Жапон билігі Токионың 23 орталық ауданында, сондай-ақ Сайтама, Яманаси, Нагано, Тотиги, Ибараки, Тиба және Канагава әкімшілік-аймақтың бөлігінде қалың қар жаууына байланысты төтенше жағдай жариялады. Ауа райының қолайсыздығынан 40 адам зардап шегіп, шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Көктайғақтан құлап, жарақат алғандардың көбі – 4-92 жас аралығындағылар. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, қолайсыз ауа райының салдары жойылғанша Токиодағы жедел магистральдар тоқтатылады. Сонымен қатар Токио аймағындағы пойыздар бірнеше теміржол желілерімен жүруді тоқтатты. Бір тәулік ішінде көлік қозғалысы толығымен қалпына келеді деп жоспарланып отыр. Елорда әуежайларында 70-тен астам рейс тоқтады.

Сондай-ақ Токио, Тиба, Сайтама, Канагава және Яманаси секілді әкімшілік-аймақта 10 мыңнан астам үй шаруашылығы жарықсыз қалған. 

Синоптиктердің болжауынша, алдағы бір тәулікте Токиода 8 см-ге дейін қар жаууы мүмкін. Таулы аудандарда жауын-шашын қарқыны 25-40 см болады.

Бұған дейін Қазақстанда қалың қар жауып, көктайғақ болатынын жазған едік.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.