Мергенге арналған бүркемелеу костюм Техникалық шарттар Қр ст



жүктеу 180.41 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі180.41 Kb.

ҚР СТ

(жоба, редакция 1)

Жоба
Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының кескіндемесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ

Мергенге арналған бүркемелеу костюм

Техникалық шарттар

ҚР СТ

Бұл стандарт жобасын бекіткенге дейін қолдануға болмайды

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

(Мемстандарт)
Астана
Алғысөз
1 Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің одағы қауымдастық нысанындағы ӘЗІРЛЕП ЕНГІЗДІ
2 Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының «__» _____________ 201_ жылғы № ___ бұйрығымен_БЕКІТІЛІП, ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ

3 Осы стандартта 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II «Техникалық реттеу туралы», 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының, 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы нормалары іске асырылған.


4 БІРІНШІ ТЕКСЕРУ МЕРЗІМІ 20__ жыл

ТЕКСЕРУ КЕЗЕҢДІЛІГІ 5 жыл

5 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

Осы стандартқа енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» көрсеткішінде, ал өзгерістер мәтіні ай сайын басылатын «Ұлттық стандарттар» ақпараттық көрсеткішінде жарияланады. Осы стандарт қайта қаралған (жойылған) немесе ауыстырылған жағдайда тиісті ақпарат «Ұлттық стандарттар» ақпараттық көрсеткішінде жарияланады.
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе ішінара басылып шығарыла, көбейтіле немесе таратыла алмайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ
Мергенге арналған бүркемелеу костюм

Техникалық шарттар

Енгізілген күні ____________

1 Қолданылу саласы

Осы стандарт Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының мергенге арналған бүркемелеу костюмына қолданылады және оларды әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.


2 Нормативтік сілтемелер

Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:


1.ҚР СТ 2772-2015 Әскери қызметшілерге арналған фурнитура. Техникалық шарттар.

2. МЕМСТ 4103-2005 Тігін бұйымдары. Сапаны бақылау тәсілдері.

3. МЕМСТ 6309-93 Мақта-мата және синтетикалық тігін жіптері. Техникалық шарттар.

4. МЕМСТ 7502-98 Өлшеуіш металл рулеткалар. Техникалық шарттар.


5. МЕМСТ 10354-82 Полиэтилен үлдірі. Техникалық шарттар.

6. МЕМСТ 12807-2003 Тігін бұйымдары. Қабу, тігіске, және жапсарға талаптар.

7. МЕМСТ 14192-96 Жүкті таңбалау.

8. МЕМСТ 19159-85 Әскери қызметшілерге арналған тігін және трикотаж бұйымдар. Таңбалау, қаптау, тасымалдау және сақтау.


9. МЕМСТ 19433-88 Қауіпті жүктер. Жіктелуі және таңбалануы.

10. МЕМСТ 19902-89 Формалық киім. Жоғарғы мундирленген киімге арналған өлшемдік белгілер.

11. МЕМСТ 23167-91 Әскери қызметкерлердің типтік дене бітімдері. Өлшемдер шкаласы

12. МЕМСТ 24782-90 Әскери қызметкерлерге арналған тігін заттары. Өнім сапасын қабылдауды бақылау.

Ескертпе – Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттардың қолданысын ағымдағы

жылдың жағдайы бойынша «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар» жыл сайын басылып

шығарылатын ақпараттық көрсеткіш және ағымдағы жылда жарияланған ай сайын басылып шығарылатын ақпараттық көрсеткіш бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.

3 Терминдер мен анықтамалар

Осы стандартта МЕМСТ 17037, МЕМСТ 20521, МЕМСТ 15470, МЕМСТ 22977 бойынша терминдер қолданылады.


