«Метеорология және есептеу кластері (суперкомпьютера) бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізу және бейімдеу» жобасы бойынша қажетті минимальды параметрлер



жүктеу 24.83 Kb.
Дата26.01.2019
өлшемі24.83 Kb.





«Метеорология және есептеу кластері (суперкомпьютера) бойынша бағдарламалық-аппараттық кешенді енгізу және бейімдеу» жобасы бойынша қажетті минимальды параметрлер.

Бағдарламалық-аппараттық кешен – мынадай ішкі жүйелерді қосатын, белгілі түрдің тапсырмаларын шешу үшін бірлесіп қолданылатын, бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық құралдардың жиынтығы:

1. Метеорологиялық аспаптар, станциялар, ауа зондттары, метеорологиялық радарлар және т.б. деректерін алудың әмбебеп жүйесінің деректерді алу және алмасу ішкі жүйесі, деректермен алмасу БМҰ стандарттарына сәйкес метеорологиялық деректер мен қызметті автоматты алу, бақылау және беру, хабарламаларды автоматты коммутациялау үшін арналған.

2. Ақпаратты өңдеудің ішкі жүйесі – метеорологиялық деректерді өңдеу үшін арналған, сақтау, деректерді беруді қамтамасыз етеді, олардың қауіпсіздігі мен ауа райының сандық болжамы үлгісінің жұмысын қамтамасыз ету.

3. Интеграциянің ішкі жүйесі – Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымның ақпараттық жүйесімен өзара әрекет, басқа Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтен деректерді беру және алу үшін қажет.

4. Климатологиялық деректерді басқарудың ішкі жүйесі барлық климатологиялық деректерді басқару, елдің метеорологиялық ерекшеліктерін сақтау, қоршаған орта, жаратылыс, өндіріс туралы ақпараттан пайда табу және метеорологиялық қызметті тарату үшін қажет. Осы ішкі жүйеснің жұмысы графикалық ақпарат базасында қызмет құру, түпкілікті пайдаланушыларға пайдалы ақпараттарды беруді қамтамасыз ету, климатология саласындағы метеомәлімет пен статистика жасау. Күнделікті, онкүндік және ай сайынғы есеп берулерді қамтамасыз ету, қайталанудың талдауын, жинақталған қайталанудың бөлінуін, белгілердің ұштасқан кестесін, орташа айлық мәндерді ұсынады. Әр метеостанция үшін жел бағыттарының кестесі мен графикасы, деректердің әр түрінің әр параметрі үшін уақытша қатарлардың графикасы.

5. Филиалдарға арналған веб-қосымша (метеопортал) негізіндегі метеорологиялық қызметтерді ұсынудың кіші жүйесі - аймақтық деңгейде тұрғындарға метеорологиялық қызмет көрсету, деректерді жинау мен алмасудың кіші жүйелеріне, климаттық деректерді басқарудың кіші жүйелеріне, ақпаратты өңдеу кіші жүйелеріне қолжетімділікті ұсыну, соңғы пайдаланушыларға климатологиялық қызмет көрсету, айқын тапсырыс берілген форматта (баспасөз, теле және аудиоформаттар үшін мәліметтер, интернет-сайттар, СМС-хабарламалар, жария ақпараттық экрандар мен т.б.) өнімдер мен хабарларды автоматты қалыптастыру мен тарату үшін қажет.

6. Гидрометеорологиялық ақпаратты визуализациялаудың кіші жүйесі ауа-райы туралы ақпаратты көрсету үшін қажетті.

30 Терафлопстен кем емес биік өнімділікті есептеу кластері (суперкомпьютер).

Негізінде физика заңдарының (импульсті, энергия мен массаны сақтау заңының) математиакалық өрнегі болып табылатын, жылжу, жылу, бөлшектенбеу, ылғалдылық пен атмосфералық қоспалардың тасымалдану теңдеуі, сондай-ақ жай-күй теңдеуі жатқан, ауа-райын болжаудың сандық әдістері үшін қажет. Бұл теңдеулер сызықтық емес болып табылады және нақты шешімі жоқ, сондықтан да оларды шешу үшін сандық әдістер пайдаланылады. Бастапқы теңдеулер уақыт пен кеңістікте дискреттеледі және таңдалған нүктелердегі (есептеу торының түйіндеріндегі) физикалық параметрлердің жиынтығын беріктіретін, сызықтық теңдеу жүйесіне айналады. Есептеу үшін нүктелер көп пайдаланылса, модельдің нақтылығы жоғарылап, электронды-есептеу машиналарының есептеу қуаттылығына деген талаптар да жоғары болады.



Осылайша, климаттық жүйенің жай-күйін болжаудың құралдары мен әдістерінің технологиялық дамуы – маңызды суперкомпьютерлік ресурстардың құрылуын болжайды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет