Меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері



жүктеу 108.69 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі108.69 Kb.

УДК 347.78



С.Т. Мауяева

Нархоз университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы



S.T. Mayaieva

Narxoz University, Senior lecturer, Almaty



А. Құсайнқызы

Нархоз университеті «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, Алматы



A. Kusainkyzy

Narxoz University, Senior lecturer, Almaty

E-mail: sandugash_01_83@list.ru
Зияткерлік құқықтың құрамдас бөлігі ретіндегі авторлық құқық



Авторские права как часть права интеллектуальной собственности



Copyright as part of intellectual property law
Аңдатпа

Автор мақалада авторлық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлерін сипаттайды. Сонымен қатар, авторлық құқықтың объектілері мен оларды қорғаудың негіздері туралы сөз қозғалады. Автор осы саладағы құқық объектісі болып табылмайтын туындылардың ұғымына да сипаттама берген.

Кілтті сөздер: меншік тұжырымдамасы, интеллектуалдық шығармашылық қызметі, азаматтық айналым, тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетулерге қатысушылардың даралану тәсілдері.
Аннотация

В научной статье автор подробно раскрывается понятие интеллектуальной собственности как результаты интеллектуальной творческой деятельности и средства индивидуализации участников гражданского оборота, товаров, работ или услуг. Также автором удалось дать понятие произведениям, не являющиеся объектами права в данной сфере.

Ключевые слова: концепция собственности, интеллектуальной творческой деятельности,гражданского оборота, товаров, работ или услуг, способы индивидуализации участников.
Annotation

In the scientific article the author reveals in detail the concept and types of copyright. Also, specify the types of objects of copyright and the criteria for patentability. The author gave the concept works, which are not objects of rights in this area.

Keywords: the concept of ownership of intellectual creative activities, civil turnover, goods, works or services, the means of individualization of participants.
Әр адамның жеке меншік құқықтары болады, оған ешкімнің де араласуға не болмаса билеп – төстеуге құқығы жоқ. Автор туындысы – бұл автордың жеке меншігі болып табылады, оған бөтен ешкімнің билігі жүрмеуі тиіс.

Сол секілді біздің елімізде шығармашылық жұмыстармен айналысуға толықтай кепілдік беріліп отыр. Бұған дәлел ретінде, Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы Конституциясының 20 – бабында: «Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деп тұжырымдалғанын көрсетіп кетуге болады [1].

ХХI ғасыр ғылым-білім, өнер мен мәдениет, әдебиет, өнеркәсіп пен техниканың кең құлаш жайып дамыған заманы екені сөзсіз. Алайда бүгінгі қоғамда өз затына өзі иелік жасай алмай, еңбегінің рақатын көре алмай жүрген Қазақстандықтар қаншама?!

Тіпті қойған концертінен, айтқан әнінен пайда таппайтынын әншілердің мойындағаны қашан... Бұл, әрине, халықтың құқық саласы туралы сауатының таяз екендігін аңғартады. Соның нәтижесінде туындайтын заңсыз әрекеттердің біршама алдын алу үшін авторлық құқыққа тереңірек тоқталып кетсем.

Бізде азаматқа қатысты игіліктің бәрі заңмен қорғалған. Бір қарағанда, өмір сүру салтымыздың өзі де осы заңдарға негізделгендей. Барлық игіліктің авторы бар. Бірақ, сол жеке құндылыққа деген құрмет құқықтық мемлекетті армандайтын қоғам мүшелеріне әлі лайық бола алмай отыр... [2, 8 б.].

Автор құқығы – объективтік тұрғыдан қарағанда, ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтың тарауы немесе бағдарламалық бұйымдарды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиынтығы болып саналады. Ал тар мағынада, « copyright » (копирайт) – қандай да бір туындының көшірмелерін жасауға бағытталған құқық деген түсінік.