4 Жалпы техникалық талаптар

4.1 Негізгі көрсеткіштер мен сипаттамалар

4.1.1 Негізгі параметрлер мен өлшемдер

4.1.1.1 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарының мергенге арналған бүркемелеу костюм осы стандарттын талаптарына сәйкес болуы керек, «Әскери қызметкерлерді формалық киімін түйіндік өңдеудің өнеркәсіптік әдісінің негіздері» тәжірибелік басшылығына (М., 1984) және үлгі эталонынан сәйкес болуы керек.

4.1.1.2 Костюм өлшемдері МЕМСТ 23167 бойынша қарастырылған әскери қызметкерлерінің бірінші, екінші, үшінші және төртінші толық топтарының қалыпты денебітімдеріне, кеуде құлашы бойынша 84 тен 128 см-ге дейін (1 кесте), бойы бойынша 158 ден 188 см-ге дейін (2 кесте) дайындалады.

1 кесте


см

Толықтық топтарының номері

Кеуде құлашы

80

84

88

92

96

100

104

108

112

116

120

124

128

132

Бел құлашы

1

56

60

64

68

72

76

80

84

88

92

96

100

104

108

2

62

66

70

74

78

82

86

90

94

98

102

106

110

114

3

68

72

76

80

84

88

92

96

100

104

108

112

116

120

4

74

78

82

86

90

94

98

102

106

104

114

118

122

126

2 кесте


см

Қалыпты денебітім бойы

Әскери қызметкерлер бойларының интервалы

158

155 тен 161 дейін қосқанда

164

161 ден 167 дейін қосқанда

170

167 ден 173 дейін қосқанда

176

173 ден 179 дейін қосқанда

182

179 дан 185 дейін қосқанда

188

185 ден 191 дейін қосқанда

Ескертпе: Тапсырыс берушінің талабы бойынша өлшемдері мен бойы 1,2 кестесінде қарастырылмаған өнімдерді дайындауға рұқсат беріледі.

4.1.1.3 Бойы мен өлшемдерінің пайыздық қатынасын тапсырыс беруші орнатады.

4.2 Сыртқы түрі

4.2.1 КҮРТЕ

Ұзындығы тізеге дейін, мойнына «реглан» түрінде капюшоны мен жеңі қайып тігілген күртке қысқы киімнің және жеке құрыштан қорғайтын құралдардың сыртына киіледі.

Капюшонның құрылысы оны қысқы бас киімнің, қорғаныс шлемнің үстіне киюге және тігінен және көлденеңінен тұрған кулистерге киілген баулардың көмегімен оларды өлшемдері бойынша бейімдеуге мүмкіндік береді. Күрткенің белінде кулиске киілген және пластикалық тоқтатқышпен реттелетін көлемді бейімдейтін бау бар. Ал күрткенің астында арқаның бүгуінде киілген көлемді бейімдейтін бау бар. Жеңдердің асты бүгуге киілген резеңке тесьмамен көлем бойынша реттеледі.

Қажетті мүлік жеңдердің үстіңгі жағында пластикалық молниямен түймелетін екі үлкен қалтада орналасады. Жылы киімнің қалтасына және қару-жараққа қол жеткізуге клапандары бар қиып тігілген төрт қалта арқылы болады – екі тігінен қалта үстіңде және екі көлденеңінен астында тігілген. Кенепсіз қалталар аяқшалары тесьмадан жасалған үлкен диаметрлі (30 мм) түймеге түймеледі – қолғап пен биялайда ыңғайлы жұмыс істеу үшін. Клапандары ішке қар кірмеу үшін жабылған кезде қайырылатын үлкен емес жеңдер түрінде жасалған.

Арқаның астыңғы жағындағы белбеуінде орналасқан жараққа жету үшін кенепсіз сыдырмалы ілгекке жабылатын қиып тігілген қалта жасалған. Күрткенің орталық ілгегі аяқшалары тесьмадан жасалған үлкен диаметрлі түймелерден істелінген. Жорғалағанда күртке түрілмеуі үшін аяқтың арасынан теріс жағында созылғыш белдік тігілген.

4.2.2 ШАЛБАР

Түзу силуэтты шалбарда кенепсіз екі қиып тігілген қалта бар. Шалбар жылының үстінен киіледі. Клапандардың құрылысы күрткедегідей.

Шалбардың белінде алдыңғы және артқы жағында бау бар - белбеуі жоқ. Асты шалбарға тігілген пластикалық сыдырмалы ілгекке және «контакт» текстильді ілгегі бар патыға жасалады, және етіктің немесе ботинканың сыртынан киіледі – ішке қар кірмеу үшін.

Қосылатын тігіске шалбардың астыңғы құрылысын қайталайтын іскі жекелеген бөлшектер тігіледі. Бұл бөлшектер етікке, ботинкаға салынады. Осы бөлшектердің астына тесьмадан жасалған балақ бау – резеңке тігіледі. Клапан – шалбардың гульфигі үлкен диаметрлі түймеге түймеледі.



4.2.3 БИЯЛАЙ

Ұзындығы шынтаққа дейін үшсаусақты биялай білегінде резеңкеден және үстіңгі жағында қоныштан жасалған. Биялай арасы жеңге киілетін резеңке тесьмамен қосылады.



4.2.4 САЛУҒА АРНАЛҒАН ҚАП

Жиынтықты салуға арналған қап күртке, шалбар және биялай сыятын пішіні төртбұрышты болып келеді.

4.2.5 Бүркемелік костюмнің сыртқы түрі 1-2 суреттрде көрсетілген.






4.3 Материалдарға қойылатын талаптар

4.3.1 Жиынтық 3 -кестеде көрсетілген материалдардан дайындалады

3-кесте


р/с№


Материалдар атауы

Нормативтік-техникалық құжаттама

Материалдың пайдалануы

1

Полиэфир вискоз матасы

Шикізат құрамы, %: 67ПЭ, 33 Вискоза, Саржалы тоқылу , ақ жағал түсті



МЕМСТ 28486



Костюмнің сыртқы матасы

2

Екі тесікті пластмассадан жасалған түймелер, Диаметрі, мм: 30


ЖШС СТ 40964104-01-2015


Борттарды, күрткенің және шалбардың қалталарын, албардың гульфиктерін жабу үшін

3

Сыдырмалы ілгек,ұзындығы 20-25 см

МЕМСТ 28965

Жеңдегі үлкен қалталарды жабу үшін

4

Сыдырмалы ілгек, ұзындығы 35-50 см


МЕМСТ 28965

Арқаның астыңғы жағындағы қалталарды жабу үшін

5

Сыдырмалы ілгек, ұзындығы 30-35 см

МЕМСТ 28965

Шалбардың астыңғы көлемін реттеу үшін

6

Киперлі полиэфирлі лента 100%

Ені, мм: 7 + 1



ӨСТ 17-284


Екі тесікті түймелерді бекіту үшін

7

Созылмалы ПЭ тесьма 100%,

ені 20 мм



ӨСТ 17-10-033


Күртке жеңінің астын, шалбардың астын реттеу үшін, созылмалы белдік үшін, жеңдерді бір-бірімен қосу үшін

8

Текстильді ілгек:

Ені, мм: 26 (аспау керек)



МЕМСТ 28965,

ӨСТ 17-699




Шалбардың астымен паттың шетін түймелеуге арналған бөлшек

9

Пластмассалы фиксатор:


ЖШС СТ 40964104-01

Бауды белгілеу үшін

10

Бау, ПЭ 100%

Диаметрі, мм: 5+/-1




ӨСТ 17-284


Белдіктің ұзындығы бойынша күрткенің енін, беттік жағымен капюшонның көлемін, белдік бойынша шалбардың енін реттеу үшін

11

Екі тесікті пластмасса түймелер

Диаметрі, мм: 30




ЖШС СТ 40964104-01


Борттарды, күрткенің және шалбардың қалталарын, шалбардың гульфиктарын жабу үшін

12

Полиэфирлі тоқылғышы бар арқаулаған тігін жіптері 45ЛЛ

МЕМСТ 6309


Бекіткіш материал


4.4 Таңбалау

4.4.1 Жиынтықты танбалауы- [1], ГОСТ 19159 бойынша.


