Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Азат Мақсұмның соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетуге не кедергі болғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: UFC

"Зүлфикар” лақап атымен танылған Асу Алмабаев Азат Мақсұм мен Чарльз Джонсон арасындағы жекпе-жекте отандасының жақсы өнер көрсеткенмен дайындығының аз болғанын атап өтті.

“Азат өте жақсы өнер көрсетті. Тік тұрып ұрыста да, күресте де мықты спортшы екенін дәлелдеді. Қолында нокаутқа жіберетін ауыр соққысы бар екенін де білдірді. Енді жеңіске жетуге не жетпей қалғанын бапкерлері жақсырақ білер. Меніңше, дайындығы аз болып қалған сияқты. Қанша жерден мықты бол, қанша жерден “арсеналың” көп болса да, егер шаршап қалсаң, денең өз-өзіңе бағынбай, дұрыс төбелеса алмай қаласың. Сол жағынан дайындығы аздау болып қалған сияқты деп ойлаймын” – деді Асу. 

Айта кетейк, Асу Алмабаев UFC 299 турнирінде екінші жекпе-жегін өткізіп, америкалық Си Джей Вергараны (12-4-1) жеңсе, Азат Мақсұм UFC Fight Night 235 турнирінде америкалық Чарльз Джонсоннан ұтылып, мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.