Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді



жүктеу 102.32 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі102.32 Kb.






Мемлекеттік статистика органдары құпиялылығына кепілдік береді
Пилоттық халық санағына
санақ парағының нысаны


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2018 жылғы « »

№ бұйрығымен бекітілген

Пилоттық халық санағын
жүргізу қағидаларына

2-қосымша



Аумақтық статистика органына ұсынылады



Санақ парағын толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен

1 сағатқа дейін

1-2




2-4




4-8




8-40

40 сағаттан артық

Санақ парағы www.stat.gov.kz

интернет-ресурсына орналастырылған




«Тұратындар/келушілер тізімі»

Индексі 1-П

Кезеңділігі : біржолғы

Ұлттық халық санағының объектілері: үй шаруашылығының құрамына кіретін респонденттер*


* «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 23-тармақшасына сәйкес үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект.

1-П санақ парағы «Тұратындар/келушілер тізімі»


Нұсқаушы учаскесінің нөмірі1

Есеп уческесінің нөмірі1







1. Аумақтың (елді мекеннің) атауы ________________________________________________________________________________________________________

2. ӘАОЖ бойынша елді мекеннің коды2..................................................................................................................................

3. Даңғыл, көше, алаң, тұйық көше, өтпе жол_________________________________________________________________________________________________

4. Үйдің нөмірі …………………..............………………………………………………………………...............................................................……..……...

5. Пәтердің нөмірі…………………………………………………………………………………………..................................................................................

6. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ..………………………………..…………...................................................................................………….….....…..........................

7. Мекеме3…………………….…………………………………………………………………................................

8. Үй-жайда тұратындар/келушілердің құрамы:



Үй шаруашылығының реттік нөмірі

Үй шаруышылығы шегіндегі реттік нөмір

ЖСН

Тегі

Аты

Әкесінің аты

(болған жағдайда)



Уақытша тұруы
(12 айдан кем)

Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша ол туралы мәліметті хабарлайтын ешкімі жоқ респондент

Шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында уақытша жүрген респондент

1

2

3

4

5

6

7

8

























































































Ескертпе:

1 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қалалық және облыстық статистика департаменттері нұсқаушы және есеп учаскелерінің нөмірлерін автоматты түрде береді;

2 ҚР ҰЖ Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуіші 11-2009;

3 Мекемелерде тұратындар/келушілер үшін ғана көрсетіледі.
«Тұратындар/келушілер тізімі»

(индексі 1-П, кезеңділігі

біржолғы) санақ парағына

қосымша


Пилоттық халық санағын жүргізу кезінде «Тұратындар/келушілер тізімі» (индексі 1-П, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмелер
1. Осы Пилоттық халық санағын жүргізу кезінде «Тұратындар/келушілер тізімі» (индексі 1-П, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын (бұдан әрі- санақ парағы) толтыру жөніндегі түсіндірмелер санақ парағын толтыруды нақтылайды.

2. Пилоттық халық санағын жүргізу кезінде халықты есепке алу


2018 жылғы 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні 00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

Халықты есепке алу сәтінен кейін қайтыс болғандар санақ парақтарында есепке алынады. Халықты есепке алу сәтінен кейін туғандар санақ парақтарында есепке алынбайды.

3. Санақ парағын толтыру кезінде көрсетілген жауап нұсқаларында тиісті белгілер қойылады, қажет болған жағдайда цифрлар және (немесе) мәтін енгізіледі.

4. Санақ парағына уақытша болмағандар және уақытша тұратындар/келушілерді, оларға қатысты тұрғылықты жері бойынша олар туралы мәліметтерді хабарлайтын ешкімі жоқтарды қосқанда, үй шаруашылығының құрамына кіретін, елде тұрақты тұратын респонденттер (бұдан әрі- респондент) (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар) енгізіледі.

Сондай-ақ, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында 12 айдан кем уақытша тұратындар.

Респондент 12 ай және одан артық уақыт тұратын елді мекен тұрғылықты жері болып саналады.

Уақытша болмағандарға осы елді мекенде тұрақты тұратын, бірақ халықты есепке алу сәтінде, егер олардың болмауы 12 айдан аспаса осы елді мекеннің аумағынан тыс жерде болған респонденттер жатады.

5. Үй-жайда тұратындар/келушілерді жазу әрбір жеке үй шаруашылығы бойынша жүргізіледі. Егер үй-жайда бірнеше үй шаруашылығы тұрса, онда алдымен бір үй шаруашылығы барлық респонденттерінің деректері, одан кейін басқа үй шаруашылығы респонденттерінің деректері толтырылады.

Санақтан өтетін үй шаруашылығы шегінде уақытша болмаған, кәмелеттік жасқа толмағандар, әрекетке қабілетсіз респонденттер үшін санақ парақтарын басқа кәмелеттік жасқа толған респонденттер немесе осы респонденттердің қорғанышы немесе қамқоршылары толтырады.

Егер халықты есепке алу сәтінде әрекетке қабілетсіз респондент үйде болса, онда ол үшін санақ парағын қорғанышы, егер мамандандырылған мекемеде болса қамқоршысы толтырады.

6. 1- тармақта облыс, қала, аудан, ауылдық округ, елді мекеннің атауы көрсетіледі.

7. Егер үй шаруашылығының мекенжайы анықталмаса, 3-5-тармақтар толтырылмайды.

8. 4- тармақта үйдің нөмірі көрсетіледі, егер үй шаруашылығы мекемеде тұрса, ғимараттың нөмірі көрсетіледі.

9. 5-тармақта: пәтердің нөмірі көрсетіледі. Егер үй шаруашылығы мекемеде тұрса, бөлменің, палатаның, бөлімшенің нөмірі тиісті мекемелердің (мысалы, сәбилер үйі, балалар үйі, жетім балалар мен балаларға арналған мектеп-интернаттарда тұратын, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, ауруханаларда, санаторийлерде, демалыс үйлерінде, жатақханаларда, қонақүйлерінде, пансионаттарда және басқа да мекемелерде тұратындар) есеп кітапшасында жазбалар қалай жүргізілетініне байланысты көрсетіледі.

10. 6-тармақта «белгілі бір тұрғылықты жері жоқтарға» тұру үшін көзделмеген орындарға келген белгілі бір тұрғылықты жері жоқ респонденттер жатады. Егер «Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ» деп белгіленсе, «Жеке» (индексі 3-И, кезеңділігі біржолғы) санақ парағын толтыруға көшу керек.

11. 7-тармақты санақ парағын толтыру жөніндегі түсіндірмелерге қосымшада келтірілген мекемелерде тұратын/келуші респонденттер үшін интервьюерлер толтырады.

12. «Үй шаруашылығының реттік нөмірі» 8-тармағының 1-бағанында – әрбір жеке үй шаруашылығына берілетін нөмір (нөмірлеу өсу реті бойынша жүргізіледі).

13. «Үй шаруашылығы шегіндегі реттік нөмір» 8-тармағының


2-бағанында – өз үй шаруашылығы шегіндегі бір үй шаруашылығының респонденттеріне «01» бастап одан әрі өсу реті бойынша берілетін нөмір. Одан кейінгі басқа үй шаруашылығының респонденттеріне де «01» нөмірінен бастап одан әрі өсу реті бойынша толтырылады.

Респонденттерді жазу 8-тармақтың 2-бағанында «01» реттік нөмірі берілетін ересектердің біреуінен басталады.

Респонденттерді жазудың келесі тәртібін сақтау қажет:

1) күйеуі мен әйелі бірінен кейін бірі толтырылады;

2) некеде тұрмайтын ересек балаларды қоса алғанда, балалар өз ата-аналарынан кейін, одан әрі еркін тәртіпте басқа туыстары толтырылады;

3) үй шаруашылығында бірнеше ерлі-зайыптылар жұптары болған жағдайда, алдымен бір ерлі-зайыпты жұп жазылады және оның тұрмыс құрмаған, үйленбеген балалары, одан кейін екінші ерлі-зайыпты жұп және оның балалары жазылады;

4) үй шаруашылығының басқа респонденттерімен туыстық (немерелес) байланысы жоқ үй шаруашылығының респонденттері еркін тәртіпте соңғы болып толтырылады;

Үй-жайда тұратындар тізіміне жазу «Үй шаруашылығы шегіндегі реттік нөміріндегі» палаталар, бөлмелер немесе нөмірлер бойынша жүргізілетін сәбилер үйі, балалар үйі, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, созылмалы ауруларға арналған ауруханаларда, мешіттерде, шіркеулерде, қонақүйлерде тұратындардың біріне «01» нөмірі, қалғандарына- келесі реттік нөмірлер қойылады.

Егер мұндай мекемелерде (палатада, бөлмеде, нөмірде) туыстық қатынастары бар (мысалы, күйеуі мен әйелі қарттарға арналған интернат-үйде тұрады немесе ағасы мен әпкесі – нәрестелер үйінде немесе ерлі-зайыптылар қонақүйдің бір нөмірінде тұрады) респонденттер тұрса, онда олар бір үй шаруашылығының мүшелері ретінде жазылады және үй шаруашылығы шегінде олардың біреуі бірінші, екіншісі-екінші болып жазылады, ал осы үй-жайда тұратын қалған адамдар нөмірлердің өсу тәртібінде рет - ретімен жазылатын болады.

Мына респонденттер санаты жеке үй шаруашылықтары болып саналады:

1) тұрғылықты жері бойынша олар туралы мәліметті хабарлайтын ешкімі жоқ уақытша тұратын/келетін респонденттер санақ парағында жеке үй шаруашылығы ретінде көрсетіледі;

2) тұрғын үй-жай иесінің үй шаруашылығы құрамына жеке азаматтардан тұрғын үй-жайды жалдайтындар кірмейді;

3) қызмет көрсететін персонал болып табылатын және өздері жұмыс істейтін мекемелердің үй-жайларында (мысалы, нәрестелер үйінде, балалар үйінде, қонақүйлерде және басқа да мекемелерде) тұратындар.

14. 8-тармақтың 3-6-бағандарында респонденттердің дербес деректері толтырылады.

15. 8-тармақтың 7-бағаны тұрғылықты жері бойынша олар туралы мәліметті хабарлайтын ешкімі жоқ, осы елді мекенде 12 айдан кем уақытша тұратын/келетін респонденттер үшін белгіленеді.

16. 8-тармақтың 8-бағаны шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында уақытша жүрген респонденттер үшін белгіленеді.

«Тұратындар/келушілер тізімі»

(индексі 1-П, кезеңділігі біржолғы) пилоттық халық санағын жүргізу

кезінде санақ парағын толтыру

жөніндегі түсіндірмелерге



қосымша
Мекемелер тізбесі


р/н

Атауы

1

Жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар

2

Қарттарға, мүгедектерге (үлкендер мен балаларға) арналған интернат-үйлер

3

Санаторийлік мектеп-интернаттар

4

Дарынды балаларға және алыс елді мекендерден келген балаларға арналған мектеп–интернаттар

5

Сәбилер үйі

6

Балалар үйі

7

Санаторийлер

8

Хоспис ғимараттары

9

Демалыс үйлері мен пансионаттар

10

Ауруханалар, диспансерлер, стационарлар

11

Тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтары

12

Казармалар, әскери бөлімше ғимараттары

13

Шекара заставалары

14

Түрмелер, түзету орындары

15

Кеден бекеттері

16

Мешіттер

17

Медресе

18

Шіркеулер

19

Діни мәдениеттің басқа да объектілері






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет