Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналистердің Астанада зілзаланың неліктен сезілгені туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

"Афтершоктар, сейсмикалық толқын айтарлықтай үлкен болды. Рихтер шкаласы бойынша 6,5-7 дүмпу күшіне жетті. Сондықтан жер сілкінісін Орталық Азия да сезді. Тербелістер оңтүстіктен солтүстікке бағытталды. Сондықтан Астана тұрғындары да дүмпуді сезінді. Бірақ мұндағы тербеліс шын мәнінде өте әлсіз болды", — деді Саясат Нұрбек.

Журналистер астаналықтарға қорқатындай себеп бар ма, қандай да бір салдары болуы мүмкін бе деген сұрақ қойды. 

"Оны айту қиын. Бірақ жер астындағы өзгерістерден емес. Астана Тұран деп аталатын платформада тұр. Ол — өте орнықты, көне платформа. Сондықтан тек афтершок қана сезілді. Әйтпесе жер сілкінісінің өзі қуатты болды. Жалпы уайымдайтын ештеңе жоқ", — деп жауап берді министр.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі төрт облыста жер сілкінісі неше балдан болғанын айтқан еді. 
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.