Мен: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар



жүктеу 45.13 Kb.
Дата13.05.2018
өлшемі45.13 Kb.

«Ертегілер елінде»
Мен: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар.

Бірлік пен ынтымағы халықтың

Көгімізде жарасқан жарық күн!

Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,

Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз. Бұл мереке бұрын бүкіл әлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе әр ұлттың өкілдерінен шыққан «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылымымызға қош келдіңіздер! Бәрімізде кішкентайдан әжелеріміздің ертеілерін тыңдап өстік. Міне, бүгін де біз ертегілер еліне саяхат жасамақпыз. Бүгінгі сахналық қойылымымызды ашық деп жариялаймыз.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр - дей келе әнге кезек берейік. Ән: «Ертегілер»
Мансур-Өткен күн таң-тамаша ертегі ғой,

Айтады ертегі сыр,ертегі ой.

Ертегі айтса аналар еліктіріп

Қияға қызықтырып ертеді ғой.

Ертегіде халықтың мұн-зары бар,

Орман,тау,өрмелейтін құздары бар.

Жамандықпен алысып,жауын жеңген

Халқымның ұлдары мен қыздары бар.
Аяна-Жаулармен алысып,жекелеғен,

Батыр ма ел намысын өтемеген?!

Ертегімен халқымыз ертеңіне

Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
Бірге: Кел,онда,ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген елтейік біз.

Ертегі кейіпкерлерін шақырайық, Келгендерді соңымыздан ертейік біз!
Аяна: —Сәлем, балалар! Ертегілер әлемінің ғажайып бағына қош келдіңдер!

  • Мансур, қазір жылдың қай мезгілі? — Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді? — Сен ертегі тыңдағанды ұнатасың ба? — Қандай ертегіні білесің?

Мансур: Көк көйлек, көк көбелек
Көздері дөп дөңгелек
Гүл көрсе күлімдейді
Қолыма ілінбейді
Көк шөптің арасынан
Түр - түсі білінбейді

Аяна: — Олай болса, қазір неміс халқының «Үш көбелек» атты тамаша ертегісін тамашалаймыз.

Мансур: Әжем менің көп біледі ертегі, Ерінбестен ертегіні шертеді. «Ерте, ерте, ертеде» деп бастайды, Бірнешеуін қабат айтып тастайды. Еліктіріп, ертек бізді баурайды, Қызықпасқа ешбір лажың қалмайды. «Айта берсе,Айта берсе екен» деп, Отырамыз «Ұйқыға әлі ерте» деп.

Мен: Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли-были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай, «Бар екен де, жоқ екен, Бөре бақауыл екен Түлкі жасауыл екен, Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен, Құйрығы келте екен, Құйрығы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен», - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік.

Мансур: Келесі тамашалайтын ертегіміз орыс халқының ертегісі «Үйшік»

Аяна: Үйін жинап ертеңмен, 
Мейіз тауып алыпты. 
Мысығы келмеген соң, 
Ол өкпелеп қалыпты. 
Бұл қай ертегі?-  деп ойлайсың Мансур? (Мақта қыз бен мысық ертегісі) -Жұмбақтың шешуін дәл таптың, -Олай болса, қазір ташалайтынымыз «Мақта қыз бен мысық ертегісінің музыкалық қойылымы».

Мансур: Әсем, әнмен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай келесі кезек әнде.

Ән: «Қошақаным»

Мен: 1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
Біздің ата-бабаларымыз жақсы күнді аңсап, зұлымдықты әділеттілікті жеңіп, асыл қазынаны тауып, көкке ұшуды армандаған. Сондықтан ертегілер дегеніміз- халық қиялы, арманы, ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі. 

Құрметті оқушылар мен ұстаздар осымен біздің «Ертегілер елінде» атты сахналық қойылымымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет! Қош, сау болыңыздар.


Аяна: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,

Барымен шат –шадыман болыңыздар.



Қоштасайық, келесі кездескенше,

Әрдайым сау-саламатта болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет