын (бұдан әрі - Талаптар) әзірлейді және тапсырыс берушіге бекітуге ұсынады.

191. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс беруші Талаптарды бекіткеннен кейін олардың сатып алу затын жеткізуге Өтінімдер беру мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ мұндай өтінімдерді қарау тәртібін көрсете отырып, оларды Тізбеге енгізілген әлеуетті өнім берушілерге жібереді.

192. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы Талаптарда көрсетілген күні, уақыты мен орнында өткізіледі. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына әлеуетті өнім беруші және (немесе) аудиожазба және бейнетүсірілімдерді жүргізуге құқығы бар оның уәкілетті өкілі қатысуға тиіс.

193. Әлеуетті өнім берушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға Талаптарда көрсетілген мерзімнен кешіктірмей конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді табыс етеді.

194. Әлеуетті өнім берушінің бір конкурстық баға ұсынысынан артық баға ұсынысын табыс етуіне, сол сияқты конкурстық баға ұсынысын кері қайтарып алуына не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.

195. Конкурстық комиссия хронологиялық тәртіппен конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді ұсынған әлеуетті өнім берушілер туралы мәліметтерді Талаптарда белгіленген мерзім өткенге дейін енгізеді.

196. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады және оларға әрбір конкурстық баға ұсынысын жариялайды.

197. Әлеуетті өнім берушілер және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттердің мазмұнымен танысуға құқылы.

198. Конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарын мынадай жағдайларда, егер:



1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтік болып табылған жағдайда қабылдамайды. Демпингтік бағаны есептеу тәртібі осы Ережеде айқындалады;

2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болған жағдайда қабылдамай тастайды.

199. Конкурстық комиссия конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жүргізілген күні қатысушыларға конкурс жеңімпазын жариялайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді.

200. Конкурстық комиссия конкурс жеңімпазы айқындалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді, оған конкурстық комиссияның төрағасы және отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

201. Егер конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу лоттардан тұратын жағдайда, конкурстық комиссия конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы жалпы хаттаманы ресімдейді және оған қол қояды, онда әрбір лот бойынша конкурс жеңімпаздары көрсетіледі.

202. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей:

1) хаттаманың мәтінін тапсырыс берушінің веб-сайтында орналастыруға;

2) Заңға сәйкес уәкілетті орган айқындаған заңды тұлғаға конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындыларын Бюллетеньде жариялау үшін ақпарат жіберуге тиіс.

203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.

204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.

 

 

8. Ақпараттық жүйелерді және электрондық құжат айналымын



пайдалана отырып мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

 

Жалпы ережелер

 

205. Осы тарауда мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) электрондық мемлекеттік сатып алудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - Жүйе) - ол арқылы ақпараттық жүйелер мен электрондық құжат айналымын пайдалана отырып мемлекеттік сатып алу (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік сатып алу) процесі жүзеге асырылатын ақпараттық жүйе;

2) электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы - тапсырыс беруші немесе электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін Заңға және осы Ережеге сәйкес тапсырыс беруші айқындаған тұлға;

3) Жүйеге тіркеу (бұдан әрі - тіркеу) - тапсырыс берушіге, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға немесе әлеуетті өнім берушіге Жүйеге қатысуға рұқсат беру;

4) Жүйеге қатысу - Жүйені тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші ретінде пайдалану;

5) Орталық - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

6) уәкілетті органның веб-сайты (бұдан әрі - веб-сайт) - мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органның арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалған электрондық өкілдік парағы, онда жаппай тарату мақсатында мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті орган, тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы ақпарат орналастырылады.

206. Заңның 12-бабы 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу ақпараттық жүйелер және электрондық құжат айналымын пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.



Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды және әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу

207. Жүйеге қатысуға осы Ережеге сәйкес тіркелген, саны берілетін пайдаланушылардың аттары мен парольдерінің санына тең электрондық цифрлық қолтаңбаларға ие тапсырыс берушілер, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар, әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

208. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс берушілер Орталыққа өтініш жасаған соң Орталық оларды тіркейді және олар Жүйеге тапсырыс беруші не электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде қатысады.

209. Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды Жүйеге тіркеу өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

210. Тапсырыс берушілерді, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларды тіркеу осы Ережеге 13 және 14-қосымшаларға сәйкес жасалған, мөрмен расталған немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түріндегі тапсырыс берушінің немесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтініші негізінде он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

211. Тапсырыс берушіні, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны тіркегеннен кейін бес күн мерзімде Орталық пайдаланушылардың аттары мен парольдерін алуға уәкілеттік берілген өкілге мыналарды береді:



1) тапсырыс берушінің уәкілетті өкіліне - пайдаланушының екі паролі мен екі атын: пайдаланушының бір паролі мен бір аты - мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді ұсынуға жауапты тапсырыс берушінің қызметкеріне, пайдаланушының екінші паролі мен екінші аты - тапсырыс берушінің бірінші басшысына;

2) электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға - конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы, сондай-ақ ұйымдастырушының бірінші басшысы үшін, оның тіркеуге берген өтінішінде көрсеткен пайдаланушылар аттарының және парольдерінің саны.

Айрықша жағдайларда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктері күрделі болғандықтан электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының өтініші негізінде Орталық пайдаланушылардың аттары мен парольдерінің қосымша санын береді.

212. Тапсырыс беруші өз шешімімен мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді ұсынуға жауапты қызметкерді айқындайды және оған тиісті пайдаланушының аты мен паролін бекітіп береді.

213. Конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы арасындағы пайдаланушылардың аттары мен парольдері электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының шешімімен бөлінеді.

214. Әлеуетті өнім берушілер Орталыққа өтініш жасаған соң Орталық оларды тіркейді және Жүйеге әлеуетті өнім берушілер ретінде қатысады.

215. Әлеуетті өнім берушілерді Жүйеге тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тариф бойынша ақы төлеу арқылы жүзеге асырылады.

216. Әлеуетті өнім беруші Жүйеге тіркелу үшін:



1) веб-сайтта осы Ережеге 15 және 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш-тіркеу карточкасын толтырады;

2) өз тарапынан қол қойылған және мөрмен расталған (әлеуетті өнім беруші - заңды тұлға үшін) немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде өтініш-тіркеу карточкасын ұсынады;

3) Орталықтың тіркеу жөніндегі қызметтеріне ақы төлегендігі туралы түбіртекті ұсынады.

217. Әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 216-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталық:



1) әлеуетті өнім берушімен осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу шартын жасасады;

2) Жүйеге қатысу үшін әлеуетті өнім берушімен жасасқан тіркеу шартында көрсетілген пайдаланушының аты мен пароль санын әлеуетті өнім берушіге береді.

218. Тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы немесе әлеуетті өнім беруші осы Ереженің 210 немесе 216-тармақтарына сәйкес ұсынған мәліметтерінің толық болмаған немесе дұрыс болмаған жағдайда Орталық тапсырыс берушіні, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны немесе әлеуетті өнім берушіні Жүйеге тіркеуден бас тартады.

219. Орталық тіркеуден бас тартқаны туралы тапсырыс берушіге, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға, әлеуетті өнім берушіге осы Ереженің 210 немесе 216-тармақтарына сәйкес құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, электрондық почта арқылы хабардар етеді.

220. Әлеуетті өнім берушімен тіркеу шарты бір жыл мерзімге жасалады.



 

 

Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары



 

221. Жүйенің жұмыс істеу уақыты Астана қаласының уақыты болып танылады.

222. Жүйеге кіру Орталық белгіленген тәртіппен берген пайдаланушының аты, паролі және тапсырыс берушідегі, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыдағы, әлеуетті өнім берушідегі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады.

223. Пайдаланушының дұрыс аты мен паролін көрсеткен және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып Жүйеде пайдаланушы орындаған барлық іс-әрекеттер осы пайдаланушының аты, паролі және оған тиесілі электрондық цифрлық қолтаңба белгіленген тәртіппен берілген тиісінше тапсырыс берушінің, электрондық мемлекеттік сатып алуды берушінің, конкурстық комиссия мүшесінің атынан жүргізілген болып саналады.

224. Тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және әлеуетті өнім беруші Жүйеге қатысу жүзеге асырылатын жұмыс орнының (жұмыс орындарының) қауіпсіздігін дербес қамтамасыз етеді және пайдаланушы атының, парольдің, электрондық цифрлық қолтаңбалардың құпиялылығын сақтау шараларын қолданады.

225. Мынадай жағдайларда:

1) үшінші тұлғалар парольді ашқанда;

2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес тіркеу куәлігін қайтарып алғанда;

3) Орталықтың берілген пайдаланушының аты мен паролі бөлінген қызметкер қаза болғанда, жұмыстан босатылғанда тапсырыс беруші, электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және әлеуетті өнім беруші уәкілетті органды және Орталықты дереу хабардар етеді, осы Ереженің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет