Теміртауда сағат 08:06-да дүкенде газ жарылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

15 ақпанда таңертен Теміртаудағы Ватутин көшесінде 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылып кеткен.Дүкенде 2 адам болды деседі. Сағат 08:44-те қиранды астынан әйел шығарылды.

Құтқарушылар үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. ТЖД үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр”, – деп мәлімдеді ТЖД.

Үйінді астынан шығарылған әйелдің жағдайы нақтыланып жатыр, қиранды астында тағы ер адам болуы мүмкін.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.