4.5 Буып-түю

4.5.1 Буып-түю [2], ГОСТ 19159 бойынша.


5 Қауіпсіздік талаптары

5.1 Жиынтық 19433 МЕМСТ сәйкес қауіпті өнімге жатпайды.


6 Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар

6.1 Қоршаған ортаға рұқсат етілген химиялық, механикалық, радиациялық, электромагнитті, қыздыратын және биологиялық әсер етулер бойынша қойылатын талаптар.

Заттар қоршаған ортаға химиялық, механикалық, радиациялық, электромагнитті, қыздыратын және биологиялық әсер етудің көзі болып табылмауы тиіс.

6.2 Қоршаған орта объектілерінде (су ортасы, атмосфералық ауа, топырақ, жер қойнауы, флора және т.б.) ластайтын, улы заттардың тұрақтылығы бойынша талаптар.

Елді мекендердегі атмосфералық ауаны, топырақтың және сулардың мүмкін ластануын алдын алу үшін өндіруші кәсіпорынның аумағында немесе одан тыс жерлерде өндіріс қалдықтарының ұйымдастырылмаған, сондай-ақ осы мақсаттарға арналмағанқалдықтардың өндірістік қоқыстарды өртеу және көмуге тыйым салынады.

6.3 Қауіпті өнім және қалдықтарды жоюға және оларды көму орындарына қойылатын талаптар. Өндіріс қалдықтарын жою қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.



7 Қабылдау қағидалары

7.1 Жиынтық МЕМСТ 24782 бойынша қабылданады.


8 Бақылау әдістері

8.1 Сапаны бақылау әдістері – МЕМСТ 4103 бойынша.


9 Тасымалдау және сақтау

9.1 Тасымалдау көліктің белгілі бір түрінде әрекет ететін және бұйымдарды атмосфералық әсер етулерден сақтауды қамтамасыз ететін жүктерді тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

9.2 Сақтау шарттары.

Бұйымдарды сақтау температурасы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90 % кезінде + 40°С диапазонында болуы тиіс. Бұйым күн сәулелерінің тікелей түсуінен және атмосфералық әсер етулерден қорғалуы тиіс.


10 Өндірушінің кепілдігі

10.1Сақтау және тасымалдау ережелері сақталған жағдайда, өндіруші бұйым сапасының осы стандарт талаптарына сәйкестігіне кепіл береді.

10.2 Пайдалану мен сақтаудың кепілді мерзімі белгіленген қолданыстағы нормалар

шегінде тапсырыс берушінің келісімімен белгіленеді.



Библиография
[1] Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы

15 қазандағы № 724 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Өнімдерді

таңбалауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

[2] Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен

бекітілген «Орауыштардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының 005/2011 техникалық регламенті.

[3] «Меншік нысанына қарамастан кәсіпорындарда мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалу сапасына бақылауды жүзеге асыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 шілдедегі № 968 Қаулысы.

[4] «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлекпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 20015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығы.

[5] Самойлова Г.П., Павловичева Т.А. «Формалық әскери киімнің буынды өңдеу тәсілдерінің өндірістік негіздері», М. Әскери басылым 1984 жыл.



ӘОЖ 687.241:006.354 МСЖ 61.020
Түйінді сөздер: күртке, шалбар,типтік сұлба,өлшем

ӘЗІРЛЕУШІ :

ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің одағы

қауымдастық нысанындағы


ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің одағы

президенті





Шауенова С.Б.

ҚР Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілердің одағы

бас маманы







Кузнецова Н.Н.
Игембаева Г.Т.

«ASTANA Ютария ltd» ӨИК» ЖШС

ғылым және технология директорының орынбасары

«ASTANA Ютария ltd» ӨИК» ЖШС

Жетекші маманы






Чаяхметова М.К.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет