Менің Қазақстаным



жүктеу 66.14 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі66.14 Kb.
түріСабақ


«Тәуелсіздік тұғырым»



Сабақтың мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Олардың сөздік қорларын көбейтіп, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.
Көрнекіліктер: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының туы, елтаңбасы, әнұраны және тағы басқа кітапшалар.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, біз сабақта қалай отырамыз?

Балалар: Әдемі жақсы болып отырамыз.

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күндегі сабағымыздан ерекше. Ерекше болатын себебі, бүгінгі сабағымызға Шахта орта мектебінің ән жетекшісі Элмира апай және оқушылар қатысып отыр. Бұл кісілер біздің сабағымызға қатысып, соңынан сендерге мерекелік шашу ретінде ән-жырларын айтады. Балалар, алдымызда 16 желтоқсан Тәуелсіздік күн мерекесі жақындап келеді.
Қазір бізге Хадис ағайымыз халқымыздың елдікке, тірлікке, бірлікке шақыратын Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап береді.
Бәрі тік тұрып Әнұранды тыңдайды.
Тәрбиеші: Отырыңыздар.

Кәне, балалар барлығыңда маған қараңыздар. Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс. Қыс айларын атайық.

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс бізде 3 ай қонақта болады.

Тәрбиеші: Енді бүгінгі сабағымызға көшейік. Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар: Қазқақстан Республикасы.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Ал қазір Президент басқарады. Сендер балалар, білесіңдер ме, елбасымыз кім?
Балалар: Нұрсұлтан Назарбаев.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Президентіміз, яғни Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып 1991 жылы 1 желтоқсанда сайланды. Жақында біздің елімізде, жерімізде Ел басын сайлау жөнінде сайлау болды. Сол сайлауда тағы да Елбасы, Президент болып Н.Ә Назарбаев сайланды.

Мен казір сендерге Желтоқсан оқиғасы туралы қысқаша айтып беремін.

1986 жылы Желтоқсан оқиғасында Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұғаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 19 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.

Өздері қыршын кетсе де ерлігінің өшпеш ізі қалды. Олардың арман тілегі орындалды. Қазір біздің еліміз тыныш, жақсы өмір сүріп жатырмыз. Бақытты елміз, бақыттымыз.

Енді балалар, барлығыңда маған қараңдар. Мынау не?
Балалар: Ту.

Тәрбиеші: Дұрыс, бұл Қазақсатан Республикасының Туы. Түсі қандай?

Балалар: Көк.

Тәрбиеші: Көк ашық аспанды білдіреді. Қыран құс-еліміздің тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі. Балалар ал мынау не?
Балалар: Елтаңба.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Мынау Әнұран. Кәне, енді маған қарап отырыңдар.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

Айбек: Егеменде елдің біздер,

Ұланымыз жас қанат

Апайларға сәлеміміз,

Құттықтаудан басталады.
Ақмарал: Ырғарлы қыс-тоқсан күн,

Желтоқсан деп аталған

Желтоқсанда жастарым,

Тәңірінен бата алған.
Жанерке: Жыр арнадым еліме теберіне,

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік алғалы көп жыл болып,

Отаным жылдан жылға көркеюде.
Мұхтархан: Біргемін мәңгі сенімен,

Ешқашан сені сатпаймын

Өзіңе деген өлшеусіз

Құрметімді сақтаймын.

Арнаймын саған ән-жырды

Сен туралы жырлаймын

Көркейе бер, Отаным,

Сенсіз жерге сыймаймын.
Албина: Отан-анаң ауялы,

Отан- өршіп өзеннің.

Отан-асыл арманның,

Аялаған өз елін.
Арайлым: Қазақтың жері кең байтақ,

Бабамның берген еншісі.

Желбірей бер көк байрақ

Отанымның белгісі.
Айтқали: Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен тек,

Елдің ашық қабағы.
Ермахан: Атағы артық, жаны аппақ,

Әй Отным, Отаным

Үмітіңді мен ақтап,

Үлесімді қосамын.

Аружан: Елтаңбасы елімнің,

Неткен айбат әдемі

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.
Серігіту жаттығуы.

Көк байрақ желбіре,

Асқақтап аспанда

Жас ұлан ел- бірге

Сап түзе, жасқанба /2-рет
Тәрбиеші: Отыра қойыңдар. Ал енді балалар, қазір мен сендерге сұрақ қоямын. Сендер соған жауап беріңдер. Қазақстан Тәуелсіздікті қай жылы алды және неше жыл толды?
Жалғас: Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік алды және егеменді ел болғанымызға 14 жыл толды.
Тәрбиеші: «Тәуелсіздік алдық» дегенді қалай түсінеміз?
Аружан: Тәуелсіз еліміздің жері теңдігі өзінде және туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Туған ел, Отан туралы мақал-мәтел кім айтады?
Айтқали: Өз елім- өлең төсегім.
Аманбек: Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол.
Мұхтархан: Отан-оттан да ыстық.
Тәрбиеші: Енді, балалар «Отан» деген әнді айтайық.
«Достық» туралы ән.

Тәрбиеші: Енді балалар тағы да «Отан», «Қазақстан» туралы тақпақ айтайық.
Данияр: Отанды біз атамекен,

Деп аялап айтамыз

Өйткені оны мекен еткен,

Бабамыз бен атамыз.
Ақберген: Отан деген атамекен,

Отан деген туған жер

Отан-Ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел!
Аманбек: Жанардан саулап намыс мың,

Көрсетіп тісін барыстың

Желтоқсандық ерлерім

Ұлттық ар үшін алыстың.
Асқар: Құрбандық еттің жаныңды,

Көк мұзға көміп қаныңды

Тәуелсіздік алған күн-

Жастардың күні жалынды.
Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,

Шет елдерге болмаймыз біз берешек

Екі мың отыз келген кезде бұйырса,

Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.

Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,

Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,

Ешқашанда бұзылмайды салтымыз

Президентті әрқашанда қолдаймыз,

Жастарыма, толық сенім артамыз.
Бексұлтан: Арқасына күнді алып,

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп,

Жер мен көкті жалғап тұр.
Әсем: Әділдік жеңіп соңында.

Тәуелсіз болды еліміз

Татулықпен бірлікпен,

Гүлдей бер, туған жеріміз.
Жарқын: Тәуелсіздік келді деп,

Оралды қайта салтымыз

Баянды болғай енді тек

Бақытты біздің халқымыз.
Гүлдана: Отаным, Қазақстаным,

Жұмбағым Қазақстаным

Сен менің желеп-жебеушім,

Тәуелсіз Қазақстаным!
Әсет: Елтаңбасы елімнің,

Ортасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап.
Қаламқас: Көк туымда-күш жігерім,

Көк туымда ар намысым

Үміт артар ұшқын едім

Бағымның да жанғаны шын.
Ерасыл: Отан туған үйіміз

Отан труған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз.
Жалғас: Елімнің атын айтсам Қазақстан

Жерімнің атын айтсам Қазақстан

Қайнауы қазынаға толған мекен,

Байлығым атын айтсам Қазақстан.
Әнель: Қазақстан-республикам мақтанышым

Мен сені жырламаймын, мақтан үшін.

Құдайым маған құйттай жүрек берген,

Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін.
Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

Баршаны байлығымен таңқалдырған.

Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

Жасашы, жасай берші Қазақстан!
Хор: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Сонымен балалар біздер бүгінгі сабағымызда Желтоқсан оқиғасы туралы, Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық. Келесі сабағымызда Қазақстан республикасының туын жапсырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет