Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді



жүктеу 122.51 Kb.
Дата13.01.2019
өлшемі122.51 Kb.






Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Пилоттық халық санағына
санақ парағының нысаны



Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Пилоттық халық санағын
жүргізу қағидаларына

3-қосымша



Аумақтық статистика органына ұсынылады




Санақ парағын толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен

1 сағатқа дейін

1-2




2-4




4-8




8-40

40 сағаттан артық

Санақ парағы www.stat.gov.kz

интернет-ресурсына орналастырылған



«Тұрғын үй жағдайлары»

Индексі 2-Ж

Кезеңділігі : біржолғы

Ұлттық халық санағының объектілері: үй шаруашылығының* құрамына кіретін респонденттер


* «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 23-тармақшасына сәйкес үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект.

2-Ж санақ парағы «Тұрғын үй жағдайлары»

Нұсқаушы учаскесінің нөмірі1

Есеп учаскесінің нөмірі1












Үй шаруашылығының реттік нөмірі2







Сұраққа көшу

1.

Тұруға пайдаланылатын үй-жайдың типін көрсетіңіз

1.Бір пәтерлі (жеке меншік) үй

2. Көппәтерлі үйлер (екі және одан да көп пәтерлі үйлер):

2.1. Екі пәтерлі үй

2.2. Үш немесе одан да көп пәтерлі үй

3. Жатақхана

4. Саяжай учаскесіндегі құрылыс

5. Қонақүй

6. Басқа (киіз үй, күзетші үйі, шағын вагон, контейнер)















1.1

1.1

1.1
1.1

2



санақ парағы

3-И

1.1.

Тұрғын үй-жай (пәтер) типін көрсетіңіз

1.Пәтер

2.Жапсарлас салынған, қондыра салынған

3.Бөлме









2




2.

Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) салынған жылын көрсетіңіз






3



3.

Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) қабаттылығын көрсетіңіз






4



4.

Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыртқы қабырғаларының материалдарын көрсетіңіз

1. Кірпіш, тас

2. Ірі панельді

3.Қаңқа-панельді

4. Көлемді-блокты

5. Ірі блокты

6. Ағаш, шпалдар

7. Монолитті бетон (темір бетон)

8. Ұялы бетон

9. Саман

10. Қаңқа-қамысты

11. Басқа қабырға материалдары
























5

5.

Сіз орналасқан тұрғын үйде абаттандырудың қандай түрлері бар?

1. Электр қуаты

2. Электр плитасы (еденге қоятын)

3. Газ

3.1. желілік газ (табиғи)

3.2. сұйытылған газ (баллондағы)

4. Жылыту

4.1. орталықтан жылыту

4.2. дербес жылыту (жеке

қондырғылардан, қазандықтардан

жылыту)

4.3. жаңартылатын энергия көздерінен



4.3.1. күн сәулесінің энергиясы

4.3.2. жел энергиясы

4.3.3. органикалық қалдықтардан алынатын отын

5. Пешпен жылыту:

5.1. қатты отынмен

5.2. сұйық отынмен

5.3. газбен

5.4. электрмен

6. Сумен жабдықтау

6.1. үйдегі (ғимараттағы немесе пәтердегі) су құбыры

6.2. үйден (ғимараттан немесе пәтерден) тыс су құбыры

6.3. құдық, колонка немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздері

6.4. ауыз су жеткізу

7. Санитарлық торап (сумен шайылатын дәретхана)

8. Орталық кәріз

9. Стационарлық ванна немесе сусебезгі

10. Орталықтан ыстық сумен жабдықтау

11. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтау

12. Қоқысты жинау және әкету

13. Стационарлық телефон байланысы















































6



6

Сіздің тұрғын үйіңіздің жалпы ауданының көлемін көрсетіңізшаршы метр (цифрмен көрсетіңіз)







6.1



6.1.

Сіздің тұрғын үйіңіздің тұрғын аудан көлемін көрсетіңіз- шаршы метр (цифрмен көрсетіңіз)







7



7.

Тұрғын үй-жайда неше тұрғын бөлме бар (ас үй, ванна, дәретхана, дәліз, қоймадан басқа)?

1) 1 бөлме

2) 2 бөлме

3) 3 бөлме

4) 4 бөлме

5) 5 және одан да көп бөлме













7.1

7.1.

Неше тұрғын бөлме Сіздің үй шаруашылығыңызды құрайды (ас үй, ванна, дәретхана, дәліз, қоймадан басқа)?

1. Бөлмелер саны
2. Бөлме бөлігі




8



8.

Сіз тұрып жатқан тұрғын үй кімге тиесілі?

1.Жеке меншік

1.1. үй шаруашылығының құрамына кіретін респондентке

1.2. үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттерге

1.3. жеке тұлғаға

1.3.1. жеке тұлғаға ақы төлеусіз

1.3.2. жеке тұлғаға ақы төлеумен

1.4. заңды тұлғаға

1.4.1. заңды тұлғаға ақы төлеусіз

1.4.2. заңды тұлғаға ақы төлеумен

2. Мемлекеттік меншік
















3-И санақ парағы

Ескертпе:



1 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қалалық және облыстық статистика департаменттері нұсқаушы және есеп учаскелерінің нөмірлерін автоматты түрде береді;

2 «Үй шаруашылығының реттік нөмірі» «Тұратындар/келушілер тізімі» (индексі 1-П, кезеңділігі біржолғы) 1-П санақ парағынан автоматты түрде көшіріледі.

«Тұрғын үй жағдайлары»

(индексі 2-Ж, кезеңділігі біржолғы)

санақ парағына

қосымша

Пилоттық халық санағын жүргізу кезінде «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмелер
1. Осы Пилоттық халық санағын жүргізу кезінде «Тұрғын үй жағдайлары» (индексі 2-Ж, кезеңділігі біржолғы) (бұдан әрі - санақ парағы) санақ парағын толтыру бойынша түсіндірмелер санақ парағын толтыруды нақтылайды.

2. Санақ парағын толтыру кезінде көрсетілген жауап нұсқаларында тиісті белгілер қойылады, қажет болған жағдайда цифрлар және (немесе) мәтін енгізіледі.

3. Санақ парағын әр үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттердің біреуі толтырады. 1-7-сұрақтар үй шаруашылықтары тұратын тұрғын үйге қатысты. 7.1 және 8-сұрақтар осы тұрғын үйде тұратын әр үй шаруашылығына қатысты.

4. 1-сұрақта келесі түсіндірмелер пайдаланылады:

1) егер үй шаруашылығы меншік нысанына қарамастан жеке үйде, коттедж типіндегі тұрғын үйде тұрса, онда «бір пәтерлі (жеке үй)» белгіленеді.

2) егер үй шаруашылығы көп пәтерлі үйде тұрса, онда «екі пәтерлі үй » немесе «үш немесе одан да көп пәтерлі үй» жауаптарының бір нұсқасы белгіленеді.

3) егер еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, студенттер (курсанттар, аспиранттар) және оқу кезеңінде оқушылардың тұруы үшін, сондай-ақ меншік иесімен немесе жатақхана иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдар үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған болса, онда «Жатақхана» белгіленеді.

«Қонақүй» немесе «Басқа (киіз үй, күзетші үйі, шағын вагон, контейнер)» жауаптары болған жағдайда санақ парағы одан әрі толтырылмайды.

5. Егер үй шаруашылығының құрамына кіретін респондентте (бұдан әрі- респондент) тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) салынған жылы туралы мәліметтер болмаса, 2-сұрақта жауап толтырылмайды.

6. 4-сұрақта егер қабырғалар бірнеше материалдардан салынған болса, аталған құрылыстағы басым материалды көрсеткен жөн. Егер респондентте сыртқы қабырғалардың материалдары туралы мәліметтер болмаса, сұраққа жауап толтырылмайды.

7. 5-сұрақта мына жағдайларда:

егер үйде электр сымдары болса, электрмен;

егер (еденүсті) электр плитасы немесе (еденүсті) электр плитасы орнатылған бөлек тұрған ас үйі бар үй (асүйге арналған арнаулы күрделі ғимарат) болса, (еденге қойылатын) электр плитамен;

егер желілік табиғи газбен жабдықталған газ плитасы болса, желілік (табиғи) газбен;

егер сұйытылған газбен жабдықталған еденге қойылатын газ плитасы болса, сұйытылған газбен (газ тәрізді заттарды сақтауға арналған баллондағы немесе газгольдерлердегі-резевуарлардағы), сондай-ақ сұйытылған газбен жабдықталған газ плитасы орнатылған бөлек тұрған ас үйі бар үй газдандырылған деп саналады;

егер өзінің үй қазандығынан, орамдық немесе аудандық қазандығынан, жылу электр орталықтарынан орталықтан жылыту бар болса, сондай-ақ автоматты газды су жылытқыштар (бұдан әрі – АГС) қондырғылары орнатылса, орталықтан жылыту;

егер пәтерлерде су жылытқыштардан жылыту болса (АГС) және газ бен қатты, сұйық отынмен жағылатын оқшау, орталықтандырылмаған, шағын жылыту қазандықтары болса, дербес жылытумен (жеке қондырғылардан, қазандықтардан жылыту);

жаңартылатын энерия көздерімен – күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердің, су қоймаларының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясының өндірісі үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын түрлері кіретін табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздерімен;

егер жылыту қондырғыларынан немесе дәстүрлі тұрғын үйдің ішінде тұрған немесе үлкен жеке үйлердің немесе коттедждердің иелерінде айрықша жағдайлар үшін резервтік нұсқа ретінде газбен, электрден, қатты және сұйық отынмен жағылатын жабдықтан жылытылатын болса, пешпен жылытумен;

егер үйдің ішінде су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан келетін тарату желісі болса, үйдегі (ғимараттағы немесе пәтердегі) су құбырымен;

егер үйден тыс (бөлек тұрған ас үй немесе үйден тыс ұқсас үй-жайлар) су орталықтандырылған су құбырынан немесе артезиандық ұңғымадан келетін тарату желісі болса, үйден (ғимараттан немесе пәтерден) тыс су құбырымен;

егер үй ауласында құдық не су тартқыш шүмек (колонка) немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздері болса, құдықпен, колонкамен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерімен;

егер үйде жоғарыда көрсетілген сумен жабдықтау көздері болмаса, басқа өңірлерден, алыс орналасқан су көздерінен немесе сумен жабдықтаудың ұқсас көздерінен ауыз суды жеткізу көлікпен жүзеге асырылса, ауыз суды жеткізумен;

егер тұрғын үйде дәретхана (сумен шайылатын санитарлық торап) және шаруашылық нәжіс суларының көшедегі кәріз желісіне ағуына арналған кәріз құрылғысы немесе су сіңіретін құдықтар болса, санитарлық тораппен (сумен шайылатын дәретхана);

егер үйдің ішінде көшедегі кәріз желісіне шаруашылық нәжіс суларының ағуына арналған кәріз құрылғысы немесе су сіңіретін құдықтар болса, орталық кәрізбен. Су құбыры жоқ, сондай-ақ биодәретханасы бар болған жағдайда тұрғын үй кәрізбен жабдықталған деп есептелмейді;

егер ванна немесе себезгі жеке ванна бөлмесінде де, сондай-ақ ыстық судың келу тәсіліне қарамастан, осы мақсат үшін арнайы жабдықталған бөлмеде орнатылса, тұрақты ванна немесе себезгімен, бұл ретте ванна (себезгі) орнатылған, ал кәрізі жоқ тұрғын үй ваннамен немесе себезгімен жабдықталған деп есептелмейді;

егер тұрғындардың тұрмыстық мұқтаждығы үшін ыстық суды орталықтан беретін арнайы су құбыры болса, орталық ыстық сумен жабдықтаумен;

егер газды (отынды) колонкалардан, пәтерлер бойынша су жылытқыштардан, шағын жылу қазандықтарын қоса алғанда, ыстық су беретін арнайы су құбыры болса, жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаумен;

егер тұрғын үйден қоқысты стационарлық жинау және әкету жүзеге асырылса, қоқысты жинау және әкету;

егер қалаларалық және халықаралық телефон сөйлесулерін жүзеге асыратын стационарлық телефон байланысы болса, стационарлық телефон байланысымен тұрғын үй жабдықталған болып саналады.

8. 6 және 6.1-сұрақтарда тұрғын үйдің жалпы және тұрғын аудандарының көлемдері ондық белгілер мен үтірлерсіз тұтас сандармен көрсетіледі.

Жалпы ауданға мына аудандар кірмейді:

1) баспалдақ алаңдары, лифт холлдары, тамбурлар, дәліздер (пәтердің ішіндегілерден басқа), вестибюльдер;

2) шығыңқы конструкциялық элементтер мен жылыту пеші тұрған;

3) жеке тұрған ас үйлер, моншалар, сарайлар, күркелер.

Егер респондентте жалпы және тұрғын аудандарының көлемдері туралы деректер болмаса, 6 және 6.1-сұрақтарда жауаптар толтырылмайды.

9. 7-сұрақта тұрғын үй-жайда барлығы неше тұрғын бөлме бары (ас үй, ванна, дәретхана, дәліз, қоймадан басқа) көрсетіледі.

10. 7.1-сұрақта үй шаруашылығы алатын тұрғын бөлмелердің саны цифрмен көрсетіледі. Егер үй шаруашылығы толық бөлмені емес, тек оның бөлігін ғана алса, онда «бөлме бөлігі» белгіленеді.

11. 8- сұрақта мынадай түсіндірмелер пайдаланылады:

Егер тұрғын үй үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттің меншігінде болса, «үй шаруашылығының респондентіне» деп белгіленеді.

Егер тұрғын үй осы үй шаруағылығының құрамына кіретін бірнеше немесе барлық респонденттердің меншігінде болса, «үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттерге» деп белгіленеді.

Егер үй шаруашылығы туыстарының, жақындарының, таныстарының меншігіндегі тұрғын үйде тұрып жатса, жеке тұлғаға «ақы төлеумен» немесе «ақы төлеусіз» деп белгіленеді.

Егер үй шаруашылығы жеке меншік құқығындағы заңды тұлғаға тиесілі тұрғын үйде тұрып жатса, заңды тұлғаға «ақы төлеумен» немесе «ақы төлеусіз» деп белгіленеді.

Егер үй шаруашылығы мемлекеттік тұрғын үй қорына меншік құқығында тиесілі тұрғын үйде тұрып жатса, «Мемлекеттік меншік» деп белгіленеді.






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет