Мен анамды жақсы көремін Бәрі де, Ана



жүктеу 29.84 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі29.84 Kb.

Шығарма

Мен анамды жақсы көремін

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Қадыр Мырза Әли


Ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті жан - ол менің Анашым! Менің анамның есімі- Әсем Ана – өмірімдегі ең қымбат, асыл да ардақты жан. Ананың махаббаты, ананың мейірімі, ананың аялы алақаны әр балаға қажет.

Ата-анамызды сыйлап құрметтеу біздің басты міндетіміз. Анамның алтын қолынан бәрі келеді. Кез келген уақытта көмегін аямайды. Мен де анама үй шаруасында көмектесемін. Анамның мінезі жұмсақ, мейірімді жан. Біздің бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анамыздан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуы мен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Мен қатты ауырып қалғанымда жанымнан табылған қомқоршым анам. Күндіз-түні менің жанымда көз ілмей отыратын. Менің анам -менің өмірім, анам-әлемдегі ең сұлу жан, анам -менің періштем, анам -менің қамқоршым, анам -менің байлығым, анам-менің айым, анам -менің жұбатушым, анам - менің бақытым, анам -менің барым!

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы! – деп Төлеген Айбергенов  ағамыз айтқандай, әр балаға ана ауадай қажет. Менің анам бар, сондықтан мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Анашымды қатты жақсы көремін. Ешқашан ауырмасын, жүзінен күлкі, жүрегінен мейірім кетпесін деймін. Біздің жанымызда әрдайым жарқырап жүре берсін! Менің анам бақытты жан! Себебі оның жанында әрдайым біз бармыз. Ана деген өмірде ең кымбат жан. Оған жетер ешкім жоқ. Біз анамызды ренжітсек те, біз оны іштей жақсы көреміз. Ана біз үшін жанын беруге дайын. Ана ол бәрінен де қымбат. Анамыз бізді жарық дүниеге алып келді, біз сол үшін анаға қарызбыз. Сол үшін ананы ренжітпеуіміз керек.

Біз басқа жаққа кетсек, ол іштей қайғырады, қиналғанын тірі жанға айтпайды. Сол себепті ананы құрмет тұтуымыз керек. Қанша сүрінсең де, жаман қылық істесең де, қанша ренжітсек те, тек кешіріммен қарайтын ол - ана жүрегі.

Ана- қасиетті де киелі есім! Анам жайлы ойымды, айтып тауыса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды білдіремін. Анам менің дүниедегі ең жақыным. Өзінің жағдайына қарамаса да, баласы мен үшін бәйек болады. Мектептен үйге келгенімде тамағымды дайындап қояды. Әлпештеп, мәпелеп, күнім, ботам деп мені үнемі айналып-толғанумен қуантып келеді. Ауырып қалсам, жаны шығып емдейді. Сәл нарсеге кабағым түссе, ең әуелі көріп қоятын, не болды ботам деп үрейі ұшатын, тыным таппай жанымнан табылатын да – сол аяулы аппақ анашым. Үлгі көрсетеді, өнерге, жақсыға баулиды. Менің жақсылығыма, мектептегі жетістіктеріме қуанады. Мен арқылы мақтанып, көңілді жүреді.

Анам - менің сарқылмайтын бұлағым. Әр таңды күнде анамның Ботам деген дауысымен оянамын.Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын анамның сенімін ақтау үшін мен жақсы оқып, үлгілі тәртібіммен, спорттағы, өнердегі жетістіктеріммен көзге түсуім керек. Мен анамды сыйлайтынымды, жақсы көретінімді қалайда жақсы қылықтарыммен білдіргенім жөндеп санаймын. Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Бала үшін ананың орны бөлек.



Аяулы анам! Сізге деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қанша айтсам да жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сіз қасымда болғанда ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы, данасы– бір өзіңіз! Сізді келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын! Сізге, әйел бақытын тілеймін!

Жан анашым,аяулы анам ардағым,

Балаң үшін өміріңді арнадың.

Сенің арқаң күліп-ойнап жүргенім,

Сенің арқаң бақытты өмір сүргенім.

Асыл анам,аяулы анам, ардағым

Сен бар жерде бар ма менің арманым?

Шығарма


Мен анамды жақсы көремін


Маймергенова Алтын Амангелдіқызы

11.10.2005ж №4 Булаево орта мектебі 5б-сынып

Қантаева Марал Жақсыбайқызы

8-777-417-32-39 Kantayeva71@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет