Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлінген қаражаттың орынды жұмсалып жатқанын тексеруде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Мәжіліске уәкілетті органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Кеңес барысында жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері қаралды.

 

"Жайлы мектеп" жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар. Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда. 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында "әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуы тиіс. "Жайлы мектеп" жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған" деп атап өтті. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын тексеруге басымдық бермек. 

 

Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен "Samruk-Kazyna Construction" АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.