Айта кететіні автор құқығы ең алдымен бұл құқықтық термин болып табылады. Біз автор құқықтарын авторлардың жеке туындыларын және олардың өздеріне ғана тән мүліктік құқықтары болып саналатын әдеби және ғылым туындыларына қатысты құқықтарын сипаттау үшін пайдаланамыз. Автор құқықтары туындының біршама түрін қамтитынын айтып өтуга болады, мысал үшін алатын болсақ, кітап, музыканың сурет не болмаса мүсінді туынды, және де фильмдерден бастап компьютерлік бағдарлама, сонымен қоса әртүрлі мәліметтер базасы, жарнамалар, карталар мен техникалық сызбаларға дейін жатқызуға болады. Жалпылай тоқтала кететін болсақ, автор құқығы – азамат құқық саласының бір бөлігі болып табылады. Оларға мүліктік және мүліктік болып қарастырылмайтын жекеше қатынастарды сипаттайтын және пайдалануға байланысты реттелініп қарастырылатын әдебиеттік, ғылымдық және өнерлі туындалары жатқызылады.

Автор құқығы бұл кез келген адамның меншік құқығы болып табылады. Ал меншік құқығы дегеніміз – адамдардың өздерінің жеке меншігі болып табылатын мүдделерін заң арқылы расталынатын құжаттардың көмегімен мүліктерінің тағдырын шешу оны басқару немесе біреуге басқарымға беру амалдары [3, 8 б.].

Автор құқығы түсінігінде Қазақстан Республикасы «Автор құқығы және сабақтас құқығы туралы» Заңында көрсетілгендей авторға тиесілі шығармашылық еңбек нәтижесінде пайда болған ғылыми, мәдени және әдеби өнертабыстар, мүліктік және мүліктік болып табылмайтын құқықтар жатады [4].

Өз алдына өзіндік бөлек азамат құқығының институты ретінде автор құқығы бөлек міндеттер атқарады. Бұл міндеттерге автор құқығының мүліктік, жеке мүліктік болып табылмайтын құқықтары және олардың мүдделерін барлық тәсілмен қорғау, әдеби шығармаларды шығару кезінде жеңіл құқықтағы әдістер мен тәсілдер негізінде қалыптастыру және оларды қоғам үшін іске асыру жатады.

Автор құқығы объективті мағынада туындыларды шығару және оларды пайдалану кезінде туындайтын құқық нормалар жиынтығы. Ал, субъективті мағынадағы автор құқығы ол әдеби және басқа да шығармашылық қызметтегі автордың мүліктік және мүліктік болып табылмайтын құқықтары.

Мүліктік болып табылмайтын құқықтарға авторлардың мынадай құқықтары жатады:

• туынды авторы деп тану және авторлықты талап ету құқығы, оның ішінде автордың аты-жөнін туындының барлық данасында, мүмкін болған жағдайда туындының бұқаралық жарияланымдарында көрсетілуін талап ету құқығы (авторлық құқық);

• туындының барлық данасына және оның бұқаралық жарияланымында автордың нақты атының, лақап атының (псевдонимін) көрсетілуін талап ету немес аты-жөнін қоюдан бас тарту, яғни анонимді жариялау құқығы (аты-жөнін жазу құқығы);

• туындының атауын өзгертпеу, туындыға кез келген түзету, өзгерту енгізуге, автордың абырой-беделіне нұқсан келтіруі мүмкін қандай да бір қол сұғушылыққа қарсы болу құқығы (автордың беделін қорғау құқығы);

• белгілі бір топқа ғана туындыны пайдалануға берілетін құқық (жариялауға құқық).

Осы атап көрсетілген мүліктік емес құқықтар Қазақстан Республикасы 1996 жылы маусымының 10-дағы «Автор және сабақтас құқығы» туралы Заңында 15-бабында қарастырылған [4].

Туындының авторы негізінде танылу құқығы ол автордың мүліктік болып саналмайтын жеке құқықтарының ішіндегі ең алғашқысы және негізгісі болып табылады. Автор құқығы бұл туынды кез келген тұлғаға объективті факт ретінде тиістілігін көрсететін және туынды мен оны жасаушы тұлға арасындағы құқықтар мен байланыстарды қорғайды [5, 32 б.].

Авторлық құқықтың негізгі қағидалары.

Қазақстан Республикасында автор құқықығына жалпылай белгілі бір қағидалар тән болып келеді.

Оларды былай жеке топтарға бөліп қарастыруға болады:

• Біріншісі шығармашылық еркіндік қағидасы. Автор өзіне қандайда бір қызықты туындыны таңдауға және оларды кез – келген әдістер арқылы құрастыруға не болмаса пайдалануға не болмаса жүзеге асыруға болады , яғни заңда көрсетілген барлық тәсілдер арқылы мүмкіндіктер берілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы кез келген тұлғаға ғылым, техника және көркем шығармашылығын дамыту барысында, өнертапқыштық яғни, шығармашылық қызмет саласының өркендеу еркіндігіне кепілдік берген.

• Екіншісі автордың жеке мүдделерінің қоғамның басқа барлық мүшелерімен теңбе – тең келу қағидасы болып табылады. Яғни бұл қағида бойынша, автордың туындыларын пайдалану тек қана жеке мұқтаждыққа байланысты жүзеге асырылып пайдалануға жол беріледі.

• Үшіншісі болып автордың туындысына байланысты моральдық және материалдық ынталандыру қағидасы болып табылады. Бұл қағида бойынша авторға құрметті атақтар беру (Мысалы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі және т.б.) Моральдық және материалдық мадақтаулармен бірге әдебиет, ғылым және өнер саласындағы туындының авторларына түрлі мемлекеттік атаулы сыйлықтар беру.

• Төртінші қағида болып табылатын автор құқықтары мен заңды мүддесін қорғау қағидасы ол авторлық қарым – қатынастарды реттейтін нормаларды ғана қарастырып қоймай, сонымен қоса ол автордың субъективтік құқықтарын және автор құқықтарын бұзуға жол бермейтін нормаларды да қарастырады [6, 12 б.].

Қазақстан Республикасы Азаматкодексінің 978-бабына сәйкес, автордың немесе құқық иесінің туындыны кез келген түрде және кез-келген әдісте пайдалануға мүліктік (ерекше) құқығы бар [7].

Туындыларды пайдалануға автордың ерекше құқығы дегеніміз – көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру, рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді:

1) басып шығару (басып шығару құқығы);

2) түпнұсқаны немесе оның туынды даналарын кез келген әдіспен тарату; сату, айырбастау, жалға беру, басқа да операциялар жасау (тарату құқығы);

3) туындының даналарын оның ішінде автордың немесе авторқұқықтарына ие өзге тұлғаның рұқсатымен әзірленген даналарды тарату мақсатында импорттау (импорттау құқығы);

4) туындыны жұртшылыққа таныстыру (бұқаралық көрсетілім құқығы);

5) туындыны бұқара алдында жариялау (бұқаралық жариялау құқығы);

6) туындыны бұқаралық жариялау (жұртшылық үшін жария ету, оның ішінде эфир немесе кәбіл арқылы хабарлау (бұқаралық жария ету құқығы);

7)туындыны жұртшылықтың назарына жеткізу үшін оның ішінде бастапқы және қосымша хабарламалар жасау (эфирге шығару құқығы);

8) туындыны жұртшылықтың назарына кәбіл арқылы жеткізу үшін оның ішінде бастапқы және қосымша хабарламалар жасау (кәбілмен тарату құқығы);

9) туындыны аудару (аударма жасау құқығы);

10) туындыны өзгерту, өңдеу немесе басқа жолмен түзету; (туындыны өңдеу құқығы);

11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін басқа да әрекеттерді жүзеге асыру [4];

Мүліктік емес құқыққа қарағанда, автордың мүліктік (ерекше) құқығы оның иелігінен шығарыла алады.

Сонымен кез келген мүліктік құқық амалы (мысалы, туындыны басып шығару, тарату құқығы) авторлық келісім-шарт жасау арқылы автордың немесе құқық иегерінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасында авторлық келісім - шарт деген ұғым жоқ, бірақ та, авторлық құқық азаматтық құқықтың құрылымдық бөлімшесі, ал авторлық шарт азаматтық құқықтың бір түрі болғандықтан, біз авторлық шартты азаматтық – құқықтық шарттың түсінігін қарастырып, анықтаудан бастаған жөн.

Қазақстан РеспубликасыАзамат кодексі бойынша азаматтық – құқықтық шарт бұл – бұл екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Өркениетті әдебиеттердегі шарттың анықтамасы мазмұны бойынша кодекске қайшы келмейді. Мысалы, көрнекті қазақстандық өркениетті (цивилист) Ю.Г.Басин шартты екі жақты немесе көпжақты мәміле ретінде, яғни бірнеше адамдардың азаматтық құқықтықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі деп анықтайды [7].

Ю.Г. Басин «Сделки» оқу құралында осы ойын дамытып, әрі қарай жалғастырады, сондай – ақ мәмілені шарт деп тану үшін екі немесе одан да көп адамның жай ғана әрекеттері емес, тіпті бірыңғай мақсатқа жетуге бағытталған әрекет болса да, ең алдымен, олар өзара келісілген болу керек: әрбір қатысушы саналы түрде мойындап отырған немесе екінші бір қатысушы мақұлдап отырған әрекеттерді жүзеге асырады. Егер осындай әрекеттер оқшауланған болса және оны әрбір қатысушы екінші бір қатысушыға хабарламай өз бетінше әрекет етсе, ол шарт емес, мәміле болып табылады ( мысалы, өсиет қалдыру және оны қалдырушы өмірден өткеннен кейін өсиетте көзделген мүлікті мұрагердің қабылдап алуы).

Яғни, авторлық келісім - шарт дегеніміз – бұл автор (құқық иегері) мен үшінші тұлғалардың арасында мүліктік құқықты толық немесе жартылай беруге жасалған құжат деп айтуға болады.

Авторлық келісім - шартқа жазбаша форма тән.

«Автор және сабақтас құқығы туралы» Заңының 31-бабында көрсетілгендей, кез келген мүліктік құқықты беру амалы жазбаша түрде рәсімделіп, оған автор мен мүліктік құқық берілетін тұлғаның қолы қойылуы керек [4]. Туындыны мерзімді басылым бетінде пайдалану туралы авторлық келісім - шартқа қана ауызша жасала алады.

Әдетте, авторлық қелісім-шарт консенсуалды, екіжақты және қайтарымды мәнге ие, себебі ол азаматтық – құқықтық мазмұндас.

Авторлық келісім-шартта міндетті түрде төмендегі мәселелері көрсетілуі керек:

Келісім-шарт негізінде қандай туындының берілетіні (авторлық құқық нысаны көрсетілуі керек). Мүліктік құқықты пайдалануышылар кей кездері автордан алдағы жылдары дүниеге келетін туындыларға құқық алуға талпынады, бірақ «Автор құқығы және сабақтас құқығы туралы» Заң, авторлық келісімшартта құқық беріліп отырған нақты туындының көрсетілгенін талап етеді. Авторлық келісімшартқа, автор қызметтік тапсырма бойынша жазатын туындылардан басқа, келешекте дүниеге келуі мүмкін туындылардың құқықтары негіз бола алмайды.

Беріліп отырған құқықтардың түрі (пайдаланудың нақты тәсілі) міндетті түрде көрсетілуі керек, мысалы, (тарату, көшіріп басу, эфирге шығару, кәбіл арқылы тарату және бұқаралық таныстырылымға құқық беру).

Авторлық келісім - шартта туындыны пайдаланудың нақты жолдары, яғни келісімшарт бойынша беріліп отырған нақты құқықтары көрсетілуі керек. Пайдаланудың нақты жолдарына берілетін құқықтарды шамалас тізімі «Автор құқығы және сабақтас құқығы туралы» Заңның 16 бабында көрсетілген. Мысалы, баспагер кітапты «көшіріп басу» құқығын алғысы келсе, онда олар басып шығарылған туындыларды «таратуға» да құқық алуды естен шығармаулары керек.

Туындыларды пайдаланудың қандай да бір әдісімен құқық алған пайдаланушылардың, туындыны басқа да жолдарымен пайдалануға құқылымыз деген ойлары – қате болып табылады.

Мысалы, баспа туындыны өзінше өңдейді (қысқартады, түсіндірмелер мен толықтырулар енгізеді, басқа тілдерге аударады) және оны интернетке орналастырады, жәрмеңкелерде ақпараттық мақсаттарда (баспаның пікірінде, негізгі емес, «қолданбалы» мақсатта) пайдаланады. Бірақ та туындыны немесе оның белгілі бір тарауын түрін пайдалану құқығы келісім-шарт бойынша тікелей алынуы керек. Сондықтан да, автормен арада кітапты басып шығаруға келісімшарт болғанымен, заңдастырылмаса, оның әрі қарай өңделуі немесе интернетке орналастыруы құқық иегерінің авторлық құқығын бұзатын заңсыз әрекет болып саналады.

Заңнамада бұл мәселеге қатысты былай делінген «авторлық келісім-шарт бойынша тікелей берілмеген туындыны пайдалану құқығы, берілмеген болып саналады».

Авторлық қаламақының мөлшері (қаламақы авторлық келісімшартта туындыны пайдалану түрінен түскен кірістің пайызы түрінде немесе, туындының мазмұнына немесе оны пайдаланудың ерекшелігіне байланысты, егер ол мүмкін болмаса, қаламақы нақты сома түрінде немесе басқалай жолмен көрсетілуі керек) [8, 36 б].
Әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылдың 30 тамыз (өзгерістер мен толықтырулар 2011 жылдың 2 ақпаны). – Алматы: Жеты-жарғы, 2016. – 90 б.

2 Көкеева А. Авторлық құқық құрғақ айғаймен шешілмейді // Заң газеті, 2012. -181(2189). – 30 б.

3 Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азматтық құқығы. (Жалпы бөлім). – Алматы: Жеті жарғы, 2014. – 304 б.

4 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 10.06.1996 № 6-I (өзгертулер мен толықтырулар 24.11.2015 ж) // online.zakon.kz

5 Кириллова М.Я. Развитие советского авторского права. – Свердловск, 1982. – 189 с.

6 Гаврилов Э.П. О принципах советского авторского права. – М., 1998. – 145 с.

7 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 жыл 27 қараша (Ерекше бөлім) (енгізілген өзгертулер мен толықтырулар 24.11.2015 ж) // online.zakon.kz



8 Оразалиев С.Ш. Авторды қорғау руханиятты қолдау: Оқулық.. – Алматы, 2000. – 128 б.


Каталог: pdf -> 2017 -> 2(2)
2017 -> Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас
2(2) ->  Вопросы разрешения споров возникающих из семейно
2017 -> Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бойынша кінәні мойындау туралы мәмілелердің теориялық-құқықтық мәселелері Теоретико-правовые вопросы применения сделки о признании вины по уголовно-процессуальному законодательству Республики
2017 -> Кафедра доценті, Абылай хан атындағы
2017 -> Ерментай султанмурат
2(2) -> Қр іім макан Есболатов атындағы Алматы академиясы, Жалпы-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы полиция майоры


